Инклюзив жауаптары Инклюзивті білім беру пәніне жалпы сипаттама беріңіз


Мұғалімнің психодиагностикалық мәдениетін айқындаңыз



бет37/38
Дата21.12.2023
өлшемі91,02 Kb.
#142151
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
58.Мұғалімнің психодиагностикалық мәдениетін айқындаңыз
Педагогтық мамандық ең көне мамандықтардың бірі болып саналады. Бұл мамандықта ұрпақтар сабақтастығының мыңжылдық тәжірибесі жинақталған. Шын мәнінде, педагог – бұл ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын, қоғамдық-тарихи тәжірибені тасушы. «Адам-адам» типінде қызмет жасайтын педагогтың субъективті сипаттамасында үнемі аксиологиялық (құндылықтық) және когнитивті (білімдік) жазықтықтар бірігеді. Когнитивті жазықтық жалпы мәдениеттік және пәндік-кәсіби білімдерді қамтиды.Мәдениет – адамзат баласының ұлт, халық болып қалыптасқаннан бергі жинақтаған ұлы байлығы. Бұл шығармашылық күштер мен адамның адами мүмкіншіліктерінің шарықтау шегінің көрінісі.Тар мағынада мәдениет адамның түбір, мәнді күштерінің дамуының қандай да бір деңгейі деп тұжырымдалады. Бұл тұрғыда мәдениет – жеке адамның өмір салтының қоғамдық өмірдегі құндылықтар мен нормаларға, қоғам мәдениетінің идеалды бейнесіне сәйкестілігі туралы айтылады. Мәдениетті өмір стилі немесе өмірлік іс-әрекет ретінде сипаттауға болады.Адамзат мәдениеті оның үш негізгі бөлімін біріктіру арқылы қарастырылады

59.Оқушылардың тәрбие диагностикасының мазмұнын талдаңыз
Оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және талдау, сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтау, келеңсіздіктерді болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыру арқылы әлеуметтік ортаны құра білуде диагностикалық қызмет негізгі орын алады.
М.И.Шилова тәрбиелік жүйеде тұлғаны диагностикалауда негізгі сапалық өлшеміне оның тәрбиелігі, білім, білік, дағды, эрудициясы, әлеуметтік ортамен қарым қатынасы, тұлғалық рухани қасиеттері, еңбекке қатынасы, эстетикалық талғамы, өзін - өзі тануы, бағалауы, жетілдіруі т.б. алынады.Диагностика-объектіге алынған тұлғаға, педагогикалық жүйеге талдау, оның дамуына, жетілу және қалыптасу үдерісін бақылай отырып, нәтижесін айқындау.Педагогикалық диагностика тұлғаның даму үдерісін зерттеу, білімге деген қатынасын, тәрбиелік деңгейлерін мінез-құлқын, іс-әрекетін, тұлғаралық қарым-қатынастарына талдау жасау. Тәрбие диагностикасы дегеніміз тұлғаның білімдік және тәрбиелік деңгейлерінің сапалық және сандық деңгейде жетілуіне, дамуына сипаттама бере отырып, өсу деңгейлерін айқындайды.Мектепте диагностика жүргізудің негізгі мақсаты тұлғаның өсуі мен жетілуін айқындау. Тұлғаны диагностикалауда біз оның әлеуметтенуін,тәжірибесін,зиялылық және туа біткен қасиеттерін негізге аламыз. Әлеуметтенуі-дүниетанымы, адамгершілігі, эстетикалық құндылықтары,еңбекке қатынасы, ұйымдастырушылығы, қоғамдық белсенділігі; тәжірибелік–ғылымилық,шеберлік,зиялылық - қабылдауы, ақылы, есте сақтауы, ерік-жігері,туа біткен қасиеттер - жүйке жүйесі, мінезі, бейімділік қасиеттері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет