“Ерекше” балаларды жалпы білім беретін мектепке қабылдау жүргізіледі:
- Ата-анасының жазбаша өтініші немесе өзге де заңды тұлғалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының сараптамасы бойынша (оқыту формасын ұсынды).
“Ерекше” балаларды оқытатын сыныптар:
- Кіріктірілген оқыту сыныптары – 3-тен кем емес “ерекше” баланың жалпы білім беру үдерісіне қатысуы;
- Жартылай кіріктірілген – жалпы білім беретін мектепте арнайы білім беру және материалдық-техникалық жағдай жасау.
Коррекциялық – педагогикалық қолдау дефектолог, психолог, әлеуметтік пелагогпен бірлестікте жүргізіледі.
“Ерекше” балаларды оқытуды сүйемелдеу үдерісі білім беру мекемесінен тыс мынадай орындарда жүргізіледі:
- Арнайы білім беру мекемелерінің мамандары;
- ПМПК мамандары;
- Психологиялық – педагогикалық коррекция кабинетінде;
- Логопедиялық пунктте;
- Келісім – шарт негізінде медицина мекемелерінің мамандары.
Профессор Р.А.Сулейман мүмкіндігі шектеулі балаларды мемлекеттік қолдау моделін ұсынды:
1-деңгей. Психофизикалық дамудағы ауытқушылықты анықтауға скрининг жүргізу.
- Арнайы қондырғылармен және әдістермен жаңа туған баланың анатомиялық-физиологиялық ерекшелігін, естуін, көруін диагностикалау.
2-деңгей. Балалардың психофизикалық дамуын тереңдете бағалау.
- Психикалық ауытқушылығы бар балаларды ПМПК-ға жіберу, ал мамандар диагностика, психологиялық-медициналық-педагогикалық сараптама жүргізу арқылы оқыту түрін, жеке оңалту бағдарламасын әзірлеуі, балалар мен жеткіншектерге кеңес беруі қажет.
3-деңгей. Коррекциялық ықпал, арнайы және білім беретін мекеменің кешенді әлеуметтік, медициналық-педагогикалық-коррекциялық қолдау.
- Арнайы білім беру мекемелері
- Балабақша мен жалпы білім беретін мектептегі арнайы сынып пен арнайы топтық 35 арнайы балабақша, 228 арнайы топтар – 10 мыңнан аса баланы қамтуда, 101 коррекциялық мектеп, 820 арнайы сыныптар – 24 мың баланы қамтуда.
- Коррекциялық ұйымдар педагогтарда оқу-әдістемелік көмек көрсетеді. Оқушылар мен ата-аналарға психологиялық-педагогикалық-коррекциялық көмек береді.
Достарыңызбен бөлісу: |