4-деңгей. Ғылымибағдарламаларды әзірлеу, алынған нәтижелерді талдау, жалпылау нұсқау әзірлеу. Мынадай жобаларды жүзеге асады:
“Ерекше қолдауды қажет ететін балалар”;
“Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі мекемелер жағдайына мониторинг жасау”;
5-деңгей. Бірыңғай мемлекеттік саясат, құқықтық базамен қаржыландыру. 2011 жылдан үйден оқитын мүгедек балалардың мемлекеттік бағдарлама аясында индивидуалдық білім беру маршрутынан сәтті өтуі үшін бағдарламалық-техникалық құралдармен жабдықталуда. Қимыл-қозғалыс аппаратында бұзылуы бар балалар үшін қозғалыс құралдарымен қатар арнайы клавиатура мен манипуляторлар, естуінде кемістігі бар балаларға жеке есту аппараты, микрофонымен, дыбысты күшейтуші жүйе, тифло техникалық құралдар алынуда. Оқыту үдерісін ұйымдастыру үшін Браилдың дисплейлер, оқитын машиналар, ұлғайтатын экранды сөйлеуімен бірге мобилді түрде ұлғайтатын қондырғылар қолданысқа берілуде. 43% арнайы білім беру ұйымдары мультимедиялық білім беру жүйесімен қамтылған, оның көмегімен мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық дамуын ынталандыруға болады.
20% арнайы мектептерде интерактивтік тақталар орнатылған. Көруінде кемістігі бар балалар үшін 46% компьютерлік тифлокешен бар. 95 арнайы мектептер интернетке қосылған, 41% арнайы ұйымдар логопедиялық тренажерлермен, 37% -ы есту, сөйдек тренажерлерімен қамтамасыз етілген.
Мүгедектер үшін ЖОО-ға қабылдануда 1 % , техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарына қолдануға 0,5% квота беріледі.
Көру мүгедектігі мен есту мұгедектігі бар балалар, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, қамқоршы және қорғаншылықта болған балалар жоғары мемлекеттік шәкіртақы(75% ) алу құқын иеленеді.