- балалардың оқу жетістіктерін, оқу және сыныптан тыс іс-әрекет нәтижелерін адекватты бағалау тәсілдерін қолдану.
2-тапсырма сұрағы: Инклюзивті мектепке дейінгі (мектептік) ұйымның тәрбиешісінің қызметтік міндеттерін сипаттаңыз.
2-тапсырманың жауабы: Мұғалім (педагог-тәрбиеші):
тапсырылған балалардың өміріне және денсаулығына жауап береді;
балалардың жас ерекшеліктеріне сай сабақтар, ойындар, серуендер, бос уақытты ұйымдастыруды жоспарлап, өткізеді;
типтік білім беру бағдарламасын нәтижелі іске асыру үшін топта (сыныпта) жағдай жасайды:
музыка, дене шынықтыру мұғалімдерімен бірігіп мерекелер, сауықтыру және спорттық сабақтар дайындайды;
басқа мамандармен бірге топтың (сыныптың) барлық тәрбиеленушілерінің біріккен іс-әрекетін жоспарлайды және ұйымдастырады;
мамандардың ұсыныстарына сай әр тәрбиеленушіге жеке бағытты қолдануды қамтиды;
баланы отбасында тәрбиелеу сұрағы бойынша ата-аналармен жұмыс жүргізеді, оларды балабақшамен, мектеппен белсенді серіктестікте болуға шақырады;
балалардың жеке ерекшеліктерін біледі, балаларды жеке дамыту бағдарламаларын және топта (сыныпта) жұмыс жасау бағдарламаларын құрастыруға және іске асыруға қатысады;
баланың түрлі іс-әрекеттерінің даму деңгейін, коммуникативтік белсенділік ерекшеліктерін, мақсатты іс-әрекетінің қалыптасу деңгейін, өз-өзіне қызмет көрсету, гигиеналық-мәдени дағдыларының қалыптасуын анықтайды;
мамандардың ұсыныстарын орындайды.
3-тапсырма [ТЕСТ]
1.Инклюзивті білім беру жағдайында мұғалімге көмек көрсетіп, оқу құралдарын бейімдейтін қай маман? ЖАУАБЫ: Арнайы педагог