Инклюзивті білім беру (билеттерге жауаптар)


Баланың жетістіктерін нығайту



бет29/29
Дата03.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54553
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Инклюзивті білім беру (билеттерге жауаптар)

Баланың жетістіктерін нығайту;
оқушының өзі өз білімін жаңасына қосуы керек, ол оқушының шығармашылығы мен ойлауын дамытады және түзетеді;
оқушының барабар мотивациясын қалыптастыру (қызығушылық);
әрекеттің бағдарлы негізін қалыптастыру (үлгі бойынша әрекет);
материалдық қызмет (нақты заттармен жұмыс);
студент барлық функционалды әрекеттерді өзіне алады және оны өздігінен орындайды (өзіне) – осылайша ойлау бұзылыстарын психологиялық түзету жүзеге асырылады.









19
Пән: Инклюзивті білім беру


Оқытушы: Исабаева З.М.



Сұрақтар/тапсырма

1

Тірек қимыл аппараты зақымдалған балаларға және тіл бұзылысы бар балаларға инклюзивті білім беру жағдайларын венн диаграммасына салып салыстырыңыз.

2

Инклюзивті білім берудегі қиындықтарға фишбоун әдісі бойынша түсіндіріңіз



3

1. Инклюзивті білім беру балаларға қандай мүмкіндіктер береді?
Барлық балаларға толық мөлшерде қоғамның өміріне қатысуға
2. Инклюзивті білім беру жағдайында баланы мектепке қабылдау үшін ата-аналар тарапынан қандай құжатттар қажет?
Ата аналардың өтініші мен ПМПК-ның шешімі
3. ”Инклюзивті білім беру ерекшеліктерін білу” – бұл мұғалімнің ... даярлығы.Кәсіби

1. Тірек қимыл аппараты зақымдалған балаларға және тіл бұзылысы бар балаларға инклюзивті білім беру жағдайларын венн диаграммасына салып салыстырыңыз.














Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
«Тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуы» (ТҚАБ) ұғымы жинақтамалық сипатқа ие және өзінің құрамына органикалық орталықты немесе шеткері пайда болған қимыл- қозғалыстық бұзылуды қамтиды. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды МЖБС сәйкес жалпы білім берумен, сонымен қатар олардың дене бітімі дамуындағы, танымдық және тілдік әрекеттеріндегі ауыткуларды жеңуді қамтамасыз ету оқытудың негізгі міндеттері болып табылады. Тірек- қозғалыс аппараты бұзылған окушыларды оқыту жалпы сынып жағдайын да, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында да жүзеге асырылуы мүмкін. Қажет болған жағдайда үйде оқыту ұйымдастырылуы мүмкін. 



Екеуінде де арнайы дидактикалық материалдар қолдану арқылы жұымс жасайды.Логопедиялық түзету жұмыстары жүргізіледі.Арнайы түзету педагогикалық жұмыстар жүргізіледі. Қосымша сабақтанн тыс жұмыстар жүргізіледі.

Сөйлеу бұзылыстары бар
балалардың оқыту ерекшеліктері
Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйымының ерекше міндеті сөйлеу тілінің дамымауын алдын алу және онымен байланысты психикалық даму
ерекшеліктері болып табылады.



2.Инклюзивті білім берудегі қиындықтарға фишбоун әдісі бойынша түсіндіріңіз

Инклюзивті білім берудегі қиындықтар

Мүмкіндігі шектеулі балаларды


Оқыту процесінде жеке дара тіл табудың
қиындығы
Ауылдық аймақтарда арнайы мекемелер
Тифлопедагогтар мен сурдопедагогтар,
Логопедтар санының жетіспеушілігі
Материалдық техникалық базаның төмен
Болуы
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс
жасайтын тәрбиешілерге біліктілігін
арттыру курстарының ұдайы жүргізілмеуі
Оқу тәрбие ісін ұйымдастыруда тәрбиеші

Мүгедектік мәселені қоғамда түсігу, толыққанды білім беру, қоғамға кіріктіру және бейімделу, Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте тексеру және түзету педагогикалық қолдау көрсету мекемелерінің көптеп ашылуы; Балаға міндетті психологтық педагогикалық жетелеу жүршізіп, жалпы білім беру үрдісімен кіріктіру; Әр бала үшін кіріктірудің мүмкін және қажетті түрін анықтау; даму мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке даярлау; Ерекше сұранысқа ие балаларды қанағаттандыру мақсатында жалпы типте білім беру мекемелерін техникалық құрал жабдықтармен толықтыру. Инклюзивті білім беруді дамыту үрдісінде қоғамдық мекемелерде ата аналарды қатыстыру.

педагогтардың арнайы білімдерінің болмауы
20
Пән:
Инклюзивті білім беру
Оқытушы: Исабаева З.М.



Сұрақтар/тапсырма

1

Интеграциялық оқыту жағдайларында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыруды кластер әдісі бойынша толтырыңыз.

2

Психология-медико-педагогикалық консилиумның (ПМПК) қызметін ұйымдастыруды бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
1. ПМПК-ның мақсаты қандай?
2. ПМПК-дағы консилиум түрлері нешеге бөлінеді?
3. ПМПК-ның құрамына міндетті түрде келесі мамандар кімдер?
4. Проблемалық консилиум мен Әдістемелік консилиумның айырмашылығы қандай?
5. Оқу орнынындағы ПМПК-ның міндеттері?



1.Инклюзивті білім беру ДМШ балаға қандай мүмкіндіктер береді?
А)толық мөлшерде қоғамның өміріне қатысуға;
2.Инклюзивті білім беру қанша принципке негізделеді?8
3. Интеграция дегеніміз – бұл …
А.Балаларды күнделікті білім беру кеңістігіне енгізу;





    1. Интеграциялық оқыту жағдайларында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыруды кластер әдісі бойынша толтырыңыз.


Интеграциялық оқыту жағдайларында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыруды

1. Даму мүмкіндігі шектеулі баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі психологиялық-медициналық-педагогик алық консультацияның ұсынысы мен қорытындысының нәтижесінде ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының ішінде штаттық мамандармен яғни арнайы педагогпен, психологпен, логопед мұғаліммен, әлеуметтік педагогпен, ЕДШ маманымен және білім беру ұйымдарынан тыс арнайы білім беру ұйымдарының (психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, оңалту орталығы, түзету және инклюзивті білім беру кабинеті) мамандарымен, сондай-ақ келісім шарт негізінде қызмет жасайтын арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының педагогтарымен іске асырылады.


2. Толық интеграция - қандай да бұзылыс түрі бар балыны қалыпты деңгейде дамып келе жатқан балалармен бірге мектепке дейінгі топтарда, сыныптарда оқыту. Толық интеграция психофизикалық және тілдік дамуы жасерекшелік деңгейіне сәйкес немесе жақын, және де балалардың қалыпты құрбыларымен бірге оқуға психологиялық тұрғыдан дайын жағдайында іске асырылуы мүмкін.


3. Жартылай интеграция - қалыпты дамудағы құрбыларымен қажетті іскерліктер мен дағдылардың аз ғана мөлшерін меңгере алатын, сыныптан тыс уақыттың аз ғана мөлшерін балалармен өткізе алатын балалармен нәтижелі жүргізіледі.


4. Тұрақты, толық емес интеграцияның маңыздылығы мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты деңгейдегі құрбыларымен қарым-қатынасын кеңейтумен анықталады. Жартылай интеграция қалыпты және арнайы топтары бар аралас типті мектепке дейінгі мекемелерде, сонымен қатар даму ауытқушылықтары бар балаларға ашылған арнайы сыныптары бар жалпыға білім беру мектептерінде жүргізіле алады.


5. Уақытша интеграцияда арнайы топтың немесе сыныптың тәрбиеленушілері жеткен жетістік деңгейлеріне қарамастан қалыпты деңгейде дамитын құрбыларымен айына 2 реттен кем емес тәрбиелік мәнді іс-шараларды бірге өткізуге кездеседі.


Уақытша интеграцияның мағыналылығы мүмкіндігі шектеулі балаларға қалыпты деңгейлі құрбыларымен қарым-қатынасқа түсудің алғашқы тәжірибесін меңгеруге жағдай жасаумен анықталады.


6. Эпизодтық интеграция моделі - мүмкіндігі шектеулі балалармен қалыпты деңгейлі балаларды біріктіріп оқыту мен тәрбиелеу жұмысын жүйелі жүргізуге жағдайы жасалмаған арнайы мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарына арналған. Эпизодтық интеграцияның мағынасы болып анық күрделі даму бұзылыстары бар балалардың құрдастарымен аз ғана мөлшерде болса да өзара байланысқа түсуін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі балалар оқытылатын арнайы (түзету) мекеме жағдайында қалыптасатын әлеуметтік қарым-қатынастағы объективті шектеулерден асу табылады. Сонымен бірге, бұл жағдайды инклюзивті білім беру деп атауға болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет