ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ (БИЛЕТТЕРГЕ ЖАУАПТАР) Пәні: Инклюзивті білім беру
Оқытушы: Исабаева З.М.
№ 1
Сұрақтар/тапсырма
1
Инклюзивті білім беру ұғымын талдаңыз. Инклюзивті оқыту – балалардың жеке басы ерекшеліктеріндегі кемшіліктерге қарамай бірдей білім беруді қамтамасыз ететін үдеріс.
Инклюзивті (франц. inclusif – өзіне енгізетін, лат. include – ішіне аламын, енгіземін,ағылшын тілінде «араластырамын») немесе енгізілген білім беру – жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин. Инклюзивті білім берудің негізіне балалардың кез келген кемсітушілігін болдырмайтын, барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын идеология жатады.
Инклюзивті білім беру дегеніміз - жынысы, жасы, тегі, діни көзқарасы, дамуында артта қалушылығы немесе тұрмыстық жағдайына қарамастан, барлық балаларды жалпы білім беру үдерісіне толықтай енгізу және әлеуметтік бейімдеу барысында кездесетін кедергілерді жоюға бағытталған мемлекеттік саясат.
Мүмкіндігі шектеулі баланың білім алу құқығына кепілдіктер Қазақстан Республикасының Ата Заңы - Конституцияда, «Қазақстан Реаспубликасының бала құқықтары», «Білім», «Қазақстан Реаспубликасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау», «Арнайы әлеуметтік қызметтер», «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық және психологиялық түзете қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген.
Инклюзивті оқыту – мүмкіндігі шектеулі балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту болып табылады. Кең мағынадағы инклюзивті білім беру– кедергілерді жоюға және оқыту процесіне ерекше оқытуды қажет ететін барлық адамдарды қосу мен сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында оларды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған білім беру процесі.