Инклюзивті білім беру – балаңыздың әлеуметтік топтың бірі болуына алғашқы қадам.
Инклюзивті оқыту – білім алу барлығына да қол жетімді деген қағидатқа негізделетін оқыту. Оқытуды оқушылардың түрлі қажеттіліктеріне, соның ішінде ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу.
”Инклюзивті” – деген термин ағылшын тілінен аударғанда енгізілген, араластырылған деген мағынаны білдіреді. Бұл оқушыларды олардың бұрынғы оқу үлгерімі, денсаулық жағдайы, ата-анасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі мен басқа да жағдайларға көңіл аудармай жалпы білім беру үрдісіне араластыру болып табылады.
Инклюзивті білім берудің мақсаты:
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.
Инклюзивті білім беруде Қазақстан Республикасының төмендегідей заңдарына сүйенеді: 1)ҚР «Білім туралы заңы» ; 2)«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау» . Дәстүрлі білім беру жүйесінде «ерекше» балалар оқитын мекемелер: - Арнаулы (коррекциялық) оқу орындары; - Үйде оқыту; - Арнаулы мектеп-интернаттар; - Коррекциялық мектептер және мектепке дейінгі мекемелер; - Оңалту орталықтары.
1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы мемлекеттердің мүмкіндігі шектеулі адамдардың білім алуы мен қамтамасыз етілуі мәселесін төмендегідей құжаттармен айқындап берді: 1945 ж. Адам құқығы туралы декларация;
1960 ж. Білім саласында дискриминациямен күресу туралы конвенция;
1959 ж. Бала құқығы туралы Декларация;
1971 ж. Ақыл-ойы кем адамдар туралы Декларация;
1975 ж. Мүгедектер құқығы туралы Декларация;
Мүгедектер құқықтары:
- Білім алуға;
- Кәсіби даярлыққа;
- Еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіруіне.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы
Арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу;
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық нұсқауын есепке алу.
“Ерекше балаларды” оқыту жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жеке оқу жоспарын, білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша қысқартылған оқу бағдарламасын әзірлеу мәселесін шешу.
“Мүмкіндігі шектеулі” балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық – коррекциялық қолдау туралы Қазақстан Республикасының Заңы (2002)
Мүмкіндігі шектеулі балалардың тегін мектепалды даярлық және жалпы білім беретін арнайы оқу орындарында немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның сараптамасымен жалпы білім беретін оқу орындарында тегін білім алу құқығының болуы.
Заңның 15-бабында мүмкіндігі шектеулі балалар тегін конкурстық негізде техникалық кәсіби, орта арнаулы, жоғары білімді мемлекеттік білім беру бағдарламасына сәйкес мемлекеттік оқу орнында оқу құқығыгың қарастырылуы.
жылы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің “Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беруді ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулығы” «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық-коррекциялық қолдау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» қаулысына сүйеніп әзірленді.
Инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:
-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады;
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;
- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.
“Ерекше” балаларды жалпы білім беретін мектепке қабылдау жүргізіледі:
Ата-анасының жазбаша өтініші немесе өзге де заңды тұлғалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының сараптамасы бойынша (оқыту формасын ұсынды).
“Ерекше” балаларды оқытатын сыныптар:
Кіріктірілген оқыту сыныптары – 3-тен кем емес “ерекше” баланың жалпы білім беру үдерісіне қатысуы;
Жартылай кіріктірілген – жалпы білім беретін мектепте арнайы білім беру және материалдық-техникалық жағдай жасау.
Коррекциялық – педагогикалық қолдау дефектолог, психолог, әлеуметтік пелагогпен бірлестікте жүргізіледі.
“Ерекше” балаларды оқытуды сүйемелдеу үдерісі білім беру мекемесінен тыс мынадай орындарда жүргізіледі:
Арнайы білім беру мекемелерінің мамандары;
ПМПК мамандары;
Психологиялық – педагогикалық коррекция кабинетінде;
Келісім – шарт негізінде медицина мекемелерінің мамандары.
Қазақстан Республикасының Конституциясы: -Барлық азаматтардың мемлекеттік оқу орнында тегін міндетті орта білім алуы;
Қазақстан Республикасының бала құқығы туралы заң: -Барлық балалардың білім алу құқығының сақталуы, тегін бастауыш, орта білім алу құқының сақталуы;
Қорыта айтқанда инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Бұл бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.