Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 КӨРУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ БОЙЫНША ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Көру қабілеті бұзылған балалар жайлы ұғым және олардың ерекшеліктері
Адамның өміріндегі 80 пайыз ақпаратты адам көз арқылы қабылдап алады. Ал осы көру функциясы бұрмалануының нәтижесінде адамның даму мүмкіндігі шектеледі. Осы көру бұзылысы кезінде көруі бұзылған және нашар көретін балалардың психикалық дамуындағы заңдылықтарды қарастыратын ғылымдардың саласы тифлопсихология деп аталды.
Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселенің бірі – осы кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың қоршаған өмірін қабылдау ерекшеліктерін анықтау болып отыр, сонымен қатар, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеп, өзімен қатарлы қалыпты балалардың құқығымен тең қылып, қалыпты азамат етіп тәрбиелеу. Алғашқы көру бұзылысы кезінде психикалық әрекетіне материалистік мінездеме берген француз ағартушысы Д. Дидроның «Көретіндерге көруі бұзылғанлар жайлы насихат хат» атты оқулығында, ал одан кешірегі әйгілі « энциклопедиясында» (көруі бұзылған бөлімі) қарастыры. Дидроның еңбектері қоғамның көруі бұзылғанларға деген көзқарасын өзгертіп, олардың міндетті түрде арнайы білім алу керектігіне қол жеткізді. Көруі бұзылған адам қараңғылықты сезбейді және қараңғы түнекте өмір сүремін деп ойламайды. Психологиялық жағынын алғанда көруі бұзылғанлық шынында бақытсыздық емес, ол әлеуметтік жайт. Оған А.В. Бирилев өз еңбегінде мынадай салыстырмалы мысал келтіреді: көруі бұзылған адамның жарықты сезуі мен көзін байлаған адамның жарық көруінде айырмашылық бар,- дейді.
Көруі бұзылған бала өзінің көруі бұзылған екенін ауырсынбайды және көруі бұзылғанмын деп сезінбейді де, оны тек өмір сүруге әлеуметтік ортасы ғана солай деп санайды.Шынында айтсақ соқырлардың икемделу қабілеті көзі көретіндерден жоғары екендігі ғылыми жолмен дәйектелуі қажет еді. Белгілі мылқау, соқыр- саңырау Е. Келлер былай деп жазды: көруі бұзылғандардың сипап сезімі арқылы дүниенің қызығын нәзік түсіне алуын көзі көретіндердің бәрі біле бермейді. Өйткені оларда мұндай сезімдік танымдар көруі бұзылғанлардыкіндей жетіле қоймаған. Туа біткен көруі бұзылғандардың қайғысы жүре біткен көруі бұзылғандардың қайғысынан аз болса да, оның өмір бойы өкініші кетпейді,- дейді Щербина. Ол өзінің басынан өткен мынадай бір жағдайға тоқталады. Көруі бұзылғандар мектебінде тәрбиені 8 жастағы баланың қолына қасық беріп оған тамақ ішкізеді, бірақ ол үйінде өздігінен тамақтануға үйретілмегендіктен қолына қасық ұстауды да білмеген.
Сондықтан тәрбие гигиенасына сәйкес көруі бұзылған баламен жасалатын қарым қатынас дені сау баламен бірдей болу керек. Ондай балаға жастайынан жүруді де, өзін-өзі күтуді де, көзі көретін балалармен ойнауға да дағдыланып, оған сондай талап қойып отыру керек. Ондай балаға көзің көруі бұзылған екен деп аяныш білдірудің қажеті жоқ. Сонда ғана Щербина айтқандай көруі бұзылған бала өзінің кемдігін онша сезіне қоймайды.
Көруі бұзылғандар арасында керемет композиторлар мен музыканттар бар. Париждегі К. Монтель атты көруі бұзылған балаларға арналған Ұлттық институттың оқушысы алты жасар кезінде соқырланып қалса да, пианино мен рояльдың құлағында ойнайтын.
Нашар көретіндер көздің өткірлігі едәуір төмендеген, оптикалық түзету көмегімен, көру қабілеті 0,05 - 0,2 дейін көру өткірлігі бар балалар.Нашар көргіштік организмнің жалпы аурларынан кейін және көз ауруларының салдарынан туындайды. Нашар көретіндерде қалдықты көрудің болуы- баланың білім алуына: еңбектік - әлеуметтік бейімделушілігінің дамуы үшін пайдасы мол. Сол үшін оны үнемі сақтау керек. Офтольмологтың, тифлопсихологтың, психологтың үнемі диагностикасы мен педагогикалық кеңестері қажет. Көрудің тез төмендеуі бірінші кезекте қабылдау процесіне әсерін тигізеді. Нашар көретін балалардың қабылдауы тежелумен, бейненің тарлығымен, нақтылықтың төмендеуімен ерекшеленеді. Қалыпты көретін балаға қарағанда олардың көру арқылы елестетуі анық емес. Сол себепті нашар көретін балаларға кеңістікте бағдарлану қиынға соғады. мұндай балалар көру арқылы жұмыс істегенде тез жалығады, ал бұл өз кезегінде көрудің одан әрі нашарлауына алып келеді.
Көздің талуы ой және физикалық жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқтырады.Бірақ та нашар көретін баладағы әлсіз көру қалыпты баладағыдай жетекші анализатор болып қалады.Нашар көретін балалар көру қабілетін қабылдаудың негізгі құралы ретінде қолданады. Нашар көретін балаларда көруі бұзылғанларда болатындай сезім түйсігі көру функциясының орнын ауыстырмайды. Балаларда кездесетін көру кемістігі күшейе түсетін және бір қалыпты болып бөлінеді. Күшейе түсетін көру бұзылысына глаукоманың бастапқы және қосалқы жағдайлары, көру жүйкесінің атрофиясы, жақыннан көргіштіктің қатерлі түрлері және т.б. жатады. Бір қалыптыға – даму кемістігі: микрофтальм, катаракта, операциядан кейінгі афакия жатады. Нашар көретіндерде көру анализаторы қалыпты балалар тәрізді оқыту процесінде қолданылады. Нашар көретіндер құбылыстармен, заттармен танысуда, сонымен қатар кеңістікте бағдарлануда өздерінде сақталған көру қабілетін қолданады. Бірақ та олардың көру арқылы қабылдауы бөлшектеп толық емес күйде сақталған. Қоршаған ортаны көруі баяуланған және анық емес. Сондықтан олардың айналаны қабылдауы шектеулі.Нашар көретіндердің арасында түсті ажырату қызметі бұзылған адамдар да бар. Нашар көрушілік кеңістікте бағдарлануды қиындатады. Көруі бұзылған балалардың нашар көретіндерден айырмашылығы, нашар көретіндерде көрудің белгілі деңгейде бұзылуына қарамастан, көру қабілеті қабылдаудың негізгі құралы болып есептеледі.
Нашар көретіндердің елестетуі тұрақсыздықпен, анық еместілікпен ерекшеленеді. Нашар көрушілік баланың психикалық және физикалық дамуына әсер етеді: белгілі бір деңгейде есте сақтау процесі тежелген, ойлау операциялары қиындатылған. Мұндай балалардың физикалық дамуының артта қалушылық себебі, шектелген қимыл-қозғалыстың әсері болуы мүмкін.
Нашар көретін балалар қалыпты көретін балалар меңгеретін барлық ойын түрлеріне қатыса алады. Бірақ та жақыннан көргіштіктің жоғары деңгейімен сонымен қатар көз ауруларымен зардап шегетін балаға жылдам, әрі тез қимылды қажет ететін ойындарға қатысуға және физикалық ауыртпашылық түсіруге болмайды. Егер де дәрігер-офтальмолог балаға көзілдірік киюді нұсқаса, онда баланың ата-анасы көзілдірікті дұрыс тағуды, үнемі оны қолдануды сонымен қатар дәрігердің нұсқауымен бұлжытпай орындауды қадағалап отыруы керек. Нашар көретін балалар кейбір тітіркендіргіштікпен, тұйықтықпен сипатталатын мінез-құлқындағы ерекшеліктермен ерекшеленеді. Бұл жөтіспеушілік көру кемістігі салдарынан ойында, оқуда, құрдастарымен қарым-қатынаста болатын қиындықтармен түсіндіріледі. Сондықтан нашар көретін балалар оқыту мен тәрбиелеудің арнайы жағдайын талап етеді.Егер де нашар көретін бала жалпы білім беретін мектепте оқи бастаса, оның жұмыс қабілеті басқа оқушыларға қарағанда тез артта қала бастайды. Егер оның үлгерімі оның мүмкіндіктерінен төмен болса, онда бұл үлгере алмаушылыққа алып келеді.
Көру жүйесінің бұзылу деңгейіне, оның белгілеріне, пайда болу уақытына, компенсация мүмкіндігіне байланысты нашар көретіндерге арнайы оқыту мен тәрбие жүйесі құрылған.Нашар көретін балаларды оқыту жағдайы әлсіз көру қабілетін сақтай алатын, оның көру арқылы қабылдауын жақсартатын, ауыртпалық түсірмейтін жағдайда болу керек. Оған көруді түзететін офтальмолог ұсынған құралдарды қолдану жатады: кәдімгі және арнайы көзілдіріктер, жұмыс істейтін жердегі жарық беретін құралдар, арнайы оқулықтар, көру жұмысының күнтізбесін сақтау жатады.
Көру кемістігінің компенсациясы ретінде оқытудың тифлотехникалық және аудиовизуальды құралдарды кең қолданады. Оптикалық тузету құралдарынан басқа да аудиовизуальды құралдар және аппараттар, есте сақтау құрылғылары бар электронды-оптикалық жүйелер қолданылады. Нашар көретін балалар арнайы мектеп-интернатта, нашар көруге арналған арнайы сыныптарда оқиды. Нашар көретіндермен жүргізілетін оқу – тәрбие жұмысының әдісі қалыпты жағдайдағы балалармен жүргізілетін әдістен ерекшеленбейді. Нашар көретін балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының негізігі міндеті-әлсіз көру жүйесін сақтау және оны ары қарай дамыту.Осыған байланысты нашар көретіндер оқитын оқу бөлмелері жарықпен қамтамасыз етілген. Оқу бөлмесінің терезелерінде ашық түсті перделер ілінген. Оқу бөлмесінің қабырғалары жасыл, көк тус беретін сырлармен боялған. Арнайы нашар көретін балаларға арналған бір оындықты парталар оқу, жазу, сурет салу барысында олардың дұрыс отыруына жағдай жасайды және кітап пен дәптерді көзбен керекті арақашықтыққа қоюға мүмкіндік береді. Нашар көретін балаға үлкен шрифпен жазылған кітаптар қолданылады. Жазуға үйрету жолдары арнайы сызықтармен бөлінген дәптерлер қолданылады.
Нашар көретін балаларға арналған мектепте, мектеп аймағында өткізілетін экскуссияларға, саябаққа қыдыруға көп көңіл бөлінуі керек. Нашар көретіндерге арналған мектепте елестету мен қабылдау қорын кеңейтетін жүйелік жұмыстар жүргізіледі. Көру қабілетінің қатысуын керек ететін оқыту жұмыстры, ауызша сабақтар мен ауысып отырады. Нашар көретіндердің көру жүйесін сақтауда 10-15 минут сайын үзіліс жасау керек.
Нашар көретін балаларды оқыту-тәрбиелеу жұмысының басты міндеті- еңбек тәрбиесіне үйрету болып табылады. Көру кемістгі белгілі бір мөлшерде балалардың еңбекке деген мүмкіншілігін және еңбек қабілеттілігін төмендетеді. Нашар көретін балаға өзін-өзі күту дағдысына байланысты тәжірибелік іс-әрекеттің әр түрлі түрлері тән. Еңбекке оқыту жүйесі тұлғаның жан-жақты дамуының ең басты құралы болып саналады .Еңбек нашар көретін балаға өзінділікті, жауапкершілікті, өмірге дайындықты тәрбиелеу құралы ретінде үлкен роль атқарады. Көру қабілеті бұзылған балаларды тәрбиелеу өзінің міндеттері мен мақсаттары бойынша педагогиканың жалпы принциптерімен сәйкес келеді. Тәрбиелеудің жалпы міндеті баланың дамуында бірінші және екінші ауытқуларды толықтыру мен түзетудегі арнайы міндеттермен сәйкстендiрiледi.
Тәбие жеке тұлғаның санасына, мiнез - құлқының дұрыс қалыптасуына әcep eтeтін құрал. Тәрбие процесiнде жеке тұлғаның сана сезімі мен акыл-ойына жүйелi түрде әcep етіп, оның дүние танымын калыптастырады, ерiк - жiгерi мен моральдық бейнесiнiң қалыптасуына оң ықпал етеді. Күнделiктi iс-әрекет күрделi және көп қырлы, ол кеңiстiкте бағдарлану, коршаған ортаны қабылдау, өзiн-өзi бақылаумен байланысты. Бұл баладан нақты зейiндi, оперативтi ойды, есте сақтауды, жылдамдық пен реакцияның тұрақтылығын және басқа да қасиеттердi талап етедi. Кейде бұл талаптар көруі бұзылған және нашар көpeтін балалардьң психологиялық және физиологиялық мүмкіндіктерінің көрінісі.
Ағзаньң психологиялық қасиетiнiң талабымен сәйкес келмесе балаға көрсетiлетiн оқу, еңбек, ойын әрекетi жүйке жүйесiнiң ауруына әкеледi. Осыларды тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезiнде ескеру керек. Тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру кезiнде баланьң дамуы дұрыс қалыптасады. Балаға педагогикалык әcep етудiң мақсаты таным мүмкiндiктерiнiң дамуына қабiлеттi өмip талабымен тығыз байланысты. Ic-әрекеттiң әp түрлi түpiмeн қамтамасыз ету, бiлiмдi меңгерумен қамтамасыз ету, дағдымен бiлiктiлiктi қалыптастыру, оларды еңбек және оқу әpeкeтінің әлеуметтiк мағынасын түciну деңгейiне дейiн көтеру. Бұлардың бәрi көруі бұзылған және нашар көpeтiн балалардьң мүгедектiк жағдайын тольқтырады. Көру бұзылысы бар балаларды адамгершiлiк, эстетикалық физикалық, еңбектiк тәрбиелеуге болады.
Көруі бұзылған және нашар көретіндерді эстетикалық тәрбиелеу мәселесі оқу, еңбек, ойын әрекетінде маңызды болып келеді.Қазіргі уақытқа дейін сабақ мазмұнын меңгеруге басты көңіл бөлінетін .
Бұл тәрбиенің міндеті – жас ұрпақты өмірдің барлық саласындағы адамның өмірімен, тұрмыстағы, еңбектегі, көркемөнердегі, табиғаттағы сұлулық пен әсемдікті көре білетін, ұға білетін және оларды өзі де жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу. Іс - әрекеттің барлық түрінің ішкі қажеттілігін ояту үшін мәдени эстетиканың атқарар қызметі үлкен. Ол адамның өмірге, өнерге деген көзқарасының өзгеруіне әсер етеді. Көруі бұзылған және нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеуде танымдық және тәрбиелік жағы және сезімдік – эмоционалды, эстетикалық жағы аз көрсетілген. Соңғы уақытқа дейін оқу, еңбек, ойын әрекетінің эстетикалық мазмұны сипап сезу арқылы қиын беріледі деп санаған. Көруі бұзылғандар мен нашар көретіндер үшін эстетикалық қабылдаудың көрнекі құралы жөнінде меңгерілмеген. Біздің байқауымыз және зерттеуіміз баланың ақпаратты жеткізудің әртүрлі тәсілдеріне, түсіне қарым – қатынасы іс - әрекеттің мағыналық жағына үлкен әсер етеді деп көрсетті. Көруі бұзылғандар мен нашар көретіндер қоршаған ортаның әртүрлі тәсілмен қабылдағанына қарай ойын, еңбек, оқу әрекетінде эстетикалық баға беруге қабілетті. Көруі бұзылғанлар мен нашар көретіндерде таным әрекетінің ерекшелігімен байланысты спецификаның эстетикалық қабылдауы және оның қызметі туралы сұрақ пайда болады.
Нашар көретіндер мен көруі бұзылғандарда таным процесінің бұзылғаны қоршаған ортаны спецификалық, эстетикалық тұрғыда меңгеруге әкеледі. Оқуда, ойында, еңбекте сезімсіз қабылдау деген болмайды. Себебі көруі бұзылғанлар мен нашар көретіндер көзбен көре алмағандықтан, оны ұстап, көру арқылы оны көз алдында, ойына елестете отырып, оған өзінше баға береді.
Эмоционалды – эстетикалық тәрбиенің қатарына эстетикалық қажеттіліктің дамуы үлкен орынды алады. Олар екі түрде болады: жеке қажеттілік және көркемдік ғылыми жасағыш. Бірінші жағдай сияқты, екінші жағдайда да эстетикалық қажеттілік эмоционалдық қажеттілік үшін қызметі дайын. Бірінші жағдайдағы қажеттілік қоршаған ортадағы эстетикалық қарым – қатынастың жоғарлауында. Екінші жағдайдағы қажеттілік - өнердегі бағыт мақсатқа жетелейді. Балада көркем суретке, мүсінге, өнерге қызығушылығы эстетикалық қажеттіліктің көтерлуі. Бұл процесс неғұрлым ерте басталса, сол ғұрлым оқу процесінде эстетикалық қажеттілігінің дамуының үлкен нәтижесіне жетуге болады. Жанары бұзылған баланың үйдегі тәрбиесі мен білімі алуы оның көзі құртылған жағдайына және оның басталу себептеріне орай ерекшеліктері болады. Көзі бұзылған баланың ата-анасы; тифлопедагог, психолог, офтальмолг, мамандарынан кеңес алып тұруы қажет. Балалармен жұмыс істеу барысында үлкендеесту көмегімен көру сынды көмекші талдамалар мен, айналадағы оқиғалармен хабардар етіп, қажетті түсінік беріп отырған жөн.
Компенсаторлы қайта құру талдамаларының жетістігі көп жағдайда жанұядағы тәрбие мен білім беруге байланысты. Көруі бұзылған және нашар көретін балалардың мүмкіндігіне сәйкес жағдай жасаған маңызды. Артық аяушылық тәртібі немесе қисынсыз бағып-қағу көз ақаулығының жеке қалыптасуында қайшы пікір білдіреді. Сондықтанда тәрбиелеу кезінде балада жігерлік, сондай ақ жігерсіздік., менменшіл, кекшілдік, қорқақтық, немесе өз күшіне сенушілік, керенаулық немесе жауапкершілік, ашықтық пен араласқыштықнемесе тұйықтық пен үндеместік болуы мүмкін. Көруі бұзылғандық пен нашар көрушілік бала үшін әлеуметтік зардап болып есептелді. Көзі нашар бала өсіруші жанұяда айнала мен қарым – қатынасы және баланың өзімен араласу басқаша сипат алады. Үлкендер, жанұя мүшелері, таныстар өздерінің аяушылықтарын естірте айтып аяйды, бала аяушылық назарында, қамқорлық орталығында болады. Бұл баланың тәрбиесінде, оның қалыптасқан өз бағасы, адамдармен өзара қатынасы негізсіз айтылады.
Қабылдау – сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін өмір құбылысы мен заттардың жеке қасиеттері мен сапасының адам санасында тұтас бейнеленетін психикалық процес. Көру функциясының бұзылуы көруі бұзылғанлардағы көріп сезінуінің әлсіреуіне алып келеді. Сезіну сферасындағы өзгерістер сезімдік бейнеленудің бірінші этапы, оның келесі этапы қабылдауға әсер етеді. Қабылдау процесінде әдетте бірнеше анализаторлар қатысады. Әртүрлі іс-әрекеттерді орындау кезінде осы немесе басқа анализаторлар жетекші орынды алады. Өмір жағдайы мен іс-әрекеттің мінездемесіне байланысты анализаторлардың біреусі үстем болады. Осыған байланысты әрбір адамның өзіне тән қабылдау ерекшеліктері анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |