«Инклюзивті білім беру жағдайында көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушыларға көмек көрсету» Пәні: Инклюзивті білім беру Мамандығы: 5В010200 – бастауыш сыныпта оқытудың педагогикасы мен методикасы Орындаған


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА КӨРУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚУШЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет8/11
Дата31.12.2021
өлшемі74,6 Kb.
#21927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
stud.kz-101864

2 ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА КӨРУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚУШЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Көру қабілеті бұзылған балаларға білім берудегі дидактиканың негіздері
Көру қабілеті бұзылған балаларға білім беру мәселесінің қалыптасуы мен дамуына көз салсақ, көз жанарынан айырылған балаларға арналған мектептер мен мекемелердің ашылуына себепкер болған Валентин Гаюидің еңбегіне назар аударамыз. 39 жасар педагог Валентин Гаюи 1784 жылы Париж қаласында өз қаражаты есебінен көз жанарынан айырылған балаларға арнап мектеп ашады. Ашылған мектепті «Еңбек етуші зағиптардың шеберханасы» деп атайды. Мектепке ең алғашқылардың бірі болып 12 бала қабылданады. Валентин Гаюи оларға арнап өзінің оқу әдістемелік құралын жазады. Мектептің материалдық жағынан қамтамасыз етілудегі қиындықтарға қарамастан мектеп жанынан баспахана ашады. Баспахананың көмегімен көз жанарынан айырылған балаларға бедерлі қаріптермен (шрифт) жазылған кітап басып шығарады. Көз жанарынан айырылған балаларға арналған кітаптың баспадан шығарылуы адамзат тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі болып саналды. Арнаулы қаріптермен басылған көз жанарынан айырылған балалардың сауатын ашу жұмыстары 1829 жылы Луи Брайльдің алты нүктелі қарпі шыққанға дейін жалғасты.

1803 жылы патшалық Ресейдің императоры болған Александр І Валентин Гаюиге сол кездегі империяның астанасы болған Санкт-Петербург қаласында қаласында көз жанарынан айырылған жандарға арнап мектеп ашып беруін өтінеді. Өтінішті қабылдаған мейірімді Валентин 1807 жылы Санкт-Петербург қаласында Александр І патшаның демеушілігімен Ресей тарихындағы алғаш көз жанарынан айырылған тұлғаларға арнап мектеп ашады. Мектепте көз жанарынан айырылған жандарға білім беру мен тәрбиелеу ісі, қол өнер жұмыстарына үйрету жұмыстары қолға алынды. Ресей империясының ағарту саласына қосқан орасан үлесі үшін император Александр І Валентинді төртінші дәрежелі Әулие Владимир орденімен марапаттайды. В.Гаюи 1745жылғы 13 қарашада Францияның Сен-Жюст ауылында кедей тоқымашының отбасында дүниеге келген. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының шешімімен В.Гаюи дүниеге келген күн, яғни 13 қарашаХалықаралық зағиптар күні деп белгіленді.Зағип жандардың,нашар көретіндердің санының күрт өсуі ДДСҰ алаңдатып, 1967жыл соқырлыққа қарсы күрес жылы деп жарияланды.

Көз жанарынан айырылған балаларды ауызша, жазбаша сөйлеуге үйретудегі компенсаторлық мүмкіндіктер оқушының ұсақ қол-қимыл моторикасына байланысты, денесінің қимыл-қозғалысына байланысты қалыптасады. Осы пікірлердің дәлдігіне көз жеткізуде тарихи зерттеулер мен жазба жұмыстарының қалыптасу кезеңіне шолу жасауымызға болады. Олай болса, жазудың қандай және қай кездегі түрін алсақта, ол адам баласының зор мәдени табысы екені даусыз. Алайда, қайсібір жазуды оқу үшін алдымен көзбен көру керек. Ал көз жанарынан айырылғандар қалай оқып, жазуы мүмкін? Бұл сұраққа сонау Гомер заманынан бері жауап іздеушілер аз болмаған. Ағашқа немесе металға ойылған бедерлі жазулар ертеден мәлім.1784 жылы Парижде Валентин Гаюидіңқаріпті жазуы,1821 жылдан бастап Францияда Ш.Брабьенің бедерлі жазуын айта аламыз. Бірақ бұл жазулардың қай қайсысы да жанарсыз жандарға хат тану проблемасын түбегейлі шешіп бере алмады. Осыдан 2 ғасырға жуық бұрын, яғни 1825 жылы Париждегі соқыр балалар институтының зағип оқытушысы Луи Брайль инемен шаншып жазылатын бедерлі нүктелі жазу жүйесін ойлап тапты. Ресейде бедерлі әріппен кітап бастырып шығаруды тұңғыш қолға алған А.Адлер болды. Ол 1885 жылы өз қаржысына балаларға әңгімелер жинағын бастырып шығарды. Бар жоғы алты нүктенің орналасу тәртібін өзгерте отырып әр түрлі әріптер, цифрлар, математикалық белгілер мен нота сызықтарына дейін айна қатесіз қағаз бетіне түсіре алатын бедерлі жазу жүйесі екі ғасырға жуық уақыт бойы сан мыңдаған жанарсыз жандардың рухани қажеттілігін ойдағыдай өтеп келеді. Ал көзітірісінде еңбегінің жанғанын көре алмаған Брайль есімі бұл күнде И.Гуттенбергтің, М.Федоровтай ұлы ағартушылардың есімімен қатар аталады

Көрудің бұзылуы соқырлық (тотальды) және нашар көрушілікпен анықталады. Соқырлар – көрудің болмауы, жарық сезгіштіктің жоғалуы 0,04 өткірлігімен, нашар көрушілік 0,05-0,2 өткірлігімен сипатталады. Көрудің сақталу деңгейіне қарай көру қабілеті былайша анықталады:

- Абсолютті соқырлық -екі көздегі көру сезімталдығының жоғалуы;

- Практикалық соқырлық - көру қалдығының сақталуы, жарық сезгіштік, заттардың формаларын (контур, силуэт, қолдың саусақтары) көру.

Көрудің бұзылуы туа пайда болуы мүмкін немесе жүре пайда болуы мүмкін. Туа пайда болған соқырлықтың себебі катаракта, глаукома, көз торшасының патологиясы, көру нервтерінің атрофиясының тұқымқуалаушылық жолмен таралуы болып табылады. Тағы бір себебі -ананың жүктілік кезіндегі түрлі инфекциялық аурулармен ауруы. Жүре пайда болған көрудің бұзылу себептері, көру органдарының ауруы, орталық нерв жүйесінің аурулары (менингит, ми ісігі, менингоэнцефалит), бас миының немесе көздің соққы алуы болып табылады. Балалар арасындағы көрудің бұзылуындағы негізгі клиникалық формалары нерв жолдарының, көру анализаторының қабықтық зоналарының зақымдануы, көз хрусталінің (катаракта) бұзылуымен түсіндіріледі. Балалар арасында кездесетін көру қабілетінің бұзылуларына қылилық, амблиопия, астигматизм т.б. жатады. Аталған кемшіліктердің әсерінен бала бойында анықталатын жағымсыз жағдайлар:

-қимылдық сфераның шектелуі;

- әлеуметтік тәжірибе мазмұнының толық болмауы;

- эмоциядағы, мінездегі ерекшеліктер;

- ойын, оқу, еңбек әрекетін игерудегі қиындықтар;

- өз-өзіне деген сенімсіздік, пассивтіліктің байқалуы;

- шектен тыс қозғыштық, ашуланшақтық, агрессия.

Қылилық - көру сызықтарындағы кемшілік, көздің қимылдатқыш функцияларының бұзылуы, фиксацияның жалпы нүктелеріне көз сызықтарының сәйкес келмеуі (паралитикалық және сәйкессіздік) Паралитикалық түрі буындардың салдануынан немесе (парез) құрысу салдарынан пайда болады. Негізгі себептері соққы алу, ісіктер, инфекциялық ауралар, интоксикация, қан кету. Қылилық кезіндегі түрі тұрақты және қайталанбалы күйде жалпы фиксация нүктесіне бір көз сызығының сәйкес келмеуінен болады. Негізгі себептері: орталық нерв жүйесінің аурулары, рефракцияның бұзылуы, көз қимылдатқыш аппараттың аномалиясы. Қылилық жұмысқа деген қабілеттілікті жоғалтады, монопулярлық көру пайда болады (қабылдау бірде бір көзбен бірде екінші көзбен жүзеге асады) Балаларда қылилық 2-3 жасқа таман пайда болады немесе күрделі аурулардан кейін, қорқыныштан пайда болады. Қылилықтың әсерінен көру төмендейді. Дисбинокулярлық амблиопияның екі түрі болуы мүмкін:

- дұрыс фиксациялы амблиопия (орталық) фиксациялық аймақ - орталық тор шұңқыршасы.

- теріс фиксациялы амблиопия (орталық емес) фиксациялық орталық – көз торшасы.

Нистагм-көздің қимылдатқыш функциясының бұзылуы, көз алмаларының еріксіз қозғалысқа түсуі, дірілдеу, бұл физиологиялық және паталогиялық нистагм болып бөлінеді. Физиологиялық нистагмның бір формасы тез қимылдаған обьектілерге қараудың әсерінен болған оптокинетикалық нистагм. Оптокинетикалық нистагм балаларда бас миындағы маңдай бөлігінің дамуына сәйкес 4-5 айда байқалады. Көрудің бұзылумен анықталатын паталогиялық нистагм ұрықтық кезеңдегі, туылу кезіндегі, туғаннан кейінгі кезеңдегі паталогиялық жағдайлардың әсерінен болады. Бұл кезде емдік-сауықтыру, коррекциялық жұмыстарын жүргізу қажет.

Амблиопия-көру органының анатомиялық құрылымындағы өзгерістер, соның ішінде сәйкестенген қылилық кезінде кездесетін кемшілік. Бірақ амблиопияның тіке қарайтын түрі де кездеседі. Амблиопия кезінде ұсақ заттарды көру процесі қиындайды, алысты көру фиксациясы, заттардың формасы мен көлемін қабылдау бұзылады. Амблиопияның формасы мен деңгейлері әр түрлі. Сондықтан амблиопия кезінде бір немесе екі көздің орталық және перифериялық көруінің төмендеуін бақылауға алу керек. Амблиопияның түрлері: дисбинокулярлық, обскурациялық, рефракциялық, истериялық. Рефракциялы амблиопия рефракцияның аномалиясы кезінде қалыптасады. Дұрыс таңдалған көзілдірікті киюдің нәтижесінде көру қалыпқа түсуі мүмкін. Амблиопияның бұл түрінің негізгі себебі алыстан көру және астигматизм кезінде көз торшасына түсініксіз бейнелердің берілуіі.

Обскурациялық амблиопия - көз ортасының бұлдырауынан (катаракта, мүйізшелердің бұлдырауы), туа пайда болған және жүре пайда болған кемшілік. Көздің артқы бөлігіндегі катарактадан кейін анатомиялық өзгерістер, көрудің төмендеуі байқалады.

Истериялық амблиопия аяқ астынан қандай да болмасын аффектінің әсерінен пайда болады да, нәтижесінде көру төмендеп, кейін көрудің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Амблиопияның бұл түрі сирек кездеседі.

Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер соқырлар мен нашар көретін балаларға, сонымен қатар 2-3 жастан 5жасқа дейінгі амблиопия мен қылилық кезіндегі балаларға арналған мемлекеттік мекемелер болып табылады. Бұл мекемелердің негізгі әрекеті көру қабілеті бұзылған балаларды мектепке даярлау, емдеу, көрудің бұзылған функцияларын коррекциялау.

Педагогикалық жұмыс көру қабілеті бұзылған балалардың психикалық және физикалық дамуын үйлесімді қалыптастыруға бағытталады. Педагогикалық жұмыс түрлері арнайы бағдарламалар негізінде құрылған жалпы білім беретін балабақша бағдарламасы арқылы ұйымдастырылады. Арнайы педагогиканың міндеттеріне сай баланың танымдық, тұлғалық, қимылдық сферасын коррекциялау, есту, сезу, көру қабілеттерін сақтау арқылы барлық компенсаторлық жүйелерді қалыпқа келтіреді

Мектепке дейінгі білім берудің Типтік бағдарламаларына сәйкес көру қабілеті бұзылған балаларға арналған төмендегідей мектепке дейінгі мекемелердің тізбегі бар: соқыр және нашар көретін, амблиопия мен қылилық анықталған балаларға арналған балалар үйлері, күндізгі (12 сағаттық) және тәулік бойына жұмыс жасайтын балабақшалар мен яслилер, жалпы балабақшадағы арнайы топтар, мектеп-интернаттардағы соқыр және нашар көретін балаларға арналған топтар.

Соқыр және нашар көретін балаларға арналған балабақшаларда көру қабілетінің күрделі деңгейдегі бұзылуы анықталған балалар да тәрбиеленеді. Оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарымен қатар, балалар үйлерінің міндеті дамудағы кемшілікті түзетуге, сауықтыру, көру қызметін қалыпқа келтіруде компенсаторлық жүйелердің дамуына, соның ішінде есту, сезу, кеңістікті бағдарлау, өз-өзіне қызмет ету дағдысын қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.

Мектеп жанындағы балабақшаларда көру өткірлігі 0,05-0,6-ға тең нашар көретін балалар қабылданады. Мұнда балалар негізгі гигиеналық дағдыларды, көзілдірікпен жұмыс жасау дағдысын игереді. Балаларда көру арқылы қабылдаудың барлық элементтерін, яғни алыстан және жақыннан көруге қабілеттілік, қозғалыстағы заттарды бақылау, зат формасын, түсін ажырата білу, суреттерді қарау, кеңістікті бағдарлуды игереді. Көру функцияларының қызметін дамыту сонымен қатар есту, сезу мүшелерінің қызметі арқылы толықтырылады.

Амблиопия мен қылилыққа ұшыраған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердің тізбегі коррекциялық-педагогикалық және емдеу жұмыстарының біртұтас жүйесін жүзеге асырады. Амблиопия мен қылилыққа ұшыраған балаларға арналған мекемеде емдік шаралардың жүргізілуіне сай күн тәртібі құрылады. Амблиопия мен қылилық кезіндегі арнайы мекемелердің жұмыс уақыты баланың жеке даму ерекшелігіне сәйкес, дәрігер-офтальмологтың келісімімен белгіленеді.

Арнайы балабақшалардағы жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың негізгі қағидалары:

- көрнекіліктердің кеңінен қолданылуы;

- көру қабілетін коррекциялауда оптикалық құралдарды қолдану;

- соқырлық пен нашар көрушілікті компенсациялаудың құралы ретінде сөйлеудің ролін арттыру үшін экскурсия, бақылау жұмыстары, қоршаған ортамен таныстыру жұмыстарын ұйымдастыру;

- заттық-практикалық әрекетті дамыту жұмыстары (қол еңбегі, конструкциялау, мүміндеу, жапсыру т.б.);

- балабақша мен отбасы арасындағы байланысты орнату.

Ресейдегі ең алғашқы көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп 1807 жылы Петербургте Александр І патшаның шақыртуымен келген француз тифлопедагогы В.Гаюидің басшылығымен ашылды. Ресейдегі тифлопедагогиканың және соқырларға арнайы білім беру жүйесінің дамуы К.К. Грота мен А.И. Скребицкийдің есімдерімен байланыстыі. Революцияға дейінгі кезеңде Ресей мемлекеті бойынша соқыр балалардың 4-5%-ы 3-4 класс көлемінде қол өнерге баулу арқылы білім алуға мүмкіндік алды. Кеңес дәуірі кезінде соқырларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысы Халыққа білім берудің жалпы мемлекеттік жүйесіне біріктірілді. 1928 жылдан бастап соқырларға білім беруге арналған бағдарламалар шығарыла бастады. Отандық тифлопедагогика мен тифлопсихологияның дамуына өз үлестерін қосқан зерттеушілер М.И.Земцова, Б.И.Коваленко, А.С.Ганджий, Н.Г.Крачковская, Л.И.Плаксина, Л.И.Солнцева, А.Г.Литвак, В.П.Ермаков, А.Б.Гордин, Р.С.Муратов, И.С.Моргулис, т.б. соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектептер мемлекеттің қарауында болып халыққа білім беретін мекемелердің қатарына енізілуіне негіз жасады. Соқыр және нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері:

- баланың жалпы және жеке даму ерекшеліктерін есепке алу, сенсорлық негізде оқу, еңбек, ойын әрекетінің әдістері мен тәсілдерін қалыптастыру, саралау;

- оқу материалын қайта қарау, оның ұзақтығын өзгерту, оқу жүктемесінің көлемін қайта қарау, оқытудың арнаулы әдістері мен формаларын, баланың танымдық қабілеттерінің арнасын кеңейтуге арналған оқулықтар мен көрнекі құралдарды, оптикалық және тифлотехникалық құралдарды пайдалану;

- оқу кабинеттері мен кластарды жабдықтау, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, емдік-қайта құру жұмыстарын ұйымдастыру;

- кәсіптік бағдар беру жұмыстарын, әлеуметтік-еңбекке бейімдеу жұмыстарын күшейту.

Соқыр және нашар көретін балаларға арналған жалпы білім беретін мектептер үш деңгейден тұрады: бірінші деңгей-бастауыш мектеп, екінші деңгей - негізгі (аяқталмаған орта) мектеп, үшінші деңгей - орта мектеп. Мектептің деңгейлері бала дамуының негізгі үш кезеңіне, яғни балалық шақ, жеткіншек шақ, жастық шаққа сәйкестендірілген.

Бірінші деңгейдегі мектеп бала тұлғасының қалыптасуына, потенциалдық мүмкіндіктерінің тұтастай дамуына, дамудағы кемшілікті коррекциялауға, емдеуге, көру қабілетін сақтауға бағытталады. Бастауыш мектепте көру қабілетін дамыту, соқырлардың сипап-сезу қабілетін дамыту, сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді түзету, ритмика, дене тәрбиесі сабақтары жүргізіледі. Бастауыш мектептің оқушылары көрнекі-образды ойлау, теориялық ойлау қабілеттерін, оқу әрекетін, есептеу, оқу, жазу дағдыларын, өз-өзіне қызмет етудің қарапайым тәсілдерін игереді. Оқыту мен білім беру арнайы оқу жоспарына сай оқу бағдарламасымен жүзеге асады.

Екінші деңгейдегі мектеп білім алуды жалғастырушы түлек үшін қажетті еңбек дағдыларын игертуге, білімін жалғастыруға жағдай жасауға, қоғамға араласуына көмек көрсетуге бағытталады. Денсаулықты нығайту мен танымдық, тұлғалық, қимылдық сфераны түзетуге арналған жұмыстары жалғасады. Мектеп баланың потенциалдық мүмкіндіктерін ескере отырып, дүниетанымын қалыптастыруға, еңбекке араласуына, көру қабілеті бойынша мүгедектік арқылы жұмыспен қамтамасыз етілуіне бағытталған шараларды ж8зеге асырады. Оқушылар арнаулы енгізілген және кейбір пәндерге байланысты (бейнелеу, сызу, еңбекке баулу) жалпы білім беретін мектеп бағдарламасымен білім алады.

Орта мектеп еңбекке баулуды қамтамасыз етеді. Мектеп оқушының қызығушылығын, әлеуметтік-психологиялық бейімделуін, қоғамдық өмірге араласуын қанағаттандыруға жағдай жасайды. Осы мақсаттарға сәйкес оқу жоспарына міндетті пәндермен қатар оқушының таңдауы бойынша пәндері енгізіледі. Жоғары кластарда кейбір пәндерге байланысты өзгертулер енгізілген (информатика, еңбекке баулу) жалпы білім беретін мектеп бағдарламасымен ұйымдастырылады.

Соқыр балаларға арналған мектептердегі оқыту жалпы білім беретін мектептің бедерлі-нүктелі шрифтімен жазылғаноқулықтарымен қамтамасыз етіледі. Оқу практикасына қабылдау, кеңістікті бағдарлау мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған оқытудың тифлотехникалық құралдары (жазуға арналған арнайы құралдар, жарық сигналдарын беруші құралдар) кеңінен қолданылады. Нашар көретін балалармен жұмыс кезінде көру қабілетін дамытуға арналған жағдайлар жасалады және көрудің нашарлығына сәйкес келетін дәптерлер, көрнекі, дидактикалық материалдар, оптикалық және техникалық құралдар қолданылады.

Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектепті аяқтаған бала жалпы білім беретін орта мектепті бітіргені жөніндегі аттестат алады және жалпы негіздегі ЖОО-да білімін жалғастырып, мамандығы бойынша қызмет етуіне, халық шаруашылығының жекелген саласында еңбек етуді үйренеді.

Көру қабілеті бұзылған балаларға білім беру бағдарламасының ерекшеліктері былайша анықталады:

- дайындық сыныбының ұзартылуы (бастауыш сыныптарда);

- нашар көретін балаларды бастауыш сыныпта оқытуда көру қабілетінің жұмысын қалыптастыру, заттың көрнекі образы мен сөз арасындағы сәйкестікті қалыптастыру, жазуға дайындау;

- соқырларға арналған Брайльдік жүйе бойынша оқыту;

- рельефті дидактикалық материалдармен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Математиканы оқыту бағдарламасының ерекшеліктері:

- дайындық сыныбының ұзартылуы;

- микро және макро кеңістікті бағдарлау дағдысы мен тәжірибесін қалыптастыру;

- заттардың кеңістікте орналасуын бағдарлауды өлшеу, сызу дағдылары арқылы дамыту, заттың формасы, көлемі, саны, қасиеттері туралы ұғым қалыптастыру;

Қоршаған ортамен таныстыру жұмыстарының ерекшеліктері:

- нашар көретіндерге экскурсия, практикалық сабақтардың санын арттыру, көру органының анатомиясын, физиологиясын оқыту, жолда жүру ережелерін оқыту, қимыл-қозғалысқа түсу ережелерін игерту сабақтарын жүргізу;

- соқырларды заттардың сигналдық белгілерімен, тірі және өлі табиғаттағы объектілердің белгілерімен таныстыру, экскурсия, практикалық сабақтардың санын арттыру.

Бейнелеу өнеріне баулу сабақтарының бағдарламасында бейнелеу, модельдеу, декоративті қолданбалы өнерге баулу жұмыстары беріледі.Соқырлар мен нашар көретін балалардың шығармашылық белсенділігін арттыру, эстетикалық тәрбиелеуде мүсіндеу, жапсыру, конструкциялау, ән айту, көркем суреттеудегі шығармашылық қабілетін артыруға көңіл бөлінеді.

Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектептердегі еңбекке баулу сабақтары тифлотехникалық құралдардың көмегімен жүргізіледі. Кәсіби бағдар беру жұмыстары оқушылардың жеке қызығушылықтарына, қалауларына байланысты құрылады. Соған байланысты 5-10 сыныптарда балаларды еңбекке баулу жұмыстары жалпы білім беретін мектептердегідей политехникалық бағытта жүргізілсе, 11-12 сыныптарда мамандыққа байланысты профильді бағытта жүргізіледі.

Көру қабілеті бұзылған балалар мектебінде қолданылатын арнаулы оқыту құралдары:

-соқырлар үшін рельефті-нүктелі шрифтімен (Брайльдік жүйе бойынша) берілген түрлі оқулықтар, оқу құралдары, суреттер, сызбалар;

-нашар көретін балалар үшін рельефті және түрлі-түсті жазумен берілген оқулықтар; үлкейтілген шрифтімен жазылған арнайы оқулықтар.

ІІІ және IV түрдегі арнайы мектептерде көру функциясын компенсациялау мақсатында тифлотехникалық құралдар, оптикалық құралдар (лупа, көзілдірік, үлкейткіш аппараттар), жарық бергіш құралдар қолданылады. Брайльдік жүйе бойынша жазу құралдары, «сөйлетін оқулықтар» есту және тактильді сезу мүшелерінің жұмысын арттыруда арнайы құралдар қолданылады. Арнаулы мектептерде емдік-профилактикалау шараларын ұйымдастыру мәселесі бірінші орынға қойылған. Көрсетілетін емдік жұмыстардың негізгі мақсаты мен міндеттері көз ауруларын емдеу, көру қабілетінің кемшіліктерін диагностикалау, көзілдіріктерді таңдау, офтальмологиялық емдеу жұмыстарын жүргізу.

Көру қабілеті бұзылған балаларды жалпы білім беретін мектептерде интеграциялау арқылы оқыту тифлопедагогикадағы өзекті мәселелердің бірі. Аталған жағдайдағы жалпы білім беретін мектептегі интеграцияны ұйымдастыру үшін педагогтардың арнайы дайындықтан өтуі, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті базаны құру, тифлопедагогтардың көмегі қажет.

Көрудің нашарлауы немесе бұзылуы тұлғаның жалпы дамуы мен қалыптасу процесінде кедергілер туғызады. Олар қимылдық белсенділіктің дамуында, кеңістікті бағдарлау қабілетінің дамуында, заттық-практикалық әрекетке түсудегі қабілеттіліктің қалыптасуында, эмоциялық-ерік сферасындағы ерекшеліктерде, баланың қоғамға қосылуында, еңбекке араласуы кезінде анық байқалады. Көру қабілеті бұзылған балалар мен ересектердің жас ерекшелік дамуындағы гуманистік қағидаларға сүйене отырып, арнайы педагогиканың саласы тифлопедагогика ғылымы мынадай міндеттерді шешеді:

- көру қабілетінің бұзылуын және оның әсерінен болған психикалық, физикалық дамудағы кемшіліктерді психологиялық-педаггикалық, клиникалық негізде зерттеу;

- соқырлық пен нашар көрушілік кезіндегі бұзылған немесе кешеуілдеген функцияларды қалыпқа келтіру, коррекциялау, компенсациялаудың жолдары мен жағдайларын анықтау;

- көру қабілетінің бұзылуын анықтаушы барлық формалар кезіндегі тұлғаның қалптасуы мен жалпы даму жағдайларын зерттеу.

Көрсетілген мақсат, міндеттерді шешу кезінде көру қызметінің бұзылуына байланысты мынадай аспектілер ерекше орын алады: соқыр немесе нашар көретін тұлғаларға арналған білім беру мазмұнын құру, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, ол балаларға арналған арнайы мектептердің типі мен құрылымдарын анықтау, оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқытудың жеке әдістемелерін құрудың ғылыми негіздерін анықтау. Соның ішінде көру қабілеті бұзылған тұлғалардың танымдық белсенділіктерін арттыру мақсатында арнайы техникалық оқыту құралдарын жасақтау, көру қабілетіне қойылатын гигиеналық талаптар мен ережелерді орындаудағы іс-шараларды ұйымдастыру, жарық түсіруші құралдарды құрудағы нормативтердің сақталуы, көздің жұмысын реттеудегі жүктеменің сақталуы, көру қабілетінен айырылған балаларды тәрбиелеу мен оларды еңбекке бейімдеу мәселелері ерекше орын алады.

Көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісімен айналысатын мұғалімдерге коррекциялық жұмыстардың ерекшеліктерін білу қажет. Мұндай білім мұғалімдердің аталған кемшілік кезіндегі балалармен жұмыс жасау мүмкіндігін арттыруға, оқыту процесін тиімді ұйымдастыруына, тұлғаның жалпы дамуы мен қалыптасуын қамтамасыз етуші факторларды құруға жағдай жасайды.

Осы айтылған мәселелерге байлансты жалпы білім беретін мектептерде білім алатын көру қабілеті бұзылған тұлғалардың категориясы туралы айтсақ, көз рефракциясының аномалиясы анықталған балалар түзету көзілдіріктерін үнемі киіп жүрулері керек. Мұндай көзілдірікпен жүретін балалар педагогтар мен ата-аналар тарапынан үнемі мектепте де, үй жағдайында да санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауға байланысты көмек түрлерін қажет етеді. Көру қызметі бұзылған оқушының жұмыс орны дұрыс, жеткілікті дәрежеде жарықтандырылуы тиіс. Ол балаларды бірінші немесе екінші партаға терезенің жанына отырғызу керек. Сонымен қатар, жақыннан көретін баланы тақтаға жақын жерге, алыстан көретін баланы тақтадан алыс отырғызу керек.

Мұғалім берілген тапсырмалардың орындалуын талап етуі үшін оқу материалының мазмұнына сай қолданылатын сызбаларды, карталарды, кестелерді, суретті картиналарды дайындауда олардың анық, бояуы қанық болуын, әріптердің ірі жазылуын есте ұстауы тиіс. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда, бала өзіне берілген тапсырманы білмегендіктен емес, оған берілген тапсырманың мазмұны мен шарты көрінбегендіктен орындай алмайды. Мұндай жағдай баланың оқу материалының мазмұнын уақытында игеруіне, оқу үлгеріміне кедергі келтіреді.

Көз рефракциясындағы кемшіліктер көздің жұмысына көп күш түсіреді де тез шаршатады, сондықтан тапсырмаларды түрлендіріп отыру керек. Көру қызметімен байланысты жұмыстан кейін (оқу, жазу, сызу) 10-15 минут бойы терезеге қарап көзге түскен күшті азайту мақсатында жаттығу жасату керек.

Сыныптан сыныпқа көшу кезінде оқу материалының күрделенуіне байланысты оқу бағдалмасы бойына тапсырмалар да күрделене түседі. Ол оқушының берілген тапсырмаларды орындау барысында көрудің қызметіне күш түсуіне апарады. Мектепте оқу кезінде балалар арасындағы жақыннан көрудің кең таралуын есепке ала отырып, мектеп басшысы мен педагогикалық ұжым мүшелерінің көру органымен байланысты орындалатын үй тапсырмаларының көлемін қатаң бақылауға алуы қажет.

Соқырлар мен нашар көретін балаларға білім беру ісі көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мекетептерде жүзеге асады. Көру қабілетімен қоса ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалар да арнаулы мектептерде ерекше бағдарламамен, көру қабілетінің жұмысын емдеу және коррекциялау негізінде оқытылады. Бірақ бұл балалардың барлығы арнаулы мектептерде емес, жалпы білім беретін мектептерде білім алуға міндетті болып отырады. Көру қабілетінің аномалиясы кезінде жалпы білім беретін мектепте білім алудың себептері былайша түсіндіріледі:

-ата-аналар балаларын күн сайын өздерінің жанында болғанын, олармен қарым-қатынасқа түсуді, олардың білім алуы мен тәрбиесіне тікелей араласқанды қалайды,

- отбасыларының кейбіреулері қалалық білім басқармасынан баланы басқа қалада орналасқан арнайы мектептерге оқытуға бөлінетін қаржыны ала алмайды;

- ата-аналар балаларын мүгедек балалардың қатарында көргісі келмейді (Н.Д.Шматко).

Сыныпта көру қабілеті бар оқушының болуы мұғалімге қосымша міндеттерді жүктейді. Мұғалімнің балаға деген жеке диференциалды көңіл бөлу жұмысын қамтамасыз етуі керек. Ол үшін сыныптағы оқушылардың толымы 15 оқушыдан аспауы тиіс. Сынып бөлмесі жарықпен қамтамасыз етіліп, көруі бұзылған бала отыратын орын қосымша жарықтандырылуы керек.

Көру қабілеті бұзылған балалар білім алатын мектептерде арнайы оқулықтармен, рельефті-графикалық нұсқаулықтармен, оптикалық құралдармен, аудиоқондырғылармен, Брайльдік шрифтімен оқуға арналған материалдармен толықтырылған арнайы тифлопедагогика кабинеті жабдықталуы тиіс. Аномальды оқушылармен жұмыс жасайтын ата-аналарға,мұғалімдерге тифлопедагогикалық кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылып отыруы қажет. Мұндай кеңес беру орталықтары арнайы мектептерде, білім беру орталықтарында, ПМПК мекемелерінде ұйымдастырылуы мүмкін.

Көру қабілеті бұзылған балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқыту жағдайы оқу-тәрбие процесіндегі көру анализаторының жұмысын қолдануға мүмкіндік туғызады. Соқырлар мен нашар көретін бала дамуының айырмашылығы кемшіліктің пайда болу уақытына, оқушының жеке даму ерекшеліктерімен айқындалады. Оқушыларды осы негізде ажыратуда оқу жылының басынеда жүргізілген тексеру жұмысының нәтижесі қажет. Ол үшін оқушының тактильді немесе көру арқылы оқи алатындығы тексеріледі.

Көру қабілеті бұзылған балалардың барлығы дерлік жалпы білім беретін мектепте оқи алмайды, оларды әлеуметтік жағынан саралау жұмыстарын жүргізу қажет. Себебі, жалпы білім беру мектептерінде әлеуметтік жағынан бейімделуі жоғары, арнайы мектеп бағдарламасын өте жақсы меңгерген соқыр немесе нашар көретін балалар білім алады. Жалпы білім беретін мектепте оқуға қажетті тағы бір жағдай баланы алдын ала кездескен қиындықтарға қарсы тұруға бейімдейтін психологиялық дайындықтан өткізу керек. Сонымен, қатар сынып ұжымы да баланы дұрыс қабылдауы тиіс, яғни көру қабілеті бұзылған бала дамуының жеке ерекшелігімен сынып оқушыларын толық таныстырып, сынып оқушыларының бойында ол балаға деген мейірімділікті қалыптастырған дұрыс.

Көру қабілеті бұзылған баланы жалпы бағдарлама бойынша білім алуға икемдеу жұмысы мұғалім үшін де баланың өзі үшін де күрделі міндет болып табылады. Көру қабілетінің аномалиясы анықталған баламен жұмыс жасау кезінде мұғалімге әр уақытта қосымша талаптар мен ережелерді есте ұстағаны дұрыс. Соқыр немесе нашар көретін оқушының бая жазуы, баяу оқуы көретін балалар мен салыстырғанда қосымша жұмыс жасауды қажет етеді. Осыған байланысты мақсатты түрде сабақтың белгілі бір фрагменттері түсірілген диктафон, есте сақтауды копенсациялайтын ауызша есептеулер қажет болады. Одан басқа оқушының көру қызметіне шектен тыс күш түсірмеу керектігі туралы қатаң есте ұстау керек.

Сыныптағы топпен жұмыс жасау көруі нашар бала үшін де маңызды, себебі ол балаға да арнап жеке жұмыс кеспелерін, мәтіндер, карталар, көрнекі құралдарды алдын ала дайындап, топпен жұмысқа да кірістіруіге әбден болады.

Оқу-тәрбие процесі кезіндегі мұғалімнің сөзі ерекше роль атқарады. Мұғалімнің сөзі анық, мәнерлі, түсінікті болуы тиіс. Мұғалім өзінің айтқанын сурет түрінде баяндап, жазып, көрсете білуі қажет. Соқыр және нашар көретін балаларға вербализм тән, сондықтан да сөздіктермен жұмысты тіл дамыту сабақтарында ғана емес, басқа сабақтарда да жүргізіп отыру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет