1.2 Көру қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық- ерік сферасын дамыту
Көру қабілеті бұзылған балалар өздеріне жеке тәсілдемені талап етеді. Нашар көретін балалар зияткерлік әлеуеттері бойынша замандастарынан ерекшеленбейді. Көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту арнайы әдістемелер мен ерекше педагогикалық тәсілдемені талап етеді.
Бұл санаттағы балалардың көру өткірлігі көзілдірікпен түзете отырып жақсы көретін көзде 0 (0 %) мен 0,04 (4 %) аралығында болады. Сондай-ақ, көру өткірлігі жоғары (1-ге дейін, яғни 100 %) бірақ көру аумағы 10-15 градусқа дейін немесе көру нүктесіне дейін шектеулі балалар жатады. Бұндай балалар көруді танымдық және бағдарлық әрекетте шектеулі қолдана алатындықтан олар көрмейтіндер қатарына жатқызылады. Көру талдағышының зақымдану ауырлығы мен сипаты барлық сенсорлық жүйесінің дамуына әсер етеді, қоршаған ортаны танудың басты жолдарын, сыртқы әлемді қабылдау толықтығы мен нақтылығын анықтайды.
Көру қабілетінің бұзылысы сезіну, қабылдау, елестету және т. с. с. бірқатар психикалық процестердің дамуына кері әсер ететін екінші қызметтік ауытқуларды тудырады (көру аумағын тарылту, көру өткірлігін төмендету және т. б.). Қалыпты көретін баланың іс-әрекеті айналадағылардың әрекетіне еліктеуге сүйенеді. Ал көрмейтін бала арнайы ұйымдастырылған оқытусыз өздігінен бағытталған әрекетті қоршаған заттар мен олардың әрекетін мүлдем немесетолық елестете алмау, бұрмалап елестету салдарынан меңгеруге қабілетті емес. Көру қабілетінің бұзылысы тұлғаның жеке құрылымдық компоненттеріне әсер ететіні сөзсіз. Олардың орнын толтыру психиканы қайта құру және жаңа өмірлік жағдайларға бейімделу процесі ретінде қарастырылады. Көрмейтін және нашар көретін балалардың ойын, танымдық және басқа әрекет түрлерінде түзету мен орнын толтыру педагогикалық және психологиялық ықпал етудің әдістері мен тәсілдері, формаларының жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Оларды білу тек жеке мамандарға қажетті шарт емес, сондай-ақ бұл санаттағы балалармен жұмыс істейтін барлық адамдардың білгені дұрыс. Сезімдік тәжірибедегі кемшіліктердің орнын толтыру тек сақталған сезім мүшелерін белсенді іске қосқан жағда ғана мүмкін.
Көру сезімі мен қабылдауының толық немесе жартылай түсіп қалуына байланысты сыртқы әсерлердің қысқаруы зейіннің дамуына кедергі жасайды, қабылдауда тікелей қызығушылықты туғызатын объектілер аумағының қысқарады. Бұл зейіннің көлемін, тұрақтылығын және басқа қасиеттерін төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар, есту қоздырғыштарының бірсарындылығы көрмейтін балаларды шаршатады және алаңғасарлыққа әкеледі. Зейін белгілі бір психикалық процесспен, қандай да бір талдағыштың қызметімен байланысты емес және іс-әрекетте қалыптастырылады. Көрмейтіндер үшін қолжетімді сезімдік ақпаратпен сүйемелденген сөз арқылы түсіндіру негізінде олар көптеген заттар мен құбылыстар туралы түсінік қалыптастыра алады. Сөйлеудің компенсаторлық қызметі көрмейтіндердің барлық психикалық әрекетінде көрінеді: қабылдау процесінде (сөз оны бағдарлап нақтылайды), бейнелер мен түсініктерді қалыптастыруда, түсініктерді меңгеруде және т. с. с. көрмейтін баланың тұлғасын қалыптастыруда сөйлеу тілі өте маңызды орын алады. Сөйлеу тілі арқылы көрмейтін балалар қоршаған адамдармен әрекеттеседі, қоғамда бағдарланады.
Көру сезімі мен қабылдауының толық немесе жартылай түсіп қалуына байланысты сыртқы әсерлердің қысқаруы зейіннің дамуына кедергі жасайды, қабылдауда тікелей қызығушылықты туғызатын объектілер аумағының қысқарады. Бұл зейіннің көлемін, тұрақтылығын және басқа қасиеттерін төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар, есту қоздырғыштарының бірсарындылығы көрмейтін балаларды шаршатады және алаңғасарлыққа әкеледі. Зейін белгілі бір психикалық процесспен, қандай да бір талдағыштың қызметімен байланысты емес және іс-әрекетте қалыптастырылады. Көрмейтіндер үшін қолжетімді сезімдік ақпаратпен сүйемелденген сөз арқылы түсіндіру негізінде олар көптеген заттар мен құбылыстар туралы түсінік қалыптастыра алады.
Көру қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім берудегі ерекшеліктері мен кездесетін қиыншылықтарды шешу жолдары Әрбір мемлекет қоғамында мүмкіндігі шектеулі балалар өмір сүріп, білім алып, тәрбиеленуде. Олар белгілі бір ортаға, қоғамға тәуелді. Мүмкінділігі шектеулі балалардың денсаулығын қадағалау дәрігерлердің қызметі болса, тәрбиеленуі ата-аналар құзырында, ал білім беру мен тәрбиені қатар ұйымдастыру педагог-психологтардың міндеті. Көру қабілеті бұзылған балаларға оқу процесін қабылдау және танымдық қабілеттерінің қалыптасу қиындығы тән құбылыс, өйткені дені сау бала, мүмкіндігі шектеулі балаларға қарағанда қоршаған ортаны 83% көру жүйесі арқылы, 11% есту арқылы, 3,5% мұрын арқылы, 1,5 сипап сезу арқылы, 1% дәм сезу ақылы танып біледі. Ал көру қабілеті бұзылған бала не істейді?
Қоршаған ортаны қалай танып біледі? Осы орайда балаларға сол таным мен түйсікті сезінуге және үйретуге ықпал ететін фактор - оқытушылар. Мүмкіндігі шектеулі бала мектепке алғаш келген кезде қарапайым және түрлі ауыртпалық тудыратын қиыншылықтарға тап болады. Бұл қиындықтар қатарына өз-өзіне қызмет етуінің төмен, не мүлдем болмауы, гигиеналық тазалықты ұстана алмауы, ортаға тез бейімделмеуі сияқты мәселелерді жатқызуға болады. Сондықтан мектепке дейінгі кезеңде көру қабілеті бұзылған балаларды оқытуға арналған оқыту-кешендерінің болуы шарт.
Сондай оқыту кешендері ұйымдастырылған жағдайда, мұндай топтағы балалар мектеп табалдырығын аттаған кезде білім алу оларға жеңіл, әрі тиімді болар еді. Қазіргі таңда инклюзивті білім беру кеңінен қолданылуы етек алып келеді. Инклюзивті оқыту - барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім процесінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу процесіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді.
Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір - бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді. Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды жалпы білім процесіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата - аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу - педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат болып табылады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйрету үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау үшін психологқа, логопедке, арнаулы педагогқа, әлеуметтік педагогқа арналған кабинеттерді арнайы жабдықтау қажет.
Сондай-ақ, кітапхана қорын арнаулы оқулықтармен, арнаулы электронды жабдықтармен жабдықтауға, оқу-әдістемелік кешендермен, әдістемелік әдебиеттермен толықтыру керек. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың оқып-үйренудегі қиындықтарын дер кезінде анықтап, оларға коррекциялық-педагогикалық қолдау көрсету үшін, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептегі білім игеруге байланысты қолжеткізілген деңгей туралы оқушылармен ата-аналарды хабардар етіп отыру үшін тұрақты түрде психологиялық-педагогикалық мониторинг өткізіліп тұруы тиіс. Бұл интеграциялық оқыту сыныбы мұғалімінің арнаулы (коррекциялық) сынып мұғалімімен, пән мұғалімдерімен, психологпен, тифлопедагогтармен, арнаулы және әлеуметтік педагогтармен тығыз ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жүргізу нәтижесінде іске асады. Осымен қатар арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдаудың бақылануын және орындалуын мектеп психологиялық-медициналық-педагогик алық консилиумы арқылы жүзеге асыруы тиіс. Көру қабілеті бұзылған бала жалпы білім беретін мектепте оқытылса, сол сыныпқа сабақ беретін педагог баланың қабілетін жіті тексеріп және денсаулығына байланысты қойылған диагнозына қарай оқытуы тиіс. Бұл баланың көзі көрмейді, не нашар көреді деп ысырып тастауға мүлдем болмайды. Бұл топтағы балалардың диагноздары, көзінің көру мөлшерлері, қабылдауы, ойлау ерекшеліктері, зейіні, есте сақтау қабілеттері әр түрлі деңгейде болып келеді. Көру қабілеті бұзылған балалар үш топқа бөлінеді.
Олар: 1-топ мүлдем көрмейтін балалар; 2-топ көру деңгейі төмен балалар; 3-топ көру деңгейі функционалдық бұзылған балалар. (қыли, амблиопия) 1 - топтағы балаларға брайль жүйесінде оқытылу ұсынылады. Брайль жүйесі - бұл бедерлі нүкте арқылы оқыту мен жазу. Аталған жүйемен оқыту үшін арнайы құралдар (прибор, брайль дәптері, грифель) қолданылады.
1-топтағы балаларға брайл жүйесін үйретпес бұрын ет сезім қабілеттерін дамытумен жұмыстану керек. Баланың ет сезім мүшелері дамыса, қалыптасса бедерлі нүктелерді сезуіне, әріптер мен сандарды тез үйренуіне көп көмегін тигізеді. Ет сезім мүшелерін дамытуға түрлі әдістерді пайдалануға болады. Үлкен заттан бастап, ұсақ затқа дейін ауысу. Мысалы: жіпке тізілген үлкен моншақтан бастап, ұсақ моншаққа дейін төмендеу және оған ілгекті де алуға болады. Сабаққа қатысты үлестірмелі материалды грифелмен бастыру, құрастырмалы, бұрандалы заттармен, жіптің түрлерімен, өсімдік дәндері мен дақылдарын пайдаланға т.с.с. көрнекі заттармен жұмыстануға болады. Әр 15 минут сайын көз бұлшықеттері шаршамауға, көру деңгейі төмендемеуі үшін көзге арналған жаттығулар жасап тұру керек. Мысалы мынадай жаттығуларды қолдануға болады. Брайль жүйесінде оқитын балаларға әуеннің сүйемелдеуімен орнында отырып, басты оңға, солға, алға, артқа айналдыру. Қолды алға созып алақандарымызды ашып-жұму. (15-20 рет). Орнынан тұрып, басын жүректен төмен қойып, дем алып, дем шығару.
Қолдарын жаңға созып, жұдырығын түйіп білегін, шынтағын, айналдырады, қолдарын жоғары көтеріп жұдырықтарын ашу. (15-20) рет, басында 5-10 рет, т.с.с.
Сонымен қатар саусақ ұштарына, алақанға бүдірлі заттармен жеңіл массаж жасау. Көру деңгейі төмен балалар мен көру деңгейі функционалдық бұзылған балаларға мынадай үлгідегі көзге арналған жаттығулар жасатуға болады. Әуеннің сүйемелдеуімен көзді ашып, жұму, ауаға көзбен көлденеңнен сегіз салу (15-20 рет), көзге сұқ және ортаңғы саусақпен жеңіл массаж жасау, т.с.с. Көзге арналған жаттығулармен қатар денеге де жаттығулар жасап отырылады. Сонымен қатар көзге арналған электронды жаттығулар мен тренажорлар бар. Көру деңгейі функционалдық бұзылған балалардың ауру диагнозына байланысты әр қайсысымен ұсынылым бойынша жұмыстанылады. Егер балада миопия ауруы болса, жақында тұрған нәрселерді жақсы көреді де, алыстағыны көрмейді. Бұл баламен жеке жұмыстану қажет және көзге арналған арнайы жаттығуларды жасап отыру керек. Жұмыс орны жарық болуына ықпал жасау және баланың денесін тіке ұстап отыруына бақылау жасап отыру керек. Көрнекілік түстері үйлесімді реңмен берілуі тиіс (қара реңге- қызғылт сары, жасыл түсті). Көру жүктемесі 10 минуттан аспауы тиіс, ауызша жұмыстану 10 мин.
Алыстан көру (гиперметропия Н) - алыстан да, жақыннан да көру қашықтығы бұзылған, алайда жақыннан көру қашықтығы балада анық байқалып тұрады. Мұндай баламен тақтамен жұмыстануға, ұсақ заттармен, үлестірме материалдарды бөліктермен беріледі. Астигматизм (ast)- бала заттарды бұлдыр көреді, яғни алыс болса да жақын болса да көре алмайды. Астигматизмнің болу себебі көздің айналасындағы бұлшықеттерінің бірқалыпты болмауы. Мұндай баланың көру жүктемесі төмен деңгейде. Жазу жұмысы аз болуы шарт. Партаға дәптерді дұрыс орналастаруға тіке сызықты желімдеп қою керек. Егер гиперметропиялық астигматизм болса ұсақ заттарды, ұсақ суреттерді қолдану керек. Ал, егер миопиялық астигматизм болса жарық жақсы түсу шарт, контрастық реңде қызғыл сары және жасыл түсті көреді. Көру жүктемесі 10 минуттан аспауы тиіс. Амблиопия - көру мүшесінің төмендеуі. Егер амблиопия туа пайда болса, бала басқаша көре алатынын білмейді.
Сондықтан бала қалай көріп тұрса солай қабылдайды. Сол себептен көзіне байланысты шағым айтпай жүре береді. Көрнекілік нақты, артық сызба, сурет болмауы керек. Тақтадағы суретке жақсы көретін көзімен қарауы қажет. Сурет, графикалық үлгілер үлкен болуы шарт. Нистагм көз ауруында - баланың көзі төмен-жоғары, көлденең ойнақшып тұрады. Мұндай баламен жеке картамен жұмыстану керек. Жүргізіп оқыған кезде коррекциялық сызғышты пайдалануды қажет етеді. Балаға оқуға ыңғайлы уақытты таңдау қажет. Қыли көзді ауруы (косоглазия) - көз қимылының бұзылуы. Қыли көзінің көру қалдығының төмендеуі. Егерде балада көзінің ауытқушылығы 15-20 градус болса көз әйнекті тағуға міндетті.
Көздің қарашығы екі жаққа қарап тұрса, кітап қоюға арналған кітапқойғыш керек емес. Ал, егер көз мұрынға қарап тұрса кітапқойғыш міндетті түрде қажет. Баланы асықтыруға мүлдем болмайды. Бір мемлекетте, бір қоғамда өмір сүргендіктен сол елдегі халықтың дініне, нәсіліне, ұлтына қарамастан болашақ өскелең ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу көзі ашық, көкірегі ояу, жүрегі мейірімге толы ұстаздар қауымына тиісілі. Елімізде жылдан жылға мүгедек балалар саны артып келе жатыр. Алайда, ол балаларды мемлекет қамқорлыққа алып, денсаулықтары мен білім алуларына жағдай туғызуда. Жоғарыда жазылған көру қабілеті бұзылған балалардың оқытудағы жұмыстардың түрлері мен ауру диагноздары. Егер жалпы білім беретін ордаларда жоғарыда айтылған ұсынылымдарды есепке алып, сол бойынша инклюзивті білім беретін болса, мүмкіндігі шектеулі балалар да басқа балалардан қалыс қалмайтыны хақ
Нашар көретіндер көздің өткірлігі едәуір төмендеген, оптикалық түзету көмегімен, көру қабілеті 0,05-0,2 дейін көру өткірлігі бар балалар. Нашар көргіштік организмнің жалпы ауруларынан кейін және көз ауруларының салдарынан туындайды. Нашар көретіндерде қалдықты көрудің болуы- баланың білім алуына: еңбектік - әлеуметтік бейімделушілігінің дамуы үшін пайдасы мол. Сол үшін оны үнемі сақтау керек. Офтольмологтың, тифлопсихологтың, психологтың үнемі диагностикасы мен педагогикалық кеңестері қажет. Көрудің тез төмендеуі бірінші кезекте қабылдау процесіне әсерін тигізеді. Нашар көретін балалардың қабылдауы тежелумен, бейненің тарлығымен, нақтылықтың төмендеуімен ерекшеленеді.
Қалыпты көретін балаға қарағанда олардың көру арқылы елестетуі анық емес. Сол себепті нашар көретін балаларға кеңістікте бағдарлану қиынға соғады. мұндай балалар көру арқылы жұмыс істегенде тез жалығады, ал бұл өз кезегінде көрудің одан әрі нашарлауына алып келеді. Көздің талуы ой және физикалық жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Бірақ та нашар көретін баладағы әлсіз көру қалыпты баладағыдай жетекші анализатор болып қалады. Нашар көретін балалар көру қабілетін қабылдаудың негізгі құралы ретінде қолданады. Нашар көретін балаларда көруі бұзылғанларда болатындай сезім түйсігі көру функциясының орнын ауыстырмайды. Балаларда кездесетін көру кемістігі күшейе түсетін және бір қалыпты болып бөлінеді.
Күшейе түсетін көру бұзылысына глаукоманың бастапқы және қосалқы жағдайлары, көру жүйкесінің атрофиясы, жақыннан көргіштіктің қатерлі түрлері және т.б. жатады. Бір қалыптыға - даму кемістігі: микрофтальм, катаракта, операциядан кейінгі афакия жатады. Нашар көретіндерде көру анализаторы қалыпты балалар тәрізді оқыту процесінде қолданылады. Нашар көретіндер құбылыстармен, заттармен танысуда, сонымен қатар кеңістікте бағдарлануда өздерінде сақталған көру қабілетін қолданады. Бірақ та олардың көру арқылы қабылдауы бөлшектеп толық емес күйде сақталған. Қоршаған ортаны көруі баяуланған және анық емес. Сондықтан олардың айналаны қабылдауы шектеулі.Нашар көретіндердің арасында түсті ажырату қызметі бұзылған адамдар да бар. Нашар көрушілік кеңістікте бағдарлануды қиындатады. Көруі бұзылған балалардың нашар көретіндерден айырмашылығы, нашар көретіндерде көрудің белгілі деңгейде бұзылуына қарамастан, көру қабілеті қабылдаудың негізгі құралы болып есептеледі.
Нашар көретіндердің елестетуі тұрақсыздықпен, анық еместілікпен ерекшеленеді. Нашар көрушілік баланың психикалық және физикалық дамуына әсер етеді: белгілі бір деңгейде есте сақтау процесі тежелген, ойлау операциялары қиындатылған. Мұндай балалардың физикалық дамуының артта қалушылық себебі, шектелген қимыл-қозғалыстың әсері болуы мүмкін. Нашар көретін балалар кейбір тітіркендіргіштікпен, тұйықтықпен сипатталатын мінез-құлқындағы ерекшеліктермен ерекшеленеді. Бұл жетіспеушілік көру кемістігі салдарынан ойында, оқуда, құрдастарымен қарым-қатынаста болатын қиындықтармен түсіндіріледі.
Сондықтан нашар көретін балалар оқыту мен тәрбиелеудің арнайы жағдайын талап етеді. Егер де нашар көретін бала жалпы білім беретін мектепте оқи бастаса, оның жұмыс қабілеті басқа оқушыларға қарағанда тез артта қала бастайды. Егер оның үлгерімі оның мүмкіндіктерінен төмен болса, онда бұл үлгере алмаушылыққа алып келеді. Көру жүйесінің бұзылу деңгейіне, оның белгілеріне, пайда болу уақытына, компенсация мүмкіндігіне байланысты нашар көретіндерге арнайы оқыту мен тәрбие жүйесі құрылған.
Нашар көретін балаларды оқыту жағдайы әлсіз көру қабілетін сақтай алатын, оның көру арқылы қабылдауын жақсартатын, ауыртпалық түсірмейтін жағдайда болу керек. Оған көруді түзететін офтальмолог ұсынған құралдарды қолдану жатады: кәдімгі және арнайы көзілдіріктер, жұмыс істейтін жердегі жарық беретін құралдар, арнайы оқулықтар, көру жұмысының күнтізбесін сақтау жатады. Көру кемістігінің компенсациясы ретінде оқытудың тифлотехникалық және аудиовизуальды құралдарды кең қолданады.
Оптикалық тузету құралдарынан басқа да аудиовизуальды құралдар және аппараттар, есте сақтау құрылғылары бар электронды-оптикалық жүйелер қолданылады. Нашар көретін балалар арнайы мектеп-интернатта, нашар көруге арналған арнайы сыныптарда оқиды. Нашар көретіндермен жүргізілетін оқу - тәрбие жұмысының әдісі қалыпты жағдайдағы балалармен жүргізілетін әдістен ерекшеленбейді. Нашар көретін балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының негізігі міндеті-әлсіз көру жүйесін сақтау және оны ары қарай дамыту. Осыған байланысты нашар көретіндер оқитын оқу бөлмелері жарықпен қамтамасыз етілген.
Оқу бөлмесінің терезелерінде ашық түсті перделер ілінген. Оқу бөлмесінің қабырғалары жасыл, көк түс беретін сырлармен боялған. Арнайы нашар көретін балаларға арналған бір оындықты парталар оқу, жазу, сурет салу барысында олардың дұрыс отыруына жағдай жасайды және кітап пен дәптерді көзбен керекті арақашықтыққа қоюға мүмкіндік береді. Нашар көретін балаға үлкен шрифпен жазылған кітаптар қолданылады. Жазуға үйрету жолдары арнайы сызықтармен бөлінген дәптерлер қолданылады. Нашар көретіндерге арналған көрнекі оқулықтар балалардың елестетуін анықтауға және көзді сақтауға әсер етеді. Мұндай оқулықтарда суреттер, схемалар анық көрсетілген. Сабақ барысында әр түрлі диафильмдерді, дыбыс жазатын және дыбыс шығаратын аппаратты қолдану жақсы нәтижелерді береді. Тәбие жеке тұлғаның санасына, мiнез-құлқының дұрыс қалыптасуына әcep eтeтін құрал.
Тәрбие процесiнде жеке тұлғаның сана сезімі мен акыл-ойына жүйелi түрде әcep етіп, оның дүние танымын калыптастырады, ерiк-жiгерi мен моральдық бейнесiнiң қалыптасуына оң ықпал етеді. Күнделiктi iс-әрекет күрделi және көп қырлы, ол кеңiстiкте бағдарлану, коршаған ортаны қабылдау, өзiн-өзi бақылаумен байланысты. Бұл баладан нақты зейiнді, оперативтi ойды, есте сақтауды, жылдамдық пен реакцияның тұрақтылығын және басқа да қасиеттердi талап етедi. Кейде бұл талаптар көруі бұзылған және нашар көpeтін балалардьң психологиялық және физиологиялық мүмкіндіктерінің көрінісі. Ағзаның психологиялық қасиетiнiң талабымен сәйкес келмесе балаға көрсетiлетiн оқу, еңбек, ойын әрекетi жүйке жүйесiнiң ауруына әкеледi. Осыларды тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезiнде ескеру керек.
Тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру кезiнде баланьң дамуы дұрыс қалыптасады. Балаға педагогикалык әcep етудiң мақсаты таным мүмкiндiктерiнiң дамуына қабiлеттi өмip талабымен тығыз байланысты. Ic-әрекеттiң әp түрлi түpiмeн қамтамасыз ету, бiлiмдi меңгерумен қамтамасыз ету, дағдымен бiлiктiлiктi қалыптастыру, оларды еңбек және оқу әpeкeтінің әлеуметтiк мағынасын түciну деңгейiне дейiн көтеру. Бұлардың бәрi көруі бұзылған және нашар көpeтiн балалардың мүгедектiк жағдайын тольқтырады. Көру бұзылысы бар балаларды адамгершiлiк, эстетикалық физикалық, еңбектiк тәрбиелеуге болады. Көруі бұзылған және нашар көретіндерді эстетикалық тәрбиелеу мәселесі оқу, еңбек, ойын әрекетінде маңызды болып келеді.Қазіргі уақытқа дейін сабақ мазмұнын меңгеруге басты көңіл бөлінетін.
Бұл тәрбиенің міндеті - жас ұрпақты өмірдің барлық саласындағы адамның өмірімен, тұрмыстағы, еңбектегі, көркемөнердегі, табиғаттағы сұлулық пен әсемдікті көре білетін, ұға білетін және оларды өзі де жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу. Іс-әрекеттің барлық түрінің ішкі қажеттілігін ояту үшін мәдени эстетиканың атқарар қызметі үлкен. Ол адамның өмірге, өнерге деген көзқарасының өзгеруіне әсер етеді. Көруі бұзылған және нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеуде танымдық және тәрбиелік жағы және сезімдік - эмоционалды, эстетикалық жағы аз көрсетілген. Соңғы уақытқа дейін оқу, еңбек, ойын әрекетінің эстетикалық мазмұны сипап сезу арқылы қиын беріледі деп санаған. Баланың эстетикалық даму деңгейінің көрсеткішіне баланың эстетикалық уайымы мен қайғыруына әсер етеді. Эмоцияналды - эстетикалық реакцция, жағымды эмоция шындықпен тиімді қарым - қатынастың құрылуы баланың эмоцияналды даму деңгейін көрсетеді. Оқу, еңбек, ойын әрекеті эмоционалды құндылық қарым - қатынасының байланысы.
Эстетикалық сезімнің дамуы мақсат, қажеттілік әсерінен болады. Эмоционалды - эстетикалық тәрбиенің қатарына эстетикалық қажеттіліктің дамуы үлкен орынды алады. Олар екі түрде болады: жеке қажеттілік және көркемдік ғылыми жасағыш. Бірінші жағдай сияқты, екінші жағдайда да эстетикалық қажеттілік эмоционалдық қажеттілік үшін қызметі дайын. Бірінші жағдайдағы қажеттілік қоршаған ортадағы эстетикалық қарым - қатынастың жоғарлауында. Екінші жағдайдағы қажеттілік - өнердегі бағыт мақсатқа жетелейді. Балада көркем суретке, мүсінге, өнерге қызығушылығы эстетикалық қажеттіліктің көтерлуі.
Бұл процесс неғұрлым ерте басталса, сол ғұрлым оқу процесінде эстетикалық қажеттілігінің дамуының үлкен нәтижесіне жетуге болады. Көзі көрмейтін және нашар көретін баланы тәрбиелеу мен оқытуда жанұядан дамытудың ерекшеліктерін, психикалық қызметте қалыптасқан ақаулардың алғашқы әсерлерінен қозғалыс, әлеуметтік, оқу және басқа да білімдерді білу талап етіледі. Кеңістіктегі даму бағыты мен қалыптасу әдіс, тәсілдері қоршағанәлемнің пайда болуы мен құралдарын қабылдау , қарым-қатынас жасаумен құрдастарымен, үлкендермен араласу, өзін-өзі күту. Сақталған сезімнің көмегімен баланың қоршаған ортаны тану. Туа біткен көруі бұзылғандардың психикалық дамуы көретін балалардың дамуы сияқты заңдылықтардан тұрады, бірақ көзбен шолу бағдарлауының болмауы қозғалыс сферасына айтарлықтай үлкен әсер етеді.
Көруі бұзылғандар үшін өзіне тән бағдарлануы дыбысқа реакция беру болып табылады. Көруі бұзылған балаларда дыбыс - бағдарланудың негізгі функциясы. Туа біткен көруі бұзылғандық - баланың ана құрсағында жатқан кездегі зақымданудан немесе аурудан, тұқым қуалаушылық жолымен берілетін кейбір көру дефектілерінің нәтижелерінен пайда болады.
Жүре пайда болған көруі бұзылғандық әдетте көру мүшелерінің аурулары мен орталық жүйке жүйесінің ауруы (менингит, ми ісігі, менингоэнцефалит) организмнің жалпы ауруларынан кейінгі қиындықтар (қызылша, тұмау, скарлатина) мидың немесе көздің травмалық зақымдануы. Көру анализаторының бұзылысы күшейе түсетін және бір қалыптылық болып бөлінеді. Күшейе түсетін көру дефектісі кезінде патологиялық процестің әсер етуінен көру функциясының біртіндеп нашарлауы жүзеге асады. Мысалы: глаукома кезінде көз ішінің қысымы көтеріліп, көз терісінде өзгерістер пайда болады. Ми ісігінің пайда болуынан көру қабілеті төмендейді. Оқу мен жазудың санитарлы-гигиеналық талаптарын орындамағанның әсері жақыннан және алыстан көргіштікке алып келуі мүмкін.
Кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың қоршаған ортаны қабылдау мүмкіндіктері сипап сезу, иіс сезу, тактильді қабылдау, есту арқылы қабылдаумен жүзеге асады. Көруі бұзылған балаларда қалыпты балаларға қарағанда компенсаторлы анализаторлары жоғары деңгейде дамыған. Әсіресе сипап сезу қабілетінің сыртқы ортадан берер ақпараты мол.
Бұл балалардың көру қабілеті болмағандықтан, ол есту қабілетіне сүйенгендіктен есту қабілеті аса қарқынды дамиды. Осы тақырып бойынша кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың қабылдауын айқындау мақсатымен түрлі зерттеу әдістері қолданылды.Біздің зерттеу жұмысымыз көруі бұзылғанлар мен нашар көретіндерге білім беру мекемесі Болашақ мектеп интернатындағы 2 сынып оқушыларына жүргізілді. Тәрбие гигиенасына сәйкес көруі бұзылған баламен жасалатын қарым қатынас дені сау баламен бірдей болу керек. Ондай балаға жастайынан жүруді де, өзін-өзі күтуді де, көзі көретін балалармен ойнауға да дағдыланып, оған сондай талап қойып отыру керек.
Ондай балаға көзің көруі бұзылған екен деп аяныш білдірудің қажеті жоқ. Сонда ғана Щербина айтқандай көруі бұзылған бала өзінің кемдігін онша сезіне қоймайды. Кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың қабылдау мүмкіндіктері қалыпты балалармен салыстырғанда күрделірек болады. Олардың қоршаған өмірді дұрыс қабылдауын дамыту келешекте әлеуметтік ортаға белсенді бейімделуіне зор ықпалын тигізеді.
Естіп қабылдау көруі бұзылғанларға кеңістікте бағдарлануы мен қозғалысында маңызды рөл атқарады. Сондықтан көруі бұзылғандар үшін естіп қабылдау психикалық дамудың маңызды құралы болып табылады.Көруі бұзылғанларда есту қабілетінің дамуы олардың танымдық әрекеттері мен балалардың мінез-құлқына және бағдарлануына әр түрлі әсер етеді. Естуінің төмендеуі кезінде көруі бұзылған балалар есту қабылдауынан сипап сезу арқылы өзін бақылауға сүйенеді. Көруі бұзылғанлардың сипап сезу арқылы форманы қабылдауын зерттеу олардың сезімдік тәжірибелерінің жоғары екендігі және сипап сезуді тексеру тәсілдерін жылдам меңгеру қабілеттілігі анықталды.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан қарқынды дамуы және оқу-тәрбие жұмысына қазіргі заманның өркениетті бағыттарына сай жаңа өзгерістерді енгізу кезінде ағарту саласының бастауыш мектеп жасы кезеңіндегі тәрбиелеу, білім беру буынында шешуін күткен келелі мәселелер тұр. Яғни, балалардың жеке басын дамыту, ішкі потенциалын ашу, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадағы даму аймағына бағыттау, психикалық және тұлғалық қалыпты дамуын, денсаулығын қамтамасыз ету басты мәселе болып отыр. Білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі - ұлттың болашағын анықтайтын балалар мен оқушылардың денсаулығы болып табылады. Денсаулық - комплексті түсінік. Ол аурулар мен физикалық ауытқудың болмауын білдіреді, сонымен катар, тұрғылықты жердегі экономикалық, экологиялық, әлеуметтік жанұя жағдайларымен, тамақтану, дәрігерлік көмек сапасымен, педагогтар мен психологтардың балалармен жұмысына байланысты. Өмір бойы адам 80 пайыз ақпаратты көз арқылы қабылдайды. Адамның көру функциясы нашарлауының нәтижесінде даму мүмкіндігі шектеледі.
Осы көру қабілеті төмендеген кезінде және нашар көретін жасөспірімдердің психикалық дамуындағы заңдылықтарды зерттейтін ғылымдардың саласы тифлопсихология деп аталды. Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселенің бірі - осы бастауыш мектеп жасындағы көру мүмкіндегі нашар(бұзылған) балалардың қоршаған өмірін қабылдау ерекшеліктерін анықтап, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеп, құқығын өзімен қатарлы қалыпты балалармен тең қылып, қалыпты және дені сау азамат етіп тәрбиелеу. [52,62]
Ең бірінші көру мүмкіндігі бұзылған жағдайға психикалық әрекетіне материалистік мінездеме берген француз ағартушысы Д. Дидроның Көретіндерге көру мүмкіндігі нашарлар жайлы насихат хат атты оқулығында, ал одан алдындағы әйгілі энциклопедиясында (көру мүмкіндігі бұзылған жайлы) қарастырған.
Д. Дидроның еңбектері қоғамның көру мүмкіндігі шектеулі адамдарған деген көзқарасын өзгертіп, олардың міндетті түрде арнайы білім алу қажеттігін дәлелдеді. Көру мүмкіндігі шектеулі адам қараңғылықты сезбейді және түнекте өмір сүремін деп ойламайды. Психологиялық жағынын алғанда көру м.мкіндігі шектеулі адамдар шынында бақытсыздық емес, ол әлеуметтік жайт. Өз еңбегінде А.В. Бирилев мынадай салыстырмалы мысал келтіреді: көзін байлаған адамның жарық көруі мен көру мүмкіндігі шектеулі адамның жарықты сезуінде айырмашылық бар - деген. Көру мүмкіндігі төмен бала өзінің көру мүмкіндігі нашар екенін ауырсынбайды және көруі нашарлаған деп те сезінбейді, оны тек әлеуметтік ортасы ғана сезеді деп санайды. Шындығында соқыр адамдардың икемділік қабілеті көзі көретіндерден жоғары екендігі ғылыми жолмен дәйектелуі қажет еді. Белгілі мылқау, соқыр, саңырау Е. Келлер былай деп жазды: көру мүмкіндігі нашардардың сипап сезімі арқылы дүниенің қызығын нәзік түсіне алуын көзі көретіндердің бәрі біле бермейді. Өйткені оларда мұндай сезімдік танымдар көру мүмкіндігі жоғары адамдар сияқты дамымаған. [12,13]
Достарыңызбен бөлісу: |