«Инклюзивті білім беру» пәнін оқыту мақсаты жалпы білім беретін мекемелерде білім алуда ерекше



Pdf көрінісі
бет16/31
Дата26.09.2024
өлшемі0,88 Mb.
#145830
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Байланысты:
УМК Инклюзивті білім беру НОВЫЙ 2023 (1)

Дисфония
– дауыс шығаратын аппараттың патологиялық кінәратқа шалдығуынан дыбыстың мүлдем 
болмай қалуын немесе әуезділік үннің бұзылуын сипаттайды. 
Брадилалия 
– сөйлеу тілі мүшелерінің қимыл-қозғалыстарының патологиялық сылбырынан дыбыстар
созылып шұбалаңқы айтылады. 
Тахилалия
– сөйлеу тілі мүшелерінің бірқалыпты жылдамдық қимылдарының патологиялық 
ауытқуынан дыбыстардың қарқындық ырғағы бұзылып, быдықтанып айтылуы. 
Афазия 
– мидың белгілі бір жерінің жинақталып зақымдануынан бұған дейін қалыптасып, дұрыс 
жетіліп келе жатқан сөйлеу тілінің толық немесе ішін-ара жойылып кетуін сипаттайды. Афазия көбінесе 
ересек адамдарда кездеседі. 
Ринолалия
 
(грекше «rhinos»
– мұрын, «lalia»– сөйлеу) – бұл сөйлеу аппаратының шеткі бөлімінің 
анатомиялық–физикалогиялық кемістіктерінің салдарынан дауыс тембрінің және дыбыс айтылуының 
бұзылуы. Дыбыстың бұзылуы мен дауыс әуенінің бұзылуы қатарласып сай келуі ринолалиядан дислалия мен 
ринофонияны ажыратуға мүмкіндік береді. Ринолалияда артикуляция, дыбыс шығару\фонация\, дауыс пайда 
болу механизмдерінің мөлшерден ауытқуы байқалады. Оның себебі ауыз жұтқыншақ пен мұрын 
резонаторының қатынастарының бұзылуы . 
Ринолалия – ауыз бен мұрын қуыстарының дұрыс қызмет етпеу нәтижесінде дауыс құбылысының 
өзгеруі мен сөйлеген уақытта дыбыстың бүлінуі.
Ринолалияның түрлері:
Ашық ринолалия – сөйлеген уақытта ауа ауыз және мұрын қуысы арқылы өтеді. 
Жабық ринолалия – ауа тек ауыз арқылы өтеді, бұл әсіресе «м,н» әріптерін атағанда білінеді.
Аралас ринолалия – бір уақытта ашық және жабық ринолалия себептері қатар болған жағдайда 
байқалады, яғни мұрын бітелуімен қатар мұрын–жұтқыншақ қабысуының жеткіліксіздігі бар кезде болады. 
Ашық ринолалияның себептері: таңдайдың бөлінуі, жұқа таңдайдың қысқалығы, таңдайдың параличі. 
Жабық ринолалияның себептері: мұрын қуысының бітелуі, мұрын қуысындағы ісіктер, мұрын 
қалқасының қисайып қалуы.
Ринолалик балалар өте әлсіз болады. Осының өзі олардың сөйлеуінің дамуына әсер етеді. Туылғаннан 
кейін олар өте кеш отыра бастайды, сөйлей бастағанда көптеген қиыншылықтарға кездеседі. Олар мектепке 
барған уақытта түрлі қиыншылықтарға кездеседі. Мұғалімдер оны түсінбеуі мүмкін, айналасындағы балалар 
да мазақтауы мүмкін. Бұның бәрі оның психикасының дамуына әсерін тигізеді. Кейбір ринолалик балалар 


өздерінің осындай кемістіктерінен мектепті тастап кетеді де көп сөйлемейтін жұмыс, мамандық іздей 
бастайды. Міне, сондықтан ринолалик балаларға ерте кезден бастап жәрдем көрсету керек. Бұл жәрдемді 
хирург пен логопед мамандары көрсете алады.
Мысалы, «хейлопластика» - бұл туғаннан кейінгі бірінші аптада баланың жоғары ерніне жасалатын 
операция.
«Уранопластика» - жасанды таңдай жасау. Бұл операция 5-6 жасында жасалады. Қазіргі мәліметтерге 
қарағанда жыл сайын 5000-нан астам балалар таңдай кемістіктерімен туылады. Бұның себебі: сөйлеу 
аппаратының жетілмеуі, түрлі инфекциялық, вирустық аурулар, тұқымқуалаушылық .
 Ринолалик баланың 
сөйлеу тілінің ерекшеліктері:
Сөйлеуге дейінгі кезеңге өзгеше және аномалды өтеді. Көбінесе әдеттегі сыбдыр дыбыстар «п», «б», 
«т», «д» мұрын қуысына ауаның кетуінен үнсіз айтылады. Бұл естудің нығаюының жоқтығына немесе күрт 
төмендеуіне әкеліп соғады, соның салдарынан былдыр белсенділігі азаяды. Сөйлеудің кеш пайда болуы 
байқалады. Дыбыс артикуляциясы ғана емес, сонымен қатар сөйлеу элементінің просодикалық дамуы зиян 
шегеді. 
Дауыста күрт мұрынмен айту өзгешелігі пайда болады. Сөйлеудің көп дыбысының артикуляциясы 
бұзылады. Сөйлеудің айтарлықтай жалпы түсініктілігі төмендейді. Кей–кезде сөз төңіректегілер үшін мүлдем 
түсініксіз болады. Айтылу ерекшелігі жазбаша сөйлеу тіліндегі қателіктерге, фонематикалық сөз жүйесінің 
бұрмалануына әкеліп соғады. 
Туа біткен жарығы бар балалардың жазбаша сөйлеу тілінде кездесетін дисграфиялық қателері алуан 
түрлі. Ринолалиясы бар балаға тән 
п,б
дыбыстарын
м,т 
дыбыстарына,
 д
дыбысын 
н 
дыбысына алмастыру 
болып табылады және керісінше 
м–д, м–б,п. 
Мысалы, бал

мал, тал; доп–ноп, т.б
.
ысқырық, ызың 
дыбыстардың алмастыруы және шатастыруы жиі кездеседі: засыл–жасыл. Ц дыбысы с дыбысымен 
алмастырылады: сирк–цирк, 
ч 
дыбысы жазуда 
ш, с
немесе 
ж 
дыбысымен алмастырылады
, ал щ
–ж дыбысымен 
алмастырылады. 
Р 
дыбысы
 л 
дыбысымен алмастырылып жазылады, керісінше 
л–р 
алмастыру сирек кездеседі. 
Қатар келген дауыссыз дыбыстардың, дауысты дыбыстың түсіп қалғаны байқалады: сакан–стакан; клді–келді; 
шлек–шелек; керісінше артық дауысты дыбыстарды жазуы да кездеседі. Жазбаша тілдің бұзылуы көптеген 
факторға байланысты: артикуляциялық аппаратындағы ақаулығының тереңдігіне, баланың тұлғалық 
ерекшеліктеріне және компенсаторлары мүмкіншіліктеріне, логопедиялық көмекті алған уақытына және 
түріне, сөйлеу ортасының әсеріне. Мектеп жасындағы жалпы тілінің дамымауы бар ринолалиясы бар 
балаларды сөйлеу тілінің лексикалық және грамматикалық жағының дамымауы байқалады. Балалардың сөздік 
қоры кедей, аз болады. Жазуында балалар қосымша сөздерді, септік жалғауларын, демеуліктерді дұрыс 
қолданбайды, яғни балалар жазуында аграмматизмдер байқалады. Балалардың ауызша сөйлеу тілі 
дамымағаны оқу кезінде көрінеді. Оқу темпі баяу, сөз элементтерін шатастырады, сөздік формаларын дұрыс 
ажырата алмайды. Оқығанның мазмұнын түсіну әр түрлі деңгейде болады, фразадағы сөздердің, мәтіннің 
бөліктерінің өз ара байланысының бұзылуы байқалады. 
Ринолалия кезінде сөйлеу тілінің жетіспеушілігі науқастың барлық психикалық функцияларының 
дамуына әсер етеді. Сөйлеу тілінің коммуникативті құра ретінде бұзылуы науқастың ұжымдағы жағдайын 
қиындатады. 
Сонымен, туа біткен жарықшалар бала ағзасының қалыптасуына және жоғарғы психикалық 
функцияларының дамуына кері әсерін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет