Қ.С. Лебединская психикалық дамуы тежелген балаларды этимологиялық принциптер негізінде 4
топқа бөлген:
1. Конституциялық;
2. Соматикалық;
3. Психогендік;
4. Церебралдық-органикалық себептерден пайда болған.
Психикалық дамудың тежелуінің конституционалды түріндегі балаларға келесі сипаттама тән:баланың
дамуының эмоционалдық бейнесінің төменгі даму кезеңінде қалып қоюы, көңіл-күйі мен ойынға
қызығушылығы жоғары болуы, оқуға деген қызығушылығы мен ынтасының төмен болуы. Ойынға белсенді
болғанымен оқу іс-әрекетінде тез шаршайды. Сабақ барысында жалпы тәртіпке бағынбайды. Көбінесе
психикалық дамудың тежелуінің бұл түрі төменгі сыныптарда , әсіресе бірінші сыныпта кездеседі.
Психикалық дамудың тежелуінің сомотегенді түрі – бұл түрі ұзақ уақытқа созылған әр түрлі себептегі
соматикалық науқастар салдарынан туа біткен және жүре пайда болған соматикалық жүйедегі ақаулары ,
балалар неврозы негізінде пайда болады. Көп жағдайда мұндай балалар әлжуаз, ұяң, қорқақ және тұлғалық
қарым-қатынасқа бірден түсіп кете ала алмайды. Бұл балалар оқуға қызығушылық танытады, тәртіпті, нашар
баға алса қалыпты қабылдайды, бірақ тапсырмаларды баяу орындайды және көптеген қателер жібереді.
Жазуды, оқуды үлкен қиындықпен меңгереді. Бірақ науқасынан сауығып, дер кезінде педагогикалық-
психлогиялық түзету жұмыстарын алған мұндай балалар өз қатарын тез қуып жетеді.
Психикалық дамудың тежелуінің психогенді түрі – жанұядағы тәрбиенің жағымсыздығына және
қолайсыздығына байланысты туындайды.Жанұядағы қатаңдықпен, зорлық-өомбылықпен, отбасының
ішімдікке салынуының салдарынан баланың жалпы даму деңгейі төмен болады. Мұндай балаларға
импульсивтілік, өзінің эмоциясы мен тілектерін тоқтата алмау, жауапкершілік сезімінің болмауы тән болып
келеді. Аталған үш түрдегі психикалық дамуы тежелген балаларды жалпы мектептерде жеке бағдарламамен
түзеу сыныптарында оқытып, қатарға қосуға болады.
Психикалық дамудың тежелуінің церебральды- органикалық түрінің (ПДТ-нің ең ауыр түрі) шығу тегі
жүйке жүйесінің органикалық жетіспеушілігіне байланысты болып келеді. Көптеген жағдайда балаларды
орталық жүйке жүйесінің органикалық өзгерістері анасының жүктілік кезіндегі десаулығына байланысты
болады. Бұл түрдегі балалар арнайы мектепте оқытылуы тиіс. Ал, мектеп жоқ жағдайларда жалпы
мектептерде ашылған түзету-дамыту сыныптарында оқытылады. Сонымен бұл балаларға невролог- дәрігердің
көмегі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: