«Инклюзивті білім беру» пәнін оқыту мақсаты жалпы білім беретін мекемелерде білім алуда ерекше



Pdf көрінісі
бет1/31
Дата26.09.2024
өлшемі0,88 Mb.
#145830
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
УМК Инклюзивті білім беру НОВЫЙ 2023 (1)



КІРІСПЕ 
«Инклюзивті білім беру» пәнін оқыту мақсаты жалпы білім беретін мекемелерде білім алуда ерекше 
қажеттілігі бар балалар үшін педагогтарды кәсіби даярлау. 
Қазіргі әлемде мүмкіндігі шектеулі балалардың қиындықтары балалардың және олардың ата-
аналарының ғана мәселелері болып табылмайды, сонымен қатар ол қиындықтармен бүкіл қоғам мен мемлекет 
те айналысуы керек. Біздің мемлекетімізде 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың Мемлекеттік 
бағдарламасының приоритетті бағыттарының бірі болып инклюзивті білім беру жүйесін енгізу және жалпыға 
білім беру процесіне ерекше қажеттіліктері бар балалардың интеграциялануына жағдай жасаған мектепке 
дейінгі мекемелер мен мектептердің санын арттыру болып табылады. Қазақстан республикасында инклюзивті 
білім беруді дамыту бойынша Ұлттық әрекеттер жоспары анықталды: қазіргі уақытта мектепке дейінгі және 
мектептік мекемелерерінің педагогтары мұндай балаларға мамандандырылған көмек көрсетуге қабілетсіз, 
өйткені жоғары оқу орындарындағы дайындық оларды инклюзивті білім беру саласына қатысты білімдермен 
жеткіліксіз қамтиды. Осыған байланысты жоғары мектептің басты міндеттерінің бірі - инклюзивті мектептерге 
келешек педагогтарды кәсіби дайындау. Бұл міндетті іске асыру үшін, инклюзивті оқыту технологияларын 
нәтижелі енгізе алатын, инклюзивті ортада келешек педагогтардың кәсіби дайындығын белсенді реттеп және 
түзете алатын, жоғары мектеп оқытушыларының мамандандырылған әрекеттері, әсерлері қажет.
ЭПОӘК арқылы студенттер келешекте инклюзивті білім беру бойынша білім алып, өздерінің кәсіби 
деңгейін және әлеуметтік құзіреттілігін жоғарылатып, білім беру институттарының жұмысына қажетті 
өзгерістер енгізе алады. Сонымен қатар, басқа мемлекеттердің ұтымды тәжірибелерін пайдалана отырып
келешекте кеңінен қолданылатын инновациялық бағыттардың және балалардың қоғамға интеграциялануына 
жағымды орта құрудың үлгілері ретінде, ерекше қажеттіліктері бар балаларға тәжірибелік көмек беру мен 
оқытудың жаңа модельдерін құрастыра алады. 
Инклюзивті білім берудің дамуы барлық деңгейлердегі білім беру институттарының оқыту-тәрбиелеу 
іс-әрекетіндегі жағымды өзгерістердің жылдамдатылуына әсер ете алады, әрине, бұл жағдай білім беру 
сапасын арттырады, ал ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпыға білім беру мектептеріне қосу - 
педагогтарға заманауи инновациялық технологияларды меңгеру мүмкіндігін береді. 
IBB 3215 - «Инклюзивті білім беру» пәні ММ-3 «Психологиялық педагогикалық пәндер» модулінің
міндетті компоненті болып табылады. 
ЭПОӘК күнтізбелік-тақырыптық жоспары төрт модульден тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет