Дәріс№6: тақырыбы.
Мүмкіндігі шектеулі түрлі категориядағы балаларға
инклюзивті білім беру жағдайлары. Сөйлеу тіліндегі кемістігі бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
Дәріс жоспары:
1.
Сөйлеу тіліндегі кемістіктердің патологиялық дәрежелері. Тіл бұзылуының себептері.
2. Сөйлеу тіліндегі кемістігі бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
Сөйлеу тіліндегі кемістіктердің
патологиялық дәрежелеріне, белгілі бір мүшелерінің
атқаратын
қызметтерінің бұзылуына, зақымдануының уақытына, басты кемістіктердің ықпалынан пайда болатын екінші
бір ақаулықтардың көрінуіне байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтары да әр алуан болып келеді.
Олар әрқайсысының өзіне тән симптоматикалық және динамикалық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі салаға
бөлінеді. Мұндай салаға дауыстың бірқалыптылығының бұзылуы, сөйлеу тіліндегі дауыс ырғағының бұзылуы,
тұтықпа, дислалия, ринолалия, дизартрия, алалия, афазия, жазу тілі мен оқу тілінің бұзылуы жатады.
Тіл бұзылуының себептері органикалық және функциональдық болып бөлінеді.
Органикалық–түрлі зақымдардың нәтижесінде тіл аппараты мен жүйке жүйесінің
бөлімдерінің
бұзылуы.
Функциональдық–мұнда органикалық зақымдану болмайды, тек сөйлеу
механизмдерінің функциясы
бұзылады.
Тілдің бұзылуы түрлі жаста, әсіресе жас балаларда көп кездеседі .
Дислалия
– сөйлеу тілі мүшелерінің анатомиялық кемістіктерінен дыбыстардың бұзылып айтылуын
сипаттайды. Дислалия сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер. Пайда болу
себептеріне қарай дислалия
механикалық және функционалдық болып бөлінеді.
Алалия
грек сөзі, «қолдануға жарамайтын болымсыз тіл» деген мағынаны білдіреді. Демек алалия
деген ұғымға баланың құрсақтағы немесе тілі шыққан нәрестелік даму кезеңінде
бас миы қабыршағының
сөйлеу тілін қалыптастырып жетілдіретін аймағының органикалық зақымдануынан сөйлеу тілінің жүйелі
түрде дамымауы немесе мүлде болмауы жатады. Сөйлеу тілінің мұншалықты бұзылуына негізінен орталық
жүйке жүйесінің зақымдануы себеп болады.
Тұтығу
– ең ауыр кесел. Оның себептері: қорқу; баланың түрлі инфекциялық
аурулармен жиі ауруы;
ата-анасының тұтығуы; шамадан тыс жазалау әдістерін қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: