- мамандардың ұсыныстарын орындайды.
Дене шынықтыру инструкторы:
- дене шынықтыру сабақтарын жүргізеді және оларды өткізу кезінде тәрбиеленушілердің қауіпсіздігіне
жауап береді:
- жалпы және ұсақ моториканы, қимыл-қозғалыс бағдарлануын, балалардың денсаулығын шынықтыруға
бағытталған сабақтар жүргізеді: дұрыс отыру, физикалық даму, психомоторлық
қабілеттерді жетілдіру;
- балалардың күні бойындағы қозғалыс белсендігін қадағалайды;
- медбикемен бірге сабақтар өткізу жағдайының тазалығын қадағалайды;
- балаларды физикалық тәрбиелеу сұрақтары бойынша ата-аналармен түсіндірме жұмысын ұйымдастырады;
- пәнаралық топтардың мүшесі болып табылады, балалардың жасерекшелік ерекшеліктері ескерілген
бағдарламалармен жұмыс жүргізеді, және де сабақтар жүргізу барысында әр баланың жеке мүмкіндіктерін
ескереді.
Жүзу инструкторы:
- білім беру мекемесінің бағдарламалық талаптарына және жеке даму бағдарламаларына сай бассейнде
сабақтар өткізеді;
- судан қорықпауға (арнайы ойын-сабақтары арқылы) үйретеді;
- орта мектепке дейінгі жастан бастап жүзудің түрлі тәсілдерін үйрете бастайды (кроль, брасс, «дельфин»);
- балалардың судағы қауіпсіздігіне толық жауап береді;
- медбикемен бірге бассейннің тазалық қалпын қадағалайды;
- балаларға шешінуге және душ қабылдауға көмек береді, тазалық ережелерін қатаң сақтауға үйретеді;
- жалпы моториканы дамытуға қозғалысты реттеуге бағытталған балалардың денсаулығын шынықтыруға
арналған сабақтар жүргізеді:
дұрыс отыруды қалыптастыру, физикалық дамыту, психомоторлық
қабілеттерді жетілдіру.
Музыка жетекшісі:
- музыка сабақтарын, мерекелерді ұйымдастырады және өткізеді;
- пәнаралық топтардың жұмысына қатысады, балалардың ерекшеліктерімен танысады, балалардың білім алу
қажеттіліктеріне сай ерекше әдістер мен тәсілдер құрастырып, музыкалық тәсілдер көмегімен балалардың
өзара байланыстары мен тұлғааралық қарым-қатынастарын белсендіру міндеттерін атқарады;
- ертеңгілік гимнастиканы, дене шынықтыру сабақтарымен сауықтыру шараларын өткізуге қатысады;
- күннің екінші жартысында балалардың ұйымдастырылған ойындарына музыкалық сүйемелдеу жасайды;
-
музыкалық-дидактикалық, театралдық және ритмикалық ойындар өткізеді.
Қосымша білім беру педагогтары:
- қосымша білім беру бағдарламаларын музей, музыка, би, креативті, театралды терапия элементтері
көмегімен, дефектолог-мұғалім мен педагог-психологтың ұсыныстарын ескере отырып, іске асырады;
- міндетті
түрде
психологиялық талдау жұмысына, проективті материал ретінде, балалардың
шығармашылық еңбектерін ұсынады.
Медициналық бике:
- балабақшадағы (мектептегі) санитарлық-эпидемиялық тәртіпті қадағалайды;
- күн тәртібін, балалардың тамағын, ертеңгілік
гимнастиканың дұрыс өткізілуін, дене шынықтыру
сабақтарымен серуендердің өткізілуін қадағалайды;
- балалардың шынықтыру іс-шараларын өткізеді және сауықтыру іс-шараларының ұйымдастырылуына
қатысады;
- ауырып қалған балаларды күнде есепке алады, ауырып қалғандарын басқалардан шеттейді;
- балаларды дәрігерлік тексерістерге дайындайды және өзі де оларға қатысады: салмақ өлшейді, балалардың
антропометриялық өлшемдерін жасайды, алдын-алу егулерін жүргізеді, дәрігердің ұсыныстарын
орындайды;
- жүзу сабағының
алдында балаларды тексереді, балалардың денсаулық күйі нашар немесе әлсіз болғанда
сабаққа қатыстырмайды, сабақ өту барысында балалардың күйін бақылайды;
- бассейннің барлық бөлмелерінің және құрал-жабдықтарының санитарлық күйін қадағалайды;
- пәнаралық консилиумның шешімі және дәрігердің ұсынысы бойынша массаж жасайды;
- баланың даму деңгейін анықтайды;
- даму бағдарламасын құрастырады;
- күнделікті ас мәзірін құрастырып, тамақтың сапасын қадағалайды,
дайын тағамдарды тексеріп,
санитарлық-эпидемиялық қызметтің талаптарына сай сақтауға жібереді, топтардың тамақты кестеге сай
алуын қадағалайды, тамақтанудың ұйымдастырылуын тексеру үшін күнделікті топтарды аралап шығады.
Мүмкідігі шектеулі балаларды инклюзивтімекемеге оқуға дайындауға көмек беруге түрлі бағытта
жұмыс атқаратын мамандар қосылуы мүмкін (невропатолог, психиатр, кинезотерапевт және т.б.).