«Инклюзивті білім беру» пәнін оқыту мақсаты жалпы білім беретін мекемелерде білім алуда ерекше


ІІ. Түзете- дамыту бағыты бойынша



Pdf көрінісі
бет24/31
Дата26.09.2024
өлшемі0,88 Mb.
#145830
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31
Байланысты:
УМК Инклюзивті білім беру НОВЫЙ 2023 (1)

ІІ. Түзете- дамыту бағыты бойынша:
Ақаудың құрылымымен оның айқындылық дәрежесіне байланысты түзету жұмысының мазмұны 
анықталады. 
Баламен жүргізілген диагностиканың қорытындысы түзете- амыту жұмысы бойынша мынадай 
бағыттарды анықтап береді: 
- сенсорлық және сенсомоторлық дамуын қалыптастыру; 
- кеңістік- уақыт түсініктерін қалыптастыру; 
- пішін мен көлем, түсті қабылдауын қалыптастыру; 
- салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жалпы ойлау операцияларын қалыптастыру; 
- зейінің тұрақтылығын, зейін шоғырлануын дамыту; 
- көру,есту арқылы есте сақтауын дамыту; 
- психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен сөйлеу тілін, сөздік қорын арттыру. 
Айқындалған бағыттар негізінде балаға түзете-дамыту бағдарламасы құрылады. Түзете-дамыту 
бағдарламасы баланың танымдық қабілеттерін дамытуға, баланың дамуындағы бос орынды толтыруға 
бағытталады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін баланың жеке жас ерекшеліктері, қабылдау деңгейі ескеріліп 
әр тақырыпқа тапсырмалар тізбегі даярланады. Баламен жеке жұмыс сабақтан тыс уақыттарда өтеді . 
ІІІ. Кеңес беру мен ағартушылық бағыт бойынша:


- ұстаздармен жеке жұмыс жүргізу; 
- баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере отырып ата-аналарға, ұстаздарға бірқатар 
ұсыныстарды даярлау; 
- оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып мұғалімнің оқу жоспарына түзету 
жұмыстарын енгізу; 
- эксперименталды топта жұмыс істейтін педагогпен жеке кеңес жүргізу; 
- әлеуметтік қызметкерлермен жұмыс; 
- ата- аналармен жұмыс; 
- баламен жүргізілген жұмыстың жалпы қорытындысымен ата- аналарды таныстыру; 
- ата-аналарға баланың тәрбиесіндегі қиыншылықтары туралы нақты ұсыныстар даярлау; 
- ата-аналарға баланың психофизикалық мүмкіндіктеріне сай баланы оқыту мен оны дамыутудың 
маңыздылығын түсіндір; 
- ППҚ қызмет мамандарымен тығыз қарым- қатынаста болу. 
Ата-анамен жұмыс бұл бағыттың басты міндетінің бірі. В.А.Сухомлинский ата- анамен жұмыстың 
мазмұнын ашып көрсеткен ғалымдардың бірі. Ол: «Тек ата- аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру 
арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беру мүмкін»,- дейді. Демек, ата-ана бала 
тәрбиесінде балаға ықпал етуші бірден–бір фактор. Сондықтан, білім алуда ерекше қажеттілігі бар балаларды 
психикалық- педагогикалық қолдау қызметінде ата- аналарға психологиялық кеңес беру, оларды бала 
дамуының мазмұнымен ақпараттандырып отыру, жалпы ата- аналармен жұмыстың маңызы ерекше. 
Педагогикалық процестің сапасын жоғарылатудың тиімді жолы ППҚ қызметі мамандарының өзара 
байланысы мен бір-бірінің сабағын қатысу мен баланың қалыптасуы туралы талқысы және зерттеу 
қорытындыларымен өзара алмасу болып табылады. Мұндай бағыт бірнеше қызметтерді қоса атқарады, яғни 
тәжірибемен алмасу, бақылау , өзін- өзі бақылау,кеңес беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет