«Инклюзивті білім беру» пәнін оқыту мақсаты жалпы білім беретін мекемелерде білім алуда ерекше



Pdf көрінісі
бет8/31
Дата26.09.2024
өлшемі0,88 Mb.
#145830
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
Байланысты:
УМК Инклюзивті білім беру НОВЫЙ 2023 (1)

Инклюзивті оқыту - барлық мүмкіндігі шектеулі балаларға төмендегідей мүмкіндік береді:
- мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік 
береді; 
- оқушылардың тең құқығын айықтайды; 
- адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді; 
- барлық балаларды жалпы білім үдерісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, 
шығу тегіне, дініне , жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жояды; 
- ата-аналарын белсенділікке шақыруға, балалардың білімділік қажеттіліктеріне бейімделуіне 
жағдай жасайды.
Инклюзивті білім беру жүйесі мүмкіндігі шектеулі балаларға білім алуға келесідей мүмкіндіктер 
туғызады:
- олар сыртқы оқыту жүйесінің бөлек, жеке жағымсыз қарым-қатынас жеткіліксіздігінен пайда 
болатын жағымсыз жағдайлар, негативті қарым- қатынастан айырылуға мүмкіндік туады; 
- оларға жаңа білік, дағдыларды үйренуге «құзыретті» тәртіп үлгілері көрсетіледі, алған білімдерін 
олар кейінгі өмірде еліктеу арқылы қолданады; 
- оларға «құзыретті» құрдастарымен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беріледі, осылайша жаңа 
коммуникативті, әлеуметтік дағдыларды меңгереді; 
- оларға қоғаммен бірге өмір сүруге қажетті шынайы өмірлік тәжірибе жинауға мүмкіндік беріледі; 
- қалыпты дамушы құрдастарымен достық қарым-қатынас дамытуға мүмкіндік беріледі. 
Жалпы білім беретін мекемелердегі балаларға инклюзивті білім алу келесідей мүмкіндіктер туғызады:
- мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірімен шынайы және нақты танысуға мүмкіндік беріледі; 
- өздерінен өзгеше келген адамдармен жағымды қарым-қатынас дамытуға мүмкіндік беріледі; 
- альтруисттік (жақынның игілігіне әрекет етуге ұмтылу, жақыныңа деген махаббат, басқаларға 
деген адалдылық пен кең пейілділік, біреудің игілігіне риясыз қамқорлық көрсету) тәртіппен танысып және 
бұндай тәртіп түрін қай кезде қолдану керектігін үйренуге мүмкіндік беріледі; 
- өмірдің түрлі қиындықтарына қарамастан, мүмкіндігінің шектеулі екендігіне қарамастан өмірде 
жетістікке жеткен адамдардың жаңа тұлғалық моделін көруге мүмкіндік беріледі.
Инклюзивті білім беру жүйесі қоғамға келесідей мүмкіндіктер туғызады:
- ерте жас кезіндегі балаларды оқытуға бағытталған ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік туады, егер 
арнайы бағдарламалар саны шектелсе; 
- білім беру саласындағы ресурстарды үнемдену мүмкіндігі: егер мүмкіндігі шектеулі балалар 
мектепке дейінгі кезеңде интеграцияланған ортада тәрбиеленсе, жалпы білім беретін мекемеде үздіксіз білімін 
жалғастырады (арнайы мекемелерді құрумен салыстырғанда шығындары азаяды). 
Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларға инклюзивті білім беру жүйесі келесідей мүмкіндіктер 
туғызады:
- қалыпты дамудың не екендігі жайлы толығырақ мәлімет алып, біле алады; 
- қоғамның басқа мүшелерімен өзінің бірге екендігін түсіне алады; 
- қолдау көрсететін қалыпты дамушы баласы бар отбасылармен қарым-қатынас дамыта алады. 
Қалыпты дамушы баласы бар отбасыларға инклюзивті білім беру жүйесі келесідей мүмкіндіктер 
береді:
- мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылармен қарым-қатынасын дамыта алады; 
- әр адамның жекелей ерекшеліктері жайлы, өздерінен өзгеше балаларға түсіністікпен қарап, 
оларды сол күйінде қабылдай білу керек екендігін өз балаларына түсіндіре алады. 
Инклюзивті білім берудің тиімділігін бағалау индикаторы:
- «Орта сапасы» - инклюзивті білім беруге барлық қажетті жағдайларды жасаған ұйымдардың
жалпы білім беру ұйымдарының жалпы санынан үлесі, бұл көрсеткішті білім берудің түрлі деңгейлері 
тұрғысында бөлек қолданылуға болады. Аталған индикаторда кедергісіз орта сапасының көрсеткіштері, 
инфрақұрылым қолжетімділігі, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қолдау, білім беру 
бағдарламаларының бейімділігі және бағалау жүйесі, теңқұқылы қарым-қатынас атмосферасы қамтылады; 
- «Қамту сапасы» - білім берудің әртүрлі деңгейі және ерекше оқытуды қажет ететін
адамдардың түрлі категориялары (мүмкіндіктері шектеулі, оралмандар, жетімдер және басқа
категориядағы адамдар) бойынша ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың жалпы санындағы
инклюзивті біліммен қамтылған тұлғалар санының үлесі; 


- «Қосу деңгейі» - ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың және олардың өкілетті өкілдерінің
білім беру қызметтерін сапалы ұсыну және жалпы білім беру ұйымдарында олардың қажеттіліктерін ескеру
деңгейімен қанағаттану дәрежесін шамалау; 
- «Қолайлы жағдай жасау деңгейі» - бейімделген, қолайлы білім беру кеңістігін
қалыптастыру, кемсітушілікке, бөлектеуге жол бермеу бойынша шаралар қолдану, білім алуға
қатысушылар арасында келіспеушіліктерді болдырмау; қоғам мен ата-аналар комитеті арасындағы 
мониторинг жүргізу мен бағалаудың транспаренттілігін қамтамасыз ету; қолайлы оқыту ортасын жасау 
деңгейін сұрау салу, сауалнама жүргізу тәсілімен зерделеу. 
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасы көмекші не арнайы мектептер мен мектеп интернаттарға, 
психологиялық- педагогикалық түзету кабинеттер мен кластарға балаларын бергісі келмесе жалпы балалар 
оқитын мектептерге ПМПК- ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни баланың деңгейіне қарай 
жеңілдетілген бағдарлама бойынша инклюзивті оқытуға міндетті. 
Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде – дәрігер, психолог, әлеуметтік мұғалім, дефектолог мұғалімі, 
логопед мұғалімдерінен құрылған ішкі медициналық-педагогикалық-психологиялықсүйемелдеу көмегін 
көрсетеді. Аталған мамандар инклюзивті жүйеде білім алатын мүмкіндігі шектеулі баламен де, ол баланың 
ата- анасымен де, мұғалімдермен де кешенді жұмыс жасауы қажет. 
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тең құқылы оқытуға және тәрбиелеуге қол жеткізу үшін жағдайлар 
жасалу міндеті: мектептерде педагог- дефектологтардың, логопедтің, әлеуметтік педагогтың балаларды 
психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдармен 
қамтамасыз ету мақсаты алға қойылған. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік 
қорғау,олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс 
орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет