Қ АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Ветеринария және
агротехнология институты
Реферат
Тақырыбы: «Ауыл шаруашылық өсімдік карантинінің даму тарихы»
Орындаған: АН-23 тобы студенті
Нұрғалиев.А.Н
Тексерген: Аға оқытушы,PhD доктор
Жанаталапов Н.Ж
Орал – 2024ж.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1.Өсімдік карантинінің даму тарихы
2.2. Қазақстан Республикасындағы өсімдік карантині
2.3.Сыртқы және ішкі карантин
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
2.1.Өсімдік карантинінің даму тарихы
Карантин (итал. quarantena, quaranta gіornі – қырық күн), уақытша тыйым салу – жұқпалы ауруларға шалдыққан немесе сол індеттер бойынша күдікті адамдар мен жануарларды, өсімдіктерді жұқпалы аурулардан сақтауға, сол аурулардың жан-жаққа таралмауы үшін алдын ала жүргізілетін әкімшілік, медициналық-санитариялық, ветеринариялық-санитариялық, фитосанитарлық кешенді шаралар жүйесі.
«Карантин» атауы quarante giorni (қысқаша quarantine) деген итальян сөзінен шыққан. Ол Италияның теңіз жағалауындағы қалаларына шығыс елдерінен келген кеме рейдтерін 40 күн бойы қашықта ұстай тұру мерзімін білдіреді. Бұл ереже «қара ажал» - обаның әкеліну қауіптілігіне байланысты белгіленген.
Алғашқы өсімдік карантині туралы заң 1660 жылы Францияда эпифитотты сабақ татына байланысты енгізілді. Ал 1870-1915 жылдар аралығында көптеген елдерде – Германия, Австралия. АҚШ, Мексика, Австралияда ауылшаруашылық өндірісіне байланысты карантинді заң қабылдана басталды. XX ғасырдың 70-ші жылдары 100- ден астам карнатиндік заңдар мен бақылаушы мекемелер құрылды.
1873 жылы Ресейде өсімдік карантині туралы заң қабылданды. 1931 жылы КСРО-да карантиндік мекемелер, республикалық, облыстық инспекциялар құрылды. Бұл мекемелер ауылшаруашылық министрлігінің мемлекеттік карантиндік инспекциясына қарады. Ал елімізде осы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен және ауруларымен күрес жөніндегі Бүкілодақтық бірлестік жүйесінде одаққа бағынатын Қазақстан Республикасында өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция құрылды. Алғашқы карантиндік аурулар мен зиянкестер тізімі де сол жылы, ал 1935 жылы арам шөптер тізімі енгізілді.
1931 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен және ауруларымен күрес жөніндегі Бүкілодақтық бірлестік жүйесінде одаққа бағынатын Қазақстан Республикасында өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция (ҚазМемкарантин) құрылды. Ол Алматы қаласында отау тікті. Оның құрамына Республикалық карантин зертханасы, Республикалық фумигациялық отряд және жеміс-жидек дақылдары көшетжайы кірді. Бұл қызметтің мән-мазмұны мен материалдық-техникалық жарақтандырылуын мемлекеттік карантин Одағы іс жүзіне асырды. Осы уақыттан бастап жеке-дара, көбіне кездейсоқ шараларды жекелеген ауыл шаруашылығы дақылдарына ғана емес, сонымен бірге олардың тұтас кешенін қамтитын жүйелі карантиндік шараларға өту басталды. Өсімдік зиянкестері мен ауруларының карантиндік түрлеріне қарсы, сондай-ақ елдегі ішкі және сыртқы карантин жөніндегі Бүкілодақтық мемлекеттік қызмет жайлы арнайы ережелер жасалынып енгізілді. 1932 жылдың басында кедендерде, кемежайларда жүктерді карантиндік тексерудің ережелері бекітіліп, өсімдік жүгінің карантиндік жағдайы туралы куәліктің, яғни сертификаттың бірегей формасы енгізілді. Қазақ ССР-і жерінде бірегей карантиндік қызмет кұрылғаннан бастап, ауыл шаруашылығы дақылдары мен өсімдік ағаштарын, олардың карантиндік нысандармен залалданған-залалданбағанын анықтау үшін жоспарлы түрде тексеріп, зерттеу жүргізілетін болды.
Осы зерттеу нәтижелерінің негізінде халықаралық карантиндік мәні бар биологиялық нысандардың, сондай-ақ еліміз жеріне шектеулі ғана таралған түрлер тізімі жасалды. Жыл сайын әрбір одақтық республикада зерттеу нәтижесіне қарай Одақ бойынша шолу құрастырылды. Осындай соңғы шолу баспадан 1982 жылы шығарылды. КСРО тарағаннан кейінгі жылдары әрбір республика өз шолуын жасап, кейін республикалар оны алмастырып қарап отырды.
Одан әрі Қазмемкарантин ҚР АШМ-не қарасты карантин жөніндегі Бас мемлекеттік инспекция болып қайта құрылды, содан соң 1999 жылы ол ҚР АШМ-ның өсімдік карантині жөніндегі комитеті, ал 2007 жылдан бері ҚР АШМ-і АӨК-інің өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция Комитеті деп аталады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 15-қаңтарындағы №19 қаулысымен дәнді дақылдардың Республикалық интродукциялық-карантиндік көшетжайын құру туралы тұрақты шешім қабылданды.
Қазақстан тәуелсіздік алған соң, сондай-ақ халықаралық сауда байланысы ұлғайғаннан кейін республика жері үшін карантиндік мәні бар карантиндік нысандар тізімі жаңадан қарастырылды. Бұл тізім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылдың 10-желтоқсанындағы №1295 Қаулысымен бекітілген-ді. Бұл тізімде тіркелмеген зиянкестер, өсімдік ауру қоздырғыштары мен арам шөптердің 95 түрі (зиянкестер - 45, аурулар - 38 жэне арам шөптер - 12), бөгде туыстар - 5 түр (зиянкестер) және шектеулі таралғандар - 12 түр (зиянкестер - 6, арам шөптер - 5 және жұмыркұрттың бір түрі - картоптың алтын түстес жұмырқұрты) болды.
Кедендік Одақ (Ресей, Белорусь және Қазақстан) құрылғаннан кейін карантиндік нысандардын (2011 жылдың 8-9-қыркүйегіндегі хаттама) жаңа Жобасы жасалды. Бұл тізімде 124 карантиндік нысан бар. Оның 75 түрі (бунақденелілер мен кенелер - 33, жұмырқұрттар - 4, саңырауқұлақтар - 13, бактериялар - 6, вирустар - 9, арам шөптер - 10), шектеулі таралғандар - 49 түр (бунақденелілер - 26, жұмырқұрттар - 1, саңырауқұлақтар - 6, бактериялар - 3, вирустар - 5, арам шөптер - 8).
Достарыңызбен бөлісу: |