Инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар жалпы білім беру №39 орта мектебі «Биология сабақтарында оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіру»



бет2/8
Дата21.09.2023
өлшемі0,66 Mb.
#109630
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Биологиядан Қызықты фактілер және логикалық тізбектер (1)

ЗАМАНАУИ САБАҚ – ОЛ ҚАНДАЙ?
1 тапсырма
Сабақ мінездемелерінің тізімін таңдаңыз!

  1. Мұғалім – сабақта білімнің тасымалдаушысы

  2. оқушы барынша еңбек етеді

  3. Мұғалім сабақта сұрайды, әсер етеді, анықтайды

  4. Мұғалім қызметі – үрдісті оқушының білімді өзі алу мүмкіндігі болатындай етіп ұйымдастыру

  5. Сыныпта тыныштық болуы керек – қатаң тәртіп болуы керек

  6. Мұғалім мен оқушы - әріптестер

  7. Мұғалімнің қызметі – білім беру

  8. Мұғалім психопедагогиканың жетістіктеріне ие

  9. Жақсы мұғалім бәрін үйретуі мүмкін

  10. Сабақ болды – оқушы өзінің қасиеттері шегінде барынша белсенді әрекет етті және өзі үшін пайдалы да маңызды бірдеңе алды.

1 тапсырмадағы мәліметтерді «сызба-балықпен» салыстыра отырып, Сіз биология бойынша Заманауи сабақты жүзеге асыруға дайындығыңызды анықтауыңызға болады

Танымдық әрекетерді белсендіру әдістері мен қағидалары


Сабақ нәтижелі және қызықты болу үшін танымдық қызығушылықты дамыту әдістерін қолданамын:

1) жаңа материалды игеруге дайындалуды қалыптастыру (тапсырмаларды орындау)

2) қызықты танымдық материалды қолдану.


Танымдық әрекетерді белсендіру әдістері мен қағидалары-оқытудың бір түрі,онда оқушылар белсенді жұмыс істеп, өз білімдерін кеңейтеді, «маған оқу не үшін керек?» деген сұраққа саналы түрде ойланады.
Оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру бұл маңызды педагогикалық мәселенің бір түрі.
Қазіргі заманда білім беру жүйесінде құзыретті іскерлік, жағдайды модельдеуге қабілеті, диалогты жүргізу тәжірибе, шығармашылық әрекетке қатыстыру ерекше маңызды болып түр.
Сонымен бірге оқуға деген қызығушылықтары төмендеп барады, инттеллектуалды енжарлық байқалады. Мұғалім белсенді ойлау әрекетін тудыратын әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың салыстыру, шешім табу, талдау, жалпылау іскерліктерін қалыптастырады.
Танымдық белсенділіктің ерекшелігі:
1.Эмоционалды еріктік, сенсорлық және когнитивті
2.Оқытудың нәтижелігі оқушылардың танымдық белсенділігіне байланысты
3.Оқуға деген мотивациялық әрекет
4.Қазіргі педагогикалық технологияларды қолдану




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет