Дельфин жайындағы жұмбақтар ғалымдардардың назарын ертеден аударуда. Зерттеулерге қарағанда, дельфиннің миы бізге белгілі жануарлар дүниесіндегі аңдардың миының бәрінен жақсы жетілген. Салмағы жағынан адам миымен шамалас, ал ми қыртысының дамуы, ондағы шым-шытырық тамырлардың саны және ішкі құрылысы жағынан адам миынан да асып түседі. Дельфин миында, қандай қызмет атқаратындығы түсініксіз, адамда жоқ нерв орталықтары бар екендігі байқалады.
Дельфиндар қолға тез үйренеді. Ғалымдар “ақылдық дәрежесін” салыстырмалы түрде зерттегенде дельфин-афалиннің “ақылдық дәрежесі” 190 балға жеткен. Бұл қасиет адамға ұқсас маймыл “ ақылдығынан” да асып түскен. Адам тәрізді маймыл “ақылдығы” 150 балл.
Дельфиндер өз ара “сөйлесіп”, адам сөзіне де еліктейді. Әсіресе лабораториядағы адамдардың істеген жұмысына қызыға қарап, бақылайтындығы таңырқатады. Ол өзінің гидролокациялық аппаратымен 3 км жердегі балықтардың түрін 98-100 % -ке дейін дәл ажырата алады.
Дельфиндер-адамның теңіздегі сенімді көмекшісінің бірі.
1.Бактерияның вирусы ... (бактериофаг)
2.Түссіз пластид .... (лейкопласт)
3.Жасушаның органикалық заттар ірі молекулаларын сіңіру процесі....(фагоцитоз)
4.Құрамында центриольдар бар органоид .... (жасуша орталығы)
5.Катаболизмнің синонимі ....(диссимиляция, энергиялық алмасу)
6. «Фермент» терминін түсіндір.... (биокатализатор)
7.Рибосомадағы ақуыз синтезі ...(трансляция)
8.Крахмалдың мономері.....(глюкоза)
9.Ақуыз жинақталатын органоид.....(рибосома)
10.Ядросыз бір жасушалы ағзалар....(прокариоттар)
А .тобы
1.Столбняк таяқшасы 6.Бұғымүк
2.Пеницилл 7.Стрептококк
3.Ағашқұлақ 8.Гепатит вирусы
4.Холера вибрионы 9.Диатомды балдырлар
5.Спирогира 10.амеба
А. (ст. таяқшасы, холера вибрионы, стрепококк)
№1 есеп
ДНҚ молекуланың фрагменті 268 нуклеотидтерден тұрады. Осы фрагменттің ұзындығын табыңыздар. Шешуі:
1.Нуклеотидтердің ұзындығы 0,34 нм, ДНҚ молекула фрагментінің ұзындығын анықтаймыз 268*0,34═101,14 (нм)
№2 есеп
ДНҚ молекуланың үлескісі 3680 нуклеоитдтен тұрады. Үлескінің ұзындығын табыңыздар (6256 нм)