Менің ұсынысым:
– Ол үшін құртты жетілдіру бойынша зауыттар жүйесін ашу қажет деп ойлаймын.
-Құртты ұлттық бренд ретінде дүние жүзіне таратса;
-Құртқа қосымша сәбіз, қызылша сияқты көкөністерді қосуды ұсынамын.
-Құртқа мемлекеттік патент берілсе.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Кенжеахметұлы С., Қазақтың дарқан дастарқаны, Алматыкітап,А.- 2007 ж.
2. Анфимова Н.А., Татарская Л.Л. Аспазшылық, Просвещение, М.- 2002 ж.
3. Ермакова В.И. Аспазшылық, Просвещение,М.- 1993 ж.
4. Матюхин З.П. Тамақтану, гигиена және физиология негіздері, Просвещение, М.- 1999 ж.
5.Ғаламтор материалдары
ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ
Сәуір айының басында сынып жетекшім Ажар апаймен ақылдасып қазақтың құрты туралы
жазуды ойладық. Құрт туралы материалдар жинай бастадым. Жинаған материалдарды апайым
ретке келтірді. Ғылыми жобамды жаза бастадым. Арасында анам, тәтелерім көмектесті.
------------------------------------------------------------------------------------------------------
«АДАМНЫҢ АЛҒАШҚЫ САНДАРДЫ ОЙЛАП ТАБУ ТАРИХЫ»
Бағыты: Математика, ғылым, техника
Орындаған: Қызылорда қаласы
№43 Ж Махамбетов атындағы мектептің 3 «Ә» сынып оқушылары
Медетбек Сағи, Алтай Акбар, Қуаныш Аружан
Ғылыми жетекші: №43 мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Садықова Ажар Сейтсұлтанқызы
К І Р І С П Е
Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек.
Заманға жаман күйлемек,
Заманы оны илемек.
Абай Құнанбайұлы
Алғашқы адам сөйлеуді, отпен пайдалануды үйрене (саналы өмір сүре) бастаған кезде, қазіргідей
сан есімдер (бір, екі, үш, ...) болған жоқ. Бір топ (мысалы, екі) нәрсені санарда, ол – екі саусағын,
не екі шыбықты шошайтып көз алдына ұстап тұрып, немесе оларды саналатын нәрселерге
бірме-бір қойып, зат арқылы санады. Бұл кезде адам өзі білетін осы екі санның өзін, затсыз
санауға болмайды деп білді. Саналатын нәрсе екеуден артық болса, мысалы, қолындағы
саусақтарын, аспандағы жұлдыздарды, бір сөзбен «көп» деп атады.
Қазақ баланың саусақтарын бүгіп ойнатып, санауға даярлап отырған:
Бас бармақ,
Балалы үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Салыстырып санау, сан аттарының пайда болуы. Ауызекі санау.
Алғашқы адам айналасындағы заттардың өзгермейтін кейбір қасиеттері бар екенін, мысалы,
адамның көзі мен қолының екеу болатынын, ал, тас, ағаш сияқтызаттардың қатты болатындығын
байқап, екі ағашты көрсе қол (не қол сияқты) деп, қатты затты кездестірсе тас сияқты «тастай»
деп салыстыра сөйлеп ұғынысқан. Қазақтың қазір де бір қатты нәрсені (мысалы, құртты)
«тастай» деп салыстыра сөйлейтін сөзі, сол ертеден адамның затты, табиғат құбылысын дәл
сипаттауға сөз қоры да, мәдениеті де жеткіліксіз болған кезден және зат арқылы ойлап
ұғынысуға бейім болған кезінен сақталып келіп, әдетке айналған сөз болу керек. [3]
Екі нәрсені көзбен, бес нәрсені бір қолдың саусақтарымен т.с.с. салыстыра жүріп, адам өз
мүшелерінің атымен санды да атайтын болды. Мысалы, орыс халқында бес саны сүйемге
(«пядь») ұйөас сөзбен «пять» болып, үнділерді екі саны көзге ұйқас сөзбен аталады, ал Ява
аралындағы малайялықтар бес санын «қол» деп атайды. Адамның бір қолында бес, екі қолында
он саусақ болуының жалпы санау процесінің даму тарихындағы ролі күшті болды.
Дерексіз санаудың осындай қиындығын оңайлатпақ болып, қазақтар баласына былай деп
үйретеді:
Бір дегенім білеу, Алты дегенім асық,
Екі дегенім егеу, Жеті дегенім желке,
Үш дегенім үскі, Сегіз дегенім серке,
Төрт дегенім төсек, Тоғыз дегенім торқа,
Бес дегенім бесік, Он дегенім оймақ,
Ол бір - қара жұмбақ.
Мұнда қазақ сан мен соған сәйкес тұрған заттың ( «бір» мен «білеудің», «екі» мен
«егеудің» т.б.) аттары арасындағы ұйқастықты пайдаланып, санды ұмытсаң, затты есіңе ал, «бір
дегенім білеу» деп барып, баланы затқа сүйенбей санауға үйретпек болады. Ал ақырғы: «Он
бір-қара жұмбақ» деген жол: онан арғы санау- ол өз алдына бөлек тұрған (қара мал-ірі мал деген
сияқты) ірі жұмбақ, санау тәртібі де өзгеше дегенді аңғартады. [7]
2.2. Адамның сандарды алғашқы жазу тәсілдері
Қазір адамның күнделікті тұрмыста қолданатын сөздері сонша көп болса да олар
бірнеше әріп арқылы жазып шығамыз.
«Барлық санды аз таңбалармен кескіндеп, оларға түрін былай қойғанда, орындарына
қарай мән беру мәселесі,-дейді француздың атақты математигі Лапласс,- қазір сондайлық оңай,
сондықтан оның тамашалығын бағалау да қиын, бірақ оның оңайлықпен табылмағанын грек
оқымысты-ларының ұлы данышпандары Архимед пен Аполлонийден жасырын қалып
қойғанынан анық көруге болады». [3]
2.3. Сандарды жазудың алғашқы нышаны
Ертедегі адам өзінің күнделікті өмірінде түрлі нәрселерді санау және өлшеу
әрекеттерінен шыққан сандарды ұмытпау үшін және керек болған кезінде қайтадан пайдалана
алатындай болу үшін оларды түрліше белгілеп қоятын болды. Мұндай белгілер көлденең, тік
сызықшалар не нүктелер түрінде, әуелі оңай жазылатын құмның не сазды жердің бетіне
сызылды, бірақ олар тез өшіп қала берді. Сондықтан санды сонша тас не шыбықша санап,
сақтап қою арқылы да белгілейтін болды. Тастар мен шыбықшаларды жоғалтпай сақтау да
қиын болып, енді санды не ағашқа кертіп, не тас бетіне тырнап немесе кейінірек жіпке
түйіндер жасап белгіледі. Сандарды бұлайша белгілеу ешбір білім керек етпейтін қарапайым
тәсіл болғандықтан, халықтар арасында ол қазір де қолданы- лады, адам бір нәрсені ұмытпау
үшін қол орамалының шетін түйіп қояды. [7]
Үлкен сандарды сызықшалармен белгілеп жату, белгіленген санды оқу өте қолайсыз
және көп уақыт алатын болды да, адам санды ауызша санағандағыдай, екі-екіден, бес-бестен, он-
онннан топтап алып белгілеуді, не оның жалпы көрінісінің суретін салу арқылы белгілеуді
(пиктографиялық жазуды) шығарды.
Ертеде адам суреттермен тек сандарды ғана емес, өзінің әрбір әрекетін де көрсеткен.
Сондықтан оның жалпы қолданатын әртүрлі суреттерінің біртіндеп көбейіп, оның есесіне
олардың формалары (салыну жолдары) оңайлай берген. Сөйтіп, біртіндеп санды осындай
оңайлатылған суреттер арқылы кескіндеп жазу ( иероглифтік жазу) пайда болды. [3]
2.4. Қасиетті сандар.
Нөл таңбасы басқа сандарға елеулі өзгерістер әкеліп, санау, есептеу, сату және уақытты белгілеп
берді.[5]
0 саны. Бұл сан абсалюттік символы. Шексіздік белгісі және жаратылмаған әлемнің саны болып
табылады. Бұл барлық заттардың бастамасы. Графикалық жоба бойынша сақина немесе дөңгелек
ретінде белгіленеді.
1-саны: Қандай да бір құбылыстың, тіршіліктің, әлем жаратылысының бастауын білдіреді. 1 саны
шыршамен теңестіріледі. Баяу болса да басқалардан биік, көркем болып өсіп, ұзақ жыл сақталып, кез
келгеннің көзіне жоғарыдан, алыстан-ақ ілінеді. Бір санын қазақ халқының ұғымында Алла жалғыз,
Алладан басқа тәңір жоқ. Қай тілде болсын бірлік сөзінің түпкі түбірі саналады. Адам өмірін
басқаратын, әр пенде ұмтылатын сан болып есептеледі. [6]
2-саны:
Қосылу, толықтыру символы. Жақсы мен жаман, ер мен әйел, күн мен түн, ақ пен қара. Екі санына
қазақ халқының көзқарасы міне осындай болып келеді.
Өсу мен дамудың белгісі. Бамбук ағашына теңеледі. өсу жылдамдығы өте тез, қолданылу мүмкіндігі
өте кең.
3-саны-Қазақ халқынан өзге де ұлттарда үш саны қасиетті болып саналған. Бір мен екінің
қосындысы ретінде қандай да бір істің бастамасын да, жалғасын да білдіреді. Қытайларды үш саны
біраз құбылыстың символикасы болып табылады. Жарықтың үш көзі – Жұлдыз, Күн, Ай. Үш бастау –
Аспан, Жер, Адам. Отбасының үш элементі – еркек, әйел, ұрпақ. Үш саны қытайлардың түсінігінде
Марс арқылы басқарылады және жалынға теңеледі.
Үш саны өткеннің, осы шақтың, келешектің символы.[5]
2.6. Жеті, тоғыз, төрт, он екі, қырық сандарына байланысты ырымдар.
Қазақ халқында жеті, тоғыз, он екі, қырық сандары қасиетті, киелі сандар деп есептелген. Оның
себебі орта ғасыр алхимиктері мен астролоктарының жеті күнге, жеті жұлдыз атын беруі, жеті
металдың (алтын, күміс,темір,сынап, қалайы,мыс,қорғасын) пайда болған күні деп жексенбі,
дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі күндеріне ат беру. Бұл күндердің ішінде әр күнге арнайы
ырымдар жасауы (мысалы, жолға сәрсенбі – сәтті күні шығуы немесе тойды сәрсенбі күні жасауы,
жұма ауыр күн деп есептеп жолға шықпай, құдайы садаққа, мешітке намазға баруы). Өлген адамды
жұма күні жерлемеу, өлген адамдардың жетісін беріп, жеті шелпек пісіріп еске түсіруі, баланың ер
жетуін жаспен мөлшереп, “жетіге келгенше жерден таяқ жерсің”, “жеті қабатжер асты” деуі т.б.
“Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру”, “тоғыз қабат торқа қию” т.б.[1]
Байырғы қазақ күнтізбесі бойынша (оның негізгі ертедегі араб күнтізбесінде жатыр) он екі айға
арнайы жәндіктер мен хайуанаттар атын беру (тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, қой, мешін,
тауық, ит, доңыз) олар 12 қазына деп атап өту, “оң екі мүше сау болсын”, “он екіде бір нұсқасы жоқ”,
“он екі баулы өзбек, тоғыз баулы түркімен” немесе лиро эпос жырларында кездесетін
“Он екі айдың жартысы жаз болады,
Жаз белгісі үйрек пен қаз болады”
(“Қозы Көрпеш – Баян сұлу”)
деген сөз тіркестері он екі санын ерекше қасиет түтудың белгісі.
Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.[4]
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Көп ғасырлы мәдениеттің тіршілігі топырақта тыныстап жатса, тарихи өткені шырынмен
қоректенсе, сонда ғана ұлттық жаңғырту орын алады»-дей келіп, «Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін
оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып-бағамдауға болады. Демек, Қазақстанның
мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатына екі түрлі міндет жүктелді: бірі: - өзіндік этникалық
мәдениетті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін нығайту, екінші жағы – төл
мәдениетті оңтайлы өрістете отырып, жалпы адамзат мәдениетіне ену үшін тиімді жағдай жасау.
Математика ғылым саласында сан ұғымы ерекше орын алатыны белгілі. Санның шұғу тарихы, әрбір
тоғыз, жеті, үш, бір сандары қазақ халқында ерекше қасиетті ұғым екенін білдік. Санамызға киелі
сандар бар екенін жеке қалыптастыру. Сандар ерекшелігі, қасиеті шығу тарихын толық зерттедім деп
есептемеймін. Әлі де сандардың ашылмаған құпия сыры, жұмбақ қасиеті бар деп ұғамын. Келешек
ұрпаққа қазақ халқы үшін киелі жеті, тоғыз, үш сандарының құпиясын жеткізу.
Біздің ұсынысымыз: Сандар ұғымының құпиясын ашқан ұлы ғалымдар еңбегін өзім сияқты
жеткіншек ұрпақтардың оқып – үйренуін насихаттаймыз.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Балалар энциклопедиясы, ІІІ том
2.Бастауыш мектеп, №4, 2010жыл
3. Глейзер Г.И. Мектептегі математика тарихы . , «Мектеп», А., 1985 ж.
4. «Математика және физика» журналы, №2, 2008ж.
5. «История математики»,2-бөлім, 1979ж.
6. Ғаламтор материалдары
7. Собалақов А. Математика тарихынан, «Мектеп», А., 1966 ж.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІҢ БІРІ:
“ДИАЛОГ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ”
Маншарипова Ақжан Телеуқызы
Қызылорда облысы. Жалағаш ауданы №123 Т.Жүргенов атындағы
орта мектептің математика пәні мұғалімі
Аңдатпа
Бұл жұмыста білім берудегі жаңа тәсілдердің бірі диалог арқылы оқытуды сабақта тиімді пайдалану
жолдары көрсетілген.
Жұмыста алдымен диалог арқылы оқытудың оқушының білімінің артуына көп көмегін тигізетіні
туралы айтылып, сол айтылғандардың айғағы ретінде сабақта диалогтік оқытудың қалай жүргендігі
айқын көрсетілген. Әр сабақта сұрақтардың қалай қойылғандығы талданып, сабақтағы сұрақ қоюдың
үлгілерін пайдалану жолдарын айтылған.
Мұғалім өз кәсіби қызметін талдай келе, оны одан әрі жақсарту туралы пікірін де айтып кеткен.
Аннотация
В этой работе показан один из новых практичных методов в образовании, используемых на уроке –
диалог.
В работе сначала говорится о большой пользе диалога для повышения знаний ученика, и вследствие
сказанного показано, как проходило диалоговое обучение на уроках. Говорится также в работе, как
обсуждалась постановка вопросов на каждом уроке, а также пути применения постановки вопросов
на уроках.
Учитель, обсуждая свою профессиональную деятельность, выражает мнение о дальнейшем ее
улучшении.
Annotation
As one of the new technology in teaching the effective way of teaching students at the lesson with the lesson
with the help of dialogue is said on this work.
Dialogue help students to arise their knowledge and that’s why working with a dialogue is defeated
mentioned on this work. At each lesson the kind of questions are selected and examples of how to ask
questions is explained.
Having discussed her professional activity the teacher expresses her opinion of further improvement of this
method.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім (Strong, Ward & Grant,
2011).
Бүгінгі таңда тұрған негізгі мәселе – жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Жеке тұлға дегеніміз – қоғам
мақсатына сай, ойлау-сөйлеу қабілетінің нәтижесінде саналы әрекет, қарым-қатынас жасайтын,
рухани, зерделілік мінез-құлық ерекшеліктерімен дараланатын адам. Олай болса, жеке тұлғаны
дамыту ұшін оқытудың жаңа әдістерімен оқытып, тәрбиелеуіміз керек. [1]
Білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол мұғалім шығармашылықпен
қызметтің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп-меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік
меңгерген, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігін, парасаттылығын, ақылдылығын,
мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін
жақсартуға ұмтылған мұғалім болу керек. [2]
Сабақта мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ, бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не
біліп, не істейтіні одан да маңыздырақ. Нағыз ұстаз, міне, осынысымен бағаланады . (Цицерон)
Әрбір мұғалімнің алдына қойған мақсаты – оқушылардың алған білімінің терең болуы және алған
білімінің оқушы есінде сақталуы. Білім оқушының есінде сақталуы үшін оқушы осы білімді өзі
қалыптастыруы қажет, яғни мұғалім сабақта оқушыға осындай жағдай тудыруы қажет.
Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері
болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру жеңіл болмақ.
Диалог негізінде білім беру мен білім алушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы
арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал
екенін меңзейді. [3]
Мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы сабақ барысында талқылауға түскен тапсырмалар, оқушы мен
оқушы арасындағы зерттеушілік әңгімелер оқушы есінде ұзағырақ сақталады және олар қойылған
қалың сұрақтарға жауап беру арқылы сыни тұрғыдан ойлайтын тұлға болып қалыптасады.
Осы мақсатта мен өзімнің сабақтарымда диалог арқылы оқытуды пайдалануға тырыстым.
Менің оқушыларым алғашқы өтілген “Санды өрнектер. Әріпті өрнектер” тақырыбындағы сабағымда
сұрақтарға тек бір сөзбен ғана жауап бергісі келді және өздерінің ойын жеткізе алмады. Сұрақ тек
«Бастама-жауап-кейінгі әрекетпен» ғана шектеліп қалды: Бастама: Мұғалім: Әріпті өрнек деп
қандай өрнекті айтады?
Жауап: Сымбат: Құрамында әріптері бар өрнекті
Кейінгі әрекет: Мұғалім: Жақсы!
Осының нәтижесінде сабақта диалог өз дәрежесінде көрініс таба қойған жоқ.
Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ
берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны
жақсарта және кеңейте алады.
Осы кездескен қиындықтарды жою үшін оқушыларға сабақ барысында берілген тапсырмалардың,
сұрақтардың сипатына біршама өзгерістер енгіздім.
Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі:
төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар. Кей кездері төмен
дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға
бағытталған және де оған берілген жауап («дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп) бағаланады. Ал жоғары
дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға,
кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. [3]
Сыныпта өтілген келесі сабақтарымда сабақтың әр кезеңіне сәйкес сұрақтарды нақтырақ қоюға назар
аудардым.
“Натурал санның еселігі” тақырыбындағы сабағымның «Тұсаукесер» кезеңінде тапсырманы
баяндаған әр оқушыға қосымша сұрақтар беруге тырыстым. Мысалы,
Мұғалім: Берілген натурал санның ең кіші еселігі қандай сан?
Айзат: Еселіктерінің ең кішісі
Мұғалім: Ал, санның еселіктерін қалай табамыз?
Айзат: Осы санды 1-ге, сосын 2-ге, сосын 3-ке және ары қарай солай көбейте береміз
Мұғалім: Сонда берілген санның ең кіші еселігі қандай сан болады?
Айзат: Сол санның өзіне тең болады
Бұл мұғалім мен оқушы арасында болған диалог формасы.
Менің түйгенім, диалогтың бұл түрін қолдану оқушы білімінің
тереңдеуіне көп септігін тигізеді. Оқушыны ізденімпаздыққа,
дәлдікке үйретеді.
Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта
бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады. Түрткі болу: түрткі болуға арналған
сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық,
сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ
жауап беруге итермелеу.
Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге,
өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет, сондай-ақ
«Сіз мысал келтіре аласыз ба?» деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыға
бағдар беріп отырады.
Қайта бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, «Көмектесе алатындар бар
ма?» [3]
Әр сабағымда мен де сұрақ қоюдың әртүрлі техникаларын қолдануға тырыстым. Мысалы «Пифагор
теоремасын қайталауға есептер шығару» тақырыбындағы сабағымда осы әдістер пайдаландым.
Сабақ барысында бір оқушыға түрткі болуға арналған «Ұзындықтары 5, 4, 3-ке тең кесінділер
тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары болады деп есептеуге бола ма?» деген сұрақ қойдым.
Сұраққа бұл оқушы жауап бере алмады. Сондықтан сынақтан өткізу үшін осы оқушыға «Тікбұрышты
үшбұрыш қабырғаларын қандай теореманы қолданып табуға болады?» деген сұрақты тағы қойдым.
Бұл сұраққа да тұшымды жауап болмаған соң басқа оқушыларға қайта бағыттау сұрағын, яғни
«Көмектесе аласыңдар ма?» деген сұрақты қойдым.
Сұрақ қоюдың бұл үлгісін «3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілері» тақырыбындағы сабағымда да
қолдандым:
Түрткі болу : Мұғалім: 9-ға бөлінетін санның барлығы 3-ке бөліне ме?
Гүлбаршын: Бөлінеді
Сынақтан өткізу: Мұғалім: Ал енді 3-ке бөлінетін санның барлығы 9-ға бөліне ме?
Гүлбаршын: я,........ жоқ
Қайта бағыттау : Мұғалім: Көмектесе аласыңдар ма?
Жанерке: 9-ға бөлінетін санның барлығы 3-ке бөлінеді, себебі 9 саны 3-ке бөлінеді
Менің тағы бір түйгенім, сұрақ қоюдың бұл әдістерін қолдану оқушылардың білімінің артуына және
олардың бір-бірінің идеяларын құрметтеуге үйренуіне, айтатын жауабын ой елегінен өткізіп барып
айтуға үйренуіне себеп болады деп ойлаймын.
Сабақ барысында оқушы мен оқушы арасында диалог болғаны оқушының білімінің тереңдеуіне көп
септігін тигізеді. Көбінесе зерттеушілік әңгімеде көрінеді. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар
өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе
бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын
талқылайды, баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда,
оқушылар бірге ойланады.
Сыныпта өткізілген «Төртбұрыштардың аудандары» тақырыбындағы сабағымда диалог болуына
назар аудардым. Оқушыларға «Неліктен төртбұрыштардың кейбіреуін дөңес төртбұрыш деп
атаймыз?», «Температура оң, теріс сандармен және нөлмен өрнектеледі. Аудан неге тек оң самен
өрнектеледі?» деген және тағы да басқа сұрақтар, тапсырмалар берілді.
Маған ұнағаны оқушылардың осы сұрақтар төңірегінде топта талқылау жүргізіп, оны өз ойларымен
айтып түсіндіруге тырысқаны.
Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап, айтады; болжамдар ұсынып,
талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз
идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда
«Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді.
Пікірталастың мақсаты жеңімпаздар мен жеңіліске жеткендерді анықтау емес, керісінше, тіпті
басқаларда қарама-қайшы пікір болса да, өз ойын дәлелді негіздер келтіре отырып, оны қорғай білу
дағдыларын дамыту. [4]
Менің бір қуанғаным аталған жұмыста оқушылар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді
қолданып, өздерінің айтқандарын дәлелдеуге тырысып жатты. Өздерінің ойын ашық, еркін айтуға
ұмтылды.
Сабақ барысында оқушылар арасында зерттеушілік әңгіменің болуы олардың сабаққа деген
ынтасының артуына, пәнге деген қызығушылығының артуына көп көмектеседі деп ойлаймын.
Жаңаша әдіспен сабақ өту барысында менің түйгенім, сыныпта диалог өз дәрежесінде жүру үшін:
-
Топтағы оқушылардың рольдерін дұрыс бөліп алуына ықпал ету;
-
Сабақта берілетін тапсырманы дұрыс таңдау;
-
Тақырыпқа байланысты қойылатын сұрақтарды дұрыс таңдау;
-
Сабақта қойылатын сұрақтардың түрлі әдістерін пайдалану;
-
Топта зерттеушілік әңгіме жүретіндей жағдай жасау керек деп
ойлаймын.
Сондықтан әр сабақты өткізу барысында оқушыға олардың арасында зерттеушілік әңгіме өрбіп,
диалог болатындай тапсырмалар беруіміз қажет деп ойлаймын.
Қорыта айтарымыз, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-
қатынастық, тілдік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. Мұғалімдер қолданысындағы
оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда, диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер де,
оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып
табылады.
Сонымен білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер оқушылар білімінің сапалы болуына көп
септігін тигізеді. Олар өздері қалыптастырған білім арқылы үлкен нәтижелерге жетеді деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«12-жылдық білім» журналы, №2,2008 ж
«Математика және физика» журналы, №2,2012 ж
Мұғалімге арналған нұсқаулық
С.Мирсеитова. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде. Қарағанды, 2011-«Кәсіби даму
мектебі» сериясы
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Достарыңызбен бөлісу: |