Жастық шағың өміріңнің кемелі
Өмірге адам бір – ақ рет келеді. – дегендей денсаулығымыз - өз қолымызда. Өркениет жолындағы
елдің ертеңі халықтың салауаттылығына байланысты. Дені сау халық – бай халық, халықтың дені сау
болып тұрса,мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз.
Дене тәрбиесінің дамуы – спортты мойындау, яғни спорт – дене тәрбиесі жүйесіндегі негізгі
құралдардың бірі болғандықтан оқушылар спортпен айналыса отырып өзінің денесін жан – жақты
жетілдіру ісін жалғастырады және жоғары спорттық көрсеткіштерге жетуге талаптанып дене
жаттығуының кейбір түрлеріне маманданады. Сондықтан оқушылар тәртіпті, көпшіл болуға, мінез –
құлық мәдениетін жауапкершілікті және адамгершіліктің өзге де белгілеріне тәрбиелейді. Біздің де
осындай жоғары көрсеткіштерге ие болып жүрген мектеп мақтаныштарымыз көп. Атап айтсақ 9«а»
сынып оқушысы Сайын Адия, 9«б» сынып оқушысы Өтеген Ернар, 7«а» сынып оқушысы Шорман
Аслан, 8«б» оқушысы Алпысбаева Малика, 9«в» оқушылары Әли Даниар, Есенәлі Алмас, Асанов
Жақсылық сынды оқушылардың көрсеткіштері жоғары. Олардың бойындағы партриоттық сезім, өз
халқын, ұлтын мақтан тұту, жат қылықтарға төзбеу, намысшыл болуға, салт – дәстүрді қастерлеуге, өз
достарына, ұстаздарына, мектебімізге деген сүйіспеншілікте болуы, еңбекқор болуымызға
тәрбиелейді. Олардың танымдық қабілетін, теориялық білімдерін, пәнге қызығушылығын арттыруда
ұстаздарымыз біздерге басты тұлға. Олай болса, саналы, сапалы, денсаулығы мықты ұрпақты
тәрбиелеу барысында ұстаздарымыз өз күнделікті сабағын әр түрлі әдіспен оқушының есінде
қалатындай, қызығатындай етіп өткізіп жүрген Маханова Нұрайхан, Мұханбетжанова Ұлжан,
Смайлов Мақсат сынды ұстаздарымыздың жеке тұлғасы, білімі, өз ісіне және оқушылар арасындағы
қатынасы, әдістемелік шеберлігі оқушылардың білімге деген ынтасын арттыру кепілі.
Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ тәуелсіз мемлекетіміздің көк туын көкке қарай көтерер.
Салауаттылық - саулық кепілі,
Ал саулық – байлық негізі дегендей, денсаулығың - өз өмірің!
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
МАТЕМАТИКА – АҚЫЛ-ОЙ ГИМНАСТИКАСЫ
( ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС)
Қызылорда қаласы. №43 Ж.Махамбетов атындағы
орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Отызбаева Жанат Әлмаханқызы
Мақсаты-4 сынып оқушыларының математика пәніне қабілеттерін , ой-санасының деңгейін
байқау;логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру; жеңіске деген құштарлық сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: Білім-ғылымға байланысты мақал-мәтелдер, геометриялық фигуралар, интерактивті
тақта
Өтілу барысы:
Жүргізуші:
Бүгін бізде үлкен сайыс
Қалмасыншы ешкім қалыс
Қай топ мықты, қай топ әлсіз
Болайық біз енді таныс.
Қиын есеп оңай болар
Миды егер шынықтырсаң
Сайыскерлер алға озар
Математиканы болса ұғар
Әділ-қазылар алқасы сайланады.
Әділқазы мүшесі армысыздар
Білгенге – жақ, білмегенге тармысыздар.
Шын жүректен шынайы баға берер
Әділеттен жаралған жанбысыздар-деп әділқазылар алқасына қол соғып қояйық.
Төртінші «а» сыныбы сайысуға келіпті
Озамыз біз бәрінен деп уәделерін беріпті
Гаухар апай ұстаздары, шәкірттерге сенеді
Қарсы алайық қошеметтеп төртінші «а» келеді
Өздерінен табылар әнші менен биші де
Керек болса бар екен суретші мен күйші де
Сайыстардан озды олар, құрметтеп қол соғайық
Раушан апай бастаған төрт «ә»-ні қарсы алайық.
Төртінші «б» келеді Гүлман апай бастаған
Соңынан еріп келеді шәкірттері баптаған
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»-дейді ғой
Сайысқанда көреміз оқушыны мақтаған.
Төртінші «в» сыныбы сайысуға келіп тұр
Оңай емес сайысу, көздерімен көріп тұр
Төрт жыл бойы баптаған үздік шәкірттеріне
Әрине Жадыра апай еш қалтқысыз сеніп тұр.
Шынар апай білім жолын бастаған
Сәуле апай шын ниетпен қостаған.
Қос ұстазы бірігіп ізгілікті үйреткен
Төртінші «г» сыныбы білімді еді ой неткен.
Сайыс кезеңдері
1. Таныстыру
2. Бәйге
3. Логикалық ойлауың қалай?
4. Тез және дұрыс есепте
5. Суреттердің сырын аш
6. Жұмбақ есеп
7. Жедел жауап
Сайыстың 1-кезеңі бойынша әр сынып өз сыныптарының тобымен таныстырады
2-кезең «Бәйге»
1. 80400 санының алдында тұратын санды атаңдар
2. Үстел үстінде 3 қияр, 2 сәбіз, 5 алмұрт тұр. Үстелдің үстінде барлығы қанша көкөніс бар?
3. Ең үлкен төрт таңбалы саннан ең кіші екі таңбалы санды азайт.
4. Шоколад плиткасы 4 жол 8 бағаннан тұратын майда бөліктерден құралған. Егер оны бөлгенде бір
бөліктен сындырса, неше рет сындыру арқылы майда бөліктерге бөлуге болады?
5. Егіннің басында 20 торғай отыр еді. Егінші оның үшеуін атып түсірді. Далада неше торғай қалды?
6. Дәптер қаламнан 20 теңгеге арзан. Қалам фломастерден 30 теңгеге арзан. Егер фломастер 54 теңге
тұрса, дәптер мен қалам қанша тұрады?
7. Тікбұрышты параллелепипед тәрізді сарайдың іші жем-шөпке толтырылған. Сарайдың ұзындығы
10 метр, ені 8 метр, биіктігі 3 метр. Егер 10м
3
жерде 6 центнер жем-шөп болса, сарайда барлығы
қанша жем-шөп бар?
8. Арман кешкі асын ішіп болғасын сағатқа қарап еді, сағаттық тілі 8-дің қасында, ал минуттық тілі 9-
ды көрсетіп тұр екен. Сонда сағат неше болғаны?
9. Шыңғыс үй тапсырмасын 2 сағат орындады. Ол осы уақыттың 1/3 бөлігінде есеп шығарды. Ал
қалған уақыттың ¼ бөлігінде өлең жаттады, қалған уақытты сурет салуға жұмсады. Шыңғыс қанша
минут сурет салды?
10. Екі велосипедші екі ауылдан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы бағытта жолға шықты.
Біріншісінің жылдамдығы 12 км/сағат, екіншісінің жылдамдығы 18 км/сағат. Олар 2 сағаттан кейін
кездесті. Екі ауылдың арақашықтығын табыңдар.
3-кезең
Логикалық ойлауың қалай?
«А» нұсқасы
Бір қарт кісіден “Жасыңыз нешеде?” деп сұрағанда: “Жасым жүзде, туған күнім 25 рет болды
депті.
Қарттың не айтқысы келді?
«Ә» нұсқасы
Поезд 8-қазан күні сағат 7-де“А” қаласынан шығып, 10 қазан күні сағат 19-да “В” қаласына келіп
тоқтады. Поезд жолда неше сағат болды?
«Б» нұсқасы
4 қой бір қойдың алдын-да келе жатыр, 4 қой бір қойдың артында келе жатыр, 1 қой ортасында
келе жатыр. Барлық қой нешеу?
«В» нұсқасы
Екі себетте 70 алма бар. Біреуінен 6 алма, екіншісі-нен 4 алма алғанда екі себетте бірдей алма
қалды. Алғашында әр себетте қанша алма болған?
«Г» нұсқасы
Екі санның қосындысы ең кіші төрт таңбалы санға тең. Егер осы екі санның үлкенін кішісіне бөлсек
онда ең үлкен бір таңбалы сан шығады. Екі санды тауып көр.
4-кезең
Тез және дұрыс есепте
7740 : 86 * 35+2000:8 –(5760:90)*52+38430:7
Осы кезеңнен кейін ұпайы аз сынып ойыннан шығарылады
5-кезең
а)
31
32
33
28
ә)Екі таяқшаны ауыстыру арқылы бес шаршының орнына төрт шаршы шығар
б) Суретте құлақтары жоқ үш қоян мен олардың бөлек жатқан үш құлағы берілген. Осы қояндар мен
құлақтарды қалай орналастырсақ, әр қоянда екі құлақтан болады?
Осы кезеңнен кейін ұпайы аз тағы бір сынып ойыннан шығарылады. Ойынның келесі кезеңі «Жұмбақ
есеп» деп аталады. Жұмбақты 3 сынып оқушылары сахналап көрсетеді.
Ақтық кезең «Жедел жауап» деп аталады. Топ басшылары шығып 1 минут ішінде неғұрлым көп
сұраққа жауап берулері керек.
Сайыстың қорытындысын айту үшін сөз әділ-қазыларға беріледі.
І-орын
ІІ-орын
ІІІ-орын
LESSON STUDY МҮМКІНДІКТЕРІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНУ
Қызылорда қаласы. №173 Ә. Молдағұлова атындағы
орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Салходжинова Баян Есенгелдіқызы
Бәсекеге қабілетті дамыған м емлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз
керек.Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің
азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын
меңгеруге дайын болуға тиіс.Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың
функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген
болуы үшін бұл аса маңызды.Білім беруді жаңғырту – бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда жаңа
технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Оған мамандарды қайта оқыту,
интерактивті білім беру, түрлі технологиялық тәсілдер арқылы оқуға деген қолжетімділікті арттыру
сынды мысалдарды айтуға болады. Біздің елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт
бойынша жүзеге асуда. Біріншісі, білім беру мекемелерін оңтайландыру; екіншісі, оқу-тәрбие үдерісін
жаңғырту; соңғысы, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру. Осы үш бағыт
бойынша жұмыс жасау Елбасы Н. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауында да, ұзақмерзімді
стратегияда да қамтылған.
1-деңгей Бағдарламасының мақсаты білім берудегі инновациялық үдерістерді қолдау, оқыту мен оқуда
қолданылатын әдістер мен тәсілдердің тиімділігін қамтамасыз ету болғандықтан мен де мектеп
тәжірибесін өзгерту үшін жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануды жоспарладым.
Жаймен-жаймен әлем елдері мойындап келе жатқан жапон әдісі Lesson Study-ді мен де өз
тәжірибемде қолданып көрейін дедім. Мақсатында мұғалімдер Lesson study-дің мәні оқушылардың
назарын оқуға шоғырландыру арқылы оқытуды дамыту және жетілдіруге арналған құрал екендігін
түсінулері керек. Lesson Study-ді ұйымдастыратын алдында көп ойландым, дәстүрлі сабақ беріп
үйреніп қалған мұғалімдерге қалай түсіндіремін, оқушыға қалай жеткіземін деп қиналдым.
Тәжірибеде мұғалімдер Lesson study-ді оқуды, оқытуды және мұғалімдердің тәжірибесін дамыту және
жетілдіруге арналған құрал ретінде қолдану мақсатында әріптестермен өзара ықпалдасады деп
ойлаймын.
Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-
әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-
жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу»
тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған.
Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып,
өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study циклін өткізу
кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық
Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады.
Мектептерде Lesson Study тәсілін қолдануда:
2
Lesson Study-ді жоспарлауда, өткізуде және талдауда,
2
Оқушыларды Lesson Study үдерісіне тартуда,
2
Lesson Study өткізу нәтижесінде алынған тәжірибелік білімді әріптестермен бөлісуде көмектесе
алады.
Lesson Study бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін
көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты
тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады. Lesson Study өткізу барысында топта
(немесе жұппен) жұмыс істейтін мұғалімдер:
• Өздері күнделікті жинаған материалдары мен жүйелі бағалау деректерін оқушылардың оқу мен
даму басымдықтарын белгілеу үшін қолданады.
• Алдағы уақытта әзірленетін немесе жетілдірілетін, белгіленген міндеттерге жауап беретін оқыту
әдістемесін бірлесіп анықтайды (1-суретті қараңыз).
• Үш «бақылаудағы оқушыны» анықтайды, олар әрқайсысы сыныптағы белгілі бір топтың өкілі
болуы қажет, мысалы, оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, орта, төмен оқушылардан.
• Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі
назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді.
• Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson Study өткізеді
және оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы қайталанып, жетілдірілуі мүмкін.
Бақылауды барлық Lesson Study кезінде жүргізу міндетті емес.
• Бақылаудағы оқушылардың Lesson Study туралы ойларын білу үшін олармен сұхбаттасады.
• Lesson Study-ді талқылайды.
• Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен жетістіктерін,
оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені
келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін пайдалану мақсатында Lesson Study-ге талдау
жүргізеді.
Мектеп мұғалімдеріне таныстырылым жасау немесе коучинг өткізу арқылы Lesson Study тәсілін
қолдану нәтижелерін көпшілік қауымға ұсынады.
Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби
жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз
оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің
ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған әріптестеріміздің көзімен де
қарастырамыз, соның нәтижесінде біз Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің
жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін,
әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді
аңғаруымызға түрткі болады.
2. Lesson Study жүргізу
Lesson Study тәсілі кем дегенде үш Lesson Study-ден тұратын циклден құралады, ол сабақтарды
мұғалімдер тобы бірлесіп жоспарлап, оқытып/қадағалайды және талдайды.
1-суретте Lesson Study-ді жоспарлау сызбасы
Әдіскер екеуіміз ақылдасып, мұғалімдерден топ құрдық. Сыни тұрғыдан ойлай білетін шығармашыл
ұстаздармен келістік. Оларда бұл қалай болады екен деп ойланды. Бәріміз бірлесіп, ақылдасып
Lesson Study-дің жоспарын түздік. Сыныпты таңдай отырып, әр сабақтың жоспарына өзгертулер
енгізу арқылы қысқа мерзімді жоспар құрдық. Үш «бақылаудағы оқушыны» жоғары, орта, төмен
көрсеткіштері бар топтардың үш өкілін анықтадық. Сабақтың әр кезеңін жоспарладық. Бақылаудағы
әрбір оқушыдан қандай нәтиже күтетінімізді жазып отырдық. Кім қай бақылаудағы оқушыны
қадағалайтынын белгілеп алды.Бақылаушы мұғалімдер қысқа мерзімді жоспармен қоса, №1,№2,№3
кестелерді дайындады. №1 кесте бойынша бақылаушы мұғалім анықталған оқушыны бақылап, сол
кесте арқылы талқылауға дайын болып отырады.
Әр бақылаушы мұғалім өзінің анықталған оқушысын зерттеп отырды.
Бірінші Lesson Study-ді өткізу
Бақылаудағы оқушылар жұмыс істеп отырған кезеңдерді бірлесіп бағалауға тырыстық. Оқушылардың
жетістіктерін бағалау материалдарын(«№1-№2-кестелерді)қолданып,топ мүшелерінің бақылаудағы
оқушылардың әрқайсысы бойынша сабақ соңына қарай нені істей білетінін және дәлелдеме ретінде
нені көргісі келетіндігін нақты жазып отырдық. Бастапқы
Lesson Study-ден кейін бақылау аясын кеңейту арқылы топтың немесе толық сыныптың қамтылуына
ұмтылуымыз керек.Бақылау кезінде барлық оқушы бір нәрсені дұрыс түсінбесе оны оң жақ бағанға
белгілейміз.Оқушыларды бақылау барысынды №1 кестені толтыра отырып, сабақтың негізгі
кезеңдері қандай болмақ? сабақтан кейін қандай сұрақ қоя алар едім? Деген сұрақтарды парақтың
соңындағы «алғашқы ойлар» деген жолға жазып қойдық.
Сабақтың әр кезеңінде бақыланушы оқушылардан қалай жауап беретінін, жауап беру кезінде қалай
бақыланғанын, шамамен жұмсалған уақытын, жалпы сол оқушыларға арналған табыс критерийлерін
өз бағаналарына белгілеу арқылы қандай нәтиже күтетінімізді сипаттап отырамыз.
Әдеттегідей мақсат пен міндет белгілеп алған соң, мынадай аспектілерге назар аудардық:
*мен үшін сабақтан күтілетін оқу нәтижесі,
*сабақтың негізгі идеясын анықтау,
*оқушыдан күтілетін нәтиже,
*сабақтың маңыздылығы.
*- Бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
*-өмірден алған тәжірибесінің әсері?
*-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?
*қызығушылығын арттыру үшін қандай іс-әрекет қолдану керекпін?
*Өздері өздерін бағалай ала ма? деген сұрақтар туа бастады.
Lesson Study әдісі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге,
қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді.
Сабақтан кейін бақылаудағы оқушылардың пікірін білу
Зерттеу аяқталған соң оқушылардың пікірінше, не пайдалы болғанын, олардың нені білгенін және
олардың көзқарасы бойынша, оны одан да пайдалырақ ету үшін, сабақты тағы бір рет өткізсе нені
өзгертуге болатыны туралы пікірін білу үшін бақылаудағы оқушылармен сұхбаттастық.
Сұхбат ұзаққа созылмай (5 минуттан аспағаны дұрыс), барлық бақылаудағы оқушылармен бір
уақытта немесе жеке-жеке жүргізілуі мүмкін.
Оқушылардан жауап алуды мүмкіндік туысымен бірден, ең дұрысы - Lesson Study аяқталған соң
өткізген дұрыс. Оқушының пікірін білу үшін №2-кестемен жұмыс жасадық.
Lesson Study-ден кейінгі талқылау
Lesson Study –ден кейінгі талқылау сызбасын пайдаланып, сабақтан кейін бірден жиналып топ
мүшелері сабақты талқылауға кірістік.Топ мүшелерін Lesson Study-ден кейінгі жетістікті талқылау
критерийлерімен таныстырдым:
1. сыни пікірлер мен ұсыныстарға ашық болу;
2. бақылаулар нәтижелерін қабылдау және сәтсіздіктерді ақтауға тырыспау;
3. сабақтан кейінгі талқылауды бірлесіп оқыту әдісі ретінде бағалау;
4. бақылау кестесінде/жоспарында нақты мақсаттар мен мәселелерді белгілеу;
5. талқылаудың «модераторын» (талқылауға позитивті бағыт беріп отыратын төраға) тағайындау, бұл
рөлді ол адамның қызметімен байланыстыруға болады;
Қол қойып, күнін жаздық.
(3-суретті қараңыз).
Төмендегі үлгіні Lesson Study нәтижелерін талқылау мәселелерін жазуға пайдаландық.
Оқушының әрқайсысы қандай прогреске қол жеткізді? Ол жеткілікті болды ма?
Олардың сыныптарындағы басқа оқушылар қандай нәтиже көрсетеді?
Енгізіліп жатқан әдіс қалай көмектесті немесе кедергі келтірді ?
Қандай тосын оқиғалар болды?
Әр оқушының нәтижесін жақсарту үшін келесі жолы әдістеменің қандай аспекті(лері) түзетілуі
керек?
Келесі жолы біз не істеуге тырысуымыз керек? деген сұрақтарға жауап беруге тырыстық.
Lesson Study –ді сабақтың бейнежазбасы арқылы талдау тәжірибені қорытудың танымал тәсілі,
өйткені
сабақ кезінде байқалмаған жағдайды байқап отырып,ойыңды толықтырып отыруға болады.
Lesson Study сабағын бірлесіп жүргізген топтың бұл мүшелерін келесі Lesson Study-ді өткізу үшін
жаңа топты ұйымдастыруда педагогикалық ұжымның көшбасшылары ретінде пайдалануыма
болады.
Әдебиеттер:
1.Қазақстан-2050
2.Мұғалімге арналған нұсқаулық
Пит Дадли. Lesson Study: нұсқаулық
------------------------------------------------------------------------------------------------
Құрастырушы: Рахымшаева Әлия Байқоңырқызы
№43 Ж.Махамбетов атындағы қазақ
орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Пәні: Әдебиеттік оқу 2-сынып«Неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем» тарауы
бойынша сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспары
№
Оқытуд
ың
негізгі
мақсатт
ары
Белсенді
оқытуда
қолданылат
ын әдіс-
тәсілдер
Тақыры
птарды
үйренуде
гі
кедергіл
ерді
жеңу
Оқу
нәтижеле
рі
Бағалау,
соның
ішінде
оқыту
үшін
бағалау
Барлық
оқушыла
рды
сабақта
жұмысқа
тарту
Негізгі
дереккөзд
ері
1
Сабақ
Мақсаты: Отан, туған жер, атамекен жайында білімдерін кеңейте отырып,Отан,
туған жер туралы өлең, әңгіме түрлерімен таныстыру,сыни тұрғыдан
ойластыруға қабілетті оқушы тұлғасын қалыптастыру.
Тақыры
бы:
«Кімнің
мекені
жақсы?
»
Мақсат
ы:
Туған
жер
туралы
білім
беру
және
олардың
маңызды
лығын
түсіндіру
.
Туған
жер
Оқушылард
ы топтарға
бөлу, Топ
ережесін
қабылдау,сұ
рақ-жауап:
мысалы:
1.Туған
жер,атамеке
н деген не?
Адамдар
оларды не
үшін
жырлайды?
2.Өз өлкеңде
тіршілік
ететін аң-
құстарды
білдің?
Сыни
тұрғыдан
Топ
ішінде
оқушыла
рдың
бір-
біріне
үйренуі,
Сөздік
қорын
кеңейту
үшін
диалог
құру.
Атамекен
туралы
білді,әңгі
ме
түрлеріме
н
танысып,
өз
өлкелерін
де өмір
сүретін
жан-
жануарла
рды,құста
рды
анықтады
.
Форматив
ті бағалау
Топтық
бағалау:
пішіндер
арқылы;
жұптық
бағалау
Топтық
жеке
жұмыстар
арқылы ,
АКТ-ны
пайдалан
у арқылы,
сын
тұрғысын
ан
ойландыр
у, кесте
толтыру
арқылы
Оқулық,
интербелс
енді тақта,
үлестірме
лі
қағаздар,
стикерлер,
Қазақстан
картасы.
туралы
нақыл
сөздер,м
ақалдар,
өлеңдер,
әңгімеле
р
арқылы
оқушын
ың
жүйелі
ойын
жетілдір
у.
Топтық
жұмыс
аясында
белсенді
жұмыс
атқара
алуы.
ойлау:
топтық
тапсырма
орындау
барысында
туған
өлке,туған
жер туралы
анықтаманы
қорытады, А
КТ: сабақты
қорытындыл
ауда,
бағалауда.
2
сабақ
Тақырыбы: «Қартқожаның туған жері»
Мақсат
ы :
Туған
өлке,туға
н жер
ұғымдар
ын
қалыптас
тыру.Туғ
ан жер
байлығы
туралы
білімдері
н
толықты
ру;
Кіндік
қаны
тамған
жер
туралы
эссе,өле
ңдер
жазғыза
отырып
шығарма
шылықп
ен
жұмыс
істеуге
жетелу;
Достарыңызбен бөлісу: |