«инновациялық технологияларды меңгеру негізінде мұҒалімдердің КӘсіби біліктілігін дамыту»



Pdf көрінісі
бет5/28
Дата06.03.2017
өлшемі6,12 Mb.
#7852
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Сабақтың  өту барысы:
І кезеңде   - 
а) Ұйымдастыру 
ә) Үй тапсырмасын тексеру, тақтадағы ашық журналға белгілеу.
б) «көпір тапсырмаларын» тексеру,
ІІ кезеңде –
 а) оқушылардың топта өз бетімен жұмыс дәптерінде  берілген  жетелеуші  
тапсырмаларға  оқулықтан  жауап іздеуі. Мұғалімнің тақтадағы ашық журналдағы  алдында өткен  
тақырып бойынша  жиналған  жалпы  ұпай  санын  өзінің  жеке журналына  және сынып  журналына  
баға түрінде  тіркеуі.
ә) мұғалімнің  көмегімен  дискуссия  жүргізу.
б) тақтамен, оқулықпен жеке жұмыс.
ІІІ кезеңде  -   дұрыс орындалған  деңгейлік  тапсырмаларды  мұғалімнің  тексеруінен  кейін   
оқушылардың  өзіне тақтадағы «ашық журналға» белгілетіп отыру.Жиған  алғашқы  ұпайларын  
қорыту, қалған  тапсырмаларды  үйден  аяқтап  келуге  беру. Үш  деңгейді  толық  орындап болған  
оқушы  төртінші  деңгейдің, олимпиада немесе  ғылыми жоба  тапсырмаларынан  беру. Қосымша, 
келесі  сабақтың «Көпір  тапсырмаларын» орындап  келуге беру.
Оқушыға арналған  жұмыс  дәптері
  
«Көпір»
тапсырмалары
І кезең
Бос  орынға  қажет  сөзді  жаз.
1.   а мен b сандарын  салыстырғанда  а - b  айырмасы  оң  сан  
болса,   _______ болады.  
2.  а мен b сандарын  салыстырғанда  а - b  айырмасы  теріс   сан  
болса,   _______  болады.  
3.    <  немесе >  белгілері  ___________ теңсіздіктер
4. ≤  немесе ≥   белгілері  ___________  теңсіздіктер
Кілт  сөздер
1.a>b
2.a < b
3.қатаң
4.қатаң емес
«Білу» 
тапсырмалары
Кім? Не? 
Қалай? 
Қашан? 
Қандай?
ІІ кезең
Берілген  санды  теңсіздіктің  қасиеттерін  ережемен  
тұжырымда: 
1. a>b болса,   
b_________________________________________________________
_____  
2. a>b және b>c   болса , a>c 
______________________________________
_________________________________________________________
____
3. a>b болса, , c - кез- келген  сан. 
________________________________
_________________________________________________________
_____ 
4. a>b болса,  c – оң сан ,  ac > bc ,  a:c > b:c 
_________________________
_________________________________________________________
_____
5. a>b болса,  c – теріс сан, ac < bc ,  a:c < 
b:c________________________
_________________________________________________________
_____
6. a>b болса, a>0, b>0 ,  
__________________________________________
_________________________________________________________
_____
1.Теңсіздіктің
оң жақ, сол 
жақ бөлігін 
орын 
ауыстырғанда
теңсіздік  
белгісін 
өзгерту керек.
2 сан с 
санынан  
үлкен 
болады.
3.a+c>b+c
4. 
Теңсіздіктің 
екі жағын да 
бірдей оң 
санға бөлсек, 
көбейтсек 
теңсіздік 
өзгермейді.
5.Теріс санға 
көбейтсек, 
бөлсек 
теңсіздік  
қарама-
қарсыға  
өзгереді.
6. Кері 

сандарын 
салыст. 
Теңсіздік 
өзгереді.
«Түсіну» 
тапсырмалары
Неліктен? 
Неге? Не 
үшін? Не 
себепті?
Бос  орынға  қажет  сөзді  жаз.
 1.Теңсіздікті  салыстырып, мынадай  қорытынды  жасауға 
болады: 9,3<10 ; 10<21,7 болса,   9,3< 21,7. Неге?  Өйткені, 
___________________
_________________________________________________________
_____
2. 8,9>5,3  теңсіздігінің  екі  жақ  бөлігіне  де 1,2  санын  қосайық, 
сонда  қандай  теңсіздік  шығады? Не  cебепті  ?     Себебі , 
теңсіздіктің  екі  жақ  бөлігіне  де  
___________________қосқаннан  немесе   _____________
теңсіздік  өзгермейді
1.Санды 
теңсіздіктің  2
қасиеті  
бойынша 9,3<
21,7
2.
бірдей сан    
азайтқаннан
«Талдау» 
тапсырмалары
Айырмашылықты  тап:
 1. a>b болса,  c – оң сан ,  ac > bc ,  a:c > b:c
 2.  a>b болса,  c – теріс сан, ac < bc ,  a:c < b:c
  
_________________________________________________________
___
1.Оң санға 
көбейтсе, 
бөлсе 
теңсіздік 
өзгермейді.
2.Теріс санға 
көбейтсе, 
бөлсе 
теңсіздік 
қарама- 
қарсыға 
өзгереді.
«Жинақтау» 
тапсырмасы
Санды  теңсіздіктің  қасиеттерін схема түрінде  бейнеле:
  
1.a>b          
b
2.a>b ,b>c      
a>c
3.a>b, 
a+c>b+c, с    
с -оң сан
      4. a>b с 
-оң сан 
           ac > bc
        5. a>b 
с –теріс сан 
ac< bc
       6, a>b   
1/a<1/b
«Қолдану» 
тапсырмалары
В) №912, № 913,№ 915, 916, 918 
«Баға  беру»
 Сен  қалай  ойлайсың?  Теңсіздік  пен  салыстырудың  мағынасы  
бір ме? Әлде... 
«Кері  
байланыс»
«Білу»
Теория
ІІІ  кезең
1 деңгей (5 балл) «3»
Бос  орынға тиісті  қажет  сөзді  жаз:
1.     Санды  теңсіздіктің  бір  жақ  бөлігіндегі  қосылғышты  
екінші  жақ  бөлігіне  көшіргенде, оның таңбасы  қалай  өзгереді?  
______________  
қарама- 
қарсыға
Санды  
теңсіздіктің 
қасиеттері

Практика 
2.    Көп  нүктенің  орнына  <, >  жаз:   а  артық  b- дан   a...b     
3.    Санды  теңсіздіктің екі  жақ бөлігін де бірдей  теріс  санға  
көбейтсек  немесе  бөлсек, теңсіздік  белгісін     
__________________таңбаға  өзгерту керек.
№ 917 есепті  шығару
a>b
қарама- 
қарсы
«Түсіну»
Теория
Практика
2 деңгей   (5+4балл)   «4»
1.   Санды  теңсіздіктердің  қасиеттері   нені  түрлендіруде  
қолданылады? 
____________________________________________________
2.    №  924  есепті  шығар 
Санды  
теңсіздіктерді
түрлендірген
де 
қолданылады.
«Жинақтау»
«Талдау»
Теория
Практика
3 деңгей   (5+4+3балл)   «5»
1.Санды  теңсіздіктердің  қасиеттеріне  мысалдар  келтір:
1.                                                                     4.
2.                                                                     5.
3.                                                                     6.
№ 925  есепті  шығар
АШЫҚ  ЖУРНАЛ
Күні _________________
САБ.ТАҚ: Санды  теңсіздіктердің  қасиеттері

1 деңгей   «5» балл
2  деңгей  «4» балл
3  
деңгей 
  «3» 
балл
С
ы
ны
пт
а 
ж
ин
ағ
ан
 б
ал
ы
Ү
йд
е 
Б
ар
л
ы
қ
 б
ал
л
Б
ағ
а
1
2
3
4
5
1
2
3
4
5
1
2
1
+
+
+
+
Ү
Ү
-
5
4
9
4
2
+
+
+
+
+
+
Ү
Ү
9
3
12
5
3
+
+
+
+
+
+
Ү
9
1
10
4+
4
+
+
+
+
ү
Ү
-
5
2
7
3
5
+
+
+
+
+
+
Ү
9
1
10
4+
6
+
+
+
+
+
+
Ү
ү
9
3
12
5
7
+
+
+
+
+
+
Ү
9
1
10
4+
8
+
+
+
+
+
+
Ү
9
1
10
4+
9
+
+
+
+
+
+
Ү
9
1
10
4+
1
0
+
+
+
+
+
ү
 
5
2
7
3
1
1
+
+
+
+
+
+
+
+
12
12
5
1
2
+
+
+
+
+
+
+
+
12
12
5
1
3
+
+
+
+
+
+
ү
9
1
10
4+
1
4
+
+
+
+
+
+
ү
9
1
10
4+
1
5
+
+
+
+
+
+
ү
9
1
10
4+
1
6
+
+
+
+
+
+
ү
9
1
10
4+

1
7
+
+
+
+
+
+
ү
9
1
10
4+
1
8
+
+
+
+
+
+
ү
9
1
10
4+
1
9
+
+
+
+
+
ү
-
5
2
7
3
2
0
+
+
+
+
+
+
-
5
4
9
4
2
1
+
+
+
+
+
+
+
+
12
12
5
2
2
+
+
+
+
+
ү
ү
7
3
10
4+
 
Санды  теңсіздіктердің  қасиеттері  тақырыбы  бойынша  
оқушыларды  бағалау  мониторингісі 
0
2
4
6
8
10
12
14
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
Оқушылардың  номерлері
Б
ал
л
 

Қызылорда қаласы. № 257 орта мектептің 
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі 
Сарина Әсемгүл
Сыныбы:  
10 «Ә»   Пәні: 
Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: І.Есенберлин “Көшпенділер” трилогиясына мазмұндық талдау
Мақсаты. 1.Білімділік: Романның мазмұнын меңгерте отырып, шығарманы құрылымына, оқиға 
желісіне, тіліне талдау. Әр бөліміндегі кейіпкерлердің іс әрекетіне тоқтала отырып, тарихи 
мәліметтермен байланыстыру. 
2. Дамытушылығы: Оқушының ой өрісін, танымын, жаңаны танып, түсіне білу қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелігі: Ел даналарын, батырлар мен ел билеген бабаларды бағалай білуге, ел тарихын танып, 
н.асихаттауға тәрбиелеу.
Түрі : Жаңа білімді игерту сабағы
Әдісі : Ой шақыру,ой қозғау,шығармашылық жұмыстар,талдау,мәнерлеп оқу;
Көрнекілігі: Ақынның портреті,тақырыпқа арналған слайд, талдау кестелері;
Пәнаралық байланыс: тарих 
Сабақтың барысы.
а) Ұйымдастыру:1. Оқушылармен амандасып,сабаққа қатысуын түгендеу;
  2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
ә) Үй тапсырмасын сұрау.Берілген тақырыптар  бойынша сұралады.
1.  І. Есенберлиннің өмір жолы.
2.  Тарихи романы. Жарыққа шығуы.
3.   “Алмас қылыш”
      “Жанталас”
      “Қаһар” романдары.
3. Жаңа сабақ.
1/Инсерт әдісі.  Дәптермен жұмыс
Білемін
Білдім
Үйренгім  келеді
2/Сызбамен жұмыс.(сызбаны толтыру)
Трилогияда қамтылған уақыт
Трилогияның романдары
Тарихи тұлғалар
ХV- XVІ ғ.
“Жанталас”
Асан қайғы, Қазтуған,
Абылай хан,Кенесары
(Жауабы интерактивті тақтамен көрсетіледі)
Трилогияда қамтылған уақыт
Трилогияның романдары
Тарихи тұлғалар
ХV- XVІ ғ.
“Алмас қылыш”
Әбілхайыр хан
ХVІІ- XVІІІ ғ.
“Жанталас”
Жәнібек хан Керей хан
ХІX ғ.
“Қаһар”
Асан қайғы, Қазтуған,
Абылай хан, Кенесары
3/
Қазақ хандары (суреті көрсетіледі)
Кенесары батыр, қазақ хандары туралы мәлімет беру, өз ойларын айту.
4/Сараптамашы топтардың жұмысы:
І топ: Кенесарыны жақтаушы
ІІ топ: Кенесарыны даттаушы
ІІІ топ: Тәуелсіз сараптама
5/Көшпенділер күймесі. (мазмұндық  талдау)
Табалдырық. Роман 1969 ж. басылған. ХІХ ғ. 30-40 ж. оқиға баяндалған.
Әудемжер.  Роман 1969 ж. басылған. ХІХ ғ. 30-40 ж. оқиға баяндалған.

Қозыкөш. а/Нысанбай жыршының шежіре айтуы. Қыпшақ елінің 
Шыңғысханға бағынуын, Қасым, Хақназар хандардың бас көтеруін 
жырлауы.
ә/“Ақтабан шұбырынды” оқиғасы. Ресей империясына бағынуы. 
Жолайырық. Қос ағасы Есенгелді мен Саржанның өлімі. Елдің 
Көкшетауға көшуі. Кенесары бастап Ақмола бекінісіне шабуылы. Әке 
сенімі. Кек.
Көмбе. Бекіністі алуы. Қазақ руларын өзіне тартуы. Ел арасындағы 
беделінің артуы.
6/Тұлға бейнесі. Ассосация «Кенесары»
7/Сараптама:
 І топ: 

ел жанашыры;

 халқының тағдырына алаңдайды;

жері үшін күреседі;

батыр, қолбасшы.
ІІ топ: 

қатал;

өзгеге аяусыз.
ІІІ топ:

халқы үшін барлық амалға барады;

өзін аямағанды өзі де аямайды.
                  
8/Сабақты қорыту. М.Горький: “Адамзаттың шын тарихын тарихшы
                                     емес, суреткер жазады”
Тілегім сенен жалғыз, жас ұрпағым,
Болғайды әділетті көзқарасың!
Тудырған өз тұлғасын әрбір дәуір,
Жазылар бұдан да еңбек әлі тәуір.
Есіңнен шығарма тек, болашағым,
Түйенің көш бастаған жүгі ауыр!       І.Есенберлин.
Үйге: а/ Романдағы көркемдегіш сөздерді табу.
           ә/ Ойтолғау. «Ерлер елі үшін туады»
"АТАЖҰРТ" ЭТНОГЕОГРАФИЯЛЫҚ  ОЙЫНЫ
Кемелова Динара Анарбекқызы. Қызылорда  қаласы
Үш тілде оқытатын мамандандырылған 
сыныптары бар дарынды балаларға арналған 
 «Мұрагер» мектебінің  геогафия пәні мұғалімі
Оқушылардың ой-өрісін дамыту, жер табиғатын, тарихын ,  байлығын  оқып білуге тәрбиелеу, 
оқушылардың дарынын,  білімін жетілдіруге және  зердесін  ашуға тәрбиелеу  мақсатында 
этногеографиялық  ойын сабағын  өткіздім.
Ұйымдастыру.
Ойынға 8 сынып оқушылары  қатысты.Оқушылар жеребе таңдау арқылы  2 топқа бөлінеді. 
I   топ -  "Жібек  жолы" тобы
II   топ -  "Ұлы  дала"  тобы                                                                                                       
Жаратқан иеміз санамызға ақыл мен парасат құйған , жүрегіне сезім мен сағыныш ұялатқан адамзат
баласының   ғұмыр   бойы қастерлеп   өтер   асылдарының   бірі - оның ата мекені,туған жері,өскен
ортасы. Кез келген адамға оның туған анасы  дүниедегі ең  сұлу жан болып көрінетіні сияқты, туған
өлкесі  де  жер  бетіндегі ең  бір ғажайып жұмақтай болып жадында қалады. Қазақстан- сенің   кіндік
кескен жерің, туған елің, Каспийден  Алтайға дейін,  Алатау  мен  Қаратау  жоталарынан  Батыс  Сібір
жазығына   дейін   көсіліп   жатқан   кең   байтақ   өңір-сенің   Отаның.Ата-бабаларымыз оны білектің

күшімен,найзаның ұшымен болашақ ұрпақ үшін жаудан қорғап, ғасырлар  бойы  сақтап  келген. Ал,
сендердің   міндеттерің-осы өлкенің өткені мен қазіргі жағдайын оқып білу ,сол білгенімізді халық
игілігіне   пайдалана   білу.   Міне,   осындай   мақсатпен   біз   "Атажұрт"   атты   этногеографиялық   білім
сайысын өткізгелі отырмыз.  Сайыс 4-кезеңнен тұрады.
1- -кезең   Өткел        100  ұпай
2-  кезең   Белес         200  ұпай
3- кезең    Бекет         300  ұпай
4- кезең  Жерұйық    500 ұпай 
Олай болса   алғашқы   кезеңімізді бастамас бұрын   топ   басшылары топ   мүшелерін   таныстырып
өтсін. 1-кезең  " Өткел "  
1. Қазақстанда алтын  кен  орны  қай  жерде  бар?  (  Қалба  жотасы )
2. Мыс өндіруден республикада  бірінші орын алатын жер?  ( Жезқазған ) 
3. Орал  тауының  Қазақстандағы  жалғасы?  ( Мұғалжар )
4. Қазақстан астанасы Алматыдан Астанаға қашан  көшірілді? ( 1997ж)
5.Ертіс  өзен  құятын  ағынды  көл? (Зайсан )
6. Елімізде  никель  мен  хромға  ең  бай кеніш? ( Кемпірсай )
7. Қытайдағы Ебінұр  көлінің  ойысы  мен  Қазақстандағы  Алакөл  қазаншұңқырын  қосып  жатқан  
тау  аңғары?  (Жоңғар  Алатауы )
8. Тауқұм  құмды  шөлі  қай  жазықта  орналасқан?   ( Балқаш  маңы )
9. Қай  экономикалық  ауданда  украин, неміс  ұлттарының  үлесі  басым?  ( Солтүстік  Қазақстан )
10. Солтүстік  сөзінің  қазақша  баламасы?  (Теріскей )
2- кезең  "Белес".  Әр  топқа  2 сұрақтан  қойылады.
"Ұлы дала" тобына қойылатын сұрақтар.
1. Қазақстанның  оңтүстік-шығысында Іле Алатауының солтүстік  баурайында   орналасқан  
республикалық  мәртебесі  бар  қала ? ( Алматы )
2. Субарктикалық белдеу-мүкті  қыналы  өсімдіктерден  тұратын  климаты  қатал  белдеу.Мұнда  жел  
мен  қарлы  борандар  жиі  соғады.Ең  көп  таралған  өсімдігі  -бұғы  мүгі,солтүстік  бұғысының  
негізгі  азығы.  Бұл  қай  зона?  ( Тундра )
"Жібек жолы" тобына қойылатын сұрақтар
1. Өзбекстан  мен  Қазақстан жерінде  Тұран  ойпатының  шөлді  белдемінде,Үстірттің  шығыс  
шетінде  орналасқан  тұйық  көл? (Арал )
2.  Анд  тауларын мекендеген  үндістер  биік  таулы  аймақтарды  игеріп,  жазу  мен  бейнелеу  өнерін  
дамытты.Олар  өз  қоғамында  өтірік  айтуға,жалқаулыққа  жол  бермеген.Үлкенді  сыйлауға  тұрмысы
нашар  адамдарға  көмек  беруді  үйреткен. Бұл  қандай  мемлекет? (Инктер)
3-кезең "Бекет"  Ұяшықтар 10  торкөзге  бөлінген. Сұрақтар  Қазақстанның облыстарына қатысты 
болады.
 Екі  командаға  5  сұрақтан  беріледі.
 1.Оңтүстік  Қазақстан  облысына  байланысты: Талас  Алатауының  оңт-батыс  сілеміндегі  тау.
Шымкент   қаласынан   35 км жерде. Солт-шығыстан оңт-батысқа   қарай   20   км   созылып   жатыр.
Абсалюттік   биіктігі   1768 м,шығыстан   батысқа   қарай   аласарады (600-800м). Жатықтау   келген
солтүстік   беткейі бірнеше қырқалы   жонға   тармақтанып   кетеді.Оңтүстік   беткейі Келес   өзеніне
жалғасып,жарқабақтанып  бітеді.Бұл     тау     ел    арасында     "Әулиетау"   деп  те   аталады.Қазақ   аңызы
бойынша  дүниені  топан  су  басқанда  Нұх  пайғамбардың  кемесі  тоқтаған  делінеді.
Сонымен сұрақ мынадай:
Талас  Алатауының  оңтүстік  батыс  сілеміндегібұл  тау  қалай  аталады?  ( Қазығұрт )
2  Маңғыстау   облысына    байланысты:    Бұл   Республикамыздағы ең    жас    қорықтың   бірі.Ол
Маңғыстау   облысында   1984   жылы   құрылды.Ауданы   223,3 мың га.Қорықты   ұйымдастырудағы
мақсаты  Қазақстандағы  қызыл  кітапқа  тіркелген  шөл  зоналарындағы  12  түрлі  аң  мен  құстарды
қорғау, сақтау.Жануарлар  арасынан  қарақұйрық, ұзын  тікенді  кірпі ,шұбар  күзен т.б
Сонымен сұрақ мынадай:   Маңғыстау  облысындағы  бұл  қорық  қалай  аталады?  (Үстірт)
3. Павлодар  облысына  байланысты:  Қаныш  Имантайұлы  Сәтбаев -аса  көрнекті  қазақ  ғалымы,
мемлекет   және   қоғам   қайраткері,  геология-минералогия    ғылымдарының   докторы,  профессор.
Қазақстан   ҒА-ның   ұйымдастырушысы   әрі   тұңғыш     президенті   .КСРО   ҒА-ның   академигі.Негізгі
ғылыми     еңбектері     Қазақстанның     кен     орындарын     және     минерал     қорларын     зерттеуге
арналған.Жезқазған   кенін   зерттеу   және орталық Қазақстанның металлогендік болжам   картасын
жасауда     көп     еңбек     сіңіді.   Жезқазған     кені   қорының     мөлшерін     қайта     анықтау   ,бұл     кеннің

дүниежүзіндегі   ірі     кендердің    бірі     екендігін    дәлелдеу,осыған    байланысты    қазіргі     Жезқазған
өңірінің  өнеркәсібі  өркендеген  аймаққа  айналуы  Сәтбаев  есімімен  тығыз  байланысты.  
Сонымен сұрақ мынадай:    Қ.И.Сәтбаевтың  туған  жері?  (Баянауыл)
4. Солтүстік  Қазақстан  облысына  байланысты:  Қазақстанның  Қарағанды, Солтүстік  Қазақстан
облыстары     және     Ресейдің     Түмен,   Омбы     облыстары     жеріндегі     өзен.Жалпы     ұзындығы
2450км.Қазақстан  жеріндегі ұз 1607км.Сарыарқаның  солтүстік  бөлігіндегі  Нияз  тауының  батыс
беткейінен  басталып  Омбы  облысындағы Уст-Ишим селосы  тұсындағы  Ертіс  өзеніне  құяды.Өзен
алабында   Солтүстік   Қазақстан,Қостанай   облыстарының   шағын   шаруашылықтарын,   өнеркәсіп
орындарын     сумен       жабдықтайтын       ұз   1776   км     осы     өзенмен     аттас   су   құбыры     жұмыс
істейді.Өзенде  ақбалық,шортан,алабұға  бар Ертіс  өзенінің  сол  жақ  саласы.  
Сонымен сұрақ мынадай:    Бұл  өзен  қалай  аталады?  (Есіл )
4- кезең " Жерұйық"  Бұл  кезеңде дұрыс жауап  бермеген  топтың 400 ұпайы  шегеріледі де дұрыс  
жауап  берген  топқа  қосылады.
Асан  Қайғы  Сәбитұлы  ( 14 ғ аяғы  мен 15 ғ  басы ) қазақ  халқының  мемлекет  қайраткері, ақын ,
жырау,би , философ.Асан   Қайғы   заманында   Алтын   Орда ыдырап, оның   орнына   Қырым ,Қазақ
,Өзбек  хандықтары  п.б. Қазақ  хандығының  тарих  сахынасына  шығуы   хандықтар   арасындағы
қым-қиғаш талас-тартысты   аласапыран   кезеңмен   тұспа-тұс   келді.Осындай   кезеңдерде   хан мен
қара  бұқара  арасындағы  қарым-қатынасты  ушықтырмай, әділет  тұрғысынан  шеше  білген,сыртқы
саясатта  халқының  өсіп-өркендеуіне  ұйытқы  болып, қазақ  қоғамының  үлгісін  жасаған.Ол  іздеген
"Жерұйық"  шұрайлы   қоныс    қана    емес,елін жұртын    сыртқы   жаулардан    қорғайтын жол,жаңа
қоғамның  үлгісі,қазақ  халқын  тарих  сахынасында  сақтап  қалу бағдарламасы . Асан  Қайғы  осы
тарихи  ойларын  хандармен, сұлтандармен, билермен әсіресе  Жәнібек  ханмен  арпалысып  жүріп,
іске  асырмақ  болған. Елі мен  жұртының  болашағы  туралы  қатты  қайғырып  толғанған  абызды
халық  Асан  Қайғы  деп  атаған
. Сонымен сұрақ мынадай:    Асан  Қайғы  басына  орнатылған  кесене  қай  жерде?
Ойынды  қорытындылау, жеңген  топты  анықтау
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕГІ СПОРТТЫҚ ОЙЫННЫҢ МАҢЫЗЫ
                                             Қызылорда қаласы №4 С.Сейфуллин 
                                     атындағы орта мектебінің дене шынықтыру
                            пәні мұғалімі Маханова Нұрайхан Бектұрғанқызы
Адамның қымбаттысы - өмір. Бұл өмірге шыр етіп келген әрбір пенденің өмірі біріншіден Алланың,
екіншіден өз қолында. Сондықтан оны «қайран босқа өткен жылдарым – ай» - деп өкінбейтіндей әтіп
өткізу   керек.   Қай   жағдайда     болмасын   мақсатқа   жету   үшін   денсаулықтың   алар   орны   дара.   Яғни
денсаулық мықты болса оған білім мен біліктілікті қоссақ, адам баласы алмайтын қамал болмайды.
Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер, салауатты байлық өмір – ең басты байлық. 1997 жылы
Елбасының « Қазақстан 2030» жолында салауатты өмір салтын ынталандыру, әрқайсысымыздың дене
тәрбиесімен   айналысуымызға,   азаматтардың   салауатты   өмір   салтын   насихаттау,   теріс   әдеттерден
спортқа   көшіру   –   делінген.   Осының   нәтижесінде   дене   тәрбиесі   мен   спорт   бойынша   жүргізілген
жұмыстар   елімізге   деген   сүйіспеншілік   пен   адамгершілікті     қалыптастыруы   тиіс.   Жас
ұрпақтарымызды   дені   сау   болу.   Білімді   денсаулығы   зор   ұрпақ   өсіру   жан   –   жақты   білім   беру
денсаулықты   сақтауға   үйрету,   кез   –   келген   әрбір   адам   физикалық,   рухани   әлеуметтік   тұрғыдан
денсаулығы мықты болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Оқушылар күнделікті өмірде сабақта болған, үй тапсырмасын орындаған кезеңдерде көптеген қимыл
- әрекеттер, қозғалыстар жасайды. Осының бәрі дененің жекелен мүшелерінің қалыптасып жетілуіне
өз әсерін   тигізеді. Организм өз шамасы  клктін жаттығу мен дұрыс ұйымдастырылған жұмыстарды
орындағанда ғана өсіп – жетіледі. Себебі дененің қалыптасуы мен адамның жеке басының қасиеттері
бір   –   бірімен   тығыз   байланысты.   Денені   жүйелі   түрде   шыныұтыру   мен   денсаулықты   нығайту
адамның ой – саласының өсуі мен шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді,әр уакытта
окушылар бойында сауықтыру, тәрбиелеу, білім беру міндеттері қатар жүрсе организмнің бірқалыпты
дамуына   әсер   тигізеді.   Бұл   міндеттердің   негізгі   көрсеткіші   –   адамның   денсаулығын   жақсартып,
қалыптастыру және денені дамыту. Дененің демуы дегеніміз - өмірде адам организмінің қызметі мен
формаларының   өзгеріп   жетіліп   отыруы.   Дененің  сау   болуын   қандай  адам   қаламайды?   Денсаулық
дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Дені сау адам өзі үшін де, қоғам үшін де керек. 
Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы. Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі , жарқын келешегі

үнемі   денсаулық   мәдениетінің  қаншалықты   дәрежеде   қалыптасуына   байланысты.   Денсаулық   –  ел
дамуының басты арқауы. Денсаулықты сақтаудың бірден – бір дұрыс жолы – зианды жат қылықтарға
үйренбей, салауатты өмір сүру.
Ғасыр дерті дегеніміз – қазіргі таңда бүкіл әлемге кеңінен тарап, ушығып тұрған мәселелер.
Адамның рухани өсуімен денесінің өсіп жетілуі балалық  шақта қалыптасады. Гимнастикамен, жеңіл
отлетикамен, жүзумен, шаңғымен т.б спорт ойындарымен жүйелі түрде және үздіксіз айналысатын
балалар   дені   сау   болып   қана   қоймай,   дене   жаттығуларын   орындаумен   айналыспаған   өздерінің
құрдастарына қарағанда сергек саналы болып өсетінін ғылым мен өмір тәжірибесі толық дәлелдеп
отыр. Дене тәрбиесімен айналысатын оқушы жақсы оқып, білгендерін іске асыратын табанды, жігерлі
азаматтар қатарына қосылады.  Спорт қоғамға  жат қылықтармен күресуге көмектесетіні  ұжымдық
және өзара көмек беру сезімдерін жетілдіретіні, белсенді өмірлік көзқарасты тәрбиелейтіні жоғарғы
адамгершілік   қасиеттерді   қалыптастыратыны   –   өмірде     белгілі   болған   қағидалар.   Күштілік,
төзімділік,   жылдамдық,   икемділік,   сергектік,   өмірге   деген   құштарлық,   мықты   денсаулық   тәрізді
сапалық қасиеттер дене шынықтырумен спорт арқылы орнығып қалыптасады. Ұлттық спорт түрлері
мен ойындар дене тәрбиесінің маңызды құралымен әдісі ретінде адамның бүкіл тіршілік тұрмысында
өзінің маңызын жоғалтпайды, тек олардың маңызы мен өткізілу әдістері өзгеріп отырады. Ойын өсіп
келе жатқан ұрпаққа білім мен тәрбие берудің ертеден қлыптасқан құлралы.      Сондықтан ойындар
оқушыларды болашақ өмірдегі еңбек қызметіне даярлап, тәрбиелік міндеттердің  кең ауқымын шешу
үшін   арнайы   ұйымдастырылады.   Ойындардың   ұйымшылдықты,   еңбекқорлықты,   тапқырлықты,
алғырлықты   дамытудағы,   қозғалыс   үйлесімділігін   жетілдірудегі   маңызы   аса   зор.   Бұл   қабілет   –
қасиеттердің бәрі де ойын арқылы қалыптасады. Ойындар баланың жалпы дене дайындығының жан-
жақты дамуына терең әсер беретін құрал болып табылады. Ойындардың көмегімен жүгіру, секіру,
лақтыру, тасымалдау, ойлау сияқты өмірлік маңызды дағдылардың арқасында жылдамдық, ептілік,
күш, төзімділк, иемділік дене қсиеттері жетілді. 
Ойындағы   қимыл-қозғалыстар   адамға   тән   іс-әрекеттің   жеке   түрі   болып   табылады.   Олар   адам
қалыптаса бастаған алғашқы кезеңдерден-ақ басталып, кейінгі даму тарихында да бірге келе жатыр.
Бір ұрпақтың келесі ұрпаққа тәрбие үйрету қажеттілігінен де ойындардың пайда болуы жайғасады.
Ойындардың пайда болуы еңбекпен, адамды, табиғатты бағалауға жетелеген белсенді іс-әрекетімен
тікелей байланысты. Алғашқы аңшылық, кейін мал өсіру жер өңдеу шарушылығымен байланысты
өмірлік үрдістер бала ойындарының даму негізін құрайды. Осы аталған ерекшеліктер ойын мен еңбек
арасындағы   тығыз   байланыспен   өзара   әсерді   көрсетеді.   Осыдан   жеке   адамның,   сондай-ақ   тұтас
қоғамның дамуын қамтамасыз ететін ойынның әлеуметртік қызметі   көрінеді. Ойындардан халық
дәстүрі оның өмірі мен тәжіриебесінің ғасырдық жиынтығын молынан байқаймыз. Әсіресе ұлттық
ойындардан көрінеді. «Бұл елде қандай халық тұратынын білгің келсе, балалардың ойындарына қара»
деген  монғол   мақалы  сөзіміздің   дәлелі   іспетті.   Ұлттық   ойындар  мен   дене   жаттығулары  мектепте
үнемі   кеңінен   қолданылады.   Олардың   көбі   ресми   бағдарламаға   еңген.   Сондай-ақ   мектептен   тыс,
сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарындада кеңінен қолданылады. Ұлттық қозғалыс ойындарының
дене дамуын қалыптастырудағы маңызы өте зор. Халықтың педагогикалық бір құралы бола отырып
ойындар   жасөспірім   ұрпақтың   моральдық,   ерік-жігер,   адамгершілік   қасиеттерін   дамыту,   қимыл
дағдысы   мен   білімін,   еңбек   қабілетін,   ұйымдастырушылық   және   басқа   сапаларды   да
қалыптастырады. 
Ұлттық қозғалыс ойындары дене шынықтыруда даярлық пен қабілетті анықтайтын өзіндік өлшем ған
емес,   өсіп   келе   жатқан   ұрпаққа   жоғары   гуманистік   қасиет   пен   әдепті   тәрбиелеу   мақсатындағы
халықтық   педагогиканың   құралы   болып   табылады.   Сондықтан   да   оқушылармен   жұмыс   істеуде
ұлттық қозғалыс ойындарының жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған бай тәжірибесін қолдану қажет.
Халықтық   педагогиканың   таусылмас   қазынасы   бола   отырып,   ойындар   қазіргі   жағдайда   да   күшті
құралға айналып отыр. Себебі мұнда тәрбие жұмысын жүргізудің күнделікті тәжірибесінда қажетті
қағидалар бар. Ойын мәліметтерінен қазіргі заман талабына сай ең бір қажетті ыңғайлы  элементтерді
таңдап алу қажет. 
Ұлттық  қозғалыс  ойындары  сол  халықтың  дәстүр-салтымен  байланысты.           Бірақ  дене  тәрбиесі
дәстүрі   қатып   қалған   қозғаусыз   емес,   үнемі   өзгеріске   ұшырап   отырады.   Осыған   орай,   нақты
жағдаймен     қолдану     ыңғайына   қарай   ұлттық   ойын   түрлері   үнемі   өзгертіліп   отыруы   тиіс.   Дене
тәрбиесінің   жалпы   жүйесінде   ұлттық   ойындарға   көп   орын   бөлінген   олардың   көмегімен   әр   түрлі
жастағы балалармен, жасөспірімдердің дене тәрбиесі мен көп міндеттер атқарылады. Оқушылардың
дене   дамуын   жетілдіру   үшін   қолданылатын   кез   келген   ұлттық   ойын   міндетті   түрде   сауықтыру,
шынықтыру,   салауатты   өмір   салтын   қалыптастыру,   білім   беру   және   тәрбиелеудің   ең   жоғарғы
міндеттерін атқаруға тиіс. Сондықтан да ойын барысында үйрету әдістеріне аса жоғары талаптар

қойылады.   Әсіресе   мектеп   оқушыларын   тәрбиелеу   мақсатында   ұлттық   қозғалыс   ойындарды
қолдануға көп күш салу керек. Қозғалыс ойындарына дұрыс басшылық жасаса журек қан-тамыр,
бұлшық ет, тыныс алу және ағзаның басқада жүйелеріне жағымды әсер етеді. Ойынды жүргізгенде
балалардың жас ерекшеліктерін, дене даярлығын есепке алу және жүктемені дәл реттеу қажет. Ойын
тұлғаның қалыптасуына үлкен рөл атқаратын алғашқы қызмет. Ойын кезінде қалыптасқан қарапайым
қимыл   дағдыларынан   кейін   қозғалыс   техникасын   үйрену   оңайға   түседі   және   оны   меңгеруді
жеңілдетеді. Ойын барысында көп рет қайталау дене қасиеттерін  қалыптастыруға көмектеседі. Ойын
әдісі   өзіне   тән   ерекшеліктеріне   қарай     қимыл-қозғалыс   қызметін   кешенді   жетілдіру   әдісі   болып
табылады. Ол ептілік, шапшаңдық, бағдарлау, өз бетімен жұмыс істеу сияқты қабілеттерді жетілдіруге
мүмкіндік   береді.     Шапшаңдықты   дамыту   ойындарының   алдында   қыздырыну   жаттығуларының
маңызы  зор,  ал  ойындар  мен эстафета  барысында  демалу үшін  минуттық үзілістер  жасаған жөн.
Ұлттық   қозғалыс   спорт   ойындары     адам   ағзасын   дамытып   қана   қоймай   оның   тұлға   ретінде
қалыптасуына   ықпал   етеді.   Ойын   қызметі,   спорт   секілді   физиологиялық   ғана   емес   психикалық
үрдістермен сипатталады. Ойында мінез құлықтың эмоциялық моделін құруға болады. Бала тәрбиесі
үшін   спорттың   да   осындай   маңызы   зор.   Ұлттық   ойындар   жаттықтыру   үдерісінде   пайдаланатын
құралдар  жүйесінде көмекші, қосымша жаттығу ретінде қолданылатынын ұмытпаған жөн. Спортта
ойын әдісі мен ойынды жаттығудың айрықша түрі ретінде ғана түсіген дұрыс емес ойын әсріесе
балалар   мен   жасөспірімдер   спортын   дамытуда   маңызды   әлеуметік-   педагогикалық   қызметтер
атқарады.   Ең   алдымен   ол   ұжым   құруға   көмектеседі.   Ұжымды   трбиелеу   жарыстарға   дайындық
жүйсімен жоспарланады, ал ойын осындай дайындықтың белсенді құралы болып табылады. Ұлттық
қоөғалыс ойындарының ерекшелігі мінез-құлықпен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал
етеді. Ойында ережелердің рөлі зор оларды мүлтіксіз орындау адамдық пен әділетілік саналы тәртіп
ттәрбиелеуге   ықпал   етеді,   ал   бұл   спорт   үшін   өте   маңызды.           Ұлттық   ойындар   көмегімен
спортшылардың ерік-жігерін тәрбиелеу үшін ойын материалын жақсы білу керек.   
Ұлттық   қозғалыс   ойындарды   ұйымдастыру   және   өткізу   кезінде   тәрбие,   білім   беру,   сауықтыру
шаралары  бір-бірімен   жүйелі   түрде   ұштасқан  ғылыми   тұрғыда   негізделген  болуын   үнемі   ескеріп
отыру   керек.   Ұлттық   қозғалыс   ойындарды   өткізу   кезінде   басқарушылық   мұғалімдерге   немесе
тәрбиешілерге жіктелуі тиіс. Дене тәрбиесі сабақтарыда ұлттық қозғалыс ойындарында  бағдарлама
талаптарына   сәйкес   білім   беру   тәрбиелеу   және   сауықтыру   міндеттерін   шешу   бағытында
қолданылады. 
9.
Білім беру міндеттеріне – жүгіру, секіру, лақтыру дағдылырын жетілдіру және бекіту сонымен
бірге гимнастика,  жеңіл   атлетика, спорт ойындары және  сабақтарында алған қимыл дағдыларын
нығайту, дамыту және тұрақтандыру жатады. 
10.
Тәрбиелеу   міндеттеріне   –  дене   қасиеттерін   шапшаңдық,   ептілік,   күш,   икемділік   және   ері-
жігер қабілеттерін батылдық, адалдық, ұйымшылдық тәрбилеу жатады.
11.
Сауықтыру   міндеттеріне   –   оқушылардың   ағзасының   дамуы   олардың   денсаулығының
нығайтуы, салауатты өмір салтын қалыптастыру жатады.
          Жас ұрпақ бойында Салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға
тәрбиелеу.  «  Дені  саудың  жаны сау».  Әрине  денің  сау болмаса  рухани сау  бола  алмасың  белгілі.
Денсаулықты сақтау, жат қылықтардан аулақ болу өміріміздегі келелі мәселелердің, міндеттердің бірі.
Жеке адамның да, қоғамның да, мемлекеттің де басты байлығы – денсаулық.
Осындай   байлығымызға   балаған   денсаулығымыздың   қамын   ерте   бастан   ойлауымыз   қажет   екенін
естен шығарып алатынымыз өкінішті. Ынтымағы, бірлігі жарасқан елімізде адам адам денсаулығын
нығайту   жолында   үкіметіміз   ерекше   көңіл   бөліп   отыр.   Жат   қылықтарды   саралап   қарасақ,   адам
қолынан жасалып, қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізеді. Адам өмірі – оның денсаулығында.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет