“Stupid words” стратегиясы- адасып кеткен әріптер.
Орындары ауысқан әріптерді орнына қою.
Csholo-school bnak-bank
Face-café hsiaoplt-hospital
Okob-book tyic-city
Kpar-park qsauer-square
«Әлемді шарлау» стратегиясы. Бір тақырып бойынша жобасын құру. Әр топтың президенті өз жобасын қорғайды. Қалғандары шеңбер бойымен басқа топтардың жобаларын тыңдайды, бағалайды.
«Пікірталас. Дәлелденген эссе» стратегиясы.
Бұл стартегияны оқушылардың жазбаша тілін дамыту барысында да қолдануға өте тиімді.
Мысалы: таныс емес адамды қондыртуға бола ма?
Иә Жоқ
Әрбір дәлелге қарама-қарсы дәлел жазу.
Белгілі бір тақырып бойынша екі оқушы шығып, пікірталас өткізеді. Бірі сол берілген тақырып бойынша теріс пікір айтса, ал екінші тура пікірде болады. Бұл оқушылар тоқтамастан, өз ойларын білдіріп, қарсыласына жауап қайтарып отыру керек. Ал сынып оқушылары болса, осы екі жақтың өзіне қайсысы ұнаса, сол топқа аусады. Себепті дәлелдер айтылған сайын оқушы да өз ойынан тайып, екінші топқа өтуі мүмкін. Оқушылар бөлініп, айтылған деректерді пайдалана отырып эссе жаздыру.
«Шығу парағы» стратегиясы
Біз бүгінгі сабақта нені үйрендік?
2. Қандай сұрақ бар?
3. Пікіріңіз…
«Авторға сұрақ қою» стратегиясы
Мәтінді төрт бөлікке бөлу. Автор және оқырмандарға бөлу. Осы мәтіннен қандай мағлұмат алғаны туралы айтады.
«Араласып кеткен оқиға» стратегиясы. Шашыранды түрде араласып кеткен мәтін беріледі. Сол бөлшектерден мәтін құрастыру.
“Куббизм” стратегиясы
1. Суреттеу – түрі, түсі, формасы, көлемі, портреті.
2. Салыстыру – ұқсастығы, ерекшелігі, немен айналысуға болатындығы.
3. Талдау – қалай істелінген, неден жасалған, ненің нәтижесінде, зертте, не болуы мүмкін.
4. Таңдау – не туралы ойлануға жетелейді, талқылау немесе қарсы пікір айту.
5. Қолдану – бұдан не істеуге болады, қолданысы, қалай, қайда қолдануға болады.
6. Бағалау – оймен байланыстыру, жақсы-жаман жағы, мүмкін болатын жағдайлары, бірнеше себептері, келісу не қарсы шығу
Side one- Describe it, recall, name, locate, list.
Side two- Compare it, contrast, explain, write.
Side three- Associate it, connect, make design.
Side four- Analyze it ,review, discuss, diagram.
Side five- Apply it, propose, suggest, prescribe.
Side six –Argue for/against it, debate, formulate, support.
Достарыңызбен бөлісу: |