26. Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі туралы лингвист ғалымдардың тұжырымдарын саралап, өз көзқарасыңызды ПОПС формуласы бойынша дәлелдеңіз Менің ойымша, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін академик Ә. Қайдари алғаш рет осы мәселені қозғап, орыс жазуына негізделген қазақ жазуының әліпбиінен латын әліпбиіне көшу туралы жазған еді. Латыннан бұрын қазақ тілінің таңбалық жүйесін жасауды шетелдік ғалымдар кириллицадан бастағаны белгілі. Сонымен бірге, біздіңше, тағы бір артықшылық артық орыс әріптерін қазақ әліпбиіне енгізбеуінде деп білеміз. Әліпби өзгерген сайын орфографиялық нормалар да өзгереді, ал орфоэпиялық нормалар өзгеріске түсе бермейді. Алайда әріпке сүйене сөйлеу етек алған кезде тілдің басты өзегі болатын орфоэпиялық нормаларға да қауіп төнетінін бүгінгі күннің өзгерісі көрсетіп отыр.
Себебі мен оны былай түсіндіремін, мың жылға жуық араб жазуында болған қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары да соған байланысты өзгеріске ұшырағаны анық. Алайда бұл өзгеріс араб-парсы сөздерін сол тілдердің айту нормаларына байланысты дыбыстаудан туғаны анық. Оған дәлел, Абайдың өлеңдері мен қарасөздеріндегі араб-парсы сөздерінің дыбысталуын алсақ та жеткілікті.
Мен мұны мына мысалдармен дәлелдей аламын, Елбасы қол қойған қазан айының 2017 жылдың 9 күні тағы бір апострофтары бар 33 әріптен жоба ұсынылды. Одан соң апострофтар үйлеспейтін болғандықтан, оған өзгерістер енгізуге мәжбүр болды.Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 19 ақпан № 637 жарлығымен «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұнда «латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын» деп жазылған.
Осыларға сүйене отырып, мен мынадай қорытындыға келдім, Бұл өзгерістің басты артықшылықтары апострофтардың болмауы және халықаралық таңбалау жүйесіндегі диграфтардың енгізілуі деп есептейміз. Атап айтқанда, Қазақстан латын графикасына көшкен түркі мемлекеттері ішінде әліпби жасаудың тәжірибесін ескеріп, тіліміздің әуезділігін толық сақтайтын, дыбыстық жүйеге шақ келетін және жаңа компьютерлік технология заманының талаптарын ескеретін ең озық әліпбиге біртабан жақын келді деп санаймын.