33. Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиі. Блун таксаномиясы бойынша талдап шығыңыз.
Бағалау
Жинақтау Талдау Қолдану
Түсіну Білу
Білу, Араб-қазақ алфавитінің ескі және реформаланған жаңа түрі. 1924 жылы жаңартылған алфавитінің қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне біраз икемделуі. Әріп саны ықшамдалып, 32 әріптен 25 әріпке түсуі.
Түсіну, араб әрпінен қазақ әліпбиіне 14 әріпті өзгертпестен дайын күйінде алдық, 5 әріпке ереже қосып алды. Латын әрпінің өзгертпестен алдық дегеннің өзінде 15 әрпін-ақ алуға жараған, ал қалған 7 әрпін өзгертіп алуға жараған және ң, й дыбыстарының таңбасын бейнелейтін әріптерді ойдан шығарып таңбалаған. Бұл критерий бойынша араб жазуының таңбалар жүйесі артық болып тұрғанын айтады .
Қолданылу, Қазақ жазуында араб графикасының орны ерекше тарихи кезеңдермен тұстас келді. Араб жазуының түркі тілдерінде қолданылуы 11 ғасырдан-ақ басталғаны аян.
Талдау, А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің дыбыстық жүйесін зерттеу барысында 28 дыбыс түрі барлығын, оның дауысты және дауыссыз болып жіктелетінін, араб харіпі қазақ жазуындағы жіңішке дауысты дыбысты ажырату үшін қойылатын белгі — дәйекшені енгізудің қажеттілігін, бұл арқылы тіліміздің төл дыбыс жүйесіне тән үндестік заңы бойынша жуан не жіңішке айтылатын буын табиғатын аңғартуға болатындығын қарапайым тілмен түсіндіріп береді.
Жинақтау, А.Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. қазақ балалары 1902 жылдан бастап
бастауыш мектептерде оқытыла бастағанымен, ресми түрде графикасы болған жоқ, орыс немес араб графикасын пайдаланды.Әдісі жағынан да, мазмұн жағынан да ескірген көптеген кітаптардан аса артық. Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық.»
Бағалау, Қазақ даласындағы алғаш сауат ашу, оқу-ағарту майданында алға басуға зор серпіліс туғызып, хат таныған көпшілікке кең таралып, төте жазу деген ат иемденеді. Өз уақтысында кеңге құлаш жайғанын бүгінгі кездегі шетелдегі қазақ диаспорасының көпшілігі осы төте жазу үлгісін жақсы білетіндігінен көруге болады.