ESL96361LO
................................................ .............................................
KK ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНА
ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
RU ПОСУДОМОЕЧНАЯ
МАШИНА
ИНСТРУКЦИЯ ПО
ЭКСПЛУАТАЦИИ
17
UK ПОСУДОМИЙНА МАШИНА
ІНСТРУКЦІЯ
33
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
3. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
4. БАҒДАРЛАМАЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
5. ФУНКЦИЯЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
6. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
7. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
8. АҚЫЛ-КЕҢЕС . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
9. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
10. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
11. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен
инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық
бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге
қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.RegisterElectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы
бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
www.electrolux.com
1. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында
бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып
шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен
дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам
жарақат алса және ақаулық орын алса
өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап
қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз
адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын!
Тұншығып қалу, жарақат алуы
немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
• Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-
есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ
немесе қолдана білмейтін адамдарға,
балаларға оны іске қосуға рұқсат бермеңіз.
Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін адамның нұсқауы
немесе қадағалауы бойынша пайдалануға
тиіс.
• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат
бермеңіз.
• Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз.
• Жуғыш заттардың барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
• Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар
мен үй жануарларын алыс ұстаңыз.
1.2 Орнату
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
• Құрылғыны температурасы 0 °C градустан
төмен жерге орнатпаңыз немесе
қолданбаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған
конструкциялардың қауіпсіз болуын
қамтамасыз етіңіз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Құрылғының қорек сымын
ауыстыру қажет болса, оны міндетті түрде
қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға
тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
• Қорек сымын немесе ашасын су қолмен
ұстамаңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
Суға қосу
• Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым
келтірмеңіз.
• Құрылғыны жаңа құбырларға немесе ұзақ
уақыт қолданылмаған құбырларға
жалғамай тұрып, суын тазарғанша
ағызыңыз.
• Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде еш
жерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген екі
қабат қаптамадан тұрады және қауіпсіздік
клапанымен жабдықталған.
ҚАЗАҚ
3
Назарыңызда болсын!
Қатерлі кернеу.
• Егер су құятын түтік бүлінсе, ашаны дереу
розеткадан суырыңыз. Су құятын түтікті
ауыстыру үшін Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
1.3 Қолданылуы
• Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде
аталған жерлерде қолдануға арналған:
– Дүкендердің, кеңселердің және басқа
жұмыс орындарының қызметкерлерге
арналған ас бөлмелерінде
– Фермадағы үйлерде
– Қонақ үйлерде, мотельдер мен басқа да
тұрғынды жерлерде
– Төсек және таңғы аспен қамтамасыз
ететін жерлерде.
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, күйіп қалу, электр
немесе өрт қаупі бар.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
• Өткір ұшты пышақтар мен ас
құралдарының ұштарын төмен қаратып
немесе көлденеңінен қойып ас
құралдарына арналған себетке салыңыз.
• Құрылғының есігі ашық тұрған кезде
соғылып қалмас үшін қараусыз
қалдырмаңыз.
• Ашық тұрған есікке отырмаңыз немесе
үстіне шықпаңыз.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш
заттар қауіпті. Жуғыш заттың орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе ішуге
болмайды.
• Ыдыстарды бағдарлама аяқталғанша
құрылғыдан алмаңыз. Ыдыстарда жуғыш
зат болуы мүмкін.
• Бағдарлама орындалып тұрғанда құрылғы
есігін ашсаңыз, ыстық бу шығуы мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және
буды қолданбаңыз.
1.4 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу
қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
4
www.electrolux.com
2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
1 2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
Үстіңгі бүріккіш түтік
2
Астыңғы бүріккіш түтік
3
Сүзгілер
4
Техникалық ақарат тақтайшасы
5
Тұз сауыты
6
Шайғыш зат үлестіргіші
7
Жуғыш зат үлестіргіші
8
Ас құралдары себеті
9
Астыңғы себет
10
Үстіңгі себет
2.1 Жарық сәулесі
• Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
құрылғы есігінің астыңғы жағындағы
еденде қызыл жарық сәулесі көрінуі мүмкін.
Бағдарлама аяқталған кезде қызыл жарық
жасыл жарыққа айналады.
• Құрылғыда ақаулық пайда болған кезде,
қызыл жарық жыпылықтайды.
Құрылғы сөнген кезде жарықтың
сәулесі сөнеді.
3. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
5
4
1
2
3
1
Қосу/Өшіру түймешігі
2
Бейнебет
3
Кешіктіру түймешігі
4
Бағдарлама түймешіктері
5
Индикатор шамдары
ҚАЗАҚ
5
Индикатор
шамдары
Сипаттама
Тұз индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда бұл үнемі сөніп
тұрады.
Шайғыш зат индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда бұл үнемі
сөніп тұрады.
Multitab индикаторы.
4. БАҒДАРЛАМАЛАР
Бағдарлама
1)
Кірдің ауқымы
Ыдысты салу
түрі
Бағдарлама
циклдар
Ұзақтық
(мин)
Қуат
(кВт)
Су
(л)
2)
Қалыпты
кірленген
Ыдыс-аяқтар
мен ас
құралдары
Алдын ала жуу
Жуу 50 °C
Шаю циклдары
Кептіру
195
0.91
9.9
3)
Барлығы
Ыдыс-аяқтар,
ас құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Жуу 45 °C
градустан 70 °C
дейін
Шаю циклдары
Кептіру
40 - 150
0.6 - 1.4
8 - 14
Қатты
ластанған
Ыдыс-аяқтар,
ас құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Жуу 70 °C
Шаю циклдары
Кептіру
130 - 150
1.3 - 1.4
13 - 15
4)
Жаңа ластанған
Ыдыс-аяқтар
мен ас
құралдары
Жуу 60 °C
Шаю
30
0.8
9
5)
Барлығы
Алдын ала жуу
14
0.1
4
1) Мәндерді судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқуы, параметрлер және ыдыс-
аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
2) Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жуғанда, су
мен қуат барынша тиімді жұмсалады. (Бұл сынақ мекемелеріне арналған стандартты бағдарлама).
3) Құрылғы себеттердегі заттардың қаншалықты ластанғанын және заттардың санын анықтай алады.
Ол судың температурасы мен мөлшерін, қуаттың тұтынылу шамасы мен бағдарлама уақытын
автоматты түрде реттейді.
4) Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт ішінде жақсы
нәтиже береді.
5) Бұл бағдарламаны ыдыстарды жылдам шаю үшін қолданыңыз. Бұл қалдықтардың ыдыстарға
жабысып, құрылғыдан жағымсыз иіс шығуына жол бермейді.
6
www.electrolux.com
Бұл бағдарламаны қолданғанда, жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
Сынақ институттарына арналған ақпарат
Сынақ өткізуге қажетті ақпараттар туралы хабарларды мына эл.поштаға жолдаңыз.
info.test@dishwasher-production.com
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы құрылғының нөмірін (PNC) жазып қойыңыз.
5. ФУНКЦИЯЛАР
Параметрлерді бағдарламаны
бастамай тұрып іске қосыңыз немесе
сөндіріңіз. Параметрлерді
бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
қосу немесе сөндіру мүмкін емес.
Егер бір немесе бірнеше
параметрлер орнатылса, тиісті
индикаторлардың бағдарламаларды
бастамай тұрып қосылғанына көз
жеткізіңіз.
5.1 Multitab
Бұл параметрді аралас жуғыш таблеткаларды
қолданғанда ғана іске қосыңыз.
Бұл параметр шайғыш зат пен тұзды ағызбай
тоқтатады. Тиісті индикаторлар сөнеді.
Бағдарламаның уақыты ұзарады.
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз,
"Бағдарламаны орнату және бастау"
тарауын қараңыз.
3.
және
түймешігін қатар басып
ұстап тұрыңыз.
• Multitab индикаторы жанады.
Егер аралас таблетканы қолдануды
тоқтатсаңыз, жуғыш зат, шайғыш зат мен
ыдыс жуғыш тұзды жеке-жеке қолданар
алдында мына қадамдарды орындаңыз:
1. Су жұмсартқышты ең үлкен мәнге
қойыңыз.
2. Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішінің
толы екеніне көз жеткізіңіз.
3. Шаю циклы бар ең қысқа жуу
бағдарламасын, жуғыш зат қолданбай
және ыдыс салмай орындаңыз.
4. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын жердегі
судың кермектігіне лайықтап қойыңыз.
5. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін
реттеңіз.
Бұл параметрді
циклында
қолдануға болады.
5.2 Дыбыстық сигналдар
Құрылғыда ақау пайда болған кезде
дыбыстық сигналдар қосылады. Бұл
дыбыстық сигналды сөндіру мүмкін емес.
Бағдарлама аяқталған кезде де дыбыстық
сигнал естіледі. Әдетте бұл дыбыстық сигнал
сөніп тұрады, бірақ оны қосуға болады.
Бағдарлама аяқталған кезде естілетін
дыбыстық сигналды қалай қосуға болады
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз. Құрылғының
параметрлерді орнату режимінде
тұрғанына көз жеткізіңіз, "Бағдарламаны
орнату және бастау" тарауын қараңыз.
2.
және
түймешіктерін
,
және
индикаторлары жыпылықтай бастағанша
бірге басып ұстап тұрыңыз.
3.
түймешігін басыңыз.
•
және
индикаторлары
сөнеді.
•
индикаторы жыпылықтауын
жалғастырады.
• Бейнебетте ағымдық параметр
көрсетіледі.
Дыбыстық сигнал қосулы.
Дыбыстық сигнал сөндірулі.
4. Параметрді өзгерту үшін
түймешігін басыңыз.
5. Құрылғыны сөндіру және параметрді
растау үшін қосу/сөндіру түймешігін
басыңыз.
ҚАЗАҚ
7
6. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Су жұмсартқыштың қойылған деңгейі
тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне
сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе,
су жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
Тұратын жеріңіздегі судың кермектігін,
жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне
хабарласып біліңіз.
2. Тұз сауытын толтырыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
4. Су құятын шүмекті ашыңыз.
5. Құрылғыда өндіру үрдісінің қалдықтары
қалуы мүмкін. Оларды тазалау үшін
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш затты
қолданбаңыз және себеттерді
толтырмаңыз.
6.1 Су жұмсартқышты реттеу
Су қысымы
Су жұмсартқыш
реттеу
Германия
градусы
(°dH)
Франция
градусы
(°fH)
ммоль/л
Кларк
градусы
Деңгей
47 - 50
84 - 90
8.4. - 9.0
58 - 63
10
43 - 46
76 - 83
7.6 - 8.3
53 - 57
9
37 - 42
65 - 75
6.5 - 7.5
46 - 52
8
29 - 36
51 - 64
5.1 - 6.4
36 - 45
7
23 - 28
40 - 50
4.0 - 5.0
28 - 35
6
19 - 22
33 - 39
3.3 - 3.9
23 - 27
5
1)
15 - 18
26 - 32
2.6 - 3.2
18 - 22
4
11 - 14
19 - 25
1.9 - 2.5
13 - 17
3
4 - 10
7 - 18
0.7 - 1.8
5 - 12
2
< 4
< 7
< 0.7
< 5
1
2)
1) Зауытта орнатылған параметр.
2) Тұзды осы деңгейге қойып қолданбаңыз.
Су жұмсартқыштың деңгейін қалай
реттеуге болады
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз. Құрылғының
параметрлерді орнату режимінде
тұрғанына көз жеткізіңіз, "Бағдарламаны
орнату және бастау" тарауын қараңыз.
2.
және
түймешіктерін
,
және
индикаторлары жыпылықтай бастағанша
бірге басып ұстап тұрыңыз.
3.
түймешігін басыңыз.
•
және
түймешіктерінің индикаторлары сөнеді.
•
түймешігінің индикаторы
жыпылықтауын жалғастырады.
• Бейнебетте су жұмсартқыштың
ағымдық параметрі көрсетіледі,
мысалы,
= 5-ші деңгей.
4.
Параметрді
түймешігін қайта-қайта
басып өзгертіңіз.
5. Құрылғыны сөндіру және параметрді
растау үшін қосу/сөндіру түймешігін
басыңыз.
8
www.electrolux.com
6.2 Тұз сауытын толтыру
1.
Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап ашыңыз.
2.
Тұз сауытына 1 литр су құйыңыз (ең
алғаш қолданғанда ғана).
3.
Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина
тұзынан салыңыз.
4.
Тұз сауытының ернеуіндегі тұзды
тазалаңыз.
5.
Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің
бағытымен бұрап жабыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұз сауытын толтырған кезде одан су
және тұз ағуы мүмкін. Тот басу қауіпі
бар. Бұндай жағдайға жол бермеу
үшін тұз сауытын толтырғаннан кейін
бағдарламаны бастаңыз.
6.3 Шайғыш зат үлестіргішін толтыру
A
B
D
C
M AX
1
2
3
4
+
-
A
B
D
C
1.
(D) босату түймешігін басып, қақпақты (C)
ашыңыз.
2.
Шайғыш зат үлестіргішін (A) толтырыңыз,
'max' деңгейінен асырмаңыз.
3.
Төгіліп қалған шайғыш зат қатты
көпіршімес үшін сіңіргіш шүберекпен
тазалаңыз.
4.
Қақпақшаны жабыңыз. Босату
түймешігінің бекіту қалпына қойылғанына
көз жеткізіңіз.
Үлестіру мөлшерін реттеу тетігін (B) 1
(ең аз мөлшер) және 4 немесе 6 (ең
көп мөлшер) аралығына қоюға
болады.
ҚАЗАҚ
9
7. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз. Құрылғының
параметрлерді орнату режимінде
тұрғанына көз жеткізіңіз, "Бағдарламаны
орнату және бастау" тарауын қараңыз.
• Тұз индикаторы қосулы тұрса, тұз
сауытын толтырыңыз.
• Шайғыш зат индикаторы қосулы тұрса,
шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
3. Себеттерді толтырыңыз.
4. Жуғыш заттан қосыңыз.
• Егер аралас жуғыш таблеткаларды
қолдансаңыз, multitab функциясын іске
қосыңыз.
5. Бағдарламаны салынған заттар мен
олардың ластану деңгейіне қарай дұрыс
орнатыңыз да, іске қосыңыз.
7.1 Жуғыш затты қолдану
A B
D
30
20
C
M AX
1
2
3
4
+
-
B
2 0
0
3
A
D
C
1.
(B) босату түймешігін басып, қақпақты (C)
ашыңыз.
2.
Жуғыш затты (A) бөлігіне салыңыз.
3.
Егер бағдарламаның алдын ала жуу циклі
бар болса, (D) бөлігіне жуғыш заттан
аздап салыңыз.
4.
Жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз,
оларды жуғыш зат үлестіргішіне (A)
салыңыз.
5.
Қақпақшаны жабыңыз. Босату
түймешігінің бекіту қалпына қойылғанына
көз жеткізіңіз.
7.2 Бағдарламаны орнату және
бастау
Auto Off функциясы
Бұл функция пайдаланылатын қуат мөлшерін
азайту үшін, құрылғыны келесі жағдайларда
бірнеше минуттан кейін автоматты түрде
сөндіреді:
• Бағдарламаны бастау үшін есікті
жаппасаңыз.
• Бағдарлама аяқталғанда.
Параметрлерді орнату режимі
Құрылғы кей параметрлер үшін параметрді
орнату режимінде тұруға тиіс.
Құрылғыны іске қосқаннан кейін
параметрлерді орнату режимінде тұрады
индикаторы жанады және дисплейде
бағдарламаның ұзақтығы көрсетіледі.
Егер басқару панелінен бұны көрмесеңіз
және
түймешіктерін
индикаторы жанғанша қатар басып
ұстап тұрыңыз.
10 www.electrolux.com
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ
бағдарламаны бастау
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз. Бағдарламаның
индикаторы
жанады. Бейнебетте
бағдарламаның ұзақтығы көрсетіледі.
3. Бағдарламаны орнатыңыз.
• Егер
бағдарламаны
бастағыңыз келсе, құрылғының есігін
жабыңыз.
• Егер басқа бағдарламаны орнатқыңыз
келсе, орнатқыңыз келген
бағдарламаның түймешігін басыңыз.
Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы
көрсетіледі.
4. Құрылғы есігін жабыңыз. Бағдарлама
басталады. Бағдарламаның уақыты 1
минутқа тең қадаммен азая бастайды.
Кешіктіріп бастау функциясы бар
бағдарламаны бастау
1. Бағдарламаны орнатыңыз.
2.
түймешігін дисплейде орнатқыңыз
келген кешіктіріп бастау уақыты (1-24
сағат) көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз.
• Дисплейде кешіктіріп бастау уақыты
көрсетіледі.
•
индикаторы жанады.
3. Құрылғы есігін жабыңыз. Кері санақ
басталады.
• Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама
басталады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
есікті ашу
Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті
жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен
бастап жұмыс істейді.
Кері санақ жұмыс істеп тұрған кезде
кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтату
ешіктіріп бастау функциясын біржола
тоқтатқан кезде бағдарлама мен
функцияларды қайта орнату керек.
1.
және
түймешіктерін
индикаторы жанғанша қатар
басып ұстап тұрыңыз.
Бағдарламаны біржола тоқтату
1.
және
түймешіктерін
индикаторы жанғанша қатар
басып ұстап тұрыңыз.
Жаңа бағдарламаны бастар
алдында, жуғыш зат үлестіргіште
жуғыш заттың бар екеніне көз
жеткізіңіз.
Бағдарламаның соңы
Бағдарлама аяқталған кезде бейнебетте 0:00
көрсетіледі.
1. Қосу/сөндіру түймешігін басыңыз немесе
Auto Off функциясының құрылғыны
автоматты түрде сөндіруін күтіңіз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
Маңызды
• Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан суығаннан
кейін ғана алыңыз. Ыстық ыдыстар осал
келеді.
• Алдымен астыңғы себеттегі, содан кейін
үстіңгі себеттегі ыдысты алыңыз.
• Құрылғының қабырғалары мен есігіне су
тұруы мүмкін. Тот баспайтын болат, ыдыс-
аяққа қарағанда тез салқындайды.
8. АҚЫЛ-КЕҢЕС
8.1 Су жұмсартқыш
Кермек судың құрамында құрылғыға нұқсан
келтіруі және жуу нәтижесіне жаман әсер етуі
мүмкін минералдар өте көп мөлшерде
кездеседі. Су жұмсартқыш бұл минералдарды
бейтарап етеді.
ҚАЗАҚ
Достарыңызбен бөлісу: |