1. жалпы мәліметтер оқытушы



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата02.02.2023
өлшемі0,66 Mb.
#64637
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




 


 
 
 
 
1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР 
Оқытушы: Якудина Р.С., аға оқытушы, yakudina777@mail.ru., ID номері 2164167389, пароль 
fCaGP7
Пәннің қысқаша сипаттамасы«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу бағдарламасы – бизнес-ойлау психологиясын тәжірибелік түрде оқыту, 
бизнес-идеяны таңдау дағдыларын алу, бизнес-модельдерді және негізгі кәсіпкерлік қызметті жоспарлауды үйренуді, маркетинг және кәсіпкерліктің 
мақсатты аудиториясымен жұмыс істеу дағдыларын, кәсіпкерлік ресурстарды сату және басқару стратегияларын, қаржылық модельдерді жобалау 
мен инвестицияларды тарту әдістерін, сондай-ақ салықтық және құқықтық сауаттылығы мен кәсіпкерлердің жауапкершілігінің негіздерін зерттеуді 
қарастырады. Бағдарлама негізінде курсты оқу барысында студенттердің өз стартаптарымен дербес жұмыс жасай алуын білдіретін іс-тәжірибеге 
бағытталады. Сонымен қатар бағдарламада алынған білімді жұмыс істеп тұрған қазақстандық және халықаралық компаниялардың мысалдарымен 
қолдана алуды көрсететін кейстер әдісі, сондай-ақ студенттерге кәсіпкерлік-жаттығуларға қатысу үдерісінде алған білімдерін меңгеруге мүмкіндік 
беретін геймификация қағидаты қолданылады. 
Оқыту мақсаты: студенттердің кәсіпкерлік қызмет негіздерін меңгеруде тәжірибелік дайындығын, оның мазмұнын, әлеуметтік-экономикалық 
үдерістердегі маңызы мен орнын қамтамасыз ету. 
Оқыту нәтижелері:
1. Экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін білу, кәсіпкерлік теориясын білу және түсіну; 
2. Практикада бизнесті ұйымдастырудың әртүрлі құқықтық формаларының ерекшеліктерін қолдану; 
3. Бизнестің жұмыс істеуін қамтамасыз етудің әртүрлі аспектілерін тұжырымдау
4. Кәсіпорынның экономикалық қызметінің қол жеткізілген нәтижелерін бағалау; 
5. Бизнестің дамуына түрлі факторлардың әсерін талдау әдістерін меңгеру. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет