10 www.electrolux.com
дақтарды тазартқыш қоймалжыңмен
кетіріңіз.
• Тазалап болғаннан кейін таба тағандарын
дұрыс орнатуды ұмытпаңыз.
• Оттықтар дұрыс жануы үшін таба
тағандарының тармақтары оттықтың
ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба
тағандарын орнына қойған кезде абай
болыңыз.
Тазалап болғаннан кейін құрылғыны жұмсақ
шүберекпен құрғатыңыз.
8. ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
8.1 Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы
Қолдану
0
Off (сөндірулі) қалпы Құрылғыны сөндіруге арналған.
1-8
Температура
мәндерін реттеу
Дәстүрлі тамақ пісіруге арналған температура
деңгейлерінің ауқымы.
(1 - 135 °C; 2 - 150 °C; 3 - 165 °C; 4 - 180 °C; 5 - 195 °C; 6
- 210 °C; 7 - 230 °C; 8 - 250 °C)
Гриль
Жайпақ тағамды грильдің ортасында қақтауға арналған.
Тост жасау үшін.
Тұмшапештің шамы
Тұмшапештің ішін пісіру функциясынсыз
жарықтандыруға арналған. Бұл функцияны қолдану
үшін тұмшапеш шамының түймешігін басыңыз.
8.2 Қауіпсіздік термоэлементі
Қауіпсіздік термоэлементі жұмыс
істеп тұрған термоэлементті
ажыратуға арналған.
Шектен тыс қызып кету салдарынан
тұмшапештің термоэлементіне зақым келмеу
үшін, тұмшапеш тоқты үзетін қауіпсіздік
термоэлементімен жабдықталған.
Температура төмендеген кезде тұмшапеш
қайта автомтты түрде іске қосылады.
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік термоэлементі
тұмшапештің термоэлементі дұрыс
жұмыс істемесе ғана іске қосылады.
Бұндай жағдай орын алған кезде
тұмшапештің температурасы өте
жоғары болады және барлық тағамды
күйгізіп жібереді. Термоэлементті
ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына дереу хабарласу керек.
8.3 Газ тұмшапеште тамақ пісіру
Газ пештің оттығын тұтату:
1.
Тұмшапештің есігін ашыңыз. Есіктің
өздігінен ашылып қалуына жол бермеңіз -
есікті әбден ашылғанша тұтқасынан
сүйемелдеп ұстап тұру керек.
Тұмшапештің оттығын жаққан кезде
тұмшапештің есігін ашық ұстау керек.
2.
Қақпақтың ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Тұмшапешті пайдаланған кезде қатты
қызып кетпес үшін қақпақты ашып қою
керек.
3.
Тұмшапеш функцияларын басқару тетігін
басып, ең жоғары мәнге қойыңыз. Оны
шамамен 15 секунд басып тұрыңыз. Оны
жалын пайда болғанша босатпаңыз.
Тетікті басқан кезде от тұтатқыш
автоматты түрде іске қосылады.
ҚАЗАҚ
11
Егер оттық от алмаса немесе кенет
сөніп қалса:
1.
Тетікті босатып, "off" қалпына
қойыңыз.
2.
Тұмшапештің есігін ашыңыз.
3.
Бір минуттан кейін, оттықты
қайта тұтатып көріңіз.
Қолдан тұтау:
Электр қуаты уақытша үзіліп қалса.
1.
Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2.
Отты тұмшапеш ішінің түбіндегі тесіктің
жанында ұстап тұрыңыз.
3.
Осы кезде тұмшапештің
функцияларының тетігін басып, сағат
тілінің бағытына қарсы бұрап ең үлкен
мәнге қойыңыз.
4.
Жалын шыққан кезде, тетікті шамамен 15
секунд басып ұстап тұрыңыз.
Тұтатқаннан кейін:
1.
Тетікті босатыңыз.
2.
Тұмшапештің есігін жабыңыз.
Назарыңызда болсын!
Тағамды әрқашан тұмшапештің есігін
жауып пісіріңіз.
3.
Тетікті қажетті қызу параметріне қойыңыз.
Тұмшапеш қауіпсіздігі құралы:
Тұмшапеш термоэлементпен жабдықталған.
Ол жалын сөніп қалғанда, газдың берілуін
тоқтатады.
8.4 Тұмшапештің оттығын сөндіру
Отты сөндіру үшін тетікті "off" қалпына
бұраңыз.
8.5 Электрлі грильді пайдалану
Назарыңызда болсын!
Тағамды әрқашан тұмшапештің есігін
жауып пісіріңіз.
Назарыңызда болсын!
Газ тұмшапешін пайдаланған кезде
электрлі грильді пайдаланбауды
ұсынамыз.
Назарыңызда болсын!
Қол жететін бөліктері грильді
пайдаланған кезде ыстық болып
тұруы мүмкін. Жас балаларды алыс
ұстау керек.
Осы функцияны ажырату үшін тетікті "оff"
қалпына койыңыз.
8.6 Гриль индикаторы
Гриль индикаторы ("Бұйым сипаттамасы"
тарауын қараңыз) гриль пісіру функциясы
таңдалған кезде жанады. Ол пеш қажетті
температураға дейін қызған кезде өшеді.
Одан соң жанып-сөну арқылы қажетті
температураның реттелгенін көрсетеді.
8.7 Таймер - Минут операторы
Кері санақ уақытын орнату үшін қолданыңыз.
Әуелі таймер тетігін ("Бұйым сипаттамасы"
тарауын қараңыз) сағат тілінің бағытымен
шегіне дейін бұраңыз. Содан кейін сағат
тілінің бағытына қарсы бұрап қажетті уақытқа
қойыңыз. Уақыт біткен кезде дыбыстық сигнал
қосылады.
Бұл функция тұмшапештің қызметіне ешбір
әсер етпейді.
9. ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
12 www.electrolux.com
9.1 Тұмшапештің керек-жарақтарын салу
Пештің сырғымалы керек-жарақтарының қос
қырлы ұштарын пештің артқы жағына келтіріп,
төмен қаратып салыңыз. Пештің сырғымалы
керек-жарақтарын пеш қатарларының
біріндегі бағыттағыш жолдарға келтіріп
салыңыз.
Тұмшапеш сөресі мен қуыру табасын қатар
орналастыру
Тұмшапештің сөресін қуыру табасының үстіне
қойыңыз. Шұңғыл табаны тұмшапеш
деңгейлерінің біріндегі бағыттағыш жолдарға
келтіріп салыңыз.
9.2 Пісірме табақты салу
Табақты тұмшапештің ішінің ортаңғы жағына,
алдыңғы және артқы қабырғаның ортасына
қойыңыз. Бұл пісірме табақтың алды-артында
ыстық ауаның айналуын қамтамасыз етеді.
Табақты суретте көрсетілгендей, қисық жағын
артқа қаратып салыңыз.
Назарыңызда болсын!
Пісірме табақты тұмшапештің артқы
қабырғасына тигенше итермеңіз.
Себебі бұлай істегенде табақтың
айналасына қызу келуге кедергі
жасайды. Тағамның әсіресе табақтың
артқы жағындағы бөлігі күйіп қалуы
мүмкін.
ҚАЗАҚ
13
10. ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Сақтандыру туралы ескерту!
Өте сулы қоспадан жасалған тортты
пісіру үшін шұңғыл табақты
қолданыңыз. Жемістің шырыны
эмаль қаптамаға кетпейтін дақ
қалдыруы мүмкін.
• Пештің сөре қойылатын төрт қатары бар.
Сөре қатарлары құрылғының астыңғы
жағынан бастап саналады.
• Құрылғының ішіне немесе есігінің
шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл қалыпты
жағдай. Тамақ пісірген кезде есікті әрқашан
артқа шегініп барып ашыңыз. Бу аз
жиналуы үшін тамақ пісірер алдында пешті
10 минут іске қосып қойыңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін
ылғал жерлерін сүртіп отырыңыз.
• Заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз және тағам пісірген кезде
құрылғының бөлшектерін алюминий
фольгамен жаппаңыз. Бұл пісіру
нәтижесіне әсер етіп, пештің эмаль
қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
10.1 Торт пісіру
• Пісіруді бастамай тұрып тұмшапешті 10
минут қыздырып алыңыз.
• Пісіру уақытының 3/4 мөлшері өтпейінше
тұмшапештің есігін ашпаңыз.
10.2 Балық пен етті пісіру
• Салмағы 1 кг-нан аз етті пісірмеңіз. Етті
тым аз мөлшерде пісіргенде, ол тым құрғақ
болып піседі.
• Өте майлы тағамды пісірген кезде, пеште
кетпейтін дақ қалып қоймас үшін май
жинайтын табаны қолданыңыз.
• Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны турамай
тұрып 15 минуттай қоя тұрыңыз.
• Тағамды қуырған кезде пештің іші қатты
түтіндеп кетпес үшін, май жинағыш табаға
аздап су құйыңыз. Түтін жиналып қалмас
үшін суы сарқылған сайын үстінен су құйып
отырыңыз.
10.3 Пісіру уақыттары
Пісіру уақыты тағамның түріне, құрылымына
және мөлшеріне байланысты.
Бастапқы кезде, тағамның қалай пісірілетініне
назар аударыңыз. Осы құрылғыны қолданған
кезде, ыдысқа, рецептілерге және тағамның
мөлшеріне барынша сай келетін
параметрлерді (қызу параметрі, пісіру уақыты
т.с.с.) табыңыз.
10.4 Пісіру кестесі
Тағам
Науа түрі мен сөренің
деңгейі
Алдын ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Термоэ
лемент
тің
орны
Пісіру
уақыты
(минут)
Тәтті таспалар (250 г)
алюминий таба, 3-ші
деңгей
10
2
25 - 30
Тәтті таспалар (250 г)
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгей
10
2
20 - 25
Жалпақ торт (1000 г)
алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
10
2 - 3
35 - 40
Алма қосылған ашыған
ұннан жасалған торт
(2000 г)
алюминий таба, 3-ші
деңгей
10
5
50 - 60
Алма бәліші (1200 + 1200
г)
Алюминиймен қапталған
2 дөңгелек табақ
(диаметрі: 20 см), 3-ші
деңгей
10
6
55 - 65
14 www.electrolux.com
Тағам
Науа түрі мен сөренің
деңгейі
Алдын ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Термоэ
лемент
тің
орны
Пісіру
уақыты
(минут)
Кішкене кекстер (500 г)
алюминий таба, 3-ші
деңгей
10
2 - 3
25- 30
Майсыз бисквит торт
(350 г)
1 дөңгелек табақ
(диаметрі: 26 см), 3-ші
деңгей
10
3
30 - 35
Май таба торты (1500 г)
алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
-
2 - 3
45 - 55
1)
Бүтін тауық (1400 г)
пештің сөресі 3-ші
деңгейде
2)
-
8
50 - 60
Флан наны (800 г)
алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
20
7
15 - 20
Толтырылған ашыған
қамыр кексі (1200 г)
алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
15
4 - 5
40 - 50
Пицца (1000 г)
алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
10
5 - 6
25 - 35
Чизкейк (2600 г)
алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
-
2
70 - 90
Алма қосылған ашық
бәліш (1900 г)
алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
15
6 - 7
40 - 60
Рождество торты (2400 г) алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
15
3)
3 - 4
60
4)
Киш лорен (1000 г)
1 дөңгелек табақ
(диаметрі: 26 см), 3-ші
деңгей
15
5 - 6
50 - 60
Шаруа наны (750 + 750 г) Алюминиймен қапталған
2 дөңгелек табақ
(диаметрі: 20 см), 3-ші
деңгей
15
3)
4 - 5
50 - 60
Румын торты (600 + 600
г)
Алюминиймен қапталған
2 дөңгелек табақ
(диаметрі: 25 см), 3-ші
деңгей
10
2 - 3
50 - 60
Румын торты - дәстүрлі
(600 + 600 г)
Алюминиймен қапталған
2 дөңгелек табақ
(диаметрі: 25 см), 3-ші
деңгей
10
2 - 3
40 - 50
ҚАЗАҚ
15
Тағам
Науа түрі мен сөренің
деңгейі
Алдын ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Термоэ
лемент
тің
орны
Пісіру
уақыты
(минут)
Швейцария орамасы (500
г)
алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
10
2 - 3
20 - 30
Меренга (400 г)
алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
-
1 - 2
40 - 50
Кішкене Choux (500 г)
алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
10
3 - 4
30 - 40
Үгілмелі торт (1500 г)
алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
15
5 - 6
30 - 40
Қопсыма торт (600 г)
алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
10
2
35 - 40
Майлы торт (600 г)
алюминиймен /
эмальмен қапталған
науа, 3-ші деңгейде
15
3
20 - 30
1) Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 5 - 7 минут тұмшапеште ұстаңыз.
2) Пісірме табақты тұмшапештің сөресінің астына, 2-ші деңгейге қойыңыз.
3) Термоэлементтің орны: 8
4) Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 5 - 10 минут тұмшапеште ұстаңыз.
10.5 Гриль жасау
Тағам
Сөре деңгейі
Алдын ала
қыздыру уақыты
(минут)
Пісіру
уақыты
(минут)
Тост наны (500 г)
пештің сөресі 3-ші
деңгейде
1)
10
4 - 6
Сиыр етінің стейктері (1000
г)
2
10
20 + 20
Жарты тауық (1200 г)
2
-
30 + 35
Қуырылған шошқа котлеті
(500 г)
2
-
30 + 30
1) Пісірме табақты тұмшапештің сөресінің астына, 1-ші немесе 2-ші деңгейге қойыңыз.
11. ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
16 www.electrolux.com
• Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш сұйық
қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
• Металл беттерді әдетте қолданылатын
жуғыш заттармен тазалаңыз
• Тұмшапештің ішін әр пайдаланып болған
сайын тазалап отырыңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне
жол бермейсіз.
• Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы
пеш тазалағыштармен тазалаңыз.
• Тұмшапештің керек-жарақтарын әр
қолданып болған сайын тазалап, құрғатып
отырыңыз. Шүберекті, жылы су мен жуғыш
затты пайдаланыңыз.
• Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс
жуғыш машинада жумаңыз. Бұл оның
ластық тұрмайтын қаптамасын бүлдіреді.
11.1 Сөре сырғытпаларын алу
2
1
Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа
жолдарды алып қоюға болады.
1.
Сөре сырғытпасының алдыңғы жағын
қабырғадан тартып шығарыңыз.
2.
Сырғытпа жолдардың артқы жақтарын
қабырғадан ағытып алыңыз.
Сөре сырғытпаларын әрекеттерді керісінше
орындап салыңыз.
Сөре сырғытпаларының доғал
ұштары алдыңғы жаққа қарап тұруға
тиіс.
11.2 Тұмшапештің есігін тазалау
Тұмшапеш есігінің екі шыны панелі бар.
Тұмшапештің есігін және ішкі шыны панелін
алып тазалауға болады.
Тұмшапештің есігін орнынан алмай
тұрып, шыны панельді алғыңыз
келсе, тұмшапештің есігі жабылып
қалуы мүмкін.
Тұмшапештің есігі мен шыны панелін алу
1.
Есікті шегіне дейін ашыңыз да, қос
топсасынан ұстаңыз.
ҚАЗАҚ
17
2.
Қос топсадағы тетіктерді көтеріңіз де
бұраңыз.
3.
Тұмшапештің есігін бірінші ашу күйіне
(жартылай) қарай жабыңыз. Есікті алға
қарай тартыңыз да, ұясынан шығарып
алыңыз.
4.
Есікті жұмсақ мата төселген орнықты
жерге қойыңыз.
5.
Ішкі шыны панельді алу үшін бекіту
жүйесін босатыңыз.
18 www.electrolux.com
90°
6.
Екі бекітпені 90° градусқa бұраңыз да,
ұясынан шығарып алыңыз.
1
2
7.
Шыны панельді еппен көтеріп (1-ші
қадам) орнынан (2-ші қадам) алыңыз.
8.
Шыны панельді сабын сумен жуыңыз.
Шыны панельді жақсылап құрғатыңыз.
Есік пен шыны панельді орнату
Тазалап болғаннан кейін шыны панель мен
тұмшапеш есігін орнатыңыз. Жоғарыдағы
қадамдарды кері ретпен орындаңыз.
Бедері бар жағы есіктің ішкі жағына қарап
тұруға тиіс. Орнатып болғаннан кейін шыны
панельдің жақтауының бедері бар беткі жағы
қолмен ұстағанда бұдыр болмауға тиіс.
Ішкі шыны панельді орнына дұрыс
салғаныңызға көз жеткізіңіз. Суретке қараңыз.
11.3 Тартпаны алу
Тұмшапештің астындағы тартпаны оңай
тазалау үшін алуға болады.
Тартпаны алу
1.
Тартпаны тоқтағанша бері қарай
тартыңыз.
2.
Суырманы баяу көтеріңіз.
3.
Суырманы түгел алып шығыңыз.
Суырманы салу
Суырманы салу үшін жоғарыда көрсетілген
әрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
Назарыңызда болсын!
Тұтанғыш заттарды (мысалы,
тазартқыш заттар, пластик
қапшықтар, тұмшапеш қолғабы, қағаз
немесе бүріккіштер т.с.с. сияқты)
суырмада сақтамаңыз. Тұмшапешті
қолданған кезде суырма қызып кетуі
мүмкін. Өрт шығу қаупі бар.
ҚАЗАҚ
19
11.4 Тұмшапештің шамы
Назарыңызда болсын!
Тұмшапештің шамын ауыстырған
кезде абай болыңыз. Шамды
ауыстырар алдында әрқашан
құрылғыны сөндіріп қойыңыз. Электр
тоғына түсу қаупі бар.
Назарыңызда болсын!
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар ғана қолданылған.
Оларды бөлмені жарықтандыру
немесе бөлменің кей жерін
жарықтандыру үшін пайдаланбаңыз.
Егер шам ауыстыру керек болса,
орнына қолданылатын шамның қуаты
дәл осындай болуға тиіс және
тұрмыстық құрылғыларда ғана
қолданылатын шамды қолдану керек.
Тұмшапештің шамын ауыстырар алдында:
• Құрылғыны сөндіріңіз.
• Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе
айырып-қосқышты ажыратыңыз.
• Тұмшапештің астына шүберек төсеңіз. Бұл
тұмшапештің шамы мен шыны қалпағын
зақым келуден сақтайды.
Тұмшапештің шамын ауыстыру:
1.
Шамның қалпағын тұмшапештің арт
жағынан таба аласыз.
Шамның қалпағын алу үшін сағат тілінің
бағытына қарсы бұраңыз.
2.
Шыны қақпақты тазалаңыз.
3.
Тұмшапеш шамын 300 °C қызуға төзімді
тұмшапеш шамына ауыстырыңыз.
Орнына тек осындай тұмшапеш шамын
ғана пайдаланыңыз. Шамның қуаты
құрылғы шамының қуатымен бірдей
болуға тиіс және тек тұрмыстық
құрылғыға арналған шамды
пайдаланыңыз.
4.
Шыны қалпақты орнатыңыз.
12. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Ақаулық
Ықтимал себебі
Шешімі
Газды жаққан кезде
ұшқын шықпайды
Электр қуаты жоқ
Құрылғының жалғанғанын және
электр қуатының іске қосылғанын
тексеріңіз.
Газды жаққан кезде
ұшқын шықпайды
Электр қуаты жоқ
Үйдегі электр жабдығының
сақтандырғышын тексеріңіз.
Газды жаққан кезде
ұшқын шықпайды
Оттықтың қақпағы мен
шілтері қисық салынған
Оттықтың қақпағы мен шілтерінің
дұрыс қойылғанына көз жеткізіңіз.
Тұтатқан бетте жалын
дереу сөніп қалады
Қыздырғыш элемент
жеткілікті қызбайды
От жанғаннан кейін тетікті шамамен
5 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Газ шеңбері біркелкі
жанбайды
Оттықтың шілтерін
тағам қалдығы бітеп
тастаған
Инжектордың бітеліп қалмағанын
және оттық шілтерінің тағам
қалдығынан бос екенін тексеріңіз.
Құрылғы жұмыс істемей
тұр
Сақтандырғыш
блогындағы
сақтандырғыш босап
кеткен
Сақтандырғышты тексеріңіз.
Сақтандырғыш бірнеше рет
ағытылып қалса, білікті электрші
маманға хабарласыңыз.
Тұмшапеш қызбай тұр
Тұмшапеш тоққа
қосылмаған
Тұмшапешті қосыңыз.
Тұмшапеш қызбай тұр
Қажетті параметрлер
орнатылмаған
Параметрлерді қадағалаңыз.
20 www.electrolux.com
Ақаулық
Ықтимал себебі
Шешімі
Тұмшапештің шамы
жанбай тұр
Тұмшапештің шамында
ақау бар
Тұмшапештің шамын ауыстырыңыз.
Бу мен конденсат
тағамның үстіне және
тұмшапештің ішіне
жиналады
Тұмшапештің ішіне
тағам ұзақ қойылған
Тағамды пісіргеннен кейін
тұмшапеш ішінде 15 - 20 минуттан
артық қалдырмаңыз.
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилеріңізге не қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына қажетті ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген. Техникалық ақпарат тақтайшасы
пеш корпусының алдыңғы жақтауында
орналасқан.
Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:
Үлгі (MOD.)
.........................................
Өнім нөмірі (PNC)
.........................................
Сериялық нөмірі (S.N.)
.........................................
13. ОРНАТУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
13.1 Құрылғы орнатылатын жер
A
B
C
C
A
Ең аз қашықтық
Өлшемдер
і
мм
A
690
B
150
C
20
13.2 Техникалық сипаттама
Өлшемдері
Биіктігі
855 мм
Ені
600 мм
Тереңдігі
600 мм
Жалпы электр
қуаты
1665,6 Вт
Кернеу
230 В
Жиілік
50 Гц
Газ санаты
II2H3B/P
Газбен жабдықтау
G20 (2H) 13 мбар
G20 (2H) 20 мбар
G30/31 (3B/P) -
30/30 мбар
Байпас диаметрлері
Оттық
Ø Байпас, 1/100
мм.
Қосымша
29
Жартылай жылдам
32
ҚАЗАҚ
Достарыңызбен бөлісу: |