Ескерту
Егер басқа құжаттарда өзге нəрсе көрсетілмесе,
төмендегі ережелерді сақтаныңыз.
1 Алынатын немесе алынбайтын бөлшектер
қоспағанда, қатты тегіс бетке орнатыңыз.
2 Жабық жəне құрғақ жерде сақтаңыз.
3 Тек тік күйінде тасымалдаңыз. Тасымалдау кезінде
лақтыру, аса дірілдеу жəне басқа заттарға ұрылу
болмасын.
4 Ұлттық жəне / немесе жергілікті ережелерге сəйкес
тастаңыз.
Пайдалану ережелері мен шарттары өндірушімен
орнатылмаған жəне мемлекеттегі тауарды
пайдаланудың ұлттық жəне/ немесе жергілікті
заңдарына сəйкес болуы тиіс.
4
Қа
зақша
Сақтық шаралары
Электр тоғының соғуы, өрт, зақым немесе жарақат
қаупінің алдын алу үшін келесі сақтану ережелерін
қадағалаңыз:
■ Желілік сым және штепсельдік айырым
Назар аударыңыз
Теледидарыңыз оғаш
жұмыс жасап жатқан
жағдайда дереу
штепсельдік айырымды
суырып тастаңыз.
● Бұл теледидар 220 - 240 В, 50 Гц ауыспалы
тогында жұмыс істеуге арналған.
● Штепсельдік айырымды желілік розеткаға толығымен
кіргізіңіз.
● Қорек көзі сымы розеткаға оңай тығылатынын
қадағалаңыз.
● Теледидарды тазалау кезінде ток желісі қосқышын
ажыратыңыз.
● Штепсельдік айырымды су қолыңызбен
ұстамаңыз.
● Электр шнурын зақымдап алмаңыз.
• Сымға ауыр нəрсе қоюға болмайды.
• Температурасы жоғары нысанның
жанына сымды қоюға болмайды.
• Шнурынан тартпаңыз. Розеткадан
ажыратқан кезде шнурдың ашасынан
ұстаңыз.
• Теледидарды шнуры розеткаға
жалғаулы күйінде жылжытпаңыз.
• Шнурын шиыршықтамаңыз, оны қатты қайырмаңыз
немесе оны созбаңыз.
• Зақымдалған шнур ашасын немесе розетканы
пайдаланбаңыз.
• Теледидар ток сымын қысып тұрмағанын тексеріңіз.
● Осы теледидармен бірге жеткізілген ток сымын ғана
пайдаланыңыз.
■ Абайлық танытыңыз
Назар аударыңыз
● Теледидардың бетін өзбетіңізше
ашып жəне турлендірулер жасауға
болмайды, себебі жоғары қысымдағы
құрылғының ішкі бөлшектерімен қатынас кезінде электр
тоғынан зардап шегуіңіз мүмкін.
● Теледидарды жаңбыр мен
аса ылғалдылықтан сақтаңыз.
Теледидар үстіне суы бар
ыдыстарды, мысалы ваза
коюға болмайды. Теледидарды
тамшылаған немесе ағатын судың астына коймаңыз.
● Теледидарға ауа желдеткіші арқылы бөгде заттарды
енгізуге болмайды.
● Мақұлданбаған тұғырды / жоғары өрмелеу
жабдығын пайдаланбаңыз. Мақұлданған қабырғаға
ілу кронштейнін құру не орнатуды жергілікті Panasonic
дилерінен өтініңіз.
● Дисплей панеліне қатты күш немесе соққы
қолданбаңыз.
● Теледидарды қиғаш немесе
тұрақсыз жерге қоймаңыз, жəне
теледидардың тұғырының шетінен
ілініп тұрмауын қадағалаңыз.
● Теледидарды күн көзіне тікелей жəне басқа жылу
көздеріне шығармаңыз.
Назар аударыңыз
ТД тұрақсыз жерге ешқашан қоймаңыз. ТД құлап,
ауыр жеке жарақат не өлімге əкелуі мүмкін.
Келесідей қарапайым сақтық шараларын орындау
арқылы көптеген жарақаттардың, əсіресе балалар
жарақаттарының алдын алуға болады:
● ТД өндірушісі ұсынған корпустар мен тұғырларды
пайдалану.
● ТД қауіпсіз бекіте алатын керек-жарақтарды ғана
пайдалану.
● ТД-дың тірек құралының шетінен шығып тұрмауын
қамтамасыз ету.
● ТД мен биік заттарды (мысалы, шкафтар немесе
кітап сөрелері) тиісті тірекке бекітусіз ТД оларға
орнатпау.
● ТД мен тұғыр құралының арасындағы мата немесе
басқа материалдарға ТД орнатпау.
● ТД немесе оның басқару элементтеріне қол жеткізу
үшін жиһаздың үстіне шығып өрмелеудің қаупі
туралы балаларды хабардар ету.
Егер бұрыннан қолданып келе жатқан ТД бекітіліп,
қайта орнатылса, жоғарыда көрсетілген шаралар
қолданылуы тиіс.
Өрт таралуының алдын алу үшін
шамдарды немесе басқа
ашық от көздерін әрқашан
теледидардан аулақ
ұстаңыз
5
Қа
зақша
■ Қауіпті бөлік / Кішкентай бөлшек
Назар аударыңыз
● Бұл өнімде жас балалардың байқаусызда тыныс алуы
немесе жұтып қоюы мүмкін пластикалық қапшықтар
сияқты қауіпті бөлшектер болады. Бұл бөлшектерді жас
балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.
■ Тұғыр
Назар аударыңыз
● Тұғырды бөлшектеп шашпаңыз немесе өзгертпеңіз.
Алдын ала сақтандыру
● Осы теледидармен бірге жеткізілген тұғырдан
басқасын пайдаланбаңыз.
● Бүлінген немесе физикалық түрде зақымданған
жағдайда, тұғырды пайдаланбаңыз. Мұндай жағдай
орын алса, дереу жақын орналасқан Panasonic
сатушысымен хабарласыңыз.
● Орнату кезінде барлық бұрандалардың мықтап
тартылғанына көз жеткізіңіз.
● Тұғырды орнату барысында теледидар ешқандай
əсер
болмағанына көз жеткізіңіз.
● Балалардың тұғырға шығуына жол бермеңіз.
● Теледидарды тұғырға орнату немесе шешу төменде
көрсетілген ереже бойынша болуы тиіс.
■ Желдету
Алдын ала сақтандыру
Кейбір электрондық компоненттердің ерте тозуына
əкелуі мүмкін шамадан тыс ыстық болуының алдын алу
үшін теледидар айналасында жеткілікті түрде бос орын
(кем дегенде 10 см) қалдырыңыз.
Ең аз арақашықтық (см)
● Вентиляцияның шығу жүйесі газет, дастарқан жəне
перде сияқты заттармен
жабылмауы тиіс.
● Тұғырды пайдалансаңыз да, пайдаланбасаңыз
да теледидардың астындағы желдеткіштер
блокталмағанын жəне сəйкесінше желдету үшін
жеткілікті бос орын барына үнемі көз жеткізіп
отырыңыз.
■ Теледидарды жылжыту
Алдын ала сақтандыру
Теледидарды жылжытудан бұрын барлық кабельдерді
ажыратыңыз.
■ Ұзақ уақыт пайдаланылмайтын кезде
Алдын ала сақтандыру
Электр шнуры розеткаға қосылып тұрғандықтан,
теледидар өшірулі тұрғанның өзінде аздап электр
қуатын пайдаланады.
● Теледидарды ұзақ уақыт пайдаланбайтын болғанда,
шнурдың ашасын қабырға розеткасынан алып
тастаңыз.
■ Шамадан тыс дыбыс қаттылығы
Алдын ала сақтандыру
● Дауысын құлақаспаптан қатты
шығарып тыңдамаңыз. Қатты
зақым келтіруі мүмкін.
● Егер құлағыңызға діріл шуы естілсе, дыбыс
қатталығын азайтыңыз немесе гарнитураларды
пайдалануды уақытша тоқтатыңыз.
■ Қашықтан басқару пультіне арналған батареялар
Алдын ала сақтандыру
● Дұрыс орнатпау, батареялардан электролиттің ағып
кетуіне, тоттануға жəне жарылуға себеп болуы мүмкін.
● Дəл сондай, бірдей батареялармен ғана
алмастырыңыз.
● Ескі жəне жаңа батареяларды бірге қолданбаңыз.
● Түрлі типті батареяларды қолданбаңыз (мысалы,
сілтілі жəне марганец батареялары).
● Аккумуляторлық никель-кадмий батареяларын
қолданбаңыз (Ni-Cd жəне т.б.).
● Батареяларды өртемеңіз жəне бұзбаңыз.
● Батареялардың шамадан тыс қызуына жол бермеңіз,
мысалы, күн сəулесімен, отпен жəне т.б.
● Батареяларды дұрыстап кəдеге жаратыңыз.
● Құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын
болса, электрлиттің ағып кетуін, тоттануды жəне
жарылу қаупін болдырмас үшін батареяларды алып
шығарыңыз.
6
Қа
зақша
Теледидарды орнату
Берілген керек жарақтар
Керек-жарақтар бөлек орналастырылуы мүмкін.
Оларды кездейсоқ лақтырып қоймауыңызды байқап
тұрыңыз.
________________________________________________________________________
Пайдалану нұсқаулары
________________________________________________________________________
Қашықтан басқару пульті
(7-бет)
________________________________________________________________________
Батареялар ААА(R03) × 2
(4-бет)
________________________________________________________________________
Тұғыр
(4-бет)
● Таяныштың тіреуіші
● Таяныш
●
Бекіткіш бұрандалары
A
(3 × 8 мм) × 4 .
B
(5 × 12 мм) × 4 .
Түпқойманы бекіту
Тұғырды теледидардан шешіп алу
Қабырға тіреуішін пайдаланғанда немесе теледидарды
қайтадан қаптағанда түпқойманы төменде көрсетілген
тəсілмен ажыратыңыз.
1 Теледидарды көбікті пласт төсенішіне немесе
үстелдегі тығыз жұмсақ матаға орналастырыңыз.
2 Теледидардан құрастыру бұрамаларын алып
шығарыңыз.
3 Таянышты теледидардан ажыратыңыз.
4 Негізнен бекіткіш бұрандаларын алып тастаңыз.
Алшақтан басқару пультінің батареяларын орнату
Қақпақты көрсетілген бағытта жылжытыңыз.
Полярлықтың дұрыс болуына
(+ немесе -) назар аударыңыз.
Өндіруші Panasonic батареяларын
пайдалануға ұсыныс береді.
Теледидарды қабырғаға орнату (қосымша)
Ұсынылған қабырғаға ілетін кронштейнді сатып алу
үшін жергілікті Panasonic дилеріңізге хабарласыңыз.
■ Қабырғалық тіреуішті бекітуге арналған тесіктер
a: 100 мм
b: 100 мм
Бұранда тереңдігі: min 7 max 8 мм
Назар аударыңыз
● Қабырға тіреуіштері сияқты жəне т.б. осындай
қосымша керек-жарақтарды пайдаланған кезде,
дайындаушының орнату жəне пайдалану жөніндегі
нұсқауларын міндетті түрде оқып, орындаңыз.
● Құрылғыны əдетте жоғарылаған жылудың көздері
болып табылатын төбе шамшырақтарының астына
тікелей орнатуға болмайды. Бұл, корпустың пластик
бөлшектерінің қисаюына немесе бұзылуына алып келуі
мүмкін.
● Қабырғалық тіреуіштерді орнату барысында, қабырға
қаңқасының металл тұрынтақтары арқылы қабырғалық
тіреуіштің жерге тұйықтылған электрлік қосылымының
жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Қабырғалық тіреуішті ілер
алдында, қабырғада ешқандай электрлік кабельдердің,
толқын өткізгіштердің жəне тағы басқаның жоқтығын
əрқашан тексеріп тұрыңыз.
● Құлап кетпеу жəне жарақат алмау мақсатында,
теледидарды ұзақ уақыт бойы пайдаланбасаңыз, өзінің
аспалы тірегінен алып тастаңыз.
Теледидардың артқы жағы
(Шетінен қарау)
Бұрама
шегенің
ұзындығыі
Теледидарды қабырға кронштейніне бекітуге
арналған бұрандалар (жинаққа кірмейді)
B
A
7
Қа
зақша
Теледидарды жалғау
● Кез келген RF/AV кабельдерін жалғаудың немесе
ажыратудың алдында, теледидар желілік розетикадан/
электр қуаты желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
● Сыртқы жабдықтар жəне кабельдер иллюстрация
мақсаттары үшін ғана көрсетілген жəне осы
теледидармен бірге жеткізілмейді.
● Қосқан кезде ағытпалар мен кабельдік ашалардың
дұрыс түрін қолданып жатқаныңызға көз жеткізіңіз.
● Толығымен монтаждалған SCART немесе HDMI
кабелін пайдаланыңыз.
● Теледидар электрондық жабдықтан (бейнежабдықтан
жəне т.б.) немесе инфрақызыл қадағамен қамтылған
жабдықтан барынша алшақ болуын байқап отырыңыз.
Әйтпесе сурет/дыбыс бұрмалануы немесе басқа
жабдықтың жұмысында ақаулар пайда болуы мүмкін.
● Сонымен қатар, жалғанатын жабдықты қолдану
бойынша нұсқаулықты оқып шығыңыз.
Жалғағыштар
Tеледидардың артқы панелі
1 EARPHONE құлаққаптарын қосуға арналған штекер
ұяшығы;
2 Компьютерден келетін бейнесигналды қосуға
арналған РС ағытпасы (VGA түріндегі ағытпа);
3 Сыртқы құрылғыларды қосуға арналған SCART
түріндегі ағытпа;
4 Компьютерден келетін дыбыстық сигналды қосу үшін
PC AUDIO штекер ұяшығы;
5 Антеннаны қосуға арналған RF ұяшығы;
6 Сыртқы құрылғыларды қосуға арналған COAXIAL
OUT ағытпасы;
7 Сыртқы бейнеқұрылғылардан келетін компоненттік
сигналды қосуға арнаоған MINI YPBPR ағытпасы
(мини-джек түріндегі ағытпа);
8 Карта қабылдағышпен қамтылған модульді қосуға
арналған SLOT CI+ ағытпасы;
9 Сыртқы құрылғыларды қосуға арналған MINI AV
ағытпасы (мини-джек түріндегі ағытпа);
10 Флэш-жады бар сыртқы құрылғыны қосуға арналған
USB ағытпасы;
11 HDMI ағытпасы - сығылмаған бейнесуретті жəне
дыбыстық сүйемелдеу сигналдарын сыртқы
құрылғыдан бір уақытта беруге арналған цифрлық
интерфейс.
Қосылыстар
Антенна кабелі және қуат сымы
● Бұл үлгі алынбайтын қуат сымымен жиынтықталады.
● Антенна дұрыс емес жерде орнатылса, бөгеуілдер
болуы мүмкін.
AV / Ойын жабдығы
■ HDMI жалғағышын пайдалану
HDMI
Жер үсті
антеннасы
RF кабелі
Теледидар
HDMI кабелі
Жабдық
8
Қа
зақша
■ SCART жалғағышын
Құлаққаптар
Дауыс зорайтқыш жүйесі
● Күшейткішті жалғау үшін Coaxial Out ұяшығын пайда-
ланыңыз.
Бастапқы теңшелім
Теледидарды бірінші рет қосқан кезде теледидарды
баптауға арналған қадамдар кезегі шығады.
● Орнату жұмысы өзіңіздің жергілікті дилеріңіз
тарабынан атқарылған болса, осы тармақтардың
əрекеттері қажет емес.
1 Ашаны розеткаға салыңыз және теледидарды
қосыңыз.
Экранда сурет бірнеше секундтан кейін пайда болады.
2 Мәзір тілін таңдаңыз.
3 Таңдау [Үй].
● Қарау шарттары [Shop Mode] дүкеннің
жаймасөрелеріне арналған.
● Қарау шарттарын кейін өзгерту үшін, [Орнату]
мəзірінде [Тастау] тармағын таңдау арқылы барлық
теңшелімдерді бастамалауыңызға тура келеді.
4 Елді таңдаңыз.
5 Теңшеу қажет телевизиялық сигналдың режимін
таңдаңыз, және Сіздің теледидарыңыздың
экранындағы көмексөздерді ұстаныңыз.
Теледидарды теңшеп болғаннан кейін, ол қарауға
дайын болады.
Ескертпе
● Теңшелім сəтсіз аяқталса, RF кабелінің қосылымын
тексеріңіз, содан соң экрандық көмексөздің
нұсқауларын орындаңыз.
● Сандық теледидарды автоматтық режимде бастапқы
баптау кезінде тек эфирлік ТД (DVB-T) баптау мүмкін.
Кəбілдік ТД (DVB-C) баптамасы 11 бетте көрсетілген.
Теледидар
RF кабелі
RF кабелі
SCART кабелі
DVD рекордері
Теледидар
Стерео мини-джек
Теледидар
Коаксиалдi кабель
Дауыс зорайтқыштар
жүйесімен қамтылған
ауыспалы ток,
50 Гц
9
Қа
зақша
Теледидарды пайдалану
Қашықтықтан басқару пультін қолдану
1
POWER. Күту режимінде қосу/ өшіру.
2
Қызыл. Телемəтін режимінде парақша нөмірін
ұлғайту.
LANGUAGE (жасыл). Мəзір тілін таңдау.
Телемəтін режимінде- телемəтін мен теледидарлық
бағдарламаны аралас көрсету. «USB» режимінде -
жылдам артқа көрсету.
FAV (сары). «ATV», «DTV» режимдері - басым
арна мəзірі. Сəйкес түс мəртебесі тармағындағы
телемəтін режимінде парақшаны таңдау.
EPG (көк). «DTV» режимінде - электрондық гидті
қосу/ өшіру. Тиісті түстің күйі жолағында бетті
телемəтін режимінде таңдау.
3
HOLD « I I◄◄» . Телемəтін режимінде парақша/
парақша астын ұстап тұру. «USB» режимінде
алдыңғы тректі/ тарауды қосу.
LIST « ►►I I». Мəтіндік режимде - «Тізім» режимін
шолыңыз. «USB» режимі - келесі трек / тарауды
ойнату.
SUBTITLE «◄◄». Субтитрлерді өшіру / қосу.
Телемəтін режимінде парақша нөмірін азайту.
RADIO « ►►» . Мəтіндік режимде - ішкі беттерді
таңдау. «USB» режимінде жылдам алдыға жүргізу.
4
INDEX « ►» Телемəтін режимінде индексті
парақшаны шақыру. «DTV» режимінде -
бағдарламаны уақыт жылжыту арқылы көру. «USB»
режимі - жаңғыртуды қосу.
ZOOM « I I ». Телемəтін режимінде - парақша
мөлшерін өзгерту. «DTV» режимінде - көрсету
уақытын жылжыту режиміне кіру, ал «USB»
режимінде - кідіру.
REVEAL « ■» Телемəтін режимінде - жасырын
ақпаратты көрсету. «DTV» режимінде - көрсету
уақытын жылжыту режимінен шығу, ал «USB»
режимінде - жаңғыртуды тоқтату.
5
INFO. Жүйелік ақпаратты көрсету.
6
SMART S. Сақина дыбыс режимдерін ауыстырып
қосу.
7
REC. «DTV» режимінде - флэш жад картасына жазу.
8
OK. Мəзірдегі таңдауды растау.
9
SOURCE. Дабыл көзін таңдау.
10
VOL+ / VOL– Дыбыс деңгейін төмендету/ ұлғайту.
11
0-9. Бағдарламаны тура теру арқылы таңдау.
Телемəтін режимі- парақша мен ішкі парақшаны
таңдау.
12 Алдыңғы арна.
13
WIDE 16:9. Бейне форматын таңдау.
14
TTX « »Телемəтін режимін қосу/ өшіру.
15
L/R. Жолды таңдау (дыбыс режимін).
16
SMART P. Режимдер сақинасы арқылы қосу.
17 «◄ ►» «Мəзір» режимінде - реттелмелі
параметрлерді ұлғайту/ азайту(немесе қосу).
«
» «Мəзір» режимінде - курсорды төмен /
жоғары жылжытады. Мəтін режимінде - алдыңғы /
келесі бет нөмірін таңдайды.
18
F1. «Стоп- кадр» функциясын қосу/ өшіру.
19
MENU. Мəзірді өшіру / қосу.
20
СН+ / СН– Төмендету / ұлғаю жағына
бағдарламалар нөмірін ауыстыру.
21
MUTE
.
Дыбысты өшіру / қосу.
22
Арналар тізімін өшіру / қосу.
10
Қа
зақша
Пайдаланушы нұсқаулығы туралы
Теледидарды алшақтан басқару пультінің көмегімен
пайдаланған кезде, талап етілетін операцияны орындау
үшін экранның төменгі жағында көрсетілетін пайдалану
нұсқауларын орындаңыз.
Келесі операцияларды орындаған кезде пайдалану
нұсқаулығымен салыстырып анықтаңыз:
● Параметрлерді өзгерту
● Таңдауларды растайды
режимді таңдау
● Алдыңғы мəзірге оралу үшін
Теледидарды басқару құралдарын қолдану
1 Фотоқабылдағыш жəне теледидар күйінің
индикаторы: қызыл көмескі жарық - кезекші режимі,
жасыл жарық - жұмыс режимі;
2 Дыбыс деңгейін ұлғайту (+) / азайту (-) жағына
реттеу түймелері; мəзірдің меңзерін оңға (+) / солға
(-) қарау қайта орналастыру түймелері;
3 Бағдарламалардың нөмірлерін ұлғайту (+) / азайту
(-) жағына ауыстырып қосу түймелері; мəзір
меңзерін жоғары (+) / төмен (-) ауыстырып қосу
түймелері;
4 Теледидардың теңшелімдері мəзірін қосу/сөндіру
түймесі;
5 Сигналдың қайнар көзін таңдау түймесі;
6 Кезекші режимін қосу/сөндіру түймешігі.
Сыртқы кірістен қарау
1 Сыртқы жабдықты жалғаңыз.
2 [Кiрiс көзі] мəзірін көрсетіп, содан соң қосылған
жабдықтың кірісін таңдаңыз.
Ескертпе
● Сыртқы жабдық пішімді реттеу атқарымына ие болса,
оны «16:9» пішіміне орнатыңыз
Медиа ойнатқышты пайдалану
Медиа ойнатқыш USB флэш-жадысында жазылған
фотосурет, музыка немесе бейнені пайдалануға
мүмкіндік береді.
● Бұл теледидарда сурет дұрыс көрсетілмеуі мүмкін
жəне қолданылатын камераларға байланысты болады.
● USB флэш-жады құрылғысында көптеген файлдар
мен бумалар болғанда, оларды көрсету үшін біраз
уақыт қажет болуы мүмкін.
● Ішінара бүлінген файлдар кішірейтілген
ажыратымдылықпен көрсетілуі мүмкін.
● Бумалар мен файлдардың атаулары қолданылатын
цифрлық камераға байланысты ерекшеленуі мүмкін.
USB флэш-жадын енгізу/алып тастау
Тіке жəне толығымен енгізіңіз немесе алып тастаңыз.
● USB қосқышының екі
құрылғылар бір мезгілде
байланыс.
Медиа ойнатқышты іске қосу
1 Теледидарға USB флэш жадын қосыңыз.
2 «SOURCE» батырмасын басыңыз, экранда
теледидардың сигнал көзі пайда болады. «USB»
режимін таңдаңыз жəне «OK» түймешігін басыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |