Инструкция по эксплуатации Návod na použitie Instrucciones de uso Innehållsförteckning Інструкції з використання



Pdf көрінісі
бет16/27
Дата03.03.2017
өлшемі21,08 Mb.
#6401
түріИнструкция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27

Назар аударыңыз:
•  "Жылдам салқындату" функциясымен 
үйлесімді емес
Оңтайлы өнімділікті қамтамасыз ету үшін, "Тоқтата 
тұру" және "Жылдам салқындату" функцияларын 
бір уақытта пайдалану мүмкін емес. Сондықтан, 
"Жылдам салқындату" функциясы бұрыннан 
қосулы болса, "Тоқтата тұру" функциясын 
белсендіру үшін, оны алдымен өшіру қажет )және 
керісінше(.
2.6. ЖЫЛДАМ САЛҚЫНДАТУ 
Бұл функцияны пайдалану тағамдардың үлкен 
көлемін тоңазытқыш бөліміне салу кезінде 
ұсынылады.
Жылдам салқындату   функциясын пайдаланып 
тоңазытқыш бөлімінің салқындату мүмкіндігін 
арттыруға болады. Салқындату мүмкіндігін арттыру 
үшін желдеткішті қосулы күйде ұстаңыз.
Назар аударыңыз:
•  "Тоқтата тұру" функциясымен үйлесімді 
емес
Оңтайлы өнімділікті қамтамасыз ету үшін, "Тоқтата 
тұру" және "Жылдам салқындату" функцияларын 
бір уақытта пайдалану мүмкін емес. Сондықтан, 
"Тоқтата тұру" функциясы бұрыннан қосулы болса, 
"Жылдам салқындату" функциясын белсендіру 
үшін, оны алдымен өшіру қажет )және керісінше(.
*Таңдамалы үлгілерде ғана қолжетімді. Осы функцияның үлгіңіздегі қолжетімділігін ҚЫСҚАША ІСКЕ ҚОСУ НҰСҚАУЛЫҒЫНАН 
тексеріңіз.

105
2.7. НӨЛ ГРАДУСТЫҚ ЖӘШІК* 
Нөл градустық жәшігі тағамдарды )мыс., ет, 
балық, жеміс-жидек және көкөніс( ұзақ уақыт бойы 
балғын күйде сақтау үшін төмен температура мен 
үйлесімді ылғалдылық деңгейін қамтамасыз етуге 
арналған.
Жәшікті белсендіру және өшіру 
Белсенді күйіндегі жәшіктің ішкі температурасы 
шамамен 0° құрайды. Келесі факторлар "Нөл 
градустық" жәшіктің тиісінше жұмыс істеуі үшін 
маңызды:
-  тоңазытқыш бөлімі қосулы болуы тиіс
-  тоңазытқыш бөлімінің температурасы +2°C және 
+5°C аралығында болуы тиіс
- белсендіру үшін жәшік орнына енгізілуі тиіс
-  арнайы функциялар таңдалмаған болуы мүмкін 
)Күту, Тоқтата тұру – қолданылатын болса(.
Бұл арнайы функциялардың бірі таңдалса, "Нөл 
градустық" жәшігі қолмен өшіріліп, ішіндегі барлық 
балғын тағам шығарылуы тиіс. Егер қолмен өшіру 
орындалмаса, жәшік автоматты түрде 8 сағаттан 
кейін өшіріледі.
Ескертпе:
- егер бұл функция іске қосылған кезде осы белгі 
жанса, тартпаның дұрыс орнатылғанын тексеріңіз; 
Егер проблема жойылмаса, ең жақын жердегі 
өкілетті Сатудан кейінгі қызметпен хабарласыңыз
-  егер функция белсенді және жәшік ашық болса, 
басқару панеліндегі белгіше автоматты түрде 
өшірілуі мүмкін. Егер жәшік енгізілсе, белгіше 
қайта белсендіріледі
-  функцияның күйіне байланыссыз шу естілуі 
мүмкін: алаңдаудың қажеті жоқ, бұл - қалыпты 
жағдай.
-  функция белсенді болмағанда жәшіктегі 
температура тоңазытқыштағы жалпы температуға 
байланысты болады.
Мұндай жағдайда суық температуға төзімді жеміс 
және көкөністі )орман жемістері, алма, өріс, 
сәбіз, шпинат, қырыққабат, т.б.( жәшікте сақтау 
ұсынылады.
Маңызды: функция белсендірілген жағдайда және 
құрамындағы ылғалдылығы жоғары азық өнімдер 
сақталғанда сөрелерде конденсат түзілуі мүмкін. 
Мұндай жағдайда функцияны уақытша өшіріңіз.
2.8. ЖЕЛДЕТКІШ
Желдеткіш өнім ішіндегі температура таратылуын 
жақсартып, тоңазытқыштағы тағамның жақсырақ 
сақталуына мүмкіндік береді. Әдепкі ретінде, 
желдеткіш қосулы болады. 6th Sense Fresh 
Control / ProFresh функциясы тиісті түрде жұмыс 
жасау мақсатында және қоршаған ортаның 
температурасы 27 ÷ 28°C жоғары болғанда немесе 
әйнек сөрелерде су тамшылары байқалса не 
ылғалдылық жоғары жағдайларда желдеткішті 
қосу ұсынылады. Желдеткіш қосылған кезде, оның 
үздіксіз түрде жұмыс жасамайтынын ескеріңіз. 
Желдеткіш құрылғының ішіндегі температура 
және/немесе ылғалдылық деңгейіне байланысты 
жұмысын бастайды/тоқтатады. Желдеткіш қосулы 
болған жағдайдың өзінде желдеткіш қозғалмаса, ол 
толықтай қалыпты құбылыс болып табылады.
Бұл функцияны белсендіру немесе өшіру үшін қоса 
берілген Қысқаша іске қосу нұсқаулығын қараңыз.
Назар аударыңыз: Желдеткішті өшіру 6th Sense 
Fresh Control / ProFresh функциясын өшіреді.
Ескертпе:
Ауаның кіру аймағын тағамдармен бөгемеңіз.
Ортаның төмен температурасында )18°C 
төменірек( оңтайлы өнімділікті қамтамасыз ету 
және қуат тұтынылуын азайту үшін желдеткішті 
өшіріңіз.
Желдеткішті өшіру үшін жоғарыда көрсетілген 
процедураны қараңыз.
Құрылғының желдеткіші болған жағдайында ол 
бактерияға қарсы сүзгімен жабдықталуы мүмкін.
Оны сақтау бөлімінің тартпасында орналасқан 
жәшіктен шығарып, желдеткіш қақпағына 
орнатыңыз.
Ауыстыру процедурасы сүзгі жәшігінде қамтылған.
2.9. ТЕМПЕРАТУРА ПАРАМЕТРІ
Құрылғының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету 
үшін ол зауытта 5°C температурасына орнатылған. 
Ішкі температураны 8°C және 2°C арасында 
реттеп, былай жалғастыруға болады:
•   Температураны орнату түймешігін )°C( басыңыз. 
Сақтау температурасы түймешікті әр басқан 
сайын -1°C қадамымен өзгертіле алады: мәндер 
циклдік түрде 8°C және 2°C арасында ауысады.
Ескертпе: Көрсетілген орнату нүктелері бүкіл 
тоңазытқыштың орташа температурасына сәйкес 
келеді
2.10. NO-FROST ТОҢАЗЫТҚЫШ БӨЛІМІ
Тоңазытқыш бөлімін еріту толық автоматты түрде 
орындалады.
Тоңазытқыш бөлімінің ішіндегі артқы 
қабырғасындағы су тамшылары автоматты еріту 
процесінің орындалып жатқанын білдіреді. Еріген 
су төгу саңылауына автоматты түрде төгіліп, кейін 
контейнерде жиналып, буланады.
*Таңдамалы үлгілерде ғана қолжетімді. Осы функцияның үлгіңіздегі қолжетімділігін ҚЫСҚАША ІСКЕ ҚОСУ НҰСҚАУЛЫҒЫНАН 
тексеріңіз.

106
2.11. ЖАРЫҚ ДИОДТЫ ШАМ ЖҮЙЕСІ*
Тоңазытқыш бөліміндегі жарықтандыру жүйесі 
жарық диодты шам жүйесін пайдаланып, жақсы 
жарықтандыру мен қуаттың төмен деңгейде 
тұтынылуына мүмкіндік береді. Жарық диод шамының 
жүйесі жұмыс істемесе, оны ауыстыру үшін, қызмет 
көрсету орталығымен хабарласыңыз.
Маңызды:
Тоңазытқыштың есігі ашылған кезде тоңазытқыш 
бөлімінің шамы қосылады. Егер есік 10 минуттан 
артық ашық күйде қалса, шам автоматты түрде 
өшіріледі.
2.12. ЫЛҒАЛДЫЛЫҚПЕН БАСҚАРЫЛАТЫН 
КОНТЕЙНЕР*
Тоңазытқыштың ішіндегі салат контейнерлері 
көкөністер мен жемістерді жас және солмаған күйінде 
сақтауға арналған. Егер жеміс сияқты тағамды 
ылғалдылығы төмендеу ортада сақтағыңыз келсе, 
ылғалдылықты реттегішті ашыңыз )B бағыты( немесе 
тағамды ылғалдау ортада сақтағыңыз келсе оны 
жабыңыз )A бағыты(.
3. ПАЙДАЛАНУ
3.1. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫҢ САҚТАУ 
СЫЙЫМДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛЫ
"НӨЛ ГРАДУСТЫҚ ЖӘШІКТІ"* шығару арқылы сақтау 
сыйымдылығын арттыруға болады
Мұндай жағдайда келесі қадамдарды орындаңыз:
•  жәшікті өшіріңіз
•  жәшік пен оның астындағы пластик сөрені тартып 
шығарыңыз.
Ескертпе: жоғарғы сөре және бүйірлік тірек шығарыла 
алмайды. "Нөл градустық 
жәшіктің" жұмысын 
қалпына келтіру үшін 
жәшікті орнына енгізу 
және жұмысын қайта 
белсендірудің алдында 
жәшіктің астындағы 
пластик сөренің 
ауыстырылуына көз 
жеткізіңіз. Қуаттың 
тұтынылуын оңтайландыру үшін "Нөл градустық" 
тартпаны өшіріп, шығару ұсынылады.
3.2. ЕСКЕРТПЕЛЕР
•  Ауа шығару аймағын )өнімнің ішіндегі артқы 
қабырғада( тағам өнімдерімен бұғаттамаңыз.
•  Көлемін барынша арттыруға болады.Мұздатқыш 
жапқышпен қамтамасыз етілсе, жапқышты алу 
арқылы сақтау көлемін барынша арттыруға 
болады.
•  Барлық сөрелер, жапқыштар және тартып 
алынатын себеттерді алуға болады.
•   Құрылғының ішкі температураларына қоршаған 
орта температурасы, есік ашудың жиілігі және 
құрылғының орналасқан орны әсер етуі мүмкін. 
Температураны орнату кезінде осы факторларды 
ескеру қажет.
•   Басқасы көрсетілмесе, құрылғы керек-жарақтарын 
ыдыс жуу машинасында жууға болмайды.
•  Smart Display )Смарт дисплей( функциясын 
мүмкіндігінше жиі пайдаланыңыз.
4. ТАҒАМДЫ САҚТАУ КЕҢЕСТЕРІ
Тоңазытқыш - дайын тамақ, балғын және 
консервіленген тағамды, сүт тағамдарын, жеміс және 
көкөністер мен сусындарды сақтау үшін ыңғайлы орын.
4.1. АУА ЦИРКУЛЯЦИЯСЫ
•   Ауаның тоңазытқыш бөлімінің ішіндегі табиғи 
циркуляциясы түрлі температуралы аймақтардың 
түзілуін тудырады. Жеміс және көкөніс сақтау 
бөлімінің үстінде және артқы қабырға аймағы аса 
суық. Бөлімнің жоғарғы алдыңғы жағы аса жылы.
•   Желдету жолының жеткіліксіздігі қуат 
тұтынылуының артуына және тоңазытқыш 
өнімділігінің азаюына әкеледі.
4.2. БАЛҒЫН ТАҒАМ ЖӘНЕ СУСЫНДАРДЫ САҚТАУ
•   Қайта өңделе алатын пластик, металл, алюминий 
және әйнек контейнерлерді, сондай-ақ, тағамды 
орау үшін ас пленкасын пайдаланыңыз.
•   Сұйықтықтар және иісті шығаруы не сіңіруі мүмкін 
тағамдар үшін әрқашан жабық контейнерлерді 
пайдаланыңыз немесе бетін жабыңыз.
•   Этилен газының үлкен мөлшерін беретін және 
осы газға сезімтал жеміс, көкөністер және салад 
сияқты тағамдар сақтау мерзімін қысқартпау 
мақсатында бөлек оралып сақталуы керек; 
мысалы, қызанақтарды киви жемісімен және 
орамжапырақпен бірге сақтамаңыз.
•   Жеткілікті ауа циркуляциясын қамтамасыз ету үшін 
тағамды бір-біріне жақын сақтамаңыз.
•   Бөтелкелердің аударылып кетуін болдырмау үшін 
бөтелке ұстағышын пайдалануға болады )кейбір 
үлгілерде қолжетімді(.
•   Егер тоңазытқышта сақталатын тамақтың мөлшері 
аз болса, жеміс және көкөністерді сақтау бөлімінің 
үстіндегі сөренің пайдалануын ұсынамыз, себебі 
бұл - бөлімдегі ең суық аймақ.
*Таңдамалы үлгілерде ғана қолжетімді. Осы функцияның үлгіңіздегі қолжетімділігін ҚЫСҚАША ІСКЕ ҚОСУ НҰСҚАУЛЫҒЫНАН 
тексеріңіз.

107
*Таңдамалы үлгілерде ғана қолжетімді. Осы функцияның үлгіңіздегі қолжетімділігін ҚЫСҚАША ІСКЕ ҚОСУ НҰСҚАУЛЫҒЫНАН 
тексеріңіз.
4.3. БАЛҒЫН ТАҒАМ ЖӘНЕ СУСЫНДАРДЫ 
САҚТАУ ОРНЫ
•   Тоңазытқыш сөрелерінде: дайын тамақ, 
тропикалық жемістер, ірімшіктер, деликатес.
•   Ең суық аймақ – Нөл градустық жәшік* 
)Салқындатқыш бөлімінің үстінде*(: ет, балық, ет 
тілімдері, торт
•   Жеміс және көкөніс сақтау бөлімінде: жеміс, 
салат, көкөніс.
•   Есікте: нан, тосап, қатық, тұздық, консервілер, 
бөтелкелер, сусындар, жұмыртқа
ТАҒАМДАР ОРНАЛАСУЫНЫҢ МЫСАЛЫ
5. ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ДЫБЫСТАР
Құрылғылардан шығатын дыбыстар қалыпты 
болып саналады, себебі құрылғы автоматты 
түрде қосу және өшіру жұмыстарын реттейтін 
желдеткіштер және моторлармен қамтылған.
Кейбір функционалдық дыбыстарды келесідей 
азайтуға болады:
•  Құрылғыны тегістеу және тегіс бетке 
орналастыру
•  Құрылғы мен жиһаз арасын бөлу және бір-
бірінің тиюіне жол бермеу.
•  Ішкі құрамдастардың дұрыс орнатылғанын 
тексеру.
•  Бөтелкелер мен контейнерлердің бір-біріне 
тимеуін тексеру.
Құрылғыны бірінші рет немесе 
ұзақ іркілістен кейін қосу кезіндегі 
ысылдаған дыбыс.
Хладагент сұйықтығы түтіктерге 
кірген кездегі бүлкілдеген дыбыс.
Жұмыс істеп тұрған 
компрессордан шығатын "бррр" 
дыбысы.
Су краны немесе желдеткіш 
жұмысты бастаған кездегі 
быжылдаған дыбыс. 
Компрессор іске қосылғандағы 
немесе дайын мұз бөліктері мұз 
қорабының ішіне кенет тырс 
еткендегі, компрессор қосылып 
және өшкендегі шырт еткен 
дыбыс.
Сыртылдаған дыбыс 
компрессордың қаншалықты 
жиі жұмыс істейтінін реттейтін 
термостаттан шығады.
Келесідей функционалдық дыбыстарды естуіңіз мүмкін:

108
6. ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНБАУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ 
ҰСЫНЫС
6.1. УАҚЫТША ЖОҚ БОЛУ / ДЕМАЛЫС
Ұзақ уақыт жоқ болған жағдайда азық-түлікті тұтынып, 
қуатты үнемдеу үшін құрылғыны ажыратқан жөн.
6.2. ОРНЫН АУЫСТЫРУ
1.  Барлық ішкі бөлшектерін шығарыңыз.
2.  Оларды орап, бір-біріне соғылмайтындай немесе 
жоғалмайтындай етіп, жабысқақ таспамен бекітіңіз.
3.  Реттелетін аяқтарды тіреу бетіне тимейтіндей етіп 
бұраңыз.
4.  Есікті жауып, жабысқақ таспамен бекітіңіз және 
жабысқақ таспаның көмегімен қуат кабелін 
құрылғыға бекітіңіз.
6.3. ҚУАТ ІРКІЛІСІ
Қуат іркілісі орын алса, электр қуатымен 
жабдықтайтын компанияның жергілікті кеңсесімен 
хабарласып, іркілістің ұзақтығы туралы сұраңыз.
Ескертпе: Толық құрылғы ішінара толтырылған 
құрылғыға қарағанда ұзақ уақыт бойы салқын болып 
тұратынын есте сақтаңыз.
Тағамның күйі нашар болса, оны лақтырып тастаған 
жөн.
24 сағатқа дейін созылатын қуат іркілістері үшін.
1.  Құрылғының есігін жабық күйде ұстаңыз. Бұл 
сақталған тағамдардың мүмкіндігінше салқын 
болуына мүмкіндік береді.
24 сағаттан аса созылатын қуат іркілістері үшін.
1.  Алдымен тез бұзылатын тағамдарды тауысу қажет.
7. ҚҰРЫЛҒЫҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ 
ТАЗАЛАУ
Кез келген тазалау немесе қызмет көрсету жұмысының 
алдында құрылғыны электр желісінен немесе электр 
қуатының көзінен ажыратыңыз.
Құрылғыны жүйелі түрде мата және тоңазытқышқа 
арналған бейтарап тазалау заты қосылған жылы су 
ерітіндісімен тазалаңыз. Ысқыш заттарды ешқашан 
пайдаланбаңыз. Тоңазытқыш бөлшектерін ешқашан жанғыш 
сұйықтықтармен тазаламаңыз. Бу өрт немесе жарылыс 
қаупін тудыруы мүмкін. Құрылғының сыртқы жағын және есік 
тығыздатқышын дымқыл матамен тазалап, жұмсақ матамен 
кептіріңіз.
Бу тазалағыштарды пайдаланбаңыз.
Құрылғының артқы жағында орналасқан конденсатор вакуум 
тазалағышты пайдаланып жүйелі түрде тазалануы тиіс.
Құрылғының артқы жағында орналасқан конденсатор вакуум 
тазалағышты пайдаланып жүйелі түрде тазалануы тиіс.
Маңызды:
•  Түймешіктері және басқару панеліндегі дисплей 
алкоголь немесе құрамында алкоголь бар заттармен 
тазартылмауы тиіс, тек құрғақ матаны пайдаланыңыз.
•  Тоңазытқыш жүйесінің түтіктері еріту поддонының 
қасында орналасқан және ыстық болуы мүмкін. Оларды 
жүйелі түрде вакуум тазалағышының көмегімен 
тазартыңыз.
Ерітілген судың үздіксіз және дұрыс ағуын қамтамасыз ету 
үшін тоңазытқыштың артқы жағындағы жеміс және көкөніс 
жәшігінің қасында орналасқан төгу саңылауының ішкі жағын 
ұсынылған құралды пайдаланып әрқашан тазалаңыз.
"Нөл градустық жәшікті" )сыртын қоса( тазалаудан бұрын жәшікті электр көзінен ажырату үшін 
шығарыңыз.
Жәшік және оның барлық бөлшектерін мата және тоңазытқышқа арналған бейтарап тазалау заты қосылған су 
ерітіндісімен жүйелі түрде тазалаңыз )жәшіктің артындағы ақ пластик сөресін судың астына батырмаңыз(.
Ысқыш тазалау заттарды пайдаланбаңыз.
*Таңдамалы үлгілерде ғана қолжетімді. Осы функцияның үлгіңіздегі қолжетімділігін ҚЫСҚАША ІСКЕ ҚОСУ НҰСҚАУЛЫҒЫНАН 
тексеріңіз.

109
8. АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ НҰСҚАУЛЫҒЫ
8.1. КЕПІЛДІК БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІНЕ ХАБАРЛАСУДЫҢ АЛДЫНДА…
Өз бетіңізбен анықтап, ешбір құралсыз түзете алатын шағын мәселелер өнімділік ақаулықтарын жиі 
тудыруы мүмкін.
ПРОБЛЕМА
ШЕШІМІ
Құрылғы жұмыс істемейді:
•  Қуат кабелінің кернеуі сәйкес жұмыс істейтін розеткаға қосылған ба?
•   Үйіңіздегі электр жүйесінің қорғаушы құрылғылары мен 
сақтандырғыштарын тексердіңіз бе?
Еріту поддонында су бар болса: •  Бұл ыстық, дымқыл ауа райы кезінде қалыпты болып табылады. Поддон, 
тіпті, жартылай толы болуы мүмкін. Құрылғының су төгілмейтіндей, бір 
деңгейде еңкеюсіз тұрғанына көз жеткізіңіз.
Егер есік тығыздатқышымен 
жанасатын құрылғы корпусының 
шеттері жылы болса:
•  Бұл жағдай ыстық ауа райында және компрессор жұмыс істеп тұрғанда 
қалыпты болып табылады..
Шам жұмыс істемейді:
•   Үйіңіздегі электр жүйесінің қорғаушы құрылғылары мен 
сақтандырғыштарын тексердіңіз бе?
•  Қуат кабелінің кернеуі сәйкес жұмыс істейтін розеткаға қосылған ба?
•   Жарық диодтар зақымдалған жағдайда оны тек сатудан кейінгі 
көрсетілетін қызметті көрсету бөлімінде немесе өкілетті дилерде ғана 
сатылатын бөлшекпен ауыстыру үшін пайдаланушы Қызмет көрсету 
орталығына хабарласуы тиіс.
Егер мотордың тым көп жұмыс 
істеп тұрғаны байқалса:
•   Мотордың жұмыс істеу уақыты түрлі жағдайларға байланысты: есіктің 
ашылу жиілігі, сақталған тағамның мөлшері, бөлмедегі температура, 
температураны басқару құралдарының параметрі.
•  Конденсаторда )құрылғының артқы жағы( шаң немесе мамық 
жиналмаған ба?
•   Есік тиісінше жабылған ба?
•   Есік тығыздатқыштары тиісінше орнатылған ба?
•   Ыстық күндері немесе бөлме жылы болғанда мотор әдеттегідей ұзағырақ 
жұмыс істейді.
•   Құрылғы есігі біраз уақытқа ашық қалдырылса немесе тағамның үлкен 
көлемі сақталса, құрылғының ішкі бөлігін салқындату үшін, мотор 
ұзағырақ уақыт бойы жұмыс істейді.
Құрылғы температурасы тым 
жоғары болса:
•  Құрылғының басқару элементтері дұрыс орнатылды ма?
•   Құрылғыға тағамның көп мөлшері салынды ма?
•   Есіктің жиі ашылмайтынын тексеріңіз.
•   Есіктің тиісті түрде жабылғанын тексеріңіз.
Егер есіктер тиісті түрде 
ашылмаса және жабылмаса:
•  Тағам орамдарының есікті тіремейтінін тексеріңіз.
•   Ішкі бөлшектер немесе автоматты мұз генераторы орындарында екенін 
тексеріңіз.
•   Есік тығыздатқыштары кір немесе жабысқақ еместігін тексеріңіз.
•   Құрылғының тегіс тұрғанына көз жеткізіңіз.
8.2. АҚАУЛЫҚТАР
Жұмыс дабылдары естілген жағдайда олар, сондай-ақ, сандық жарық диодтарында көрсетіледі )мысалы, 
1-ақаулық, 2-ақаулық, т.б.(.Кепілдік бойынша қызмет көрсету бөліміне хабарласып, дабыл кодын 
анықтаңыз. Дыбыстық дабыл дауысы шығады, Дабыл белгішесі   және төменде сипатталған ақулық 
кодына сәйкес сандық дисплейде F әрпі жыпылықтайды:
Ақаулық коды
Бейнеленуі
Қате 2
F әрпінің жыпылықтауы 0,5 сек. бойынша қосылады/өшеді. 
ҚОСУЛЫ кезде 2 рет жыпылықтайды
содан кейін 5 секунд бойы өшірулі болады. Үлгі қайталанады.
 x2
Қате 3
F әрпінің жыпылықтауы 0,5 сек. сайын қосылады/өшеді. 
ҚОСУЛЫ кезде 3 рет жыпылықтайды
содан кейін 5 секунд бойы өшірулі болады. Үлгі қайталанады.
 x3
Қате 6
F әрпінің жыпылықтауы 0,5 сек. сайын қосылады/өшеді. 
ҚОСУЛЫ кезде 6 рет жыпылықтайды
содан кейін 5 секунд бойы өшірулі болады. Үлгі қайталанады.
 x6
*Таңдамалы үлгілерде ғана қолжетімді. Осы функцияның үлгіңіздегі қолжетімділігін ҚЫСҚАША ІСКЕ ҚОСУ НҰСҚАУЛЫҒЫНАН 
тексеріңіз.

110
9. КЕПІЛДІК БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Кепілдік бойынша қызмет көрсету орталығына 
хабарласу алдында:
Мәселенің шешілгенін/шешілмегенін көру үшін 
құрылғыны қайта қосыңыз. Шешілмесе, құрылғыны 
қуат көзінен ажыратыңыз және қайта қосудың 
алдында бір сағат күтіңіз.
Ақаулықтарды шешу нұсқаулығында сипатталған 
тексерістерді орындаудан кейін және құрылғыны 
қайта қосудан кейін ол әлі дұрыс жұмыс істемесе, 
Кепілдік бойынша қызмет көрсету орталығына 
хабарласыңыз және мәселені түсіндіріңіз.
Келесілерді анықтап беріңіз:
•  үлгісі мен құрылғының сериялық нөмірі 
)техникалық деректер паспортында берілген(,
•  мәселенің сипаты,
•  қызметтік нөмірі )құрылғының ішкі жағындағы 
деректер тақтасында SERVICE )ҚЫЗМЕТ( 
сөзінен кейін жазылған нөмір(,
•  толық мекенжайыңыз,
•   телефон нөміріңіз және аймақ кодыңыз.
Ескертпе:
Есіктің ашылу бағытын өзгертуге болады. Осы 
операция кепілдік бойынша қызмет көрсету 
бөлімінің тарапынан орындалса, ол кепілдікте 
қамтылмайды.

111
STIKKORDREGISTER
Kapittel 1: INSTALLASJON .............................................................................................112
1.1. INSTALLASJON AV ETT ENKELT APPARAT ............................................................................................ 112
1.2. INSTALLASJON AV TO APPARAT ............................................................................................................. 112
Kapittel 2: FUNKSJONER ...............................................................................................113
2.1. ON/STAND BY  ............................................................................................................................................ 113
2.2. SMART DISPLAY* ....................................................................................................................................... 113
2.3. 6TH SENSE FRESH CONTROL / PROFRESH  ......................................................................................... 113
2.4. ALARM FOR ÅPEN DØR ............................................................................................................................ 113
2.5. FERIE  ......................................................................................................................................................... 113
2.6. HURTIG NEDKJØLING  ............................................................................................................................. 113
2.7. SKUFF MED NULL GRADER*  .................................................................................................................. 114
2.8. VIFTE ........................................................................................................................................................... 114
2.9. INNSTILLING AV TEMPERATUR ............................................................................................................... 114
2.10. NO-FROST KJØLESEKSJON .................................................................................................................. 114
2.11. LED-LYS SYSTEM* ................................................................................................................................... 115
2.12. FUKTIGHETSKONTROLLERT SKUFF .................................................................................................... 115
Kapittel 3: BRUK .............................................................................................................115
3.1. HVORDAN ØKE KJØLESKAPETS OPPBEVARINGSKAPASITET ........................................................... 115

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет