Интеллектуалдық ойын «Ұшқыр ой мен шешен тіл» Мақсаты



бет4/4
Дата02.02.2022
өлшемі164,04 Kb.
#24724
1   2   3   4
І топ. Сұрақтар.

  1. Оқу – инемен құдық қазғандай.(Оқу-учение –teaching, reading)

  2. Оқу – білім азығы,

Білім – ырыс қазығы.(Білім-знание-knowlege)

  1. Кітап – алтын қазына.(Кітап-книга-teachings)

  2. Еңбегің қатты болса,

Татқаның тәтті болар. (Еңбек-труд-labour)

1-жүргізуші.

ІІ. Топтың сұрақтары

  1. Ғылым – теңіз, білім – қайық.(Ғылым-наука-science)

  2. Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.(Тіл-язык language -)

  1. Кітап-ғылым – тілсіз мұғалім.(Мұғалім-учитель-teacher)

  2. Жақсы сөз – жарым ырыс. (Сөз-слово-word)

Мәнерлеп оқу. Әділқазылар алқасы ұпай сандарын есептеп болғанша оқушылар мәнерлеп өлеңдерін оқып береді.

1/Арғын Анель

2/Сыздық Али

- Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.



2-жүргізуші.

Келесі ІІІ кезеңіміз – «Ғажайып алаң».

Бұл кезеңде қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, география пәнінен, мәдениет саласы және спорт саласынан сұрақтар беріледі.

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын!

Ғажайып алаң

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша


  1. 20 ұпай – Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздердің тобы. (Омонимдер)

  2. 30 ұпай - «Қызғыш құс» өлеңі кімнің еңбегі? Махамбет Өтемісұлы

  3. 40 ұпай – «Портрет» дегеніміз? (Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін-кейпін, жүріс-тұрысын суреттеуді айтамыз)

  4. 50 ұпай – Жаңа сөздердің жасалуын зерттейтін тіл білімінің саласы. Сөзжасам

Тарих пәні бойынша

  1. 20 ұпай – Тарихтың атасы. Геродот.

  2. 30 ұпай – ҚР-ның тәуелсіздік күні болып қашан жарияланды? 1991 жылы 16 желтоқсан

  3. 40 ұпай – Ұлы Отан соғысы қашан аяқталды?1945 жылы

  4. 50 ұпай – Конститутция неше бөлімнен тұрады? 98 бөлімнен

1-жүргізуші. Ән айту. 6 «А» сыныбының оқушылары

Сөз әділқазы алқасына беріледі.

Ойын толық жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.

2-жүргізуші.

Жоғары, жоғары, жорғала


Шапшаңдыққа таң қал ма.
Ойын деге нарталас,
Жеңілемін деп ойлама! Олай болса келесі ІV кезеңіміз - «Жорға».

Бұл кезеңнің шарты бойынша ұпай саны аз топ мүшелеріне сұрақтар қойылады.





Бірінші топтың сұрақтары:

  1. «Қазақ» газетін шығарған кім? Байтұрсынов

  2. Тіл туралы заң қашан қабылданды? 1989ж. 22 қыркүйек

  3. Қазақ тіліндегі тыйым салуға қатысты сөздер қай терминге жатады? табу

  4.  Ине шаншар жер жоқ – тұрақты тіркесінің мағынасы қандай? бос жер жоқ

  5. “Үш арыс “ кімдер? Бейімбет, Сәкен, Ілияс

Екінші топтың сұрақтары:

  1. «Әдебиет» сөзі халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының айтуынша қандай мағынаны білдіреді? ( «асыл сөз»)

  2. Өкпесі қара қазандай – тұрақты тіркесінің мағынасы қандай? реніші таудай

  3. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алған жыл? 1989

  4. «Ерінбесең - емерсің» мақалдың мағынасын түсіндіріңіз? еңбек ету

  5. Тілдің дыбыстық жүйесі мен жасалу жолдарын тіл білімінде қай саласы зерттейді? Фонетика



  1. жүргізуші:

Ойынның шешуші сәті төрешілер өздеріңізде. Әділ жауабын беріңіздер!

Әділқазылар жалпы ұпай сандарын есептеп болғанша көрермендерге қоятын сұрақтар қоямыз.



Жеңімпазды анықтап, марапаттау. Жүргізушілерді марапаттау.

2-жүргізуші:

Бүгінгі көріп тамашалаған «Ұшқыр той мен -шешен тіл» атты интеллекуалды сайыс ойыны мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет