ШҚҚЖ көмегімен шешілетін тапсырмалар мысалы: шаруашылыққа қажет техника нарығын бағындыру әдісін таңдау; автокөліктерге арналған жанғыштың альтернативті түрлерінің өтімділігін бағалау. Сонымен, ШҚҚЖ- мәліметтер базасымен сәйкес келетін модельдер және шешімдер ережелерін қолданатын диалогті автоматтандырылған ақпараттық жүйе, сонымен қатар мәселелерді нақты, шынайы шешу үшін шешім жеке дара және қалыптаспаған шешімдерді менеджерлерге немесе өз тәжірибесімен қабылдауын қолдайтын, модельдеудің интерактивті компьютерлік үрдісі. Кейінгі кезде ШҚҚЖ шағын немесе орта бизнес саласында қолданылып жүр (мысалы, сату орындарын орналастыруды таңдауда, ақпараттандырудың түрін таңдау және т.б). Яғни, олар менеджердің персоналдың талаптарына сәйкес келеді және индивидуалды стилде болады. Мемлекеттік немесе үлкен коммерциялық ұйымдарда күрделі мәселелердің шешімдер қабылдаудың жүйелері бар.