Interactive Image Technologies (Канада) фирмасының Electronics Workbench (ewb) бағдарламасы



бет2/6
Дата13.06.2023
өлшемі367,05 Kb.
#101056
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 зертханалык жумыс МпТ

File мәзірі
File мәзірі файлдарды қосу және жазу, сұлбаның құрамдас бөліктерін басып шығару үшін қатаң көшірмелерін алу үшін, сонымен қатар, басқа модельдеу жүйесінің форматында файлдарды импорттау/экспорттау үшін қолданылады.
Бұл мәзірдің алғашқы төрт командасы: New (Ctrl+N), Open... (Ctrl+O), Save (Ctrl+S), Save As... — Windows бағдарламасындағы мәзірмен бірдей, яғни файлдармен жұмыс жасау үшін қолданылатын командалар. Бұл командалар үшін стандартты бейнелері бар батырмалар бар.



2.1-сурет – EWB бағдарламасының жұмыс терезесі


Revent to Saved... — редактрлеудің ағымдағы сеансында енгізілген барлық өзгерістерді өшіру және сұлбаны бастапқы түрдегі қалпына келтіру.
Print... (CTRL+P) — принтерге шығару үшін мағлұматтарды таңдау:
Schematic — сұлбалар (бұл опция үнсіз келісім бойынша таңдалған);
Description — сұлбаға сипаттама беру;
Part list — принтерге шығарылатын құжаттар тізімі;
Label list — сұлба элементтерін белгілеу тізімі;
Model list — компоненттер сұлбасында бар тізімдер;
Subcircuits — ішкі сұлбалар (аяқталған функциялық түйіндер болып табылатын және ішінде атауы бар тіктөртбұрышпен белгіленген сұлба бөліктері);
Analysis options — модельдеу режимдерінің тізімдері;
Instruments — аспаптар тізімдері.
Осы ішкі мәзірден басып шығаруға (Setup батырмасы) және материалды принтерге (Print батырмасы) жіберуге болады. Принтерге шығарылатын деректердің масштабын 20-дан 500%-ға дейін өзгерту мүмкіндігі қарастырылған.
Print Setup... — принтерді баптау.
Exit (ALT + F4) — бағдарламадан шығу.
Install... — иілгіш дскімен қосымша бағдарламаларды орнату.
Import from SPICE — сұлба және SPICE (.cir кеңейтілу атымен) форматында модельдеуді беру сипаттамасының мәтіндік файлын импорттау және оның мәтіндік сипаттамасы бойынша сұлбаны автоматты түрде құру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет