Сұйытылған күкірт қышқылы (H2 SO4) тұз қышқылы (HCl) және басқалар тек кернеу қатарындағы сутектің сол жағына орналасқан металдармен ғана әрекеттеседі де тұз және газ күйіндегі сутек түзеді.
Сұйытылған күкірт қышқылы қорғасынмен әрекеттеспейді, өйткені алғашқы сәтте түзілген қорғасын сульфатының (PbSO4) жұқа қабатты нашар ериді де реакцияның жүруіне тосқауыл болады. Концентрленген күкірт қышқылы мен кеж келген концентрациядағы азот қышқылы HNO3 тотықтырғыш — қышқылдар болып келеді және металдармен әрекеттесетін реакцияларда ерекше қасиет көрсетеді.
Мысалы:
Cu + 2H2SO4 = Cu SO4 + SO2 + 2H2O
Zn + 4HNO3 = Zn(NO3) 2 + 2NO3 + 2H2 O
3Zn + 8HNO3 = 3Zn (NO3) 2 + 4H2 O
5Zn + 12HNO3 = 5Zn(NO3) + N2 + 6H2 O
4Zn + 10 HNO3 = 4Zn(NO3) 2 + N2 O + 5H2 O
4ZN + 10HNO3 = 4Zn (NO3) 2 NH4 NO3 + 3H2O
Қышқылдарды ұжымдық технологиясы бойынша оқыту
Білімнің сапасын көтеру, оқушылардың біліктілігін, ойлау мәдениетін қалыптастыру, жеке адамның ішкі әлемін, өзіндік түсінуін, өзіндік дамуын қамтамасыз ету, оқытуда белгілі бір нәтижеге жету мақсатында педагогғалымдар оқу процесін «технологияландыруда», яғни «оқытуды кепілді нәтиже беретін өндірістік-технологиялық процеске айналдыру» мәселесін көтеруде.Әдістеме ғылымы «Нені оқыту?», «Не үшін оқыту?», «Қалай оқыту?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді(5).