Оқытудың интерактивті технологиясы
бет 3/16 Дата 31.12.2021 өлшемі 1,64 Mb. #22581 түрі Лекция
Байланысты:
interaktivti-okytudyn – бұл ұжымдық, бірін бірі толықтыратын , білім алушының оған қатыспай қалуы мүмкін емес оқытуды ұйымдастыру үрдісі, ол таным процесінде оқып үйренуде оған барлық қатысушылардың өзара бірлесіп әрекет жасауына негізделген.
Дәстүрлі білім беру
(білімді жинақтауға негізделген)
Интерактивті оқу
(білімді өздігімен игеруге негізделеді)
Оқытушы
ның
ролі
Білім көзі, белсенді үйретуші «біліммен бос ыдыстарды» толтырушы, білім алушылардан анағұрлым көп білуші , «солист», «жалғыз актерлі театр» актері
Таным процесі мен үйренуді ұйымдастырушы, бағыт-бағдар сілтеуші , проблемалық түрде білім алушылар түйсінетін және талдайтын болмысты құрастырушы
Білім алушының ролі
Ырықсыз, бәсең, айтқанды орындаушы , қайталаушы, тыңдаушы
Белсенді, өз біліміне деген жауапкершілікті түсінуші, білімді өздігінен үйренуші, өз қажеттіліктерін айқындаушы
Оқытушы әрекеттері
Мәліметтер мен ақпараттар береді; Өзі жасаған қорытындылар мен тұжырымдарды келтіреді ; Тапсырмалар береді; Оқушылардың білімін тексереді;
Білім алушыларда мынадай қабілеттерді дамытуға ұмтылуға:
- Өзіндік әрекеттер мен көзқарас қалыптастыру мен дамыту;
- Ақпаратты өздігінен игеру , талдау шешім қабылдау, жаңа мазмұн құру;
- Проблеманы айқындау және оны шешу жолдарын қарастыра білу ;
- Келіссөздер және пікірталас жүргізе білу
- Өз сөзіне иландыру және бітімге келе білу
Достарыңызбен бөлісу: