Когеренттік уақытын білу арқылы өте маңызды басқа физикалық шаманы-когеренттік ұзындығын бағалауға болады; ол-толқынның фазасы мен амплитудасы орташа алғанда тұрақты болып қалатын уақыт ішінде толқынның таралатын қашықтығы. -тің қабылданған бағалануы жағдайында оптикадағы когеренттік ұзындығы 3-30 см болады. Кейбір дербес жағдайларда толқын цугы ұзындығымен ( ) дәл келуі мүмкін.
толқын ұзындықтары бірдей толқындардың интерференциялану шарты - олардың когеренттігі, яғни бақылау үшін жеткілікті уақыт ішінде фазалар айырымы тұрақты болуы.
Қосылатын тербеліс саны көп болғанда қорытқы амплитуда былай анықталады
(4)
Когерентті тербелістер үшін фазалардың айырмалары берілген нүктеде нақты және тұрақты мәнге ие болады да (4) өрнекке сәйкес қосынды интенсивтік жеке тербелістердің интенсивтіктерінің қосындысынан үлкен де, кіші де бола алады. Амплитудалар
бірдей болған жағдайда барлық тербелістер бірдей фазада келетін нүктелердегі интенсивтік
тең болады,
яғни интенсивтіктің шұғыл өсуі( есе) байқалады. Басқа нүктелерде интенсивтіктер өзара бірін-бірі өшіреді. Интерференция салдарынан кеңістікте тербелістердің интенсивтігі (энергиясы) қайта үлестіріледі.
Егер тербелістер когерентті болмаса, яғни бір-бірінен тәуелсіз өтетін болса, онда бұлардың фазалары 0-ден 2π-ге дейінгі кездейсоқ мәндер қабылдайды, ал cosφ бірдей ықтималдықпен оң да, теріс те (+1-ден –1-ге дейінгі) мәндер қабылдайды. Осы жағдайда (4) өрнегіндегі екінші қосындының орташа мәні нөлге тең болады. Сондықтан интенсивтіктің орташа мәні үшін мынаны жазуға болады

яғни қорытқы интенсивтік жеке тербеліс интенсивтерінің қосындысына тең болады.