Internet желісі



бет6/15
Дата07.01.2022
өлшемі170 Kb.
#19769
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
9. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА

Қазіргі кезде электрондық пошта кеңінен қолданылып келе жатыр. Оны қалай пайдалануға болады?

Поштаның не екенін білеміз. Ол, кем дегенде, екі абонентке мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін кәдімгі байланыс құралы. Мұнда мәлімет алмасу жүзеге асуы үшін адресі көрсетілген хат жазылып, оны пошта жәшігіне салу керек. Одан хат пошта бөліміне жетеді. Егер адрес жалпы қабылданған тәртіппен дұрыс көрсетілсе, біраз уакыт өткен соң, поштальон оны алушының пошта жәшігіне салып кетеді. Сонан кейін абонент хатты ашып оқиды - міне осылай мәлімет алмасу жүзеге асады. Бұл процесті жылдамдату үшін телефон құлақшасын көтеріп, керекті нөмірді тереміз, егер дұрыс байланыс орнатылса, біздің абонентіміз айтатын сөзімізді естиді. Ал, егер абонент жауап бермесе немесе оның басқа шаруасы болып жатса, онда телефон соғуды кейінге қалдырамыз.

Осы пошталық және телефондық - екі байланыс түрін адамдар кең пайдаланады, олардың кемшіліктері мен артықшылықтарын біз жақсы білеміз. Ал электрондық пошта ше?

Электрондық поштаның ең елеулі ерекшелігі - оның жылдамдығы. Бірақ оның көпшілік біле бермейтін басқа да ерекшеліктері бар. Электрондық поштаның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақтағы абоненттердің бір сәтте болуы қажет емес. Оған қоса мұнда хабарламаның көшірмесі жазбаша түрде жеткізілетіндіктен, оны сақтап қоюға, бірден бірнеше абонентке беруге немесе ары қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады. Электрондық поштаның хаттан да басқа сурет, бейнелік мәлімет, дыбыс, программа т.с.с. ақпарат түрлерін де тасымалдай алатынын айту керек.

Осылардің бәрі де жер шарының кез келген нүктесіне бірнеше минут ішінде міндетті түрде жылдам жеткізілетінін ашып айту керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет