Электрондық пошта жүйесіндегі адрестер
Электрондық пошта адрестерінің екі түрі бар: пошта жіберілетін бағытқа тәуелді және ол бағыттан тәуелсіз.
Алғашқы адресті, яғни бағытқа тәуелді тәсілді пайдаланғанда, жіберілген хабар алушыға жетуі үшін жөеллтуші пошта өтетін аралық станцияларды білуі тиіс. Ал бағыттан тәуелсіз адресте тек алушы адресі ғана көрсетіледі. Мысалы, UUСР-адрестер бағытқа тәуелді, ал Іnteгnеt-адрестер әдетте бағытқа тәуелді болмайды.
Іnteгnеt жүйесіндегі электрондык пошта адресі мынадай форматпен жазылады:
тұтынушы@ машина, мұндағы @ таңбасы тұтынушы атын машина атауынан бөліп тұрады. Бұл адрес поштаны машина компьютеріндегі тұтынушы пошта жәшігіне жеткізеді.
Электрондық пошта адресінің мысалы: іntkaz@оk.kz
Мұндағы іntkaz - абонент идентификаторы. @ таңбасының оң жағында сөз домен деп аталады, ол тікелей абоненттің орналасқан тұрағын анықтайды. Доменнің құрамындағы сөздер нүктемен бөлінеді. Доменнің ең оң жақ шетіндегі екі әріптен тұратын сөз мәлімет баратын елдің коды болып табылады, ол - ең жоғарғы деңгейдегі домен. Мемлекеттердің коды халықаралық І8О стандарты бойынша бекітіледі. Адрсстегі kz - Қазақстан Республикасының коды. Кейде жоғарғы деңгейдегі домен ретінде желі атауы да көрсетілуі мүмкін. Мысалы, АҚШ-та жоғары оқу орындарын немесе мемелекеттік мекемелерді біріктіретін желілер бар, сондықтан жоғарғы домен ретінде мынадай қысқарған сөздер қолданылады: edu - Еducational іnstitutions (мысалы, сs.bегkсе1еу.еdu), gov - Gоvernment institutions, т.с.с.
Келесі ішкі (төмшгі деңгей) домен-мысалда оk-жоғарғы деңгей доменінің ішіндегі нақты атау болып табылады.Жеке домен атауларынан құралған жиын - оk.kz - екінші деңгейдегі
домен деп аталады.Ол жоғарғы доменде бекітілген ережелерге сай аныкталады.
Пошталық қосалқы аттар
Қосалқы аттар (псевдонимдер) жүйе администраторына немесе жеке тұтынушыларға поштаны қайталап адрестеуге мүмкіндік береді. Оларды тарату тізімдерін (оларда бірнеше алушылар тұрады) бергенде, компьютерлер арасында мәлімет алмасқанда және кейбір тұтынушыларға екі-үш ат арқылы хабарласу үшін пайдалануға болады.
Қосалқы аттар:
- қолданушы агентінің конфигурациялық файлында;
- қосалқы аттардың жалпы жүйелік /еtс/аlіаsеs файлында;
- қайта бағыттауға арналған ~/.fогwагd файлында анықталады.
Алдымен электрондық пошта жүйесі қосалкы аттарды қолданушы агентінің конфигурация файлынан іздейді, онан кейін аlіаsеs файлынан, соңында қайта бағыттауға арналған қолданушы файлынан іздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |