Электрондық поштаның жұмыс істеу принциптері
Электрондық пошта жүйесі үш бөліктен тұрады:
- қолданушы агенті - әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді;
- тасымалдау агенті - мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді;
- жеткізу агенті — мәліметтерді оны алушының пошта жәшігіне салып кетеді.
Қолданушы агенті - тутынушыларға мәліметтерді оқуга және жіберілетін пошталың хабарларды құрастыруга мумкіндік беретін программалар жиыны. Мұндай агенттерге Windows 95 жүйесіндегі Internet Mail, UNIX жүйесіндегі Mail программалары жатады.
Осындай программалардың ең алғашкы тобына АТ&Т фирмасы жасап шығарған /bin/mail программасы жатады. Қазірде мұндай программалардың бірнешеуі бар. Олардан өзге графикалық интерфейсі бар қолданушы агенттері де бар. Пошталық мәліметтерге мультимедиа объектілерін қосуды анықтайтын МІМЕ (Multipurpose Internet Mail Extensions) —Интернеттегі электрондық поштаның көп мақсатты кеңейтілулері атты стандарт та жасалған. Осы стандартты көптеген қолданушы агенттері сүйемелдеп жұмыс жасап келеді.
Тасымалдау агенттері - поштаны қолданушы агенттерден қабылдап алып, оны алушылардың адрестерін анықтап, мәліметтерді ары қарай тасымалдау мақсатында басқа компьютерлерге жеткізуді қамтамасыз ететін программалар жиыны. Бұлар басқа тасымалдау агенттерінен келіп түскен мәліметтерді де қабылдап алады. Тасымалдау агенттері RFC821 бойынша анықталған SМТР (Simple Mail Transport Protocol - поштаны тасымалдаудың қарапайым протоколы) протоколы негізінде жұмыс істейді.
UNIX операциялық жүйесі үшін бірнеше тасымалдау агенттері (ММDҒ, zmаіlег, smаіl, uраs, т.б.) жасалған, солардың ішіндегі ең кең таралғаны, әрі қуаттысы - sеndmаіl.
Sеndmаіl программасы - тасымалдау агенті, ол қолданушы агенті мен жеткізу агенті арасындағы дәнекер болып табылады.
Ал Интернет үшін ол жеткізу агентінің, де рөлін атқарады.
Sеndmаіl і программасы мынадай міндеттер атқарады:
- қолданушы теріп даярлаған мәліметтерді басқару;
- алушылар адрестерін талдау;
- қажетті жеткізу немесе тасымалдау агентін таңдау;
- адрестерді жеткізу агентіне түсінікті түрге түрлендіру;
- тақырыптарды қайта форматтау;
- түрлендірілген мәліметті жеткізу агентіне жөнелту. Оған қоса, Sеndmаіl программасы қате туралы мәлімет қалыптастырып, алушыға жетпеген мәліметтерді иесіне қайтарады.
Жеткізу агенттері - поштаны тасымалдау агенттерінен қабылдап алып, оны тиісті пайдаланушыларға жеткізетін программалар тобы. Пошта нақты тұлғаға, таратылу тізімдеріне, файлға, программаға, т.с.с. жеткізілуі мүмкін.Мәлімет алушылардың әрбір тобына (типіне) қызмет ететін жеке агент - mаіl бар, ол -жергілікті компьютер пайдаланушыларға арналған жеткізу агенті. Sрор - поштаны кабылдау үшін UUСР (UNІХ tо unІХ Соbу) немесе РОР (Роst Оffiсе Ргоtосоl) протоколдарын пайдаланатын кашықтағы компьютерлерге арналған жеткізу агенті
/bіп/mаіl программасы - жергілікті компьютер пайдаланушыларға арналған жеткізу агенті, ал uuх, sрор және fеtсhmаіl - UUСР немесе РОР, ІМАР қызметтерін пайдаланатын қашыктағы компьютерлерге арналған жеткізу агенті. /bіп/sh программасы - файлға немесе программаға бағытталған поштаға арналған жеткізу агенті.
Достарыңызбен бөлісу: |