Netscape Nаvіdаtог және Іntегnеt Ехрlогег тәрізді ыңғайлы графикалық интерфейсі бар браузерлердің шығуына байланысты әрбір адамның жұмысы керек кезінде "тышқан" тетігінің батырмасын басуға ғана тірелгенін айтуға болады.
Мысал ретінде Місгоsoft Іntегnеt Ехрlогег 3.01 программасын пайдалану кезіндегі FTP-сервермен ftp:// ftp.ге1соm.ru қатынас құру сеансын талқылап шығайық.
Браузерді іске қосу үшін жүмыс столынан немесе есептер тақтасынан Іntегnеt Ехрlогег пиктограммасын табу қажет, соған курсорды алып барып, тышқанның негізгі батырмасын екі рет шерту керек.
Бұл мысал Іntегnеt Ехрlогег жұмысын Windows 98 ортасында көрсетеді, сондықтан оның іс әрекеттері осы операциялық жүйеге сәйкес баяндалады (Windows З.х ортасында жүйенің хабарлары мен терезе бейнелері басқаша болады, бірақ негізгі жұмыс кезеңдері мен орындалатын өрекеттері бірдей).
Іntегnеt Ехрlогег -ді іске қосар алдында желімен алыстан қатынас кұру программасы іске кіріседі, ол провайдер серверімен сіздің компьютеріңізді байланыстырады.
Мұндайда үш терезегс мәліметтер енгізілуі тиіс. Сіздің желідегі аты-жөніңіз және пароль (Бұлар сізге провайдер-компания арқылы Іntегnеt -ке қосылып тізімге тіркелген кезде бекітіледі), оған қоса провайдер серверімен байланыстыратын олардың телефон нөмірі. Сіздің сеанс алдындағы ең соңғы әрекетіңіз "Байланыс орнату" (Установить связь) батырмасын басу болып табылады. Осы сәттерде сіздің экраныңызға алыстағы компьютермен қатынас құрған программаның бірнеше терезелері шығады. Сеанс кезінде кез келген сәтте "Болдырмау" (Отмена) батырмасын басу арқылы байланысты үзуге болады.
Егер барлық әрекеттер дұрыс орындалса, экранға Іntегnеt Ехрlогег терезесі шығады. Одан әрі жұмыс істеу барысында сізге аспаптар тақтасында бірнеше батырмалар мен меню жолдарын пайдалану керек болады. Соларды қарастырып өтейік. Батырмалар астындағы жазулар олардың қызметін көрсетеді, бірақ қай кезде оларды басу керектігі онша түсінікті бола бермейді. Ал, сеанс кезінде оқып үйрену оңай емес, өйткені желідегі байланыс орнатылған сәттен бастап, ол біткенше уақытқа ақы төленеді.
Алдымен "Адрес" өрісін карастырайық, Бұл өрісте FTP адресі былай теріледі: ftp://ftp.relcom.ru
Адрес терілген соң, "Еntег" пернесі басылады. Осы сәттен бастап сеанс соңына дейін пернелер кажет болмайды, өйткені барлық әрекеттер тышқанмен орындалады.
Адрес енгізілген сәттен бастап, Іntегnеt терезесінің жоғарғы
оң жақ бұрышындағы жер шарының бейнесі көрсетілген сурет
қозғалып айнала бастайды. Қозғалып тұрған сурет бейнесінің
Іntегnеt Ехрlогег эмблемасына айналуы FТР- сервермен
байланыстық толық орнатылып, тікелей қатынас басталғанын
мәлімдейді.
Іntегnеt Ехрlогег терезесінің жұмыс аймағындағы 1 цифры тұрған орында ҒТР-сервергс кіріп отырған адамға арналған мәтін көрсетіледі. Одан ары қарай орындалатын әрекеттер осы мәтін нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.
Құрал-саймандар тақтасындағы "Тоқта" (стоп) батырмасын кез-келген кезде басып қалып, ҒТР-сервермсн өз компьютеріңіздің байланысын тоқтатуға болады. Егер сеанс кезінде бірнеше парақ мәтін алған болсаңыз, "Алға"және "артқа" батырмалары сол мәтін бойынша жылжу мүмкіндігін береді. "Таңдамалы" (Избранное) батырмасы арқылы қабылданған парақты өз бумаңызда сол күйінде сақтауға болады. Сонымен ҒТР-сервермен сеанс аяқталғаннан кейін ол мәтінді аспай-саспай қарап шығуға болады.
"Баспа" батырмасы экранда көрініп тұрған бетті баспаға шығаруға арналған. Егер сізге қаріп мөлшері үнамаса, онда "Шрифт" батырмасы арқылы оны үлкейтуге немесе кішірейтуге мүмкіндік бар.
Релком желісінің серверлерімен жұмыс істегенде ҒТР-сервері мен өз компьютеріміздің символдарды белгілеу кодтары сәйкес келмейтіні байқалуы ықтимал. Өйткені Windows жүйесі 1251 шарттаңбалау тәсілін, ал РЕЛКОМ желісі КОІ8г кодтау тәсілін пайдаланады. Мұндай жағдай туындаса, мәтін символдары кодтары түрлендіру үшін басты меню пунктін пайдаланған жөн. Басты менюдің "Түр" (Вид) пунктінің "Параметрлер" жолын таңдап алсақ, сол командаға сәйкес терезе экранға шығады. Сол терезедегі "Қаріп" батырмасыи басу керек те, "МІМЕ кодтары" параметрлері ішінен қажеттісін таңдап алу қажет.
Мұның себебі кодтардың стандартты кестесінде кириллица әріптері (орыс, қазақ әріптері) жоқ, сондықтан әркім өзі енгізген әріптерін немесе өзі ойлап шығарған әріптер программасын пайдаланып жүр (әрбір программалаушы осыған өз "үлесін" жалықпай косып келеді). Мысалы, КСРО төңірегінде алдымен КОИ8г кодтары қабылданған еді, Місгоsoft оған қоса екі балама кодтар даярлаған болатын — біріншісі, 886 кодтар МS DОC-қа арналған да, екіншісі, 1251 кодтар Windows жүйесіне бағытталған болатын. Қазіргі ТМД елдерінде осы үш кодтау тәсілі катар қолданылып жүр. Осы жолдармен керекті шарттаңбалар тандап алынған соң, барлық ашық терезелерді ОК батырмасын басу арқылы жауып қою керек. Сонда экрандағы мәтін қалыптағы күйге келеді.
Керекті файлды не каталогты алу (көру) үшін курсорды сол файл (каталог) атына алып бару керек, сол сәтте курсор сұқ саусағы сол файлды көрсетуге бағытталған қол бейнесіне айналып, тышқан батырмасын шерту арқылы, сол файлдың (каталогтың) мәтін алуға мүмкіндік аламыз. Сол мәтін өз компьютерімізге жеткізіледі (ал каталог болса, ашылып толық көрсетіледі). Жоғарғы деңгейдегі каталогқа өту керек болса, "Артқа" батырмасын басамыз немесе жоғары жақтағы "бір деңгей жоғары шығу" батырмасын басу жеткілікті. Экранда көрінбей одан тысқары тұрған мәтін бөліктерін көру үшін көлденең немесе тік жылжу сызықтарын пайдалану керек, олар Іntегnеt Ехрlогег терезесінің оң жақ және төмнгі шеттерінде орналасады ("лифт"деп те аталады).
Браузер арқылы кез-келген уақытта басқа ҒТР-серверге ауыса аламыз. Ол үшін "Адрес" деген терезеге жаңа адрес енгізіп, Еnterе пернесін басу қажет немесс "Адрес" өрісінің оң жағындағы бағыттауыш тілсызық батырманы басып, шыққан тізімнен керектісін таңдап алған жөн. Керекті адресті "Таңдамалар" батырмасы арқылы да тізімдер ішінен тауып алуға болады.
Браузермен жұмысты аяқтау үшін "Файл" менюінің "Жабу" пунктін орындау керек. Бұл мақсат үшін оң жақ жоғарғы бұрыштағы "X" батырмасын пайдаланса да болады.
8. WORLD WIDE WEB
Internet ішінен керекті информацияны іздеп табуға мүмкіндік беретін тағы бір мүмкіндікті қарастырып өтейік. Word wide web(WWW, /Web), яғни "дүниежүзілік өрмек" информация іздеп бүкіл дүние жүзіне "электрондық саяхат" жасайтын гипермәтіндік жүйе болып табылады. Қазіргі кездегі әр түрлі информация алуға болатын ең кең тараған жүйе ретінде, WWW ессптеледі. Internet -тің қалған бөліктерінш гөрі WWW жүйесін пайдалану жеңіл, әрі ыңғайлы.
Мұнда бір-бірімен байланысқан сездер тізбекше арқылы іздеу жүргізілсді. Өзіңізге керекті тақырыпты таңдап алып, соған байланысты информацияны қарап шығасыз, сол информация ішінен тағы бір тақырыпты тандап алсаңыз, соған байланысты ғана мәліметтерді оқи бастайсыз. Осылай бір тақырыптан екіншісіне ауысып қарап шығасыз, бірақ, қажет болса, кейін оралуыңыз да қиын емес.
WWW жүйесі байланыс орнатылған құжаттардан тұрады. Гипермәтін дегет не? Егер сіз Windows жүйесінің көмек беретін мәліметтер құрылымын қарап шықсаңыз немесе Macintosh компьютерінің Нуреr Саrd файлын көрсеңіз, сол гипермәтін мысалы бола алады. Гипермәтін құжат бір ұғымнан екінші ұғымға мәтіндік байланыс арұылы (мазмүны арқылы) тез өтуді қамтамасыз етеді (links). Бір мәтінді бастан аяқ оқудан гөрі сол мәтіннің белгілі бір бөлігін ғана оқып, сонан кейін сол бөлікпен байланысты басқа үғымдарға жылдам өте аласыз. Бұлай жылжу ерекшеленген мәтін үзіндісіне курсорды алып барып тышқанды шерту арқылы орындалып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |