Нәтижелер Студенттердің интернеттке тәуелділігін
анықтау үшін сауалнама жасырын түрде,
«Online Test Pad» сайты арқылы жүргізілді.
К.Янгтың жасаған әдістемелік тест 40 сұрақтан
және «ешқашан-1 ұпай, сирек-1 ұпай, жүйелі
түрде-3 ұпай, жиі-4 ұпай, үнемі-5 ұпай» жау-
аптардан құрылған.
К.Янгтың жалпы интернетке тәуелділік-
ті анықтау сауалнаманың нәтижесі алынды.
Нәтиже төмендегі шартты белгілерді қолдана
отырып, пропорция формуласымен есептел-
ді.
Ns – студенттердің жалпы саны.
Y – «Ұпай» жинаған студенттер саны.
P – 100% .
Y (P) – «Ұпай» жауабы бойынша 100% үлесі.
20-49 ұпай жинаған, жай ғана интернет
пайдаланушылар нәтижесі бойынша
Y (P) = ( Y∙P)/( Ns)= ( 92∙100%)/( 195) = 47%
50-79 ұпай жинаған, интернетті пайдалану-
да байланысты мәселелері бар пайдаланушы-
лар нәтижесі бойынша
Y (P) = ( Y∙P)/( Ns)= ( 80∙100%)/( 195) = 41%
80-100 ұпай жинақтаған, интернетке тәуел-
ділігі бар пайдаланушылар нәтижесі бойын-
ша
Y (P) = ( Y∙P)/( Ns)= ( 23∙100%)/( 195) = 12%
Нәтижелерді есептеу бойынша жүргізіл-
ген зерттеу көрсеткіші:
20-49 ұпай жинаған – 47% (92 зерттелуші),
жай ғана интернет пайдаланушылар- төмен
деңгейді көрсетті (арифметикалық орташа
көрсеткіші- 9,2);
50-79 ұпай жинаған - 41% (80 зерттелуші),
интернетті пайдалануға байланысты бір қатар
мәселелері бар орташа деңгей (арифметика-
лық орташа көрсеткіші- 2,6);
80-100 ұпай - 12% (23 зерттелуші), интерне-
тке тәуелділік, жоғары деңгейді (арифметика-
лық орташа көрсеткіші- 1,0) көрсетті.
Студенттердің интернетке тәуелділігінің
ұпай жинақтауы пайыздық және таңдаманың
орташа көрсеткіші арқылы жиілік диаграм-
масы көрсетілген [Сурет -1].
Жалпы орташа көрсеткіші 56,77 құрады.
Интернетті пайдалануға байланысты бір қа-
тар мәселелері бар орташа деңгей мен интер-
нетке тәуелділік, жоғары деңгейді көрсеткен
студенттер 8 топ ішінен 103 студентті құрады.
Бұл студенттердің интернетті пайдалануда
тәуелділіктің туындау себебін психологиялық
тұрғыдан анықтау үшін С.Н. Ченнің «Интер-
нетке тәуелділік шкаласы» қолданылды. Сау-
алнама 26 сұрақтан, (мүлдем сәйкес келмей-
ді-1 ұпай; сәйкестік шамалы -2 ұпай; орташа
сәйкестік 3 ұпай; толық сәйкестік -4 ұпай) бес
жауаптан тұрады. Жалпы қорытындысы 27-
ден 42 ұпайға дейін – интернетке-тәуелділік-
тің қаупі аз; 43-тен 64 ұпайға дейін – интер-
нет-тәуелділігіне байланысты проблемалар