Интернет-тәуелділіктің студент психологиясына әсері



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата20.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#141842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Педагогика 4-2022-228-238 (1)

Түйін сөздер:
 интернет-тәуелділік, киберкеңістік, психикалық жағдай, көңіл-күй. 
DOI: https://doi org/10.32523/2616-6895-2022-14-4-228-238
Кіріспе
XXI ғасырда енген ғаламтор желісі күн-
делікті өмірде миллиондаған адамдардың 
үйреншікті қолданысының бірі. 2021 жыл-
дың қаңтарында интернетті пайдаланушы-
лар саны 15,47 миллион адамды құрап, 2020 
жылдың басынан бері 5%-ға (741 000 адамға) 
өсті. 2021 жылдың басында интернеттің енуі 
қазірдің өзінде 81,9%-ды құрады. Дүни-
ежүзілік интернет қорының жыл сайынғы 
есебіне сәйкес, Қазақстан интернеттің, ком-
муникацияның өсу қарқыны және олардың 
халық өміріне әсері бойынша әлемдік рей-
тингте 28-орынға шықты. Ағымдағы жылдың 
Web Index деректері бойынша Қазақстан жал-
пы рейтингте Қытай (29-орын) және Ресей 
(31-орын) сияқты елдерді басып озып, дүние 
жүзінде 28-орынға тұрақтады. Өңірлік кон-
тексте біздің еліміз Таяу Шығыс және Орта-
лық Азия аймағында (Израиль, Иордания, 
Қазақстан, Катар, Йемен) 3-орында және Еу-
ропа және Орталық Азия аймағында Ресейді 
(16-орын) басып озып, 15-орында болды. Осы-


229
№ 4(141)/2022
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. 
Серия Педагогика. Психология. Социология
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. 
P
edagogy. 
P
sychology. 
S
ociology 
S
eries
лайша, Қазақстанның әрбір үшінші тұрғыны 
интернет пайдаланушысы, ал әрбір жетінші 
адам интернетті күнделікті пайдаланады. 
Қазіргі адам өміріне ақпараттық технология-
ларды кеңінен енгізудің оң және теріс салда-
рын тигізуде. Ақпараттық технологияларды 
ұзақ уақыт пайдаланудың жағымсыз салдары 
қызығушылық шеңберінің тарылуы, шын-
дықтан виртуалды әлемге ауысуы және тәу-
елділіктің дамуы. Өсіп келе жатқан жеткін-
шектердің интернетті қолдану патологиялық 
мәселесін өзекті етеді. Интернетке тәуелділік 
құбылыстарын психологиялық тұрғыдан зерт-
теген - зерттеушілер клиникалық психолог К. 
Янг және психиатр И. Голдберг. Интернетке 
тәуелділік терминін алғаш рет 1996 жылы И.
Голдберг ұсынды. Ол интернет желісін шама-
дан тыс қолдану нәтижесінде мінез-құлықтың 
бұзылуы, тұрмыстық, оқуда, әлеуметтік ор-
тада, қызметте, отбасында, қаржылық неме-
се психологиялық тұлға іс-әрекетіне зиянды 
әсер ететінін анықтады [1]. 
Қазіргі уақытта интернет-тәуелділік деп 
желіден тыс кезде интернет желісіне қосылуға 
және желіде болған кезде интернет желісі-
нен шыға алмауға деген мәжбүрлі ұмтылы-
сты білдіреді. Қазіргі әдебиеттерде «Интер-
нет-тәуелділік» ұғымның негізгі синонимдері 
«Интернет-аддикция», «Нетолизм», «Интер-
нетке мінез-құлық тәуелділігі», «Интернетті 
патологиялық пайдалану» жиі кездеседі.
Шет елдерде интернет- тәуелділік мәселе-
сі өткен ғасырдың 80-жылдары басталды. Ал 
Қазақстанда соңғы он жылда ғана зерттеліп 
келеді. Бүгінгі таңда А.Ю. Егоровтың тұжы-
рымдамасы бойынша интернет-тәуелділік хи-
миялық емес тәуелділіктің бір түрі «техноло-
гиялық тәуелділік» болып табылады [2].
Бірқатар авторлардың пікірі бойынша 
(Менделевич, 2007; Егоров, 2007; Больбот және 
Юрьева, 2006) интернетке тәуелділік бұрын-
нан белгілі тәуелділіктердің сипаттамалары-
на ұқсайды, мысалы: тәуелділік мінез-құлқы-
ның салдарынан өмірдегі маңызды нәрселерге 
немқұрайлы қарау; жақын адамдармен қа-
рым-қатынасының бұзылуы; аддикт үшін 
адамдарға тітіркенуі немесе көңілін қалдыру; 
өте тұйық немесе ашуланшақтық болып ке-
леді. Алайда, интернет-тәуелділіктің басқа 
тәуелділік түрлерімен ұқсастығы болғаныме-
нен, оларға жылдар қажет болса, интер-
нет-тәуелділік үшін бұл кезең өте қысқа. К.Янг 
жүргізген сауалнамалары барысында интер-
нет-тәуелділердің 25%-ы интернетте жұмыс 
істей бастағаннан кейін алты ай ішінде, 58%-
ы екінші жартыжылдықта, 17% - бір жылдан 
кейін тәуелді болған.
К.Янгтың пікірінше, интернет-тәуелділік 
— бұл көп өлшемді құбылыс, оның ішінде - 
өзін-өзі төмен бағалауы, мазасыз, депрессияға 
бейім, өздерін қорғаныссыз сезінетін, жалғыз 
немесе жақын адамдары оларды түсінбейтін, 
жұмысында, оқуда немесе әлеуметтік орта-
да қиыншылықтары бар, жаңалықты қалай-
тын, үнемі ынталандыру сезімдеріне деген 
ұмтылыс; эмоционалды сүйіспеншілік-сөз 
бөлісу, екі жақты эмпатияның болуы, нақты 
өмірдегі қиындықтардың өткір тәжірибесінен 
арылу, қолдау мен мақұлдауды қалау мүмкін-
дігі сияқты сезімдерді желі барысында, әртүр-
лі сайттар, бағдарламалар арқылы жүзеге 
асырады. Интернет-тәуелділіктің пайда бо-
луының негізгі алғышарттары мыналар: элек-
тронды поштаны үнемі тексеріп тұруға де-
ген ұмтылыс; өткізілетін уақыттың шектеусіз 
болуы; тым көп уақыт өткізетін адам туралы 
басқалардың шағымдары; қосымша қаражат 
табу көздерінің көп болуы, интернетті қолда-
ну жылдамдығының артуы және құнының қол 
жетімділігі. 2000 жылы К.Янг Интернет-тәу-
елділікті түсіндіру үшін үш деңгейлі модель 
әзірлеп, «Онлайн тәуелділік орталығын» 
құрды. Бұл модельге сәйкес интернет- тәуел-
ділікке тиісті әрекеттер: өз әрекеттеріне және 
қабылданған шешімдердің салдарын бақылай 
алуы; өз әрекеттерінің нәтижелерінен эмоци-
оналды көре алатынына байланысты туын-
дайды [3].
Н.А.Носовтың пікірінше, интернет-тәуел-
ділігі дамытуының негізгі механизмі вирту-
алды жағдайда жаңа тұлғаны құру арқылы 
адамның шынайы өмірде жетіспейтін негізгі 
қажеттіліктерін иллюзиялық қанағаттандыру 
арқылы толтыру мақсатында қолданылады.
Адамның шынайы өмірін виртуалды өмір-
мен алмастыру мақсаты интернет желісінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет