232
№ 4(141)/2022
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.
Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы
ISSN: 2616-6895, eISSN: 2663-2497
Тест 5 бағалау шкаласын қамтиды:
1. Мәжбүрлік белгілер шкаласы.
2. Болдырмау белгілерінің шкаласы.
3. Толеранттылық шкаласы.
4. Тұлға ішілік
проблемалар мен денсау-
лыққа байланысты проблемалардың шкала-
сы.
5. Уақытты басқару шкаласы.
Шкалалық бағалаудан басқа шкаладан
жоғары критерийлердің 2 түрі бар:
Алғашқы 3 шкала интернетке тікелей тәу-
елділіктің интегралды (негізгі) белгілер мәні,
соңғы 2 шкала интернетті пайдаланудың теріс
салдар көрсеткіш критерийлері.
Чен тестінің ерекше артықшылығы оның
жан-жақтылығы, интернет ресурстарына бай-
ланысты мінез-құлықтың бір континиумын
бірнеше түрден анықтауға мүмкіндік береді.
Л.Н. Юрьева және Т.Ю. Больбот әдісі бой-
ынша компьютерлік (интернет) тәуелділік-
тің скринингтік
диагностикасы аддиктивті
мінез-құлық туралы жалпы идеяларды және
кибер тәуелділіктің диагностикасын жасауға
көмектеседі. Бұл әдісті қолдану компьютер-
лік (интернет) тәуелділіктің скринингтік ди-
агностикасын жүргізуге, сонымен қатар жеке
тұлғаның эмоционалдық жағдайын, оның
ерікті қасиеттерін, өзін-өзі ұстау қабілетін, фи-
зикалық және психологиялық жағдайын бір
мезгілде бағалауға болады. Тест 11 сұрақтан
тұрады. Ұсынылған әдістің айрықша белгілері
қосымша бағалау критерийлері ретінде ара-
лық жауап нұсқалары, атап айтқанда «си-
рек» және «жиі» пайдалану болып табылады.
Бұл күтілетін жауаптарды неғұрлым сенімді
аймаққа әкеледі,
жеке тұлғаның жағдайын
икемді түсіндіруге ықпал етеді, сондықтан
объективті түпкілікті нәтиже беруге мүмкін-
дік береді.
Тест нәтижелері жанама түрде психикалық
және мінез-құлық бұзылыстарының дамуын
болдырмауға бағытталған алдын-алу бағдар-
ламаларды тиімді қолдану үшін интернет
тәуелділік белгілері бар «қауып-қатер тобын»
анықтауға мүмкіндік береді.
Ғылыми әдебиеттердің теориялық негіз-
ден талдай отырып, студенттердің интернетке
тәуелділігінің пайда болуының келесі негізгі
себептерін бөліп көрсетуге болады:
1. Психологиялық ахуал- тәуелділік мі-
нез-құлқының салдарынан өмірдегі маңызды
нәрселерге немқұрайлы қарау, нәтижесінде
шынайы өмірді
бағалауды тоқтатады және
одан аулақ болуға ұмтылады.
2. Әлеуметтік
бейімделу,
жақын
адамдармен қарым-қатынасының бұзылуы,
отбасындағы және құрдастар, достар арасын-
дағы қарым-қатынас проблемалары эмоци-
оналдық әл-ауқатына теріс әсер етеді, олар
жалғыздық сезімін, назардың жетіспеушілігін,
алаңдаушылықты сезіне бастайды, бұл олар-
дың өзін-өзі бағалауы мен өзіне деген сенімінің
төмендеуі; маңызды қызығушылықтардың,
әуесқойлықтардың, бос уақыттың көпті-
гімен және ересектер тарапынан бақылаудың
жоқтығы негіз болады;
3. Басқа адамдармен тіл табыса алмау,
сондай-ақ жеке ерекшеліктері мен мінез ерек-
шеліктері, мысалы, арамдық, ашкөздік, кек-
шілдік, реніш, т.б. - байланыс орнатуға кедер-
гі бола алатын барлық кедергілер. Виртуалды
әлемде жаңа таныстар жасау әлдеқайда оңай.
Виртуалды кеңістікте
кез келген тақырыпты
талқылауға, қызығушылық топтарына қо-
сылуға болады.
Интернет-тәуелділік сонымен қатар бірқа-
тар психологиялық мәселелердің қалыпта-
суына әкеліп соғады, бұл жастардың кезде-
сетін қиындықтарын одан сайын күшейтеді.
Шынайы өмірден гөрі виртуалды кеңістікті
таңдау, әлеуметтік бейімделу қиындықтарын,
өзін-өзі бақылаудың төмендеуі, интернетті
пайдалану мүмкіндігі болмаған кезде ыңғай-
сыздық сезімінің пайда болуы жатады.
Студенттердің интернетке тәуелділіктің ал-
дын алудың маңызды шарттары коммуника-
тивті дағдыларды дамыту және студенттердің
тұлғааралық өзара әрекеттесу мәселелерін
жеңу, әлеуметтік
желілер және тәуелді мі-
нез-құлық туралы идеяларды қалыптастыру.
Осыған сәйкес студенттер арасында ин-
тернетке тәуелділіктің алдын алуға және қа-
лыптасқан интернет тәуелділіктен арылтуға
бағытталған бағдарлама әзірленді.
Бағдарламаның мақсаты – студенттердің
әлеуметтік және моральдық, психологиялық
денсаулығына байланысты интернетке тәу-
елділіктен арылту, олардың салауатты өмір
Интернет-тәуелділіктің студент психологиясына әсері