Ата-аналармен ынтымақтастық. Мектепте, үйелменде балалар ересек адамдарға ашық сенгіштікпен қарайды деп ынтымақтастық педагогика жорамалдайды. Бұл үшін бірыңғай талаптар емес, үйелменде балалармен жолдастық, жылы-шырайлы қатынас болуы қажет. Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша ата-аналар жиналысында балалар туралы сын көзімен ескерту жасауға болмайды. Балалар мен ата-аналар арасында ұрыс-керіс жағдайын болдырмау. Мұғалім балалар жөнінде ата-аналарға айтып наразылық білдірмейді, күнделіктеріне не болса соны жазбайды. Балаңыз сабаққа дайындалмайды деп мұғалім әр ата-ананың есігін қағуды қою керек.
Егер оқушы назар аударуды, көмек көрсетуді талап етсе, онда оған керегінше (бір ай, әлде бір жыл керек пе) көмек көрсету қажет. Осындай жылы қамқорлықты сезген бала ата-аналарына да ризашылықпен толық сенім білдіріп, зор ықыласпен оқып білім алуға, еңбек етуге тырысады. Бұл өмірдегі, еңбектегі, оқудағы қарым-қатынас бірлігінің беріктігі - ынтымақтастық педагогиканың қағидасы.
Мұғалімдердің ынтымақтастығы. Экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысының педагогикалық еңбек өтілі 25-тен 40 жылға дейін. Олар әр түрлі мектеп ұжымдарында балалармен жұмыс істеген, талай мұғалімдер және директорлармен істес болған. Жаңашыл мұғалімдер, мүмкін ынтымақтастық педагогика өте күрделі, оны оқыту және тәрбиесінде қолдануға болмайтын шығар дейді. Шынында, олардың тәжірибесі бойынша кез-келген мұғалімнің ынтымақтастық педагогиканың принциптерін іске асыруы мүмкін, бірақ, бір айдың немесе бір тоқсанның ішінде жүзеге асыруы мүмкін емес. Әрине, егер кімде кім жаңа педагогиканы ақылға салып ойластырса, ол өз жұмысының жақсара бастағанын байқайды. Өйткені ынтымақтастық педагогика үшін айрықша жағдайдың керегі жоқ, әдеттегі оқу бағдарламасы және оқулықтар бойынша әрбір мұғалім өзінің сыныбында, әрбір директор өзінің мектебінде қайта құру кезеңінде мәселелерді тың зерттеумен айналысады.
Жаңа педагогиканың идеяларын кең түрде тарату керек. Сыныпта балаларды бір-біріне қарсы қоюға болмайды, сол сияқты мұндай жағдайды мұғалімдер арасына да болдырмау керек.