ІІІ. Бір жақты эпилепсиялық ұстамаларға таралымды эпилепсиялық ұстамалардың барлық клиникалық белгілері тән. Тоникалы-клоникалық түрдегі құрысулар ауруды лезде билеп әкетеді де оған ес-түстен айырылу мен ұстама соңындағы бұзылулар ( кома, сопор) қосарланады. ІV. Эпилепсиялық жағдай – қысқа уақыт аралығында бірінен соң бірі кезектесіп келетін эпилепсиялық ұстамалар.
Селқостық, сырылдап дем алу,барлық бұлшық еттердің шамадан тыс ширығуы мен толассыз қайталанатын тоникалық құрысулар, үдемелі цианоз, науқасты дірілдетіп шайқалтатын клоникалық құрысулар, еріксіз агония туралы ойлану, көз қарашықтарының кеңеюі т.б.
Эпилепсиялық жағдайдың басты клиникалық көрінісі – дем алу, циркуляторлық және зат алмасу бұзылуларына себепші болатын құрысу синдромы.
Зерттеу әдістері
ЭЭГ (электроэнцефалографиялық)
МРТ (магнитті-резонансты томография)
КТ (компьютерлік томография)
Эхоэнцефалоскопия (гидроцефалияның дәрежесін анықтау үшін)
Диагностикасы
Эпилепсиямен зардап шеккен жандар отбасында тікелей тұқымқуалаушылық қауіпі,ата – анасы алкоголизммен ауырғандарды анықтау маңызды роль атқарады. Анасының жүкті кезіндегі денсаулығы,перинаталдық анамнез,баланың өсіп дамуы мен мінез-құлқы тиісті өзгерістердің бар-жоғы диагностикаға қажетті фактор болып есептеледі.
Электроэнцефалограммада эпилепсияға тән өзгерістер:
1. шыңдар – төбесі үшкірленген, ұзақтығы 10-75 м/сек, амплитудасы 50-100мкв, көбінесе бір фазалы оқшауланған толқындар.
Эпилепсияны емдеу кешенді , дербес, үзіліссіз және ұзақ жүргізілуі тиіс. Тамақтану режимін сақтау. Эпилепсиямен ауырған адам шаршамауы керек, ұйқысы жеткілікті болу керек, жазда күннің ыстығынан сақтану керек.