Иондаушы сәулелердің адам организимине әсері 1 Иондаушы сәулелердің биологиялық әсері



бет3/3
Дата15.12.2023
өлшемі55,37 Kb.
#139548
1   2   3
Байланысты:
Лекция 4

3.3 Медициналық сәулеленудің шектеуі


Медицинада радиация әсерін қадағалау мен бақылау пайдалы ақпаратты диогностика немесе терапевтиалық әсерді тқменгі сәулелену арқылы алу негізінде туындаған. Науқасты емдеу үшін радиологиялық медициналық процедура кезінде қажетті сәулелену доза мөлшері көрсетілмеген, бірақ қауіпсіздік шаралары оптимизацияланған.
Сау адамдарды медициналық рентгенологиялық бақылау мен ғылыми зерттеу кезінде жылдық баламалы дозасы 1мЗв.
Жылдық нормативтік прафилактикалық сәулелену эпидемиологиялық жағдайда, қосымша зерттеу мен жоғарғы дозалы әдісті қолдану кезінде асуы мүмкін. Мұндай мәжбүрлі уақытша нормативтік профилактикалық сәулелену дозасын жоғарлату облыстық, аймақтық денсаулық сақтау басқармасы ғана шешім қабылдай алады.
Адамдарға сәулелену көзі арқылы зерттеу жүргізу облыстық денсаулықты сақтау басқармасының рұқсатымен ғана жүргізіледі. Сонымен қатар науқастың қағаз жүзінде келісі мен оған сәулелену зардаптары туралы түсінік берілуі тиіс. Науқасқа (ауыр науқас, балалар) рентгенорадиологиялық процедура кезінде көмекке келген адамдар(рентгенологиялық бөлім қызметкерлері емес) жылына 5мЗв мөлшерін алмауы тиіс. Терапевтикалық мақсатта радиофармоцептикалық дәрі қабылдаған науқасқа радиологиялық бөлімде гамма-сәуле мөлшері 3 мкЗв/ч аспауы керек.
Медициналық мақсатта сәулелену көзінің дозасын науқастарда әрдайым қадағалынады.
3.4 Радиациялық апат кезіндегі халықтың сәулелену шектеу қойылатын талаптары

Апат болған жағдайда жедел түрде сәулелену көзін қадағалау,а алынып,сәуелену дозасының радиоактивті заттардан әсерін қоршаған ортаға, адамдар санынын, экономикалық және әлеуметтік жағдайын азайтуға тырысады.


Радиациялық апат немесе радиоактивті ластанған жерді анықтаған кезде адам немесе қоршаған ортаға байланысты қорғаныс іс – шаралары жүргізіледі. Бұл іс-шаралар халықтың қалыпты өміртіршілігінің өзгерісіне, әлеуметтік функционалдық аймағына, экономикалық өзгеріске әкеліп, халықтың психологиясы мен экожүйенің өзгеруіне әкеп соғады. Сондықтан апатқа араласу келесі принциптерге байланысты болады:

  • араласу кезінде қоғамға және сәулеленген адамдарға зиянынан пайдасы көп болуы тиіс, сәулелену дозасының төмен болуы мен әлеуметтік жағдайы қаралуы тиіс;

  • масштабы мен нысаны, араласу уақыты оптимизацияланған болуы керек, яғни таза шығындар радиациялық шығындарды төмендету кезінде аз болуы тиіс(араласудың оптимизация принципі);

Егер ұсынылып отырған сәулелену дозасы аз уақыт ішінде клиникалық детерминделген әсері жоғары болса онда тез арада араласу қажет (3.1 кесте). Сонымен қатар қорғаныс шаралары денсаулыққа кері әсер тигізбеуі керек.
Өмір бойы алынған созылмалы сәулелену кезінде қорғаныс шаралары міндетті болады, егерде жылдық жұтылған дозасы 3.2 кестеде көрсетілген мөлшерден жоғары болса. Бұл дозадан асыру қауіпті детерминделген әсерге алып келеді.

Кесте 3.1 тез арада араласуды қажет ететін шамаланған сәулелену мөлшері де



Орган немесе тері

Орган немесе теріде 2 тулі ішінде жұтылған доза, Гр

Барлық дене

1

Өкпе

6

Тері

3

Қалқанша безі

5

Көз айнасы

2

Гонад

3

Плод

0,1

Халықты уақытша көшіру үшін араласы деңгейлері: уақытша көшіру бастамасы үшін – айына 30 мЗв болса, уақытша көшіру аяқталуы – айына 10 мЗв болуы керек. Егер шамаланған доза мөлшері айына көрсетілген дозадан жыл бойы жоғары болса онда тұрақты тұруға көшіріледі.


Кесте 3.2 созылмалы сәулелену кезіндегі араласу деңгейі



Орган немесе тері

Жылдық жұтылу, Гр

Гонады

0,2

Коз айнасы

0,1

Қызыл сүйек кемігі

0,4

Көрсетілген принциптер бойынша радиациялық апаттан қорғау үшін мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау органдары араласу деңгейлерін белгілі бір радиациялық затқа бұрып, радиациялық авария типі мен апаттық жағдайды бақылауға алады.


Кең аумақтық радиациялық апат кезінде радиациялық апат аймағы анықталады. Радиациялық аймақта радиация көлемі мен халықтың сәулелену мөлшерін төмендету шаралары жүргізіледі.
3.3 – 3.5 кестеде көрсетілгендей кең аумақтық радиация апаты орналасқан жерде қорғау істері мен радиоактивті дозаның шамамен мөлшерін анықтап, А және Б ластану деңгейі анықталады.
Егер де сәулелену деңгейі қорғаныс шаралары кезінде А деңгейінен төмен болса, онда халықтың тұрақты өміртіршілігі, әлеуметтік функционалды аумағына қорғаныс шараларын қолдану қажеттілігі туындамайды.
Ал егер де сәулелену деңгейі А деңгейінен жоғары болса, бірақ Б деңгейіне жетпесе қорғаныс жұмыстарын оптимизациялап, аймақтың жғдайына байланысты қабылданады.
Егер де сәулелену деңгейі қорғаныс жұмыстары кезінде Б деңгейінен асса, халықтың өміртіршілігіне, әлеуметтік функционалдық жағдайына қараматан қорғаныс жұмыстары жүргізіледі.

Кесте 3.3 – радиациялық апат кезінде шұғыл шешім қабылдау критерилері



Қорғау шаралары

Бастапқы 10 тәулік ішіндегі болдырмау дозасы, мГр

Барлық денеге

Қалқанша безі, өкпе тері

А деңгейі

Б деңгейі

А деңгейі

Б деңгейі

Пана

5

50

50

500

Йодталған прафилактика: жасөспірімдер

-
-

-
-

250*
100*

2500*
1000*

Эвакуация

50

500

500

5000

Кесте 3.4 – көшіру мен ластанған азық-түлік қолдану мөлшерін аайту критериилары



Қорғау шаралары

Тиімді болдырмау дозасы, мЗв

А деңгейі

Б деңгейі

Ластанған азық-түлік қолдану шектеу

5 бірінші жылы
1/ қалған жылдары

50 бірінші жылдары
10 / қалған жылдары

қоныс аудару

50 бірінші жылдары

500 бірінші жылдары

Қоныс аударудың барлық уақытында

Кесте 3.5 – апаттың пайда болу кезінде бірінші жылдары азық-түлік пайдалану шектеу критериилері



Радинуклидтер

Азық – түлік өнімдерінде радионуклидттарлың нақты белсенділігі, кБк/кг

А деңгейі

Б деңгейі



1

10



0,1

1,0



0,01

0,1

Үлкен аумақты ластаған көп тіршілік ететін радионуклидттермен радиацилық апаттың соңғы стадияларында қорғаныс шараларын қабылдау тап болған радиациялық жағдай мен әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты қабылданады.


Осы шаралардың барлығы арнайы нормативтк құжаттармен бекітіледі.

Бақылау сұрақтары:



  1. Ионданушы сәуле әсерінен адам организимінде қандай өзгеріс болады?

  2. Қандай дозада сәулелену ауруы симптомдары байқалады?

  3. Иондаушы сәулелердің тірі организмге әсерінің ерекшеліктері?

  4. Негізссіз сәулеленудің шектеуі қандай принциптер негізінде?

  5. Қандай жағдайда ауыз су радиоактівті мөлшерін төмендетпесе болады?

  6. Қандай радиациялық апат кезінде халықтың қорғаныс шаралары жүргізіледі?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет