Иондаушы сәулелерді нормалау және бақылау 1 Иондаушы сәулелердің белсенділігі


Радиациялық қауіпсіздік деңгейлерін зерттеу әдістері



бет3/4
Дата19.05.2023
өлшемі86,66 Kb.
#94982
1   2   3   4
Байланысты:
Лекция 5

4.4 Радиациялық қауіпсіздік деңгейлерін зерттеу әдістері

Сәулеленудің дозасын бақылау арнайы детекторлармен орнатылған құрылғылар арқылы жүреді, иондаушы сәулелер сезімталдығымен.


4.4.1 Сәулелену детекторлары. Иондаушы сәулелерді тіркеу сәулелер детекторы деп аталады. Көбіне детекторлар сәулелену көздерінің иондану эффектісіне байланысты принциптар бойынша жұмыс жасалады. Осы принциппен детекторлар – иондаушы камера.
Иондаушы камера цилиндрлік конденсатор түрінде, электродтар арасында ауа немесе басқа газ болады. Электродтар арасында байланыс туындап, камерада иондаушы сәулелер пайда болғанда иондық ток пайда болады, және арнайы микроамперметрмен өлшенеді(4.1 сурет).
Иондаушы камера – α,β және γ – сәулелерді тіркейтін қарапайым детектор



1, 2- электродтар; 3-өлшеуіш прибор; 4- сыртқы кернеу көзі; 5 – радиоактивті көз.

Сурет 4.1 – иондаушы камера схемасы


Детектор ретінде газразрядты, сцинтилляциялық, жартылай өткізгіш және тағы басқа есепшілердің түрлері қолданылады.


Газразрядты есептеуіштер. Жеке зарядталған бөлшектер мен γ-квантов тіркеу үшін қолданылады. Неміс физигі Гейгер ойлап тауып, Мюллер жақсартқан. Сондықтан Гейгер –Мюллер есептегіші деп аталады. Есептегіш цилиндрлік түтік тәрізді, ішінде ток өткізетін қабаты бар. Түтік герметикалық жабық, ішінен жұқа металл жіп бар. Есептегіш корпусы котадты, ал жіп анодты. Есептегіш жұмыс көлемі газбен толтырылған. (аргон және метил спиртінің буының қоспасы - СН3ОН) 0,1 атм. қысымымен. Электродтарға 1500-2000 кернеу құлайды( сурет 4.2).
Сцинтилляциялық есептегіштер. Флуорециялық затқа α-бөлшектің иондаушы сәулелер көзіне түскенде тұтануын тіркеу үшін қолданылады. α-бөлшекті санау көзбен емес фотокөбейткіш арқылы санайды.
Жартылай өткізгіш есептегіштер. Қызметі радиацияның жартылайөткізштің көлеміне әсерінен заряд тасымалдаушылардың шамадан тыс шоғырлануы болады, яғни өткізгіштің өткізгіштігі өзгереді. Бұл детекторлар бірқатар кемшіліктері бар:

  • Үлкен инерттілік;

  • Жоғарғы құндылық;

  • Температураның өсуімен сезімталдықтың төмендеуі;

Жақсылықтары:

  • Жоғары анықтау тиімділігі;

  • Шағын мөлшері;

  • Төменгі көз кернеуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет