Бақылау барысы: Көркем сөз Сырғалы қайың, ақ қайың.
Сырыңды сенің жаттайын.
Өсе берші жайқалып,
Мен ерінбей баптайын.
Балаларға сұрақтар:
Күзде ағаштар қандай өзгерістерге ұшырайды?
Олардың жапырақтары неге сарғаяды?
Ең алғаш қай ағаштың жапырағы сарғаяды?
Ағаштардың өндірісте қандай пайдасы бар?
Зерттеу жұмысы: қайың ағашының жапырағы мен басқа ағаштардың жапырақтарын салыстыру, айырмашылықтарын табу.
Еңбек: Гүлзарлардағы солған гүлдер дәнін жинау
Мақсаты: үлкендерге көмектесу, келесі көктемге гүл дәндерін әзірлеу.
Қимылды ойын: «Допты ұста»
Мақсаты: қағып алуға және келесіге беруге үйрету.
Жаттығу ойындары: Мақсаты: Қашықтан келген допты тез қағып алуға үйрету
Мақал-мәтелдер: Қалың ну халық саулығы.
Көк орман –Отан байлығы. Орман-ел дәулеті, жер сәулеті.