Терек ағашын бақылау Мақсаты: Терек ағашының ерекшелігі туралы білімдерін кеңейту Бақылау барысы: Көркем сөз Көк орманда тау таза, бой таза, Мұнда таңның қоңыр салқын лебі бар
Көк орманда адам таза, ой таза Көк орманда әнші құстар елі бар.
Орман өзін күнде таза ұстайды, Іздесеңдер қандай ағаш керегін-
Көк орманда шаң бұрқырап Бәрі, бәрі осы орманнан табылар.
ұшпайды.
Д/О: «Мен көрсеткен жапырағы бойынша ағашын тап»
Балаларға сұрақтар:
- Бұл қай ағаш деп ойлайсыңдар?
Терек ағашының жапырақтары мен бұталары қандай?
Терек ағашы қай жерлерде жиі өседі?(барлық жерде: саябақтарда, көшелерде, аулаларда.)
♦ Терек ағашының қандай ерекшелігі бар?(олардың салпыншақ гүлдері бар, көктемде олардың қауыздарынан ақ ұлпа ұшады, жерді қар басқандай болады, балаларға оны өртеп ойнауға болмайды-өте қауіпті ). ♦ Терек ағашы адамдарға не береді? (эфир майы, қышқылдар бар. Медицинада, халық емшілігінде қолданады) Зерттеу жұмысы Терек ағашының жапырақтарын басқа ағаш жапырақтарымен салыстыру. Айырмашылығы қандай? Мақал-мәтел «Ауыл сәні терек, Терек егу керек»